Орындаған:Құрақ Бақтыгүл Қабылдаған:Исатаева Гүлжан
Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді.
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде.
Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді.
Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар
Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы
Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады.
Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып
бөлінеді. Жеке тұтынуда
тауарлар өндіріс
сферасынан шығып,
адамдардың жеке
қажеттіліктеріне
пайдаланылады.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады.
Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде
өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады.
Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
Достарыңызбен бөлісу: |