2.3. Туристік ҧйымның маркетингтік стратегиясы
Маркетинг – ұйым мақсаттары мен ресурстарының сыртқы орта
мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне байланысты процестер. Соңғы 40
жылдың ішінде маркетинг түсінігі үлкен ӛзгеріске ұшырады. Бірінші кезде
ол ӛндіріс пен мекемелердің ӛніміне бағытталған болатын. Мақсаты – кіріс,
ал сатудағы табысы тауарлар болды. Ӛнімнен тұтынушыларға бағытталған
маркеингтің жаңа түсінігі 1960 жылдары Батыста пайда болған; мақсаты –
баяғыдай кіріс, ал оған жету шеңбері кеңейіп, тауарларды нарыққа
шығарады. 1980 жылдарда Батыста стратегиялық маркетинг түсінігі пайда
болған, оған эволюциялық маркетинг жалғасты. Маркетингтің стратегиялық
концепциясы дегеніміз кӛзқарасты тұтынушыдан сыртқы әлемге аудару.
Тұтынушыны жан-жақты біліп қана қою жеткіліксіз. Жетістікке жету үшін
тұтынушыны белгілі бір ортада тексеру керек, онда бәсекелестікте,
мемлекеттік реттеуде экономикалық, экологиялық, саяси, әлеуметтік және
басқа да үлкен ортаның факторлары болуы шарт.
Туристік маркетинг – бағдарламасында бірінен кейін бірі келетін
келесідей кезеңдер қарастырылады:
- бірінші кезең: нарық зерттеулері мен талдаулары негізіне қарай
қысқа және ұзақ мерзімдік аспектілер белгіленеді, жеке меншіктік және
бәсекелік туристік ӛнімдерге ұсыныс пен сұраныстар;
- екінші кезең: ӛзінің жеке ұсынысының сәйкес және туристік
нарыққа шығу мүмкіндігіне кешенді сауда саясатының мақсаты белгіленеді;
19
- үшінші кезең: алға қойылған мақсатқа жетудің әрекеттері
белгіленеді. Ол үшін:
а) ұсынылып отырған туристік ӛнімге тән кескінді ӛзі жасайды, оның
басқалардан артықшылықтары да дәлелденеді.
б) нарыққа дифференциация жүргізеді, рекреациялық қажетін ӛтеуге
болатын тұтынушы топтарын жинайды – спорттық демалысқа бейімделген
туристерді, ауруларын емдегісі келетін адамдар тобын және т.б.;
в) ұсыныстар топтастырылады, соған сәйкес туристердің уақытша
болу кезіндегі барлық қажетін ӛтеп, күш-қуатын қалпына келтіретін кешен,
туристік тауарлар мен қызметтер түрі ұсынылады;
г) туристік ӛнімді таратудың пайдалы түрін таңдайды:
ұйымдастырылмаған туристерге тікелей немесе турагенттер арқылы сатады;
- тӛртінші кезең: таңдау жұмыстарын жүргізіп, аралас ӛткізу
құралдарын пайдаланады - ӛнімді безендіру, бағалау, сатуға кӛмектесу,
тарату жолдары, жарнама, экскурсиялық қызмет кӛрсету және т.б.
Нарық зерттеулері арқылы ақпарат жинайды. Оны талдап нарықтың
жағдайы туралы, оның келешек дамуы туралы қорытындылар жасайды.
Осылайша, бәсекелі ұсыныстарға талдау жасалынады. Оларды салыстырып
қарағанда «бағасы және сапасы» қай елде, қай жерде туристер үшін ӛте
қолайлы, соны анықтайды. Егер де талдау нақты кӛрсетілген ақша санына
турист жанұясының бюджетінен саяхатқа деп бӛлінген ақшаны мақсатты
пайдалансақ, онда оның ӛзіне жоғарғы сапада қызмет кӛрсетілді деуге
болады, яғни оны жетістік деп айтамыз. Ұлттық туристік ӛнім және оны
дамытудың әлеуетіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу бүгінгі күні аса
қажетті.
Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай
міндеттер белгілеп отыр:
- сапалы туристік қызмет кӛрсетуді ұсынатын туристік орталық
ретінде қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір
қалыптастыру;
- Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға
негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- қосымша мүмкіндіктер бере отырып, тӛлем қабілеті жоғары
деңгейдегі туристерді тарту;
- жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау кӛрсету;
- Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ресей, Қытай, Жапония
және т.б. елдердегі туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық
туристік ӛнімнің енгізілуін күшейту;
- рыноктың жаңа сегменттерін айқындауға бағытталған зерттеулер
жүргізу;
- ел аумағында орналасқан кӛрнекті туристік орындар мен
объектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
- ғылыми негізделген ӛткізу әлеуетін ескере отырып, республика
аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бӛлінуін қамтамасыз ету;
20
- жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін
қамтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және бағалық тәсілдерді қолдану
арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
-
ұлттық туристік ӛнімді жылжытудың жаңа ақпараттық
технологияларын пайдалану;
- туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау.
Қазақстан жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан
тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны
жалғастырып жатқандығына қарамастан, әлі де болса, туристік бағыт ретінде
әлемге танымал бола қойған жоқ.
Бұгінгі таңда елімізде тартымды туристік беделін құру тиісті кең
ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.
Беделді кӛтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік
фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық туристік кӛрмелерге,
жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан
ӛткізілетіндеріне
қатысуы,
сондай-ақ
Қазақстан
Республикасының
аумағында осыған ұқсас іс-шаралардың ұйымдастырылуы тиіс. Қазақстан
Еуразияның қоғамдық және мәдени құбылыстар орталығына айналдыруға
ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.
Туризмдегі халықаралық ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның
Ұлы Жібек жолына байланысты жобаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу,
шет мемлекеттермен екіжақты және кӛпжақты келісімдер жасасу арқылы
жүзеге асырылады.
Елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында
және шет елдерде туристік ақпараттық орталқтарды ұйымдастыру да
маңызды
қызмет
атқарады.
Туристік
ұйымдар
мен
Қазақстан
республикасының шетелдердегі дипломатиялық ӛкілдіктерінің ӛзара
бірлескен іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару
керек. Елдің туристік әлеуетін жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы мен
басқа да кӛлік кәсіпорындары пәрменді кӛмек кӛрсете алады.
Шетелде қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және
аудиобейне жарнама материалдарын шығару және балсенді түрде тарату
қажет. Қазақстанға туристерді тартуға ӛлкетану жарияланымдары, жарнама-
баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-
баспа қызметі ӛз ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалануға, оның ішінде интернет жүйесінде қазақстанның туристік
фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет.
Туристік ағынды жӛнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен
бұқаралық ақпарат құралдары ӛкілдеріне арнап қазақстан бойынша танысу
саяхаттарын ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.
Қолайлы туристік беделді құруға Қазақстанда халықаралық
дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар ӛткізу ықпал
етеді.
Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруды есепке алудың
компьютерлендірілген бірыңғай жүйесін іске қоса отырып, республика
21
аумағына шетелдік азаматтардың кіруі, шығуы мен болуы тәртібін, визалық
және кедендік рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Сондай-ақ, қонақжай республика беделін жасауға туристер жиі
болатын орындарда қазақша, орысша мәтіндеріне латын транскрипциясымен
қоса берілген ақпараттық таблолар мен жазбалардың жасалуы мен
орнатылуы да ӛз септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |