5
КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда туризмнің дамуы қарқын алып келеді, ол туристік
қызмет кӛрсету нарығын қалыптастырып , туристік бизнесті жолға қойды.
Туризм кӛрсететін қызмет түріне қарай сату формалары, еңбек түрі
бойынша белгілі ерекшелігі бар сала.
Осы орайда туристік қызмет саласының дамуына бухгалтерлік есеп
саласында жоғары білікті мамандар қажеттілігі туындайды.
Туристік ұйымдағы бухгалтерлік есеп курсын оқытудың мақсаты –
туристік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізудегі тәжірибелік және
теориялық білімді меңгеру. Нарықтық қатынастар жағдайындағы туристік
ұйымдарын қызметін реттеуші заңды-нормативтік актілермен таныстыру.
Қазақстан Республикасы экономикасының салаларының бірі ретінде
туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру
негіздері «ҚР Туристік қызмет туралы» Заңында анықталған. Осы заңға
сәйкес туристік қызмет – турагенттік және туроператорлық болып бӛлінеді.
Туроператорлық қызмет - ӛзінің туристік ӛнімдерін қалыптастыру,
дамыту және туристік агенттер мен туристерге сатуға лицензиясы бар заңды
тұлғалардың қызметі.
Турагенттік қызмет – туроператормен қалыптастырылған туристік
ӛнімді дамыту мен сату бойынша осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке
немесе заңды тұлғалардың қызметі.
Маркетинг – ұйым мақсаттары мен ресурстарының сыртқы орта
мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне байланысты процестер. Соңғы 40
жылдың ішінде маркетинг түсінігі үлкен ӛзгеріске ұшырады. Бірінші кезде
ол ӛндіріс пен мекемелердің ӛніміне бағытталған болатын. Мақсаты – кіріс,
ал сатудағы табысы тауарлар болды. Ӛнімнен тұтынушыларға бағытталған
маркеингтің жаңа түсінігі 1960 жылдары Батыста пайда болған; мақсаты –
баяғыдай кіріс, ал оған жету шеңбері кеңейіп, тауарларды нарыққа
шығарады. 1980 жылдарда Батыста стратегиялық маркетинг түсінігі пайда
болған, оған эволюциялық маркетинг жалғасты. Маркетингтің стратегиялық
концепциясы дегеніміз кӛзқарасты тұтынушыдан сыртқы әлемге аудару.
Тұтынушыны жан-жақты біліп қана қою жеткіліксіз. Жетістікке жету үшін
тұтынушыны белгілі бір ортада тексеру керек, онда бәсекелестікте,
мемлекеттік реттеуде экономикалық, экологиялық, саяси, әлеуметтік және
басқа да үлкен ортаның факторлары болуы шарт.
Курстың міндеттері
-
туристік бизнес саласында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
-
нақты нормативтік және инструтивті
материалдармен таныстыру
-
есепті ұйымдастырудағы шет елдік валютамен байланысты есептеулер
ерекшеліктері.
-
туристік бизнеспен айналысатын ұйымдарда қаржылық есептемені құру
мен ұйымдастыруды игеру.