Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет23/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38

қазақстандағы  басты  өндірістік  мақсат-

тарымыз  болып  бизнестің  өсуі  мен 

компанияның 

экономикалық 

тиімділігі 

арасындағы  балансты  сақтау,  қаржылық 

жағдайды  жақсарту,  қаржы  айналымының 

оң  көрсеткішін  қамтамасыз  ету  табыла-

ды.  инвестициялардың  басты  бағыттары 

жайлы  айтатын  болсақ,  лукойл  үшін 

қазақстандағы 

өндірістік 

жобаларында 

мұнайға  ілеспе  газдың  толығымен  утилиза-

циялануы аса маңызды. 

қазақстандағы  әлеуметтік  саясаттың  басты 

мақсаты  –  еңбек  өнімділігінің  артуына  алып 

келетін  шаралар,  яғни  жұмысшылардың 

жұмыс істеуге деген ұмтылысын, біліктілігін, 

әлеуметтік  тұрғыдан  қорғалу  деңгейін 

көтеру.  дағдарыс  жылының  өзінде  де 

лукойлдың  қазақстандық  бөлімшесіндегі 

жұмысшылардың  еңбек  ақылары  саладағы 

орташа  көрсеткіштермен  салыстырғанда 

тартымды  болып,  компанияның  біліктілігі 

жоғары мамандарды сақтап қалуына жағдай 

жасады.  

Жергілікті  мамандарға  сүйену,  кадрларды 

ұлттандыру саясаты – біз үшін аса маңызды 

қағида.  Жұмысшыларымыздың  93  %-ы  – 

қазақстандық  мамандар.  бұл  аса  жоғары 

көрсеткіш. 



-  Компанияңыздың  Қазақстандағы 

басты  жобалары  жайлы  айтып 

берсеңіз... 

-  лукойл-дың  қазақстандағы  қызмет  та-

рихы  1995  жылы  құмкөл  кен  орнының 

солтүстік бөлігін өндіру жайлы келісімге қол 

қойылғаннан басталады. 

бүгін лукойл – қазақстандағы ең ірі ресейлік 

инвестор.  соңғы  15  жыл  ішінде  компания 

қазақстан  экономикасына  6,5  млрд.  ақш 

долларын  инвестициялаған.  компания  түрлі 

жобалардың  іске  асырылуына  қатысады: 

өндіріске  бағытталған  (теңіз,  қарашығанақ, 

құмкөл, әлібекмола, қожасай, солтүстік бу-

зачи,  қарақұдық,  арман),  геологиялық  бар-

лау  (түб-қараған,  аташ,  оңтүстік  Жамбай-

оңтүстік  забурунье),  инфрақұрылымдық 

(каспий құбыр консорциумы). 

лукойл  қабаттардың  мұнай  өнімділігін 

арттыруда, 

скважиналарды 

барлау-


да,  кен  орындарының  геологиялық  және 

гидродинамикалық 

модельдерін 

жаса-


уда  қазіргі  заманғы  технологияларды 

қолдануда  айтарлықтай  тәжірибе  жина-

ды.  Мұның  барлығы  бізге  әрбір  нысандағы 

нақты  көмірсутек  мөлшерін  бағалауға 

мүмкіндік  береді.  кен  орындарын  реттеудің 

геологиялық-технологиялық  шаралар    бұл 

кен  орындарының  тиімділігін  арттырып,  кен 

орындарындағы  сулану  процесін  тоқтатуға 

жағдай жасайды. 

компания  әрбір  скважинаның  максимал-

ды  өнімділігін  бағалау  барысында  оның 

геологиялық 

(құрылымдық) 

сипатта-


малары  мен  кен  орнын  дамыту  жүйесін 

ескереді.  осының  арқасында  мемлекеттік 

және  салалық  талаптардың  орындалуы-

мен  өндірістің  жоғары  деңгейіне,  салынған 

капиталдың  тиімділігінің  жоғары  деңгейіне 

қол жеткізіледі. 

лукойл  дағдарыс  кезінде  де  кен  орында-

рын өндіру процесін баяулатпау үшін барлық 

қажетті  ресурстар  мен  технологияларға 

ие.  сәйкесінше,  біздің  қатысымыз  бар 

өндіріс  компанияларынан  біз  өндірістік 

бағдарламардың толық орындалуын күтеміз. 



-  Сіз  компанияның  ең  басым 

бағыттарының 

бірі 

болып 

геологиялық  барлаудың  табыла-

тынын атап  өттіңіз. Осы жайлы 

тереңірек айтып беріңізші. 

әрине. 



аташ 

және 


түб-қараған 

телімдеріндегі ізденіс-барлау жұмыстарының 

каспий  тенізінің  қазақстандық  су  алқабын 

игеру  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес 

жүргізіліп отырғанын атап өткен жөн. 

осы  жобалар  бойынша  біз  терең  эксперти-

за  жасап,  сейсмикалық  барлау  архивтық 

мәліметтерін  сараптап,  сейсмикалық  және 

электрлік  барлау  жұмыстарын  жүргізіп, 

қабылданған  мәліметтерді  сапалы  түрде 

өңдедік.  өкінішке  орай,  есептеулерге, 

болжамдарға,  бұрғылау  стандарттарының 

толығымен  сақталуына  қарамастан  түб-

қараған және аташ скважиналары «құрғақ» 

болып  шықты.  оның  алдындағы  барлық 

мәліметтер  бұл  аймақтарда  мұнай  бар  не-

месе бұрын болған деген пікірге негіз болды. 

қазіргі уақытта мамандар бұл ауытқыманың 

себебін  анықтау  үшін  зерттеулер  жүргізіп, 

сейсмикалық 

және 

электрлік 



барлау 

мәліметтерін  қайта  қарауда.  түб-қараған 

жобасы  жалғастырылуы  тиіс  деген  шешімге 

келіп, 2011 жылы бұл телімде екінші скважи-

на бұрғылайтын болдық. аташ жобасы 2011 

жылы жабылатын болды. 

 

-  Қазақстанның  мұнай  көлігі  мен 

мұнай құбырлары мүмкіншіліктерін 

қалай бағалайсыз? 

-    бұл  мүмкіншіліктер  біршама  алуан 

түрлі  болғанымен,  максималды  деңгейде 

қолданылуда. 

лукойл  өндіретін  қазақстандық  мұнайдың 

басым бөлігі ктк жүйесі арқылы және қытай 

бағытында  экспортталады.  сонымен  қатар, 

біз  өзбекстан  бағытын,  ақтау  арқылы  Ма-

хачкала мен новороссийск қалаларына теңіз 

және  теміржол  көліктерін,  атырау-самара 

бағытын қолданамыз. 

компания  атырау-самара  құбыры  арқылы 

жеткізілетін мұнай мөлшерін арттыра алады. 

бірақ,  өкінішке  орай,  құбыр  мүмкіншіліктері 

бұған жеткіліксіз. 

сонда да, лукойл-дың мұнай экспортының 

бағыттары  тиімді  түрде  құрылған  және 

қазақстанда  бар  мұнай  көлігі  және  мұнай 

құбыры мүмкіншіліктеріне біз ризамыз. 

-  Қазақстан  мұнай  экспорты  мен 

транзитін диверсификациялау са-

ясатын  белсенді  жүргізуде.  Сіздің 

компанияңыздың 

мүдделеріңізді 

ескере  отырып,  сіз  үшін  қандай 

бағыттар аса тиімді? 

таңдау 



ережелері 

қарапайым 

– 

шығындардың  төмен  болуы,  экономикалық 



мүмкіншілік деңгейінің жоғары болуы. 

бағыттың  тиімділігі  оператор  компания-

лардың  орналасқан  аймақтарына  байланы-

сты.  Мысалы,  құмкөл  кен  орнынан  мұнай 

қытай  жаққа  ,  ал  Маңғыстау  облысындағы 

кен  орындарынан  атырау-самара  құбыры-

на  жіберіледі.  біздің  қазіргі  экспорт 

бағыттарымыздың  тиімді  екенін  тағы  да  бір 

рет атап өткім келеді.  

-«ҚазТрансОйл»АҚ-мен  ынтымақ-

тастығыңыз  жайлы  не  айта  ала-

сыз? 

- қр мұнай мен газ министрлігі қазақстандық 

мұнайдың  экспорт  бағыттары  мен  оның 

ішкі  нарықта  тиімді  түрде  таратылуын 

әрдайым сараптап отырады. «қазтрансойл» 

ақ  қазақстандағы  магистралды  мұнай 

құбырларын  басқаратын  компания  ретінде 

ертеңгі күнді ойлап, дамуға бағытталған ком-

пания. 

Жаңа  бағыттардың  дамуында,  оның  ішінде 



ресейлік порттар арқылы мұнай тасымалдау 

мәселесінде «қазтрансойл» ақ-ң үлесі зор. 

компания  өзінің  ресейдегі  негізгі  серіктесі 

«транснефть»  ақ-мен  ынтымақтасудың 

жаңа жолдарын іздеуде.  Жекетші еуропалық 

нарықтарға жол ашып берген, стратегиялық 

маңызы  зор  приморск  және  новорос-

сийск  ресейлік  порттары  қабылдайтын 

қазақстандық  мұнайдың  мөлшерінің  өсуіне 

«қазтрансойлдың» тікелей әсері бар.  

«қазтрансойл» 

монополист 

болып 

табылғанымен,  ол  тұтынушыларды  өзіне 



тәуелді  қылып  көрген  емес.  компанияның 

қызметіндегі  кәсіби  сараптама  жасаудағы, 

жұмыстарын  ұйымдастырудағы  біліктілігін 

атап өткім келеді. 

қалыптасқан 

жақсы 


ара-қатынастың 

арқасында  біз  қазақстандық  мұнайды 

болгариядағы,  италиядағы,  румыниядағы 

мұнай өңдеу зауыттарына жедел жеткізіп от-

ырамыз. 

біз  «қазтрансойл»  ақ  болашақта  да  бар 

бағыттар бойынша өз мімкіншіліктерін артты-

рып, мұнай тасымалдаудың жаңа бағыттарын 

ұсынады деп үміттенеміз. 

 

 153



KAZENERGY


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау