5 – ТАҚЫРЫП. ТУРИСТІК ӚНІМНІҢ ӚТКІЗУ ЕСЕБІ
5.1. Туристік ӛнімнің бағалануы мен есебі
Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраныс пен ұсыныстың
нарықтық санаттарына сәйкес тиіс ӛнім шығарады. Осыған қатысты
шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан
азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымды және
қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші
кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын
туристік ӛнімді анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай
сегменттерінде қазақстандық турӛнімнің жарқын болашағы бар екені
кӛрінетін болатын.
ДТҰ – ның ұсынымдарын ескере отырып жүргізілген талдау мен казіргі
тәжірибенің негізінде, қазақстандық турӛнімнің екі базалық құрамдас бӛлігін
баса кӛрсетуге болады: Жібек жолы бойындағы мәдени туризм, сонымен
қатар онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг,
орнитологиялық,
треккинг,
аңшылық,
балықшылық).
Бұл
ретте
экономикалық туризм үшін Жібек жолы бағытымен ӛтетін ресурстары бар
аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,
Ақмола облыстарын атап ӛткен орынды.
31
Орталық Азия аймағындағы туризмнің ерекшелігін ескеру қажет. Жібек
жолы және оқиғалы туризм сегменттерінде шетелдік туристердің негізгі
ағыны барлық кӛрсетілген аймақтың ішінде: Қазақстан, Шыңжан – Ұйғыр
автономиялық округі (ҚХР), Қырғызстан, Ӛзбекстан, Түркменистанның
шегіндегі ұдайы қозғалысына бағытталған.
Сӛйтіп, қазақстандық ӛнім тек қана кешенді орталық азия турӛнімнің
құрамында тиімді ұсынылуы мүмкін, сондықтан мынадай қорытынды
шығады:
1.
Турӛнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде
келісілуі тиіс.
2.
Қазақстандық
турӛнім
біздің
аймақтағы
кӛршілеріміздің
турӛнімдерінен кем түспеуі керек.
Қазақстандық туристік ӛнімнің ерекше белгісі оның сипатының
маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар
қабылдауды және туризмнің баламалы түрлерін дамытуды талап етеді.
Туризмнің экономика саласына әсер ететін туристік фирмалардың
қызметінің шығынсыздығын анықтайтын кейбір мәселелер бойынша казіргі
экономикада туризмнің рӛлі үнемі ӛсіп және ӛзгеріп тұратындығын
кӛрсетеді. Бұрын туризмде алдыңғы қатарда болған елдер, казір екінші және
үшінші орындарға кетуде. Олардың орнына жаңа елдер келуде.
Экономикалық жағынан туризмді былайша қарастырады:
-
ӛнімді ӛндіру, айырбаста және бӛлу саласындағы қоғамдық
қатынастардың белгілі бір жинағы ретінде;
-
белгілі бір ӛндіріс саласы мен экономикалық іс - әрекеттерді қосып,
елдің халық шаруашылық кешенінің бір бӛлігі ретінде;
-
туризмнің елдің немесе аймақтың шаруашылық саласы сияқты
зерттейтін экономикалық ғылым ретінде;
-
туристік ӛнімді ӛндіретін, оны қолданатын, бӛлетін және айырбастауды
зерттейтін қоғамдық ғылым ретінде;
-
туристік экономика жүйесінің барлық деңгейіндегі адамның мінез –
құлқын зерттейтін қазіргі экономикалық теория ретінде;
Негізделген
экономика жағынан қарасақ, туризм дегеніміз ол
экономикалық кешен, оның дамуы ішкі себептерден гӛрі, кӛбінесе әлемдік
шаруашылық процестер мен қатынастар арқылы түсіндіріледі. Туризм –
кӛптеген дамушы елдердің экономикалық ӛсуінің катализаторы. Ӛйткені
туристер басқа елге демалысқа барғанда ӛндірісте ӛндірілген ӛнімнің бір
бӛлігін ғана апарып қоймайды, сонымен қатар онда жаңа жұмыс орнын да
құрады.
Қазіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде:
-
индустриалдық түрде болады;
-
туристік ӛнім мен қызмет түрінде кӛрінеді, оны жинауға және кӛлікпен
тасуға болмайды;
-
жаңа жұмыс орындарын құрайды және жаңа аудандарды игерудегі
алғашқы қарлығаш, сонымен қатар ұлттық экономиканың жылдам
дамуының катализаторы болады;
32
-
туризмге мамандырылған елдің пайдасына ұлттық табысты қайта бӛлу
механизмі ретінде кіріседі;
-
ұлттық талбыстың ӛсуіне, жергілікті инфрақұрылымның дамуымен
жергілікті халықтың ӛмір деңгейінің ӛсуінде мультипликатор рӛлін
атқарады;
-
жоғарғы деңгейдегі әсерлікпен және инвестицияның жылдам
қайтарылуымен сипатталады;
-
табиғат пен мәдени мұраны қорғаудың тиімді құралы ретінде жұмыс
істейді, ӛткені оның негізгі ресурстарының базасын осы элементтер
құрайды;
-
барлық шаруашылық салаларымен және адамның іс - әрекет түрлерімен
сәйкес келе береді.
Туризм аймақтың немесе елдің экономикасына белсенді түрде әсер ете
алады, онда ол оның шаруашылық, әлеуметтік және гуманитарлық негізінде
дамиды.
Туристік ӛнімнің ӛткізу ерекшеліктеріне келетін болсақ, оынң бағасы
туристік кәсіпорынның нарықты ескеру тәртібімен ӛткізілуі тиіс. Қосымша
құн салығымен қоса есептелген баға бойынша турӛнімді босату және ӛткізу
кәсіпорынның арнайы жүргізіліп отырған тіркеу журналы арқылы
есептеледі. Сатылған және ӛткізілген турӛнімге шот – фактуралары
толтырылып, журналға тіркелу арқылы есепке алынады. Салық салу
мақсатында ӛнімді ӛткізу кәсіпорынның есеп саясатының негізінде 2 нұсқаға
бӛлініп қаралады. Бірінші нұсқасында тӛлем талабы арқылы турӛнімнің
толық құны тӛленген жағдайда ӛнім ӛткізілген деп саналады. Екінші нұсқада
кәсіпорын ӛнімді ӛткізуден түскен түсім арқылы анықтайды. Жалпы
бухгалтерлік есепте ӛнімді ӛткізуден түскен табыс тұтынушының тӛленген
құжаты арқылы растаған сомасы арқылы анықталады. Ӛткізу қорытындысы
бойынша есеп саясатында кӛрсетілгендей турдың алдыңдағы сатылған ӛнім
бағасы мен турдың соңындағы бағасымен анықталуы мүмкін.
Егер туристік ӛнімді ӛткізумен байланысты келесі жағдайларды ескерсек,
мысалы:
1.
туристік кәсіпорын турӛнімді туроператор ретінде ӛткізсе - әртүрлі
қызмет кӛрсету құқығын ӛзі орындаған кезде, яғни кӛлікпен
тасымалдау қызметі, қонақ үйдегі жатар орны мен тасымалдау және
жол жүру билетімен қамтамасыз ету.
2.
туристік кәсіпорын турӛнімді турагент ретінді ӛткізсе – басқа
фирмаларға турӛнімді ұсынған жағдайда.
3.
туристік кәсіпорын басқа фирмалардан турӛнім сатып алып қайта
ӛткізген жағдайда.
4.
туристік
кәсіпорын
турӛнімді
басқа
фирмаларға
тауарға
айырбастаған жағдайда, онда осы құблысты ескере отырып
тӛмендегідей
бухгалтерлік
жазбалар
береміз.
Туристік
жолдамаларды ӛткізуде мына бухгалтерлік жазбалар жүзеге
асырылуы қажет:
33
а) туристік ӛнімдерді ӛзіндік құны есептен шығарылғанда: 7010
«Ӛткізілген ӛнімнің және кӛрсетілген қызметтердің ӛзіндік құны» шоты
дебеттеліп, 8110 «негізгі ӛндіріс» шоты кредиттеледі.
ә) сатып алушыға шготты ұсынғанда:
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі» шоты дебеттеліп, 6010 «Ӛнімдерді сатудан және
қызмет кӛрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі.
б) ҚҚС сомасына:
1210 «Алынуға тиісті шоттар» шоттар дебеттеледі, 3130 «ҚҚС» шоты
кредиттелді.
в) сатып алушыдан тӛлемдер келіп түскен жағдайда:
1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», 1010
«Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі, 1210 «Сатып
алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
шоты кредиттеледі.
Қолма – қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды ӛткізуде:
а)түскен түсім сомасына:
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі; 6010
«Ӛнімдерді сатудан және қызмет кӛрсетуден алынатын кіріс» шоты
кредиттеледі.
ә)ҚҚС сомасына:
1010 «кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шоты дебеттеледі, 3130 «ҚҚС»
шоты кредиттеледі.
б) бюджетке аударылған ҚҚС слмасына:
3130 «ҚҚС» шоты дебеттеледі, 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы
теңгемен ақша қаражаты» шоты кредиттеледі.
Есептік кезеннің соңында:
а) қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:
5600 «Жиынтық табыс» шоты дебеттелдеі, 7010 «Ӛткізілген ӛнімнің және
кӛрсетілген қызметтердің ӛзіндік құны» шоты кредиттеледі.
ә) жиынтық табысты кӛбейтетін табыс есептен шығарылған жағдайда:
6010 «Ӛнімдерді сатудан және қызмет кӛрсетуден алынатын кіріс» және 5600
«Жиынтық табыс» шоттары дебеттеледі, 7210 «Әкімшілік шығындары», 7110
«Ӛнімдерді сату және қызметтер кӛрсету бойынша шығыстар» шоттары
кредиттеледі.
б) корпоративтік табыс салығы есептелді – 30 % 7700 «корпоративтік
табыс салығы» шоты дебеттеледі, 3110 «Тӛлеуге ағымдағы корпоративтік
табыс салығы» шоты кредиттеледі.
в) жиынтық табысты кемітуге табыс салығы бойынша шығындар есептен
шығарылғанда:
5600 «жиынтық табыс» шоты дебеттеледі, 7700 «Корпорациялық табыс
салығы бойынша шығыстар» шоты кредиттеледі.
г) таза табыс анықталып есептен шығарылғанда 5600 «Жиынтық табыс»
шоттың дебетінде, ал 550 «Бӛлінбеген пайда жабылмаған зиян» шоттың
кредитінде жазылады.
34
Бақылау сұрақтары:
1.
Турӛнімнің маңызды құрамдарын атаныз?
2.
Турӛнімнің институционалдық элементтері үкіметаралық деңгейде
келісілуі тиім пе?
3.
Экономикалық сала тұрғысынан туризмді алай қарастырамыз?
4.
Қазіргі туризм экономикалық құбылыс ретінде иені танимыз?
5.
Туризм аймақтың немесе елдің экономикасына белсенді түрде әсер
ете алады ма?
6.
Туризмнің
дамуы
оның
шаруашылық,
әлеуметтік
және
гуманитарлық негізіне жатады ма?
7.
Туристік ӛнімнің ӛткізу ерекшеліктері қандай?
8.
Сатылған және ӛткізілген турӛнімге қандай құжат толтырылады?
9.
Салық салу мақсатында ӛнімді ӛткізу кәсіпорынның есеп
саясатының негізінде неше нұсқаға бӛліп қаралады?
10.
Қандай жағдайда ӛнім ӛткізілген деп саналады?
11.
Бухгалтерлік есепте ӛнімді ӛткізуден түскен табыс тұтынушының
тӛленген құжаты арқылы анықтала ма?
12.
Ӛткізу қорытындысы бойынша есеп саясатында кӛрсетілгендей
турдың алдыңдағы сатлшған ӛнім бағасы мен турдың соңындағы
бағасымен анықталу тәртібі қандай?
13.
Туристік жолдамаларды ӛткізуде қандай бухгалтерлік жазбалар
жүзеге асырылуы қажет?
14.
Қолма – қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды ӛткізгенде
берілетін жазбаны кӛрсет?
15.
Туристік ұйымдарда таза табыс анықталып есептен шығарылғанда
қандай бухгалтерлік жазбалар беріледі?
Достарыңызбен бөлісу: |