3-кесте. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау
№ р/р
|
Көрсеткіштер
|
2004 ж.
|
2005 ж.
|
2005 ж. %-бен 2004 ж.
|
адам
|
%
|
адам
|
%
|
1.
|
Барлық қызметкерлер саны
|
92
|
100,0
|
97
|
100,0
|
105,4
|
1.1
|
Соның ішінде: - жұмысшылар
|
65
|
70,6
|
68
|
70,1
|
104,6
|
1.2
|
- басшылар
|
12
|
13,0
|
12
|
12,4
|
100,0
|
1.3
|
- мамандар
|
7
|
7,6
|
9
|
9,3
|
128,6
|
1.4
|
- қызметшілер
|
5
|
5,4
|
5
|
5,1
|
100,0
|
1.5
|
- басқалары
|
3
|
3,3
|
3
|
3,1
|
100,0
|
2.
|
Жас мөлшерлері
|
2.1
|
16-дан 24 жасқа дейін
|
6
|
6,5
|
8
|
8,2
|
133,3
|
2.2
|
25-тен 29 жасқа дейін
|
17
|
18,5
|
18
|
18,6
|
105,9
|
2.3
|
30-дан 49 жасқа дейін
|
57
|
62,0
|
60
|
61,9
|
105,3
|
2.4
|
50-ден жоғарылары
|
12
|
13,0
|
11
|
11,3
|
91,7
|
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылу дәрежесі ондағы персоналдың жоспарлы санының нақты көрсеткішімен сәйкестігі арқылы анықталды. 3 кесте мәліметтеріне сүйенсек «Шваб шұжықтары» ЖШС қызметкерлерінің ішінде негізгі үлес салмақты жұмысшылар алатынын байқаймыз. Егер 2004 жылы олардың үлесі – 70,6 % 2005 жылы – 70,1 % құрады.
Жас мөлшері бойынша еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлерінің топтамасы мынаны көрсетті: ең көп үлес 30 бен 49 жас аралығындағы еңбеккерлерге тиесілі болып отыр, олардың саны 2005 жылы 3 адамға артып, 60 адамға теңелді.
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7 тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек «сосискалар» өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы – сауда шегерімі болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі табыстардың көбеюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.
ФАКТОРЛАР
ІШКІ
Кәсіпорынның салалық игіліктері
өндірілетін өнім (жұмыс және қызмет) құрылымы оның жалпы төлем қабілеті бар сұраныстағы үлесі
Қаржы ресурстарының жағдайы: мөлшері, құрамы, құрылымы
СЫРТҚЫ
Жалпы тұрақтылық, экономикалық цикл фазасы
төлем қабілеті бар сұраныс икемділігінің деңгейі, динамикасы
Табыспен салыстырғандағы шығындардың көлемі, құрылымы, динамикасы
Инфляция, баға деңгейінің, валюта курсының өзгеруі
Мемлекеттің салықтық, қаржылық-несиелік, кедендік, сақтандыру, есептік-инвестициялық саясаты
Төленген жарғылық капиталдың мөлшері, өз меншігіндегі айналым құралдары
Кәсіпорынды басқарудың тиімділігі
Қоғамда басты орын алатын техника мен технология
Сурет 3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі
Кәсіпорының қаржы тұрақтылығының деңгейінің анықтамасы қаржылық талдау деректерінің негізінде құрылады, яғни шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін оның қаржылық жағдайына талдау жасау қажет.
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының келесідей бағалау көрсеткіштерін, яғни олардың тиімділігі мен жеткіліктілігі тұрғысынан оңтайлы болып табылатын көрсеткіштерді таңдап жүр.
Кәсіпорынның дамуының негізгі көрсеткіштерінің серпінін төменде келтірілген кесте бойынша талдаудан өткізуге болады:
4-кесте. «Шваб шұжықтары» ЖШС-ң 2003-2005 ж.ж. дамуының негізгі көрсеткіштері
№
|
Негізгі көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2003ж.
|
2004ж.
|
2005ж
|
%
|
1
|
Активтердің құны
|
мың тг
|
43100
|
75355
|
112020
|
259,9
|
2
|
Негізгі өндірістік қорлардың құны
|
мың тг
|
4900
|
6237
|
6948
|
141
|
3
|
Пайда
|
мың тг
|
82434
|
84791
|
92505
|
112,2
|
4
|
Жалпы шаруашылық шығындар
|
мың тг
|
73100
|
80701
|
89504
|
122,4
|
5
|
Қызметкерлердің орташа жылдық саны
|
адам
|
60
|
63
|
76
|
126
|
6
|
Қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы
|
мың тг
|
9200
|
11500
|
13000
|
141,3
|
Баланстар мен өтемділік коэффициенттері құрылымының талдауы кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан тұрақты екендігін көрсетті. Ол шаруашылық іс-әрекетті жүргізуге және шұғыл міндеттемелерді дер кезінде өтеуге арналған айналымдық қаражаттармен жеткілікті мөлшерде қамтылған.
Мекеменің қаржылық жағдайының құрылымы мен динамикасын зерттеу үшін бухгалтерлік есеп беру мәліметтерінің негізінде салыстырмалы талдамалық кестелер құрастырылады.
Тәжірибеде балансты талдау екі кезеңде жүзеге асырылады:
Балансты оқу – нәтижесінде есептік кезеңдегі баланс баптарының өзгерісін анықтайды. Мұнда негізгі және айналым капиталдарының ара-қатынасына назар аудару керек;
Баланс ішіндегі байланыстарды талдау – бұл зерттеу кәсіпорын ресурстарымен тиімді пайдалану талаптарына сай келу тұрғысынан негізгі баланстық топтарға баға береді.
Кәсіпорынның өндіріс қажеттіліктері, әсіресе, шикізат бірінші кезекте халықтан малды және сойылған күйдегі етті сатып алу жолымен қамтамасыз етіледі. Статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес Ұржар және Аягөз аудандарында (ет комбинатының қызмет ету аймағы) ірі қара малдың саны 31.12.2004 жылы- 123589 бас болды. Сонымен қоса, егер жалпы облыс бойынша мал басының төмендеуі көрініс алса, бұл аудандарда табындардың тұрақты сақталуы байқалады. Ет комбинатының жылдық өнім өндіру бағдарламасының қажеттілігі 700 тонна жағдайында тауарлық етке есептегенде сиыр етінің запастары тек бұл аудандарда 16577 тоннаны құрап отыр. Етті халықтан кен шаруа қожалықтарынан сатып алу және оны дайындау жөніндегі тәжірибеленген жүйесі сиыр етімен қамтамасыз етуде қиындық тудырмайды. Ет коминатының шошқа етіне деген жылдық қажеттілігі 500 тонна. Ол да облыс аумағындағы аудандардан, әсіресе Бородулиха және Новошульбинск аудандарынан сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Шошқа санының өткен жылғы өсімі – 122,8%-ды құрады.
Бір мерзімдік келісім-шарттар бойынша шошқа етін шошқа санының артықшылығына ие болып отырған Павлодар облысынан (Алтын-Дән ЖШС; Прилинг ЖШС; Ертіс АҚ ) сатып алынды.
1998 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі шұжық орамасының тұрақты жеткізушісі болып "Атлантис-Пак" компаниясы (Дон өзеніндегі қаласы.) саналады. Ұзақ мерзімдік келісімдерге сәйкес орамалар комбинаттың тапсырысы бойынша қажетті мөлшерде және түрлі диаметрде жеткізіледі. Әр түрлі түстегі орамаларға шұжық түрлері бойынша Шваб шұжықтары ЖШС-нің логотипі және өнім аты белгіленеді. Сондай-ақ, комбинат Қазақстандағы шұжық қоспаларының өндірушісі Шаллер компаниясымен де ұзақ мерзімдік және тікелей байланыстарға ие.
Шұжық өнімдері – тұрғындардың тұрақты сұранысына ие болатын еттен жасалған тағамдық өнім. Сұраныс көлемі басқа бірдей жағдайлар кезінде тікелей өнімнің сапасы мен бағасына байланысты болады. Семей шұжықтары өзінің сапасына байланысты тек қала, облыс, республика тұтынушыларына ғана емес, бұрынғы КСРО-ның басқа аймақтарына да белгілі болған.
Ет комбинаты сатып алуға дайындалып жүрген құрылғылар жоғары сапалы өнім өндіруге және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі түрдегі өнімдерді шығарады:
Қайнатылып пісірілген шұжықтар – Столовая, Чайная, Молочная, Краснодарская, Отдельная, Докторская, Русская, Говяжья (бірінші және жоғарғы сұрып), Сардельки, Ветчина, Шпикачки, Аппетитная;
Қайнатылып-сүрленген – Сервелат, Любительская, Деликатесная;
Жартылай сүрленген – Таллинская, Краковская, Украинская, Охотничья;
Деликатестер – Буженина, Балық, Кеудешілер, Корейка, Филейка, Пастрома (шошқа және сиыр етінен), Карбонат, қысылған ет, шпик (тұздалған және венгриялық).
Қосымша өнімдер – май (шошқа және сиыр майы), сүрленген шошқа қабырғалары, сорпа жиындары.
Кейінгі өнеркәсіптік қайта өндеуден өткізу үшін ішек шикізаты мен теріні, ал иттердің тағамын өндіруге ет сіңірлері мен шаңдырларды өткізеді.
"Швав шұжықтары" ЖШС-нің басшылығы өнім өткізу нарығын маркетингтік зерттеуге үлкен назар аударады. Өнімді өткізу және маркетинг бөлімшелерінің мамандары нарықтардың сұранысы мен ұсынысын зертеп, танысады, бәсекелестер тауарларының сапасы мен бағасын талдайды. Техникалық бөлім мен ет комбинатының технолог-мамандарымен бірлесе отырып үнемі үлгілердің салыстырмалы тексерулері, дәмдік дегустациялары жүргізіледі.
"Шваб шұжықтары" ЖШС-нің 2006 жылға дейінгі стратегиясын құру кезіндегі маркетингтік зерттеулердің негізгі тапсырмалары болып мыналар саналады:
Тұтынушылар сұранысының ішінде аса ұнайтын өнім түрін анықтау;
Ұлғайған көлемді нарықтың игере алу мүмкіндіктері;
Бәсекелестердің, әсіресе шетелдік бәсекелестер өнімінің әлсіз жақтарын анықтау, және нарықтан ығыстыру мүмкіндігі;
Шикізат пен материалдардың шеткіліктілігі.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары аймақтарындағы өнім нарығын кең ауқымды зерттеу фирма тапсырысы бойынша ресейлік әлеуметтік коммуникациялар институтымен жүргізілді. Осы институт пен маркетингтік қызметтің зерттеулері ет комбинатының негізгі даму бағыттарын ашып көрсетті:
өнімнің барлық түрі бойынша, деликатестерді қоса алғанда өндіріс көлемін ұлғайту;
өнімнің жаңа түрлерін (сосискалар мен шала сүрленген шұжықтар) меңгеру, ассортиментті кеңейту;
тауарды ұсақ бөліктермен вакуумды қаптамаға үйлестіру;
сапасын жоғарылату;
тауар бағасын төмендету.
"Шваб шұжықтары" ЖШС құрастырған даму бағдарламасы мен 2006 жылға дейінгі өндірістік бағдарламасы енгізуге жоспарланып жүрген және бұрыннан енгізілген өндіріс қуаттарының мүмкіндіктеріне сүйеніп құрылды. Погрессивтік құрал-жабдықтарды, технологияларды, ораманың жаңа түрлерін енгізу тек өндіру көлемін өсіріп қана қоймай, сондай-ақ өнімнің сапасын, тауарлық түрін, сыртқы бейнесін, оның сақталу уақытын біршама жақсартады.
Жоспарға негізделген экономика тұсында барлық өндірілген өнім мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ұқсату мекемелері – ет, сүт зауаттарына, астық қабылдау пункттері мен іріленген қоймаларға тікелей жөнетілетін. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімді ұқсату, сауда жұмыстарымен айналысу, өзіндік сауда тораптарын құру т.б. үшін қолайлы ұйымдастыру-экономикалық шаралар көзделмейтін. Мұндай көрініс тіпті аграрлық реформаны жүргізудің алғашқы кезеңінде де орын алды. Мәселен, өнімдерді белгілі өңдеуден өткізбей жатып тек сол күйінде айырбастап (бартер) жіберу, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шарттыққатынастардың маңызымен, тауарға деген сұраным мен ұсынымның алшақтауымен санаспау, т.б.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дер кезінде сату (мәселен, егін шаруашылығы өнімдерінің көпшілігін жаңа піскен, балауса кезінде), сөйтіп оарды тұтынушыларға сапалы, экологиялық жағынан таза күйінде жеткізу күні бүгінге дейін шешімін таппай отырған мәселе. Сондықтан халыққа отандық өндірісіміздің есебінен сатылған тауарлардың көлемі жағынан өсуі тым мардымсыз. Әсіресе, мал мен құс шаруашылығы өнімдерін өткізудің жәйі қанағаттанарлық емес. Мәселен, 2003ж. барлық сатылған ет, малдың тірілей салмағымен есептегенде бүкіл еліміз бойынша 1140 мың теңгені құрады, бұл 2002ж. қарағанда 15,3%, ал 1996ж. салыстырғанда екі еседен аса кем. Мұның бірінші себебі етке сатылған мал санының күрт азаюы. Мәселен, 2003ж. тек 4,9 млн қой сатылды, яғни 2002 ж. салыстырғанда 3,6 есе аз. Екінші себебі етке өткізілген малдың қондылығы мен орташа салмағының төмендігі, атап айтқанда, өткізілген ірі қараның әрқайсысының орташа салмағы 280-300кг, қой 35-39кг, жылқы 275-315кг аралығынан аспады.
Қазіргі кезде ауыл азаматтарының бүкіл табысының 17-19 пайызы (ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша) олардың меншігіндегі өнімді (тірілей малды, сүтті, көкеністі, картопты, мүлікті, жемшөпті, т.б.) сатудан түскен. Алайда аграрлық кәсіпте мұндай мөлшерде өндірілген тамақ өнімдері мен шикізатты өткізуде, әсіресе, жеке қосалқы шаруашылық иелері көптеген қиындықтарға кездеседі. Оның ең басты себептері: өндірілген өнімнің көлемінің кішігірімділігі, яғни көтерме саудаға жарамсыздығы, сауда орындарының қашықтығы, көпшілік өнімнің (сүттің, көкеністің, еттің, т.б.) тез бұзылатындығы, жабдықталған мұздатқыштар, тасу, тұтыну құрал-саймандары бар қоймалардың жеткіліксіздігі, көлік қатынастарының нашарлығы, жол ақысының қымбаттығы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуде еркін сауда жүйесі өз өміршеңдігін көрсетуде. Оның негізгі арналарын: елді қоныстарда орналасқан кәсіпкерлік орталықтарына,қоғамдық тамақ өнеркәсібі субъектілеріне келісім-шарттар бойынша тапсырыстау, базарларға шығарып сату, айырбастау, т.б. барынша толық пайдалану ауыл тауарлары өтімділігіне пайдалы әсерін тигізеді. Еркін сауда жүйесі тек ауылдық тауар өндірушілер үшін ғана емес, сонымен қатар, ауылдық жерлерде шағын бизнестің түр-түрімен айналысатын кәсіпкерлер үшін де тиімді. Олар мұнда тұтынушыларға тек өздері өндірген тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынып қана қоймай, қажетті шикізаттарды арзан қақпен, сапасына қарай іріктеп таңдап ала алады.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында, облыс, аудан орталықтарында, ірі-ірі поселкелер мен темір жол станцияларында базарлар ұйымдастырылған. Бұлардың негізгі мақсаты ел тұрғындарына сауда-саттық бағытында қажетті қызмет көрсету, халықтың азық-түліктің сапалы да арзан түрлері жөніндегі талғамын қанағаттандыру, бәсекелесті дамыту, жергілікті бюджетті толықтыру.
Соңғы 2-3 жыл аясында республика ішкі нарығында отандық тауар өндірушілердің үлес салмағы біртіндеп артып келеді. Бірақ қазіргі мәселе өндірілетін өнім мөлшерін өсірумен қатар оның өтімділігін неғұрлым жоғарыдеңгейге көтеру болып табылады. Бұл үшін:
– өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жақсарту, оларды айналым қаржысымен, бәсекеге қабілетті құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз ету керек;
– ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылық көрсеткіштерін жақсарту, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіріп, өнімнің түрлері бойынша нарық арналарын талапқа сай дамыту, ауылдық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке жағдайынан үнемі хабардар болып отыру қажет.
5 кесте. "Шваб шұжық" ЖШС бойынша 2004-2005ж.ж. негізгі экономикалық көрсеткіштері.
№
|
Негізгі көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі
|
2004ж
|
2005ж
|
Ауытқу
|
%
|
1
|
Өнімді өткізуден түскен табыс
|
мың, тг
|
35640
|
47240
|
11600
|
|
2
|
Өнімнің өзіндік құны
|
мың, тг
|
23405
|
28300
|
4895
|
|
3
|
Жалпы табыс
|
мың, тг
|
12235
|
18940
|
6705
|
|
4
|
Кезең шығындары
|
мың, тг
|
7560
|
8323
|
763
|
|
5
|
Негізгі қызметтен түскен табыс
|
мың, тг
|
4675
|
10617
|
5942
|
|
6
|
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
|
мың, тг
|
11590
|
12448
|
858
|
|
7
|
Салық төлегенге дейінгі табыс
|
мың, тг
|
16265
|
23065
|
6800
|
|
8
|
Таза табыс
|
мың, тг
|
11385
|
16145
|
4760
|
|
9
|
Өткізілген өнімнің 1тг кеткен шығын
|
тг
|
0,87
|
0,78
|
-0,9
|
|
10
|
Өнім рентабельдігі
|
%
|
|
|
|
|
11
|
Сату рентабельдігі
|
%
|
0,32
|
0,34
|
0,02
|
|
12
|
Өндіріс рентабельдігі
|
%
|
13
|
19
|
6
|
|
13
|
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі
|
адам
|
584
|
705
|
121
|
|
14
|
Жұмысшылар саны
|
мың, тг
|
61
|
67
|
6
|
|
15
|
Еңбек ақы қоры
|
мың, тг
|
14640
|
16080
|
1440
|
|
16
|
Өндірістік негізгі құралдардың орташа жылдық құны
|
мың, тг
|
33340
|
28506
|
-4834
|
|
17
|
Айналым құралдарының орташа жылдық құны
|
тг
|
51842
|
41126
|
-10719
|
|
18
|
Амортизация
|
тг
|
|
|
|
|
19
|
Қор сиымдылығы
|
|
0,9
|
0,6
|
-0,3
|
|
20
|
Қор қайтарымдылығы
|
|
1,06
|
1,6
|
0,54
|
|
21
|
Қормен қарулану
|
|
546,5
|
425,5
|
-121
|
|
Кестеде берілген көрсеткіштерді факторлық талдау барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Өнімді өткізуден түскен табыс. Әрине, өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімнің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл өнімді өткізу жұмысының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізуден түскен табыс 2004 жылы 35640 мың тг құраса, 2005 жылы 47240 мың тг болып, 11600 мың тг-ге артты немесе 133%-ға өсті.
Өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық деңгейін көруге болады. Жалпы алғанда, өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 23405 мың тг құраса, 2005 жылы 28300 мың тг болып, 4895 мың тг-ге немесе 121% өсті.
Жалпы табыс. Жалпы табыстың соммасы 2004 жылы 12235 мың тг құраса, 2005 жылы 18940 мың тг болып, 6705 мың тг немесе 155% өсті.
Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 763 мың тг-ге өсті, яғни 110% өсті. Оған себеп болған өткізу бойынша шығындар мен пайыздарды төлеуге кеткен шығындар көлемі жоғары болған.
Негізгі қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 4675 мың тг құраса, 2005 жылы 10617 мың тг болып, 5942 немесе 227% өсті.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 11590 мың тг құраса, 2005 жылы 12448 мың тг болып, 858 мың тг-ге артты.
Салық салғанға дейінгі табыс, 2004 жылы 16265 мың тг болса, 2005 жылы 23065 мың тг-ге өсіп 6800 мың тг құрады. Бұл көрсеткіштің осылайша өсуі әртүрлі факторларға байланысты.
Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 4760 мың тг, яғни 142% өскен.
Өткізілген өнімнің 1 тг шаққандағы өнімі. Бұл көрсеткішті есептеу үшін өзіндік құн, кезең шығындары және түскен табыс кіреді. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 0,87 болса, 2005 жылы 0,78 мың тг құрап, -0,9 мың тг көрсетіп отыр.
Өнім рентабельдігі 2004 жылы бұл көрсеткіш 0,52% болса, 2005 жылы 0,72% көтерілді.
Сату рентабельдігі 2005 жылы 0,2 теңгеге дейін кеміген, себебі өнімнің өзіндік құны 1,5 есе өскен.
Өндіріс рентабельдігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельдігі 146% өскен.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2005 жылы 168% өскен. Бұл жақсы нәтиже.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін, тасымалдайтын транспортты машиналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштердің бәрін қосып, әр жылды жеке-жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 28506 мың тг құрапты.
Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал-жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2004 жылы салыстырғанда 53% өскен.
Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш халық шаруашылығында, өндірісте көп қолданылады. Осы көрсеткішті 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 198% өскен.
Қормен қарулану көрсеткіші бойынша кәсіпорында оның өскені байқалады. Мысалы 2005 жылы 425,5 тг болса, 2004 жылы 546,5 тг болған, яғни -121 тг кеміді.
Жалпы алғанда шаруашылық зерттеу жылдарын ауылшаруашылық өнімдерін өндп, оны тұтынушыларға жеткізу барысында оңды нәтижелерге жеткенін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |