11 – ТАҚЫРЫП. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАРНАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЕСЕБІ.
Дәріс жоспары
11.1. Жарнама тҥрлері.
11.2. Туроператор және турагенттегі жарнамалық қызметтегі есебі.
11.3. Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны.
Мақсаты
Жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе
заңды тұлғаларға тауарларға, тауар белігілеріне жұмыстарға, кӛрсетілетін
қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған
және оларды ӛткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген
құралдардың кӛмегімен тартылатын және орналастыратын ақпарат.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:
Жарнама, сыртқы (кӛрнекті) жарнама, жӛнсіз жарнама, жүгіртпе жол,
тауарлар туралы ақпарат, Жарнамалауға кеткен шығындар.
11.1. Туристік қызмет кӛрсетудің деңгейінің жоғары болуы тұтынушыларға
насихаттау жұмысының сапалы жүргізілуімен байланысты. Насихаттау
қызмет саласын жарнамалау арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Жарнама
– адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға
тауарларға, тауар белігілеріне жұмыстарға, кӛрсетілетін қызметтерге
қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды
ӛткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың
кӛмегімен тартылатын және орналастыратын ақпарат. Осы ақпараттың 3
жақтың әрекет етумен орындалатына тоқталамыз, яғни – жарнама беруші,
жарнама ӛндіруші және жарнама таратушы.
Жарнама беруші – жарнама негізін тудырушы заңды немесе жеке тұлға.
Жарнама ӛндіруші – жарнама берушінің негізгі туындысын ӛндеп жасап
шығарушы.
Жарнама таратушы – дайын жарнама ӛнімін әртүрлі құралдар және
әдістерді пайдаланып тұтынушыларға жеткізуші.
Осы қызмет түрін кӛрсету №508 – ші 2003 жылы 19 желтоқсанда күшіне
енген ҚР «Жарнама туралы» Заңының 3 – бабымен реттеліп, жүзеге
асырылады.
Жарнаманың түрлері келесілер:
60
1.
сыртқы (кӛрнекті) жарнама – жылжымалы және жылжымайтын
объектілерде орналастырылған, сондай – ақ ортақ пайдаланудағы
автомобиль жолдарының бӛлінген белдеулеріндегі және елді
мекендердегі үй – жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте
орналастырылған жарнама;
2.
жӛнсіз жарнама – мазмұнына, уақтына, таратылу, орналастыру орнына
және тәсіліне ҚР заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуына жол
берілген жосықсыз, дәйексіз, әдіпсіз, кӛрінеу жалған және жасырын
жарнама;
3.
жанама тұтынушылар – жарнама арналған жеке және заңды
тұлғалардың беймәлім тобы;
4.
жүгіртпе жол – жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және
бейнеқызмет кӛрсетуде берілетін тәсілі, ол теледидар экрандарында,
сондай – ақ дербес мониторларда, тұрақты орналастыру объектілерінде
жиынтығымен, белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар,
белгілер тіркесінің тізбектесіп алмасуымен сипатталады:
5.
тауарлар туралы ақпарат – ҚР заңнамасында кӛзделген және тауармен
(жұмыстар
мен,
кӛрсетілетін
қызметтермен),
оның
айырым
белгілерімен, оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында
сатып алушыға жеткізілетін тауарлар, дайындаушы, сатушы, жеткізуші
туралы мәліметтер.
Жарнамалау кезінде келесі шығындар түрі келеді:
-
жарнама құралдарын таратуға кеткен шығындар (кітапшалар,
плакаттар, каталогтар, жарнама хаттар);
-
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамаларға кеткен
шығындар;
-
сыртқы жарнамаға кеткен шығындар;
-
жарнамалық щиттерге жасауға кеткен шығындар;
-
жарнамалық материалды жасауға кеткен шығындар;
-
кӛрмелер мен жәрмеңке қатысуға байланысты шығындар;
-
жарнамалық
тауарлардың
бағаларын
тӛмендетуге
кеткен
шығындар үлесі.
Туристік ұйымдар қызметін жарнамалауды жарнама жасаушының
жобалауда бірегей тәртіппен істелетіні анық. Жарнамалау:
-
Қазақстан аумағында ӛз күштерімен жарнамалау қызметі;
-
Жарнама таратушылардың – резидент еместердің жарнама
ӛнімдерін дайындаудан орналастыруы;
-
Жарнама таратушылардың – резидент еместердің жарнама
ӛнімдерін ӛз күштерімен таратуы.
Жарнама ӛнімдерін дайындау ҚР Азаматтық Кодексінің 683-687 баптарына
сәйкес келісім шарт жасасу арқылы орындалады. Жарнама ӛндіруші
тапсырысты келісімді баға бойынша ҚҚС – сыз құны жарнама берушінің
табысы болып табылады, Салық Кодексінің 81 және 271 – бабына сәйкес
салық салу айналымы болып есептеледі.
61
Ӛндірілген жарнамалық ӛнімдерді тарату ҚР АК 846-854 баптарына сәйкес
келісім шарт жасау арқылы орындалып, жарнама ӛнімнің экономикалық
мазмұнының дәйектілігі және туралығына кӛз жеткізу болып табылады.
11.2. Туроператор және турагенттегі жарнамалық қызметтегі есебі
Жарнама берушінің жарнамалау түскен табысын мойындап анықтау ХҚЕС
№18 бойынша танылады, яғни:
-
меншікті
шоттың
қорытындысы
бойынша
түсім
экономикалық тиімділігі жоғары болып есім байқалғанда;
-
үшінші жақтың шешілген түсім капитал ӛсіміне әсер
етпеуіне байланысты есептемеген жағдайда;
-
агенттік қызмет кӛрсеткені үшін тӛленетін сыйақының
түсімі болып есептелгенде.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы туритік қызметті жарнамалау
арнайы жарнама агенстваларымен келісім шарт жасау арқылы жарияланады.
Келісім шарт бойынша жарнамалаушының талап тілектері толығымен
орындалған жағдайда туристік ұйымда шығын есептеліп құнын анықтайды.
Кеткен шығындар бухгалтерлік есептің жазбаларында тӛмендегідей
кӛрсетіледі:
Дт 1610 Кт 1040 – жарнама агенствасымен келісім шартқа отырып, алдын
ала тӛлем жасалғанда;
Дт 7110 Кт 3310 – ҚҚС сомасына;
Дт 1420 Кт 3310 – ҚҚС сомасына тӛленгенде;
Дт 3130 Кт 3310 - алдын ала тӛленген қаржы есебінен жарнама қызмет
ҚҚС тӛлегенде;
Дт 3310 Кт 1610 – кӛрсетілген қызмет түріне тӛленгенде.
Егер жарнамалық қалқандарды туристік ұйым пайдалану мерзіміне қарай
12 айдан аса пайдаланса, онда негізгі қор есебіне алуы тиіс.
11.3. Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны.
Туристік ұйымдарда корпоративтік табыс салығын салу мақсатында
ӛндірістік шығындар құрамына жарнамалау шығындары да кіреді. Осы
жағдайға байланысты жарнама шығындары тӛмендегідей бӛлінеді:
-
бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникациялық
желілер бойынша шығындар;
-
жарнамалық
қалқандары
жарықтандыруға
кеткен
шығындар;
Жарнамалаудан түскен түсім барлық айналым бойынша алынған салық
салуға негізделген кассалық әдіспен есептеледі.
Жарнамалық шығындар мӛлшері салықтық есепті жыл кезеңінен
есептеледі.
Мысалы, 1 тоқсан, жартыжылдық, 9 айлық болып есептеледі. Кейбір
шығындар мӛлшері шамадан тыс артып кетуі мүмкін. Ал жыл кӛлемінде
шығындар мӛлшері реттеліп, әрбір тоқсанда біркелкі бӛлінуі мүмкін, немесе
62
керісінше қызмет қорытындысы бойынша реттелгенімен жыл кӛлемінде
түсімнің деңгейінің тӛмендеуіне байланысты салық салу базасын азайтуға
болмайды.
Мысалы, есепті кезеңнің 9 айының кӛлемінде туристік ұйым турӛнімді
сатудан 12000000 теңге түсім алды оның ішінде ҚҚС 1400000 теңге.
Осы уақыт ішінде туристік ұйым салық салу мақсатында ӛндірістік шығын
құрамына кіретін мӛлшерленген 140000 теңгенің орнына 160000 теңгеге
жарнамалық шығындар шығындар жұмсады. Корпоративтік табыс салығын
салу базасының бір бӛлігін азайту арқылы ауқымын есептеуге болады, яғни
ол есепті 96 ай ішінде 106000 теңге (12000000-1400000)*1%). Мӛлшерден
тыс шығындар кӛлемі – 34000 теңге (140000-106000). Бұл салық салу
базасына жатқызылмайды.
Мысалы есепті жылдың қорытындысы бойынша айналымнан түскен табыс
18400000 теңге, оның ішінде ҚҚС 2900000 теңге. Бекітілген 155000 теңге
шығындар кӛлеміне қатысты жарнамалық шығындар кӛлемі 154000 теңгені
құрады, яғни бұл жағдайда жарнамалық шығындар салық салу мақсатында
мӛлшерленген шығын шамасы артып кетпегендіктен толық есептеледі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Жарнама дегеніміз және оны қалай түсінеміз.
2.
Жарнама қанша тұлғаның әрекет етумен орындалады.
3.
Жарнама негізін тудырушы қалай аталады.
4.
Жарнама берушінің негізгі туындысын ӛңдеп жасап шығарушы кім.
5.
Дайын жарнама ӛнімін әртүрлі құралдар және әдістерді пайдаланып
тұтынушыларға жеткізу қандай тұлғаның мақсаты.
6.
Жарнаманың түрлерін қалай бӛлеміз.
7.
Жарнамалау кезінде қандай шығындар түрі кетеді.
8.
Жарнама ӛнімдерін дайындау қандай нормативті акті бойынша
орындалады.
9.
Жарнама ӛндірушінің қызметіне салық салынады ма.
10.
Ӛндірілген жарнамалық ӛнімдерді тарату қандай нормативті акті
бойынша орындалады.
11.
Жарнама берушінің жарнамалаудан түскен табысын анықтау
нешінші ХҚЕС бойынша танылады.
12.
Жарнамалауға кеткен шығындар бухгалтерлік есептің жазбаларында
қалай кӛрсетіледі.
13.
Жарнамалық шығындардың салық есебіндегі орны қандай.
14.
Жарнамалаудан түскен түсім салық салуға негізделген қандай
әдіспен есептеледі.
15.
Салынатын салыққа шығындар мӛлшері қалай әсер етеді.
|