2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті
Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиындығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мен бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамаларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістің шығындарды және материалдық шығындарды төмендету мен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады. Бәсекелік қабілетті бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру керек.
Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді салыстыруға болады.
Ал бәсекелестік тұрғысынан алғанда, есепті ретінде нақты бір сұранысты қанағаттандыру алынатындықтан, элементтік базасына, атқаратын функциясына, дайындалу технологиясына байланысты әртекті бірақ, сол бір сұранысты түрлі жолдармен қанағаттандыратын өнімдерді салыстыруға болады.
Заңи күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған сапа талдауы өнімге бәсеке қабілетті баға деңгейін бермейді. Бұл өнімді өткізу кезінде анықталады, яғни сатып алушы әрекетіне тәуелді.
Сатып алушы әрекетінің үлгісі сатып алушы әрекетінің кей функцияларымен – Z, сатып алушы қалауымен (қай жағдайда рационалды емес) – D, сыртқы ортаның көптеген факторларымен – X, сатып алушының мінез-құлқымен – Y, анықталмаған фактор мәнімен – Q, түсіндіріледі:
z = f (D,X,Y,Q)
Тұтынушы үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді сатып алу шешімін қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда бәсекелік қабілет тек тауардың үздік сипаттамаларымен ғана емес, ал клиенттің сатып алуына бағытталған тартымдылығымен де сипатталады. Атап өтетін жәйт, тауардың ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталатын сапасы мен бәсекелік қабілеті әр саладакөрініс табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау және өндірілу аясында қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну аясында байқалады. Өнімнің бәсекелік қабілеті оны сату нәтижесінде анықталады, немесе ұсыныс аясында.
Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға әсер етіп, өзгеріп отырады.
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі дегеніміз – тауардың барлық нарық шарттарына сәйкес келе отырып, өндіруші мен тұтынушының мүдделері сақталатын, тауар мінездемесінің тұтынушы талаптарына толық сәйкес келуі. Яғни, тауар тек қана техникалық, эстетикалық, эргономикалық және тағы басқа қасиеттерге ие бола қоймай, оның сатылуына да ( баға, сервис, фирма престижі, жеткізілу мерзімі) жауап беру керек. Өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие: бәсекелік қабілет –салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады; ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді; әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие; бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с. байланысты; бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.
Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін талдау мен бағалау мәселесі осы екі ағымға сәйкес теориялық және қойылма аппаратты қолдану негізінде шешіліп, келесі мәселелердің шешімдерін қарастырулары керек:
өнімді нақты сатып алушылардың талаптары мен сұраныстарын зерттеу;
өнімді өткізу жағдайы, фирмалар және бәсекелес тауарлар жайлы мәлімет жинау мақсатымен нарық мониторингін ұйымдастыру;
өнім сапасы көрсеткіштерінің өндірушіге де тұтынушыға да қолданыста біркелкі жүйесін жасау;
зерттеліп отырған мәселенің жалпылама үлгісін құрастыру, соның ішінде бәсекелік қабілетке әсер ететін және олардың байланыстарын анықтайтын көптеген факторлардың құрылуы;
өнімнің бәсекелік қабілетін мөлшерлік бағалауда жалпы әдістердің қалыптасуы, осы мәселеге қатысты жекелеген әдістерді, алгоритмдер мен шешімдер үрдісін дайындау;
жалпы өнімнің бәсекелік қабілетінің және оны анықтаушы факторлардың дамуын талдау;
нарықтық қажетті бөлігін немесе тапсырылған табыс көлемін беретін өнімнің бәсекелік қабілетін деңгейін анықтау;
Осы мәселелер шешімдерін ауыл шаруашылығы өндірісіне ендіру, ауыл шаруашылық саласына негізделген моделдерін құру бұл салада өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін көтерудің негізін қалаушы факторы болып табылады.
Біз ашық нарықтық экономика құрудамыз, сондықтан бәсекелік қабілетін мәселелері шешілмей экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.
Өнімнің бәсекелестер шығаратын дәл осы өнімінен айырмашылығы:
Жаңадан сойылған етті пайдалану кеңінен тоңазыту, одан кейін еріту процесіне, яғни ет сапасының жоғалуына жүгінбеуге мүмкіндік береді;
Өндірудің жеделдетілетін әдістерінен ерекше –оны қалыптастыру кезінен бастап өндіру жоғары шыдамдылық пен еттің табиғи жетілуін қарастыратын өндірістің дәстүрлі технологиясна бейімделген. Бұл технология жоғары температурада жылулық өндеуді болдырмайды да, соның есебінен шикізаттың пайдалы қасиеттерін сақтап қалуға жол ашады;
Қоспалар мен дәмдеуіштерді дайындаудың дәстүрлі әдістемесін сақтаумен қатар Шваб шұжықтары ЖШС-нің өнімдерінде өзіндік құнды 15% -ға дейін азайтуға, дайын өнімнің шығарылуын 30%-ға өсіруге мүмкіндік беретін, өнімге құнды физиологиялық және технологиялық қасиеттер беретін Шаллер фирмасының қоспалары мен дәмдеуіштері пайдаланылады;
Өндірісте қайнатылып пісірілген шұжықтарға арналған жоғары сапалы орамаларды шығаратын Атлантис –Пак фирмасының өнімі де өз қолданысын тапты;
Қайнатылып пісірілген, қайнатылып-сүрленген шұжықтардың 50-ден астам түрін, сонымен қоса дәмді ет өнімдерінің 15 түрін өндірудің тәжірибеленген технологиясы өнімді тұтынушылар сұранысына және сауданың апталық тапсырыстарына байланысты әр түрлі ассортиментте шығарылуына мүмкіндік береді;
Өндірістегі қалыптасқан дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесуі сатып алушыларға қолайлы бағада сатылатын өнімнің дәмдік қасиеттерін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.
Шваб шұжықтары ЖШС басшылығының назары өнімді жергілікті газеттерге, радиода және теледидарда үнемі жарнамалап отыруға аударылады. Сатып алушыға әсер етудің тағы бір түрі ретінде жарнама тақталары, ет комбинатының өнімдері жайлы көп түсті буклеттер мен газет беттеріндегі мақалалары шығып отыр.
Барлық өнім Шваб шұжықтары деген логотипін, өндірушіні, өнімнің атауын, сұрыбын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тауардың сыртқы түрін келбетті ететін орамамен қапталады.
Жобаны жүзеге асыру жоспары. Қарастырылып отырған жобаны жүзеге асыраудан кейін өндіріс көлемі 2006 жылы айына 75 тонннаға дейін өседі деп болжаланған. Жоба бойынша негізгі өндіріс өсімі отандық өнеркәсіп нарығында әлі көрініс алмаған және тұрғындардың жоғары сұранысына ие болған сосиска өндірісін меңгерудің есебінен жүзеге асуы қарастырылған. Аталмыш жобамен қарастырылған комбинаттың өндірістік даму бағдарламасының негізгі бағыты – көлемдерді өсіру, шұжық пен деликатестер сапасын жақсарту, өнімді қаптау.
Өнімді Семей, Өскемен, Қарағанды, Алматы қалаларында орналасқан филиалды желілері және жеке кәсіпкер-таратушылар арқылы азық-түлік тауарларын сататын ұйымдарға көп мөлшерде өткізеді. Алматыда, сонымен қоса, өзінің арнайы дүкендері арқылы бөлшектей сатады. Тек қана шұжық өнімдерін сататын арнайы маманданған дүкендерді құру экономикалық тиімсіздікті көрсетті. Сондықтан, кейін тек көптеп сату жолы ғана қарастырылады. Көптеп сату кезіндегі бағалар бөлшек саудаға қарағанда 10%-ға арзан, сәйкесінше тарату көлемі де азырақ болады. Өнімді аптасына екі рет Алка моделіндегі рефрижераторлы автокөліктермен жеткізеді.
Өнім нарығын талдау. Шваб шұжықтары ЖШС өнімінің негізгі тұтынушылары болып Семей, Алматы, Өскемен қалаларының және ауылдық жерлерінің тұрғындары саналады. 2001 жылдың тамызында Шығыс-Қазақстан, Павлодар және бұрынғы Семей облыстарында ресейлік коммуникациялар институты жүргізген маркетингтік зерттеулер нәтижелері шұжық өнімдерінің тұтынуы мен нарық мүмкіндіктері жайлы жеке-жеке талдау береді. Сөйтіп, әрбір облыста ет комбинаттарының қызмет етуі жағдайында Семейде күнделікті шұжық өнімдерін сатып алатын адамдар үлесі Павлодар облысында1,5 есе, ал Өскеменнен екі есе артық екені анықталды. Сатып алушылар арасында 36-45 жас аралығындағы тұрғындардың үлесі жоғары. Сатып алушылардың көпшілігі (77,8%) отандық өндірушілер өніміне көп қызығушылық танытады. Зерттеулер көрсеткендей, Ұржар ет комбинатының өнімі үш облыстың 14,3% тұрғындарының көңілінен шыққан. Семейде оған сұралғандардың 37,4%-ы дауыс берді. Өткен жылы нарықтағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Өндіріс көлемін екі еседен аса көтерген Шваб шұжықтары ЖШС Ленингор комбинатының аса жоғары өнімін ығыстырып , Семей қаласы нарығының 45%-ын және Өскемен қаласы нарығының 30%-ын ұстап тұр.
Бәсекелес фирмаларды талдау. Ұржар ет комбинаты өнімдерінің Семей және Өскемен қалаларындағы негізгі бәсекелестері Риддер қаласының ет комбинаты (Шем-Азат АҚ) мен Павлодарлық Рубикон ЖШС; Алматыда Беккер и К ЖШС, Қарағандыда Тұлпар, Бекон фирмалары болып отыр. Сонымен қатар, Өскеменде ет комбинаты (Шығыс ет АҚ), Қарағандыда Грин фирмасының шағын цехі, Семей қаласындағы Руц ЖШС-нің ет комбинаты, Алматыдағы шұжық цехтары мен 40 тарта ұсақ өндірушілер бәсекелес болып отыр.
Маркетингтік қызмет жүргізген Шваб шұжықтары ЖШС бәсекелестері өнімінің бағасы мен сапасын салыстырулары мынаны көрсетті :
Өскемен ет комбинатының (Шығыс ет АҚ) шұжықтары сатып алушыға 1996 жылдан бері таныс. Нарықта тек сапасының төмендігіне байланысты (негізінен 1 және 2 сұрыптар) 15%-ға кем бағасы үшін ғана қалып отыр. Ассортименті тар болып табылады.
1997 жылдан бастап нарықта соңғы үлгідегі құрылғыларды өндірілген, жоғары сапалы, көптеп сату бағасы төмен болып келетін Павлодарлық Рубикон ЖШС-нің шұжықтары пайда болды. Алайда, цехтің әлсіз қуаттары мен таратудың шағын көлемдері сезінерлік бәсеке тудырмайды.
Шем-Азат АҚ-ның Риддер ет комбинаты өндіретін қайнатылған шұжықтары табиғи орамаларға байланысты жоғары дәм сапасына ие болып, нарықты 1994 жылдың өзінде-ақ жаулап алды. Оның барлық өнім түрлері бойынша бағасы Ұржар ет комбинатымен салыстырғанда 10%-ға жоғары және сату уақыты шұжықтар бойынша 72 сағатты, ал сардельки бойынша бар жоғы 48 сағатты құрайды.
Семейлік Руц ЖШС-нің негізгі өнім түрі болып ет консервілері саналады. Оған қосымша шығарылатын қымбат шұжықтар бәсеке тудырмайды.
Оңтүстік астана нарығында басымдылық жағдайға ие болған Алматылық Беккер и К ЖШС жоғары сапалы шұжықтар өндіреді. Оған қоса, сатып алу талғамы бүгінгі күннің өзінде де 45 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр.
Қазақстан экономикасының дамуына кедергі болатын мәселелердің бірі, оның көптеген өнімдерді шикізат ретінде өндіруді себеп болғаны белгілі. Өңдеуші, өндіруші салалардың жете дамымауы ел экономикасына кері әсерін тигізеді.
