3. И. ФИХТЕНІҢ «ҒЫЛЫМИ ІЛІМІ» - ИОГАН ФИХТЕ (1762-1814 жж.) – классикалық субъективтік идеализмнің көрнекті өкілі. Әйгілі еңбегі – «Ғылыми ілім».
- Ол Канттың трансцендентальді апперцепциясына сүйене отырып, сана-сезім маңызын жоғары бағалайды. Оның ойынша, сана-сезім объективті дүниенің заңдарына бағынбай, одан тәуелсіз өмір сүріп, ойлаудың ең жоғарғы сатысы – абсолюттік «Менге» жетеді. Фихте философиясы осы абсолюттік «Меннің» әр түрлі жағдайдағы дамуының диалектикалық жолдарымен байланысты. Бұл абсолюттік сана-сезімге тән өзіндік танымды, дамуды, ойлауды ашып береді. Демек, даму дегеніміз сырттан келген әсерден туындайтын күш емес, ішкі күш. Адам мен қоғам – ең алдымен ішкі дамудың, өзіндік дамудың нәтижесі, іске асуы.
- Фихте философиясының тағы бір принципі – абсолюттік «Мен» «Мен еместі» тудырып, соған тең болады деген пікір. Демек, Фихте субъектінің шығармашылық белсенділігін бағалаған Канттың ойын дамытушы ғана емес, сонымен қатар, объекті мен субъектінің байланысын ашуға да ұмтылушы. Фихте, бұл жерде, философияның дүниені идеалистік негізде танып қана қоймай, оны өзгертетініне, шығармашылықпен қайта жарататынына меңзеп отыр.
- Абсолюттік «Меннің» одан ары дамуы теориялық және практикалық болып бөлінген таным үдерістерінің өзара байланысты болатынын айқындайды. Таным теориясы адамның практикалық қызметі деген қорытындысының үлкен мәні бар болғанымен, ол практикалық кызметті тек идеалдық жағынан ғана түсіндіріп, оның материалдық негізін аша алмады.
ИОГАНН ГОТЛИБ ФИХТЕ 3. И. ФИХТЕНІҢ «ҒЫЛЫМИ ІЛІМІ» - «Ғылыми ілім» еңбегінде Фихте таным теориясына ерекше көңіл бөліп, оны ғылыммен байланыстырып, қисындық негізін ашуға тырысты. Оның ойынша, таным теориясында философия өзінің қарастыратын объектісі ретінде айнала қоршаған дүниені емес, ғылыми білімдер жүйесін қарастырады. Демек, таным теориясы өзінің ішкі заңдары мен принциптері арқылы объективті шындықты тікелей емес, логикалық ойлау үдерісі арқылы зерттейді.
- Қорыта айтқанда И. ФИХТЕ:
- 1. «ӨЗІНДІК ЗАТ» идеясын терістейді;
- 2. Жалғыз реалдылық ретінде – СУБЪЕКТИВТІК «МЕН-ді» ғана мойындайды;
- Онда болмыс пен ойлау бірігіп, субъекттің объектінің ішінде өмір сүретінін көрсетеді.
- 3. Қоршаған ортаның өмірі тек қана СУБЪЕКТИВТІК «МЕН-НІҢ» ІШІНДЕ
- ғана болғанын мойындайды;
- 4. «МЕННЕН ТЫСҚАРЫ ӨМІР ЖОҚ», - дейді.;
- 5. «МЕН» - ЕҢ ЖОҒАРЫ СУБСТАНЦИЯ;
- 6. «МЕН» диалектикалық схема бойынша дамиды:
- «ТЕЗИС – АНТИТЕЗИС – СИНТЕЗ».
- 7. АБСОЛЮТТІК «МЕН» ӨЗ–ӨЗІН ТУДЫРАДЫ («Мен» Менді тудырады);
- 8. «МЕН» «МЕН-ЕМЕСТІ» (қоршаған ортаны) ТУДЫРАДЫ (антитезис);
- 9. «МЕН-АДАМ» мен «АБСОЛЮТТІК МЕННІҢ» ішіндегі «МЕН-ЕМЕСПЕН»
- қарым-қатынас екі түрлі болады:
- практикалық («Меннен» - «Мен-емеске»);
- теоретикалық («Мен-еместен» - «Менге»).
Достарыңызбен бөлісу: |