Дәріс 11. Дене жаттығуларының организмге әсері.
1.Адамның қозғалыс-қимылдарын басқару.
2.Қимыл дағдылары дамуының механизмдері.
1. Қимыл бірліктері және дағдылары – спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері.
Қозғалыстардың орындалуына байланысты стандартты (стеротипті) және стандартсыз (ситуациялы) болып екіге бөлінеді.
Стандартты жаттығулар шартты қимыл рефлекстерін жүзеге асыруда белгілі реттілікпен пайда болып, қимыл динамикалық стеротипті түрде қалыптасады. Стандартсыз жаттығулар қарсыласы мен серігінің әрекеті арқылы сипатталады.
Стандартты циклді қозғалыстарды қуатына байланысты барынша жоғарғы және субмаксимальды деп бөледі.
Жоғарғы қуат аймағында – жұмыс қарқыны 5-тен 30 сек. дейін созылады. 60,100,200,400 м жүгіру, 25,50 м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы 10м/с болады да, олар АТФ және 3% глюкоза көмегінің қатысуы мен анаэробтың жағдайларда атқарылады. Сүт қышқылы қанға шығып үлгермей, бұлшық еттерде шоғырланады. Оттегінің қарызы 100м жүгіру кезінде 7-8 л, тыныс жиілігі аз өзгереді де, жүректің соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180-190 соғ/мин-ке жетіп, артериялық қысым көтеріледі. Систолалық қысым 180-200 мм сынап бағанасына жетсе, диастолалық қысым өзгермейді.
Субмаксимальды қуат аймағында – жұмыс қарқыны 40 сек. 3 мин. дейін созылады. 400, 800, 1500 м жүгіру, 100, 200, 400 м жүзу, 1, 2, 3 км велосипед тебу. Жүгіру жылдамдығы 7-9 м/с-ке жетіп, жұмыс ағзаның шеткі мүмкіншілігінде анаэробты жағдайда атқарылады. Энергия көбінесе АТФ және гликолиз арқылы анаэробтық жолмен пайда болады. Түзілген сүт қышқылы қанға өтіп мөлшері 200-200мг/%-ке көтеріліп, сілтілі қышқыл ph 7,0-ге жетеді де, оттегінің қарызы 20-22 л-ге жетеді. Жұмыс кезінде анаэробты процестерден басқа 1,0-1,5 мин аэробты процесстерде қосылады. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің қызметі күшейеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ/мин, систолалық қысым артады, қан айналысының минөттік көлемі 25-30 л болады. Қандағы қышқыл өнімдерінің шоғырлануы несепке өтеді. Ішкі ортадағы ығысулар шаршауды дамыта түседі. Жасушалардағы және ұлпалардағы, әсіресе орталық жүйке жүйесінде алмасу процестерінің бұзылуына сілтілі қышқылдың ph арқылы күшейеді.
Дене жаттығуларының адам организмінің жүйелеріне әсері.
Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді.
І. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:
1) Бұлшық еттің 1/3 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар (садақпен ату);
2) Аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 1/2 бөлігіне шейін қатысады (қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар);
3) Бұлшық еттердің 1/2 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.
ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты:
1) Изометриялық тәртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар (жүкті ұстап тұру);
2) Ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.
ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты:
1) Жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді (секіру, лақтыру); 2) Бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар (ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу).
ІV. Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия мөлшеріне байланысты:
1) жеңіл;
2) орта;
3) сылбыр;
4) ауыр;
5) өте ауыр жаттығулар.
V. Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: 1) анаэробты; 2) аралас; 3) аэробты.
2.Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетикалық, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері.
Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ететін жүйе.
Глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырап, 20 секундта 57 ккал энергия береді. Негізгі энергиямен қамтамасыз ету субстраттармен тотығу кезінде жүзеге асады.
Тотығу клетка митохондриясында жүреді де, 2-5 минуттарда максимумына жетіп, 5 кал/кг/сек энергия жұмсалады. Осыған байланысты жаттығуларды мынадай түрлерге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: |