Қазіргі нарықтық экономика өндіріліп жатқан өнімге өзгеше талаптар қойып отыр. Бұл қазіргі әлемде кез-келген фирманың әрі қарай дамуы мен қызмет етуі, тауарлар мен қызметтер нарығындағы тұрақты жағдайы оның бәсекеге қабілетті өнім өндіру деңгейімен анықталатындығына байланысты.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып дамуы шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу, әлемдік нарықтық жүйеге ену барысында республика экономикасының бәсекеге қабілетті болуының тетіктерін жеделдетудің маңызы зор екенін белгілі. Сондықтан ұлттық экономика саласында өндірілетін өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру қажет.
Осы орайда өндіріс технологиясын жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.
Тауарлардың бәсекелік қабілеті – нарықтық қатынастарға қатысушылардың нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы. Тауарлардың бәсекелік қабілеті оның нарықтағы салыстырмалы қалпын анықтаушы, тұтыну және құндық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталатындығы белгілі.
Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
1. Өнімнің бағалық бәсекелік қабілеті:
1.1. бағаның негізгі өнім өндірушілер арасында өзара салыстырылуы;
1.2. сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланыстыбағаны
дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
1.3. өнімді тұтынушыларды жеңілдіктер жүйесімен тартуы.
2. Өнімнің сапасы:
2.1. өнімнің техникалық- функционалдық қасиеттері;
2.2. қосымша пайдалылықтың болуы;
2.3. өнімнің танымалдылық деңгейі.
3. Өнім өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
3.1. өнім өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
3.2. жарнаманың тиімділігі;
3.3. қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Ғалымдану жағдайында өнім өндірушілер арасында олардың бәсекелік қабілетін одан әрі дамыту тұрғысынан іргелі проблемалар туындап отырғаны белгілі. Демек, Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бәсекелік қабілетін арттыру табылады.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Ең бірінші кезекте 2001 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" заңын айтуымыз керек.
Бұл заңның мақсаттары:
Еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүдделерін қорғау және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Заң кәсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеуді және құқықтық шараларын анықтайды.
Сонымен қатар, 1998 жылдың 11 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының "Теріс пиғылды бәсеке туралы " Заңы, 1999 жылдың 21 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының "Демпингке қарсы шаралар туралы" Заңы, "Сапа" бағдарламасы, "Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003ж.ж. арналған бағдарламасы", "Сертификаттау туралы", "Стандарттау туралы", "Субсидиялар мен орын толтыру шаралар туралы " және т.б. заңдар.
Бәсекелік қабілет мемлекеттік қолдау емес, бәсекелестермен қатаң күресте жетілетіні баршамызға мәлім.
Өнімнің бәсекелік қабілетін басқару жүйесінде оны бағалаудың маңызы зор. Тауардың бәсекелік қабілетін зерттеу әдістемелерінің көптігіне қарамастан, олардың жаңару үрдісі жалғасуда.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау оны пайдаланудың жолдары мен түрлеріне байланысты анықталады:
Егер мақсат ұқсас тауарлар қатарындағы берілген тауардың орнын анықтау болса, онда маңызды параметрлер бойынша оларды тікелей салыстыру арқылы;
Егер зерттеу мақсаты тауарды нақты бір нарықта өткізу перспективаларын бағалау болса, онда талдауда жуық арада нарыққа шығатын бұйымдар жайлы мәліметтерді қосатын стандарттар мен заңдылықтардың өзгерісі жайлы ақпарат пайдалануы керек.
Айта кететін жағдай, бәсекелік қабілет салыстырмалы шама болып табылатындығын ескерген жөн. Нарықтық жүйенің белгілі бір уақыт аралығында бәсекелі болған тауар келесі бір жағдайда қойылған талапқа сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен бәсекелестердің өнім өндіру барысындағы күрделі іс-әрекеттердің сапалы деңгейіне байланысты. Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың жалпы ережелері төмендегідей болып келеді:
тауарды өткізу нарығын таңдау және талдау,
ұқсас тауарларды өндіретін және өткізетін бәсекелестерді зерделеу,
салыстыру бағасы ретінде бәсекелік қабілеті жоғары ұқсас тауарларды негізге алу,
бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау,
өнімдердің сәйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер жиынын белгілеу,
тауар топтары бойынша көрсеткіштерді талдау, анықтау және талдау әдістемелерін таңдау,
кәсіпорын тауарларының бәсекелік қабілетінің интегралды көрсеткіштерін есептеу,
тауар өңдеуге қатысты кәсіпорынның тауар саясатын әзірлеу.
Тауардың бәсекелік қабілетін бағалауда мына негізгі қағидаларға көңіл бөлген жөн:
интегральділік қағидасы – бәсекелікке әсер ететін факторлары арасындағы байланыстарды нақтылауды және нығайтуды қамтамасыз етеді,
кешенділік қағидасы – тауардың бәсекелік қабілетін құрастырушыларды және оған әсер етуші факторларды анықтауды ескереді,
диалектілік қағидасы – факторлар жиынтығын даму үстінде қарастыруды ескереді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың төмендегідей негізгі түрлерін атап айтуға болады:
1. Тестілік сату. Бұл бағалау әдісінің негізгі мақсаты –зерттеліп отырған тауарды сату орындарында тұтынушылардың оны қабылдауын байқау. Бұл әдіс өте сенімді ақпарат бере алады. Алайда бұл өте көп қаржы керек етеді, себебі кез – келген кәсіпорын сапасына сенімсіз өнім шығаруға бармайды.
2. Фокус – топтар:
ақпаратқа толы әдіс,
респонденттердің бағаланып отырған өнімге шынайы қатынасын анықтауға жол береді,
өнімді дайындаудың кез-келген кезеңінде бағалау жүргізуге жол береді.
3. Хол – тестер (Hall – test). Оларды сапалы зерттеу нәтижелерін тексеру үшін.
Көп жағдайда тауардың бәсекелік қабілеті мәселесі пайда болған жағдайда оны маркетингтік зерттеу негізінде шешу кең таралған.
Тауардың бәсекелік қабілетін маркетигтік жолмен бағалау әдістемесі 4 кезеңнен тұрады:
1. Тауарға деген тұтынушылардың талаптарын анықтау,
2. Тұтынушылардың сұранысы негізінде тауардың күтілетін бәсекелік
қабілетін бағалау,
3. Фирманың бәсекелес фирмаларға қатысты маркетингтік қызметінің
бәсекелік қабілетін бағалау,
4. Тауардың нақты бәсекелік қабілеті жайлы қорытынды жасау және
оны арттыруға күш салу нүктелерін анықтау.
Бұл әдіс, сатып алушылардың осы кәсіпорын тауарларына деген қатынасын, сонымен қатар фирманың ішкі орталарының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сыртқы ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен қатерлерін айналып өту тиімділігін ескеруге мүмкіндік береді.
Соңғы кезде көптеген ғалымдар мен тәжірибешілер фокус – топтау әдісіне қызығушылық танытуда. Бұл әдіс белгілі-бір тәртіппен ұйымдастырылып жүргізілетін терең топтық сұхбат. Осы әдістің пайдаланылуы бірқатар себептерге байланысты.Әлеуметтік сұрау нәтижесінде алынған мәліметтер тұтынушылардың белгілі-бір тауарға деген қатынасын көрсетеді. Ал тауарды өндірушілердің кемшіліктері мен олардың артықшылықтарын анықтау үшін тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Ал осы фокус-топтар әдісі бұған зор мүмкіндік береді.
3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту
Қазақстанның экономикасын дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне интеграциялаудың негізгі бағыттарының бірі Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі БСҰ)ену болып табылады.
Біздің облыстың жағдайына келетін болсақ, қазіргі уақытта индустриялық сектордың кәсіпорындары жабдықтардың тозуынан, кадрлардың, жаңа технологиялардың жетіспеуінен және өндірілген өнімдерін өткізуден көп қиындық көруде. Жалпы облыс экономикасының өсіп отырғанынан қарамастан, олардың алдында әлі де болса көп теген қиындықтар тұр. Себебі, республикамыз БСҰ – ына енген уақытта рыногтың ашық болуы, бағалардың ырықсыздандырылуы, сапасы жоғары тауарлар шығаратын көптеген бәсекелестердің пайда болуы біздің кәсіпорындарымыздың алдынан көптеген проблемаларды туындатады.
Осы орайда өндіріс технологиясын жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.
Өнімнің сапасы тек оның органолептикалық сипатымен ғана емес, экономикалық сипатымен де ерекшеленеді. Экономикалық категория ретінде сапа тұтыну құнымен байланысты. Өнімнің сапасын ең алдымен бағалайтын – ол тұтынушы. Нарықтық жағдайда кәсіпорын өнімінің жоғары сапасы оның имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өнім сапасын өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге дейін дәлелденген рекомендация және әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар нарықтық жағдайларға сәйкес келмейді.
Стандартпен және нормативтік техникалық құжаттамамен орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды қамтамасыз ету;
Өнім сапасын жақсартудағы ғылыми техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;
Өнімдердің жаңа тиімді техникаларын құру, өнеркәсіптік негізде өнімдерді ұйымдастыру;
Өнім сапасын және оның есебін болжау;
Материалдық-техникалық базаны құру.
Заңдық-құқықтық қамтамасыздандыру;
Өнім және жұмыс сапасын бақылау;
Жоғарға сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру.
Шығарылатын өнім сапасына, сонымен бірге оның бәсекелік қабілетіне, кәсіпорынның негізгі қорлардың деңгейі және жағдайы әсер етеді.
Өнімнің сапасын арттырудың келесі бір бағыты - өндіріске алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық және иннвестициялық жетістіктерді енгізуге негізделуі тиіс. Қазіргі кезеңде, өндірістің техникалық, экономикалық және технологиялық деңгейін жоғарылату арқылы өнімнің сапасын арттыруға және инвестиция таратуға мүмкіндік беретін бұл бағыт бәсекелік қабілеттің маңызды бөлігіне айналған.
Өнімді өңдеу аймағымызда жетекші және ғылыми жаңалықтарды үнемі енгізіп отыруды талап ететін салалардың бірінен саналады. Бұл сананың кәсіпорындары шығаратын көптеген арнаулы тауарлар күні бүгінге дейін дүниежүзілік рыногта сұранысқа ие. Алайда біздің кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктері жөнінде дүниежүзілік рыногта ақпарат аз болатындықтан , олардың өнімдері тиісті дәрежеде тұтынушыларын таба алмайды. Өнім өндіру саласының кәсіпорындары алдарында тұрған проблемаларын өздері жеке шеше алмайды. Бір қатар кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істей алмай отыр. Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алмаудың және маркетингтің дұрыс жұмыс істемеуінің салдарынан олар шығаратын өнімдердің өзіндік құны да жоғары болып қалуда. Жабдықтарының ескі, өнім сапасын басқару жүйесінің төмен дәрежеде болуы себепті жабдықтарын әр 2-5 жыл сайын жаңалатып отыратын шетелдік зауыттармен біздің кәсіпорындар тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Осыған орай "Шваб шұжықтары" ЖШС-нің өндірістік жабдықтарды жаңартуды, жаңа технологиялық процестерді енгізуді, өнімдердің перспективалы түрлерін шығаруды көздейтін перспективлық инвестициялық даму жобаларын жасауда және де бұл өндірісті дамыту жөнінде перспеквалы жұмыстар жүргізуде.
БСҰ-ына енгеннен кейін өте күрделі бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу үшін біздің кәсіпорындарымыз өздерінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жоюлары тиіс. Енді қалған уақытта өздерінің жұмыстарының тиімділігін артыру үшін кәсіпорындарымыз қолда бар күш-мүмкіндіктерді барынша пайдалануы қажет. Мемлекет те, жергілікті билік органы ретінде біздер де кәсіпорындарға өз өнімдерін өз елімізде және жаңадан қосылатын тауар өткізу рыноктарына өткізуге, менеджментті жақсартуға және басқа да жағдайларда мүмкіндігінше көмектесіп отыратын боламыз.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін арттыру, олардың өнімдерінің отандық рынокта да, сондай-ақ сыртқы рынокта да өтімді болуы үшін өндірісті жаңғыртумен және түрлендірумен бірге олар-да ИСО-9000 сериялы халықаралық сапа стандарттары негізінде сапа менеджментін енгізу қажет болады.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде 300 мыңнан астам кәсіпорын ИСО 9000 стандарты бойынша жүргізілетін өздерінің сапа жүйесін сертификаттаған. Қазақстанда ондай кәсіпорындар көп емес, алайда олардың қатары әжептәуір өсіп келеді. Мұндай жұмыстар біздің облыстың кәсіпорындарында да жүргізілуде. Олардың бұл талпыныстарын түсінуге болады, өйткені, сапалы өнім шығарумен ғана бәсекелестік күресте басымдыққа ие болуға болады. Сонымен бірге кәсіпорындарда сапаның сертификатталған жүйесінің болуы олар үшін халықаралық рынокқа шығудың да, сондай-ақ еліміздің ішкі рыногында табысты жұмыс істеудің де алғы шарты болып отыр.
Облыс кәсіпорындары шығаратын өнімдердің бәсекелестік мүмкіндігін арттыру және олардың халық-аралық стандарттарға көшуіне көмектесу мақсатымен департамент бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру жөнінде ұдайы жұмыстар жүргізіп, өнім сапасын арттыру мен сапа жүйесін енгізу жөнінде семинар-кеңестер өткізіп отырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау комитетінің Солтүстік Қазақстан филиалы – "Экспертиза мен сертификаттау Ұлттық орталығы" ААҚ-ымен бірлесе отырып аймақтың тамақ және 9 ұқсату өнеркәсібі кәсіпорындарында сапа және сапаның халықаралық жүйесін енгізу мәселелері жөнінде екі семинар кеңес өткізілді. Олардың жұмысына тамақ өнімдерін шығаратын және ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын 19 кәсіпорынның басшылары мен мамандары қатысты.
Ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын және тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың басшылары, аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары мен ресми тіркелген лабораториялардың басшылары үшін Бүкілдүниежүзілік Даму Банкі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі жөнінде жасаған бірлескен жобалары бойынша "Сапаны басқару және ауыл шауашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету" және 2005-2009 жылдарға есептелген "Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру" деген компоненттердің тұсаукесері ұйымдастырылады.
Қазақстанның БСҰ-ына енуі үшін экономиканың барлық салаларын дайындау жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу мақсатымен ғылымды көп талап ететін жоғары технологиялы өндіріс пен жоғары қосылған құны бар, бәсекелестік қабілеті бар өнімдерді шығаруға жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінбек.
БСҰ-ына енгеннен кейін өте күрделі бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу үшін біздің кәсіпорындарымыз өздерінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жоюлары тиіс. Енді қалған уақытта өздерінің жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындарымыз қолда бар күш-мүмкіндіктерді барынша пайдаланулары қажет. Мемлекет те, жергілікті билік органы ретінде біздер де кәсіпорындарға өз өнімдерін өз елімізде және жаңадан қосылатын тауар өткізу рыноктарына өткізуге, менеджментті жақсартуға және басқа да жағдайларда мүмкіндігінше көмектесіп отыратын боламыз.
Қорыта айтқанда, БСҰ-ына енгеннен кейін біздің әрқайсымыздың жауапкершілігіміз еселеп арта түседі және барлық дәрежедегі мамандардың біліктігіне қойылатын талаптар да елеулі түрде күшейеді. Ол БСҰ-ның ережелері мен принциптерін тек мемлекеттік дәрежеде ғана емес, сонымен бірге жеке кәсіпорындар мен өндірістерде де үйреніп, оны іс жүзінде табысты түрде қолдану қажеттігінен туындайтын болды. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз осы жұмыстарға дайын отыру болып табылады.
"Айгерім СҮ" АҚ-ның жабылуымен, өндіріс сол тұлғаларымен құрылып, басқарылатын "НҰ-Ра Концерні" ЖШС-не берілді. Өндіріс көлемін өсіру, сапаны жақсарту, өзіндік құнды төмендету, қазіргі уақытқа сай және бәсеке қабілеттілігі жоғары өнімнің ассортиментін кеңейту арқылы, яғни құрал-жабдықтарды жаңарту арқылы, ал ол үшін айтарлықтай инвестиция арқылы кәсіпорынның даму бағдарламасы өткір мәселеге айналды. 1999ж. наурызында бірінші кезекте қажетті 3 құрылғы сатып алынды (куттер, клипсатор, мұзды-генератор). Бұл германиялық өндіріс-фирмаларының құрылғылары жоғары технологиялық болып табылады. Сөйтіп, К-120 ДС Ультра маркалы куттер өте жақсы құрастыруды, тартылған етке бір қалыпты түр беруге, дайын өнімнің сапасын жоғарылатып, сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік береді. Етті ұсақтаудың жоғары деңгейі ақуыздық клеткалар мен ферменттердің бөлінуіне жол ашып, дәмдік қасиеттерін жақсартады, ал бұл процесті вакуумдау майдың қышқылдануын және ақуыздың ыдырауын болдырмайды да, ол өнімді сақтаудың ұзақтығын өсіреді. Клипсатор батондары қолмен байлаумен айналысатын 8 жұмыс орнын босатып, өнімнің сапасы мен тауарлық түрін жоғарылатуға, өзіндік құнды төмендетуге мүмкіндік береді.
Технологиялық қабыршақты мұзды даялауға арналған мұзды-генератор мұз өндіру процесінде қауіпті болып саналатын аммиакты қосатын және сағатына 182 Квт электр энергиясын пайдаланатын энергосиымды компрессорлы құрылғыдан айырылуға, оған қоса, өндіріс шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
2000 жылдың 26-мамырында бұл кәсіпорын "Шваб шұжықтары" ЖШС болып қайта тіркеуден өтті.
Тұтынушылармен келісімшартқа негізделген тауарлық ет өндірісі "Айгерім СҮ" АҚ-на көп мөлшердегі ет өнімін даярлау, уақытша сақтау мен тасымалдаудың және жеткізу мен өзара есеп айырысудың тәжірибесін үйретті. Еттің соңғы өнімдерін өндіру-технологияның дамуы мен жетілуін, қосымша құрылғылардың, жаңа толықтыру қоспаларының енгізілуін тудырды. Бұл ассортимент түрін кеңейтуге, сапасын жақсартуға, біртіндеп бағасын төмендету арқылы мөлшерін көбейтуге мүмкіндік берді. 2003ж. 441 тонна шұжық пен дәмді тағамдар өндіріліп, сатылды, ал тауарлық өнім көлемі 105 млн. теңгені құрады.
Ет өнімдері мен шұжықтарды дайындау технологиясының негіздері барлық өндірушілер үшін бірдей және айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Сонымен қоса, технологиялық процесте қолданылатын жаңа машиналар мен құрылғыларды іс ке қосу негізінде үнемі жетілдірулер болып тұрады. Негізгі мақсат болат сапаны жақсарту табылады. Етті өндеу мен шұжық өндірісінің әлемдік топбастары, әрине, технологиялық құрылғылардың жаңа үлгілерін құрастырушы Германия болып табылады. Сондықтан Гермения өндірушілердің тәжірибелермен танысу технологияны жетілдіру бағытында аса зор орын алды, өндіріс жөніндегі директор К. Б. Сейтханов Германиядағы ет өндеу құрылғылардың көрмесіне қатысты, Schaller Lebensmitteltechnik фирмасының ғылыми орталығының ашылуында Қазақстан атынан сөз сөйлеген. Онымен қоса, "Новосибирск", "Черепаново", "Омбы" ет комбинаттарының жұмыс тәжірибесі де зерттелген. Томскідегі ет комбинатында директормен бірге өндіріс технологы мен шебері де тәжірибе алды. 1996 жылдан бастап технологияға "Атлантис-Пак" фирмасының (Дон өзеніндегі қаласы) полиамидті және коллагенді орамалар ендірілген. Бұл орамадағы шұжықтың сақталу уақыты бұрынғы 48 сағатпен салыстырғанда 10 тәулікке жеткен. Оның негізгі ерекшілігі мынада: жылулық өндеу кезінде бұл орамалардың тесіктері ашылып, түтінің бүкіл өнім бойына тарап, соған байланысты керемет дәмге ие болуына жол ашылады.
Технологиялық процесті дамыту бағдарламасының басты шарасы болып өнімді тарату уақытары бойынша сертификаттау табылады. Өнімге деген жаңа республикалық Техникалық шарттардың іске қосылуы (Ресейде қызмет етіп келеді) сақтау уақытын ресми түрде заңдастырады, отандық шұжық сапасына деген сенімді және тауардың өтімділігін жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |