- Даму үдерісінде заттарды, әр түрлі құбылыстарды жаратқан табиғат өзі-өзін бірден түсінбейді. Даму үдерісі өзінің жоғарғы дәрежесіне жетіп, адам парасатын тудырғанда ғана табиғат, бір жағынан, – объект, екінші жағынан, – сананың дүниеге келуіне байланысты, – субъект болып қалыптасады, көзге түседі.
- Шеллинг тарихты өткен дәуірді таным теориясы арқылы зерттеу, яғни даму үдерісі – таным үдерісі деп біледі. Егер бастапқы табиғат санасыздықтан-саналылыққа, объективтіліктен-субъективтілікке өтсе, таным үдерісі, керісінше, саналылықтан-санасыздыққа, субъектіден-объектіге қарай бағытталып, өзінің өткен уақытына шолу жасайды. Яғни, адамның қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамының өткен тарихына көз жүгіртеді. Осының арқасында, парасат санасыздық пен саналылықтың, объекті мен субъектінің теңдігін ажыратып, шығармашылық дәрежеге көтеріледі.
- Шеллинг философиялық жүйесі – натурфилософия мен трансцендентальді идеализмнің бірлігі .
- Қорыта айтқанда, Ф.Шеллинг :
- 1. Бұрыңғы ТАБИҒАТ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫН (Фихтенің «Мен емес» , Спинозаның
- субстанция) терістеді.
- 2. ТАБИҒАТ дегеніміз «АБСОЛЮТТІК» нәрсе – барлық заттардың бастамасы;
- 3. Табиғат СУБЪЕКТИВТІК пен ОБЪЕКТИВТІЛІКТІҢ бірлігі;
- 4. МАТЕРИЯ мен РУХ бір нәрсе және олар табиғаттың қасиеттері болып табылады;
- 5. Табиғат – ол БҮТІН ОРГАНИЗМ және ТІРІ НӘРСЕ.
- (тірі және тірі емес табиғат, материя, поле, электр жүйесі, жарық);
6. Л. ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМІ - ЛЮДВИГ ФЕЙЕРБАХ (1804-1872 жж.) – неміс классикалық философиясының соңғы өкілі, антропологиялық материализмнің негізін салушы.
- Басты еңбегі – «Христиан дінінің мәні».
- Демек, объекті мен субъекті мәселесі табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас арқылы қарастырылады. Танымның негізгі мәселесі адамдар арасындағы қатынаспен байланысты, демек танымның объектісі – тек қана табиғат емес, адамның өзі де. «Мен» бір жағынан объекті болса, екінші жағынан субъекті де» деп, ол таным үдерісіндегі қоғамдық қатынастарды, адам мен адам арасындағы байланысты анықтады. Өзінің философиялық кұрылымын «жаңа философия», «болашақтың философиясы» атаған Фейербах тек қана адамның ойлай алатынын, адамнан тысқары әлемде ешқандай құдайлық парасат өмір сүрмейтінін, бұған барлық жаратылыстану ғылымдарының деректері мысал бола алатынын айтады.
- Философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шеше отырып, ол ғаламды танып-білуге болатынына сенеді. Фейербах – сенсуализмнің жақтаушысы, агностицизмнің қарсыласы. Гегельдің ойлау мен болмыстың тепе-теңдігі туралы ойын материалистік негізде шешуге ұмтылып, адамның болмысын шынайы өмір сүретін объективті ақиқат деп қарады. Ол табиғатты барлық ғылымның, адамның шығу тегі деп есептеді.
- Л.Фейербах философисының мақсаты — Неміс классикалық идеализмін –
- Г.Гегельді сынау және АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМДІ қалыптастыру.
- Яғни табиғаттың төл перзенті адам – оның философиясының негізгі субъектісі.
Достарыңызбен бөлісу: |