Каратаев Аманжол Хамзиевич


 – ТАҚЫРЫП .  ТУРИСТІК ӚНІМНІҢ ҚҦНЫНЫҢ



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет13/32
Дата21.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#34463
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
4 – ТАҚЫРЫП



ТУРИСТІК ӚНІМНІҢ ҚҦНЫНЫҢ 



КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ ӚНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ 

ЕСЕБІ. 

 

Дәріс жоспары 



4.1. Туристік ӛнімнің ӛзіндік қҧнына кіретін шығындардың қҧрылымы.  

4.2. «Директ – костинг» жҥйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігі. 

Мақсаты; 

         Турӛнімнің ӛзіндік құнын анықтау үшін арнайы калькуляциялау 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: 

         Тікелей  шығындар,  Жанама  шығындар,  «Директ  –  костинг»  жүйесі, 

калькуляция.



 

 

  4.1.  Туристік  ӛнімнің  ӛзіндік  құнына  қосылатын  шығын  құрамы 



БЕС  №7  «Тауарлы  –  материалдық  қор  есебі»  және  оған  әдістемелік 

ұсыныспен  реттелінеді.  Осы  құжаттарға  сәйкес  туристік  ӛнімдер  ӛзіндік 

құны  табиғи  ресурстар,  шикізат,  материалдар,  отын,  энергия,  негізгі  құрал, 

еңбек  ресурстары,  сондай  –  ақ  басқа  шығындардың  ӛндірістік  процесіне 

пайдалану бағаларынын құның білдіреді.  

 

  Туристік ӛнімдердің ӛндірістік ӛзіндік құнына тікелей және жанама 



бӛлінген шығындар қосылады.  

   


 Тікелей шығындар – бұл туристік ӛнімдердің ӛзіндік құнын тікелей 

қосылуы мүмкін шығындар (туристік ӛнімдерді және ӛткізумен байланысты 

қызметкерлердің  еңбекақысы,  аударым  21%  әлеуметтік  салық  және 

әдеттегінше шығын элементтерінің аумағында ескеріледі).  

    

Жанама  шығындар  –  бұл  туристік  ӛнімдердің  ӛзіндік  құнына  оның 



бӛлінуі  бойынша  қосылатын  шығындар  (халықаралық  телефонмен  сӛйлесу 

шығындары,  Интернетке  кіргізудің  қызмет  кӛрсету  тӛлемі;  жарнамалық 

(каталогтар) және сувенирлік ӛнімдерді дайындау, жылдық ақы). Ӛндірістегі 

процестегі қызметтік рӛлі бойынша айрықшаланатын, олар кешенді баптары 

(бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.  

    


Туристік  ӛнімдерді  ӛндіру  шығындарын  топтастыру  экономикалық 

мазмұнына  және  БЕС  7  «тауарлы  –  материалдық  қор  есебі»  мен  оған 

әдістемелік ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады: 

   а) экономикалық элементтермен: 

   - материалдық шығындар; 

   -еңбекақы шығындары

   -аударым; 

   -құралдардың тозуы

   -басқадай шығындар; 

   ә) шығын баптары бойынша: 

   - материалдар

   - еңбекақы; 

   - аударым

   - үстеме шығындар. 




 

27 


   

 Турӛнімді  сатып  алушы  немесе  турист  белгілі  бір  кӛрсетілетін 

қызмет  түрі  пайдаланылады.  Толық  кешенді  кӛрсетілетін  қызмет  түрі  екіге 

бӛленеді.  

   

 Біріншісі  –  инклюзив  –  тур  деп  аталады,  немесе  авиа  тасымалдау 



қызметінде  барар  және  қайтар  жүру  жолының  ақысы  арнайы  тарифпен 

есептелу арқылы пайдаланушы туристке жеңілдікпен ұсынылған турӛнімнің 

жалпы бағасының түрі.  

   


 Екіншісі – пэкидж – тур деп талады  немесе тасымалдау қызметінің 

бағасы турӛнімнің құрамынан тыс жеке сатылған түрі.  

    

Турӛнімнің  ӛзіндік  құнын  анықтау  үшін  арнайы  калькуляциялық 



құжат  толтырылады.  Калькуляциялаудың  мақсатына  қарай  тӛмендегідей 

түрлері қарастырылады: 

1.

 

жоспарланған  кезең  ішіндегі  мӛлшер  мен  смета  бойынша 



жасалынған баға; 

2.

 



нақты баға турӛнімге кеткен шығындардың нақты сомасы; 

3.

 



сметалық  немесе  жаңа  турӛнімге  сметалық  құжат  арқылы  жасалған 

жобалық баға.  

   

 Туристік  ӛнімдерді  ӛндірудің  шығын  есебіне  811101  «Негізгі 



ӛндіріс»,  8300  «Қосалқы  ӛндіріс»  калькуляциялық  шоттар,  8400  «Үстеме 

шығындар»  жинау  –  бӛлу  шоты  және  «Алдағы  кезең  шығындары»  1620 

бӛлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементті 

шоттарға  алдын  –  ала  жиналған  шығындар  ескеріледі,  ал  кредит  бойынша 

есептен шығарылады. 8110,8300,8400 шоттарының сальдосы жоқ және есепті 

айдың  бітуі  бойынша  бұл  шоттарда  дебет  бойынша  жиналған  шығындар 

«Ӛткізілген  ӛнімдердің  ӛзіндік  құны»  7010  шоттың  дебетіне  есептен 

шығарылады.  

    

БЕС  7  «Тауарлы-  материалдық  қор  есебі»,  ХҚЕС  2  «Қорлар»  оған 



әдістемелік  ұсынысқа  сәйкес  туристік  німдердің  ӛзіндік  құнына  мыналар 

қосылады:  

-

 

туристік  кәсіпорындарды  туристік  ӛнімдерді  қалыптастыратын 



жұмысшы күшімен қамтамасыз ету шығындары; 

-

 



аударым (әлеуметтік салық); 

-

 



кӛлік шығындары: тасымалдап қызмет кӛрсетулер (әуе, темір жолдары, 

су жолы); 

-

 

туристік фирмалардың асырау, қызмет ету және басқару шығындары; 



-

 

жаңа туристік ӛнімдерді әзірлеу және игеру шығындары; 



-

 

турды  жүзеге  асыру  бойынша  қызмет  кӛрсеткені  үшін  басқа  жақтағы 



кәсіпорындарға тӛлемақылар; 

-

 



контрагенттерге комиссиалық сыйақылар

-

 



басқадай шығындар мен тӛлемдер.  

Туристердің ӛнімдерді ӛткізумен түскен табыстар мен шығындар есебі 

22,02,023  ж,  №296  –  2  «Қазақстан  Республикасында  туристік  қызмет 

туралы»  заңда  белгіленгендей,  қызмет  кӛрсету  қолданыстағы  заңға 

сәйкес  жазбаша  түрде  бекітілген  келісім  шарт  негезінде  жүзеге 

асырылады.  




 

28 


 

4.2. «Директ – костинг» жүйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігі 

 

   «Директ  –  костинг»  жүйесі  жағдайында  операциялардыбухгалтерлік 



шоттарда кӛрсету  тәртібіне келетін болсақ, тікелей шартты  -  ӛзгермелі 

шығыстар  бухгалтерлік  есепте  8110  «Негізгі  ӛндіріс»  және  8300 

«Қосалқы  ӛндіріс»  шоттарда  жиналады.  Жанама  шартты  -  ӛзгермелі 

шығыстар  алдын  –  ала  8400  «Үстеме  шығыстар»  шотында 

жинақталады,  сосын  ай  сайын  8110  «Негізгі  ӛндірістің  қосымша 

шығыстары»  шоттарына  кӛшіріледі.  Жалпы  басқару  мен  шаруашылық 

шығындары  бӛлігіндегі  шартты  –  тұрақты  шығыстар  7210  «Әкімшілік 

шығыстар», шотында,  ал ӛткізу шығыстары  бӛлігінде 7110 «Ӛнімдерді 

сату  және  қызметтер  кӛрсету  бойынша  шығыстар»  шоттарында 

кӛрсетіледі.  

   Ӛнімнің  ӛзіндік  құнының  нақты  сомасы  8110  «Негізгі  ӛндіріс» 

шотынан  1340  «Дайын  ӛнім»  немесе  7010  «Ӛткізілген  дайын  ӛнімнің 

(тауардың,  жұмыстың,  кӛрсетілген  қызметтің)  ӛзіндік  құны»  щоты 

дебеттеріне кӛшіріледі.  

   7110,7210,7310  шоттарында  жиналған  шартты  –  тұрақты  шығыстар 

әрбір  есепті  кезеңнің  соңында  толығымен  5600  «Жиынтық  табыс» 

шотынан жиынтық табысты азайту үшін есептен шығарылады.  

   «Директ  –  костинг»  жүйесінде  кірістер  туралы  есепті  құру  сызбасы 

кӛпсатылы екендігін мысал келтіре отырып 3 – кестеден кӛруге болады. 

Мұнда екі қаржылық кӛрсеткіштер бар: маржиналды табыс және пайда.  

 

Пайданың қалыптасуы 



№ 

Кӛрсеткштердің атауы 

Кӛрсеткіштердің мәні, теңге 

Турӛнімді  ӛткізуден  түскен 



түсім (Т) 

Т=5000 


Ӛзгермелі шығындар (ӚШ) 

ӚШ=3000 

Маржиналды табыс (МТ) 



МТ=Т-ӚШ=2000 

Тұрақты шығыстар (ТШ) 



ТШ=1000 

Пайда (П) 



П=МТ-ТШ=1000 

 

   Маржиналды  табыс  -  ӛзгермелі  шығыстар  бойынша  есептелген  турӛнімді 



сатудан  түскен  түсім  мен  оның  толық  емес  ӛзіндік  құны  арасындағы 

айырма. Маржиналды табыс құрамына туристік кәсіпорынның пайдасы мен 

тұрақты  шығындары  кіреді.  Маржиналды  табыстан  тұрақты  шығындарды 

шегергеннен кейін операциялық пайда кӛрсеткіші жасалады.  

   «Директ  –  костинг»  жүйесіндегі  кірістер  мен  шығыстар  туралы  шамамен 

алынған есеп 4 – кестеде ұсынылған. 

 

Маржиналдық табыс тәсілімен жасалған кірістер мен шығыстар туралы есеп 



 


 

29 


№ 

Кӛрсеткіш 

Мың. теңге 

Ӛткізілген турӛнім кӛлемі 



285000 

Ӛзгермелі шығындар 



165000 

Маржиналдық табыс (1-2 жол) 



120000 

Тұрақты шығыстар 



68500 

Таза пайда (немесе зиян) (3-4 жол) 



51500 

 

   Ұсынылған есепте екі саты бар: жоғарғы – маржиналдық табыс: тӛменгі – 



таза табыс есептің кезеңдік процесінде толтырылады.   

   Ӛзгермелі шығындар бойынша ӛнімнің ӛзіндік құнын калькуляциялаудың 

маңызды сәті шығындар мен пайданының оңтайлы арақатынасын есептеуге 

арналған  әдіс  пен  зиянсыздықты  талдау  калькуляциясының  байланысы 

болып табылады.  

   Ӛзгермелі  шығындар  бойынша  ӛзіндік  құнды  калькуляциялау  турӛнім 

бағасы деңгейіне, бизнестің әр қилы сегментінің ӛнімділігін ынталандыруға 

елеулі ықпал етеді.  

   Стандартты «директ – костинг» - кәсіпорынның түпкілікті мақсатына таза 

пайда алуға жету жүйесі деп түсініп, оның артықшылықтарына тоқталсақ: 

-

 

ӛзіндік 



құнды 

жарым 


– 

жартылай 

калькуляциялаудың 

қарапайымдылығы  мен  объектілігі,  ӛйткені  тұрақты  шығынды  шартты 

түрде бӛлудің қажеттілігі болмай қалады; 

-

 



ӛзіндік  құнды  әр  түрлі  кезеңдердің  ӛзгермелі  шығындары,  абсолютті 

және салыстырмалы маржа бойынша салыстыру мүмкіндігі; 

-

 

шығаруды ұлғайту үшін тиімділігі жоғары ӛнімді анықтау; 



-

 

ӛзгермелі шығыстарды, ӛткізу бағаларын және дайын ӛнім құрылымын 



ӛзгерту нәтижесінде пайда ӛзгерісін бақылау мүмкіндігі; 

-

 



тұрақты шығыстардың шамасын жедел бақылау үшін жағдайлар жасау, 

ӛйткені  толық ӛзіндік құн есебінде қосымша  шығыстардың  бӛлінбеген 

сомасының  бӛлігі  бір  кезеңнен  екіншісіне  кӛшеді,  сондықтан  бақылау 

нашарлайды; 

-

 

есептің  талдаушылық  мүмкіндіктерін  кеңейту,  ӛйткені  есеп  пен 



талдаудың байланысты бірігу процесі жүреді; 

-

 



«директ  –  костинг»  жүйесі  принциптерін  басқару  есебінің  басқа 

жүйелерімен үйлестіре қолдану.  

 

Бақылау сұрақтары: 



 

1.

 



Туристік ӛнімнің калькуляциялану тәртібі қандай? 

2.

 



Турӛнімді  калькуляциялауда  қолданылатын  бухгалтерлік  жазбалар 

қандай? 


3.

 

Туристік ӛнімдердің ӛзіндік құнына қосылатын шығын құрамы нешінші 



стандартта қарастырылған? 

4.

 



Туристік  ӛнімдердің  ӛндірістік  ӛзіндік  құнына  қандай  шығындар 

қосылады? 




 

30 


5.

 

Тікелей шығындарға қандай шығындар түрі жатады? 



6.

 

Жанама шығындарға қандай шығындар түрі жатады? 



7.

 

Туристік  ӛнімдерді  ӛндіру  шығындарын  топтастыру  экономикалық 



мазмұнына қарай қалай топталады? 

8.

 



Инклюзив – тур дегеніміз не? 

9.

 



Пэкидж – турға анықтама бер. 

10.


 

Калькуляциялаудың  мақсатына  қарай  шығындардың  қандай  түрлері 

қарастырылады? 

11.


 

Туристік  ӛнімдерді  ӛндірудің  шығын  есебі  қандай  шоттарда 

қарастырылады? 

12.


 

«Директ  –  костинг»  жүйесінің  артықшылықтарымен  кемшіліктерін 

атаныз? 

13.


 

«Директ  –  костинг»  жүйесінің  ӛзіндік  құнының  калькуляциялаудан 

басты айырмашылықтарын атаныз? 

14.


 

Маржиналды табыс қалай анықталады? 

15.

 

Ӛзгермелі  шығындар  бойынша  ӛзіндік  құнды  калькуляциялау  турӛнім 



бағасы  деңгейіне,  бизнестің  әр  қилы  сегментінің  ӛнімділігін 

ынталандыруға қалай ықпал етеді? 

 

 

 



 

 


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау