Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................
|
4
|
1 Шаруашылыққа сипаттама............................................................
1.1Шаруашылықтың орналасқан жері, ауа-райы, климаттық жағдайы..............................................................................................
2 Аналитикалық бөлім......................................................................
|
6
6
9
|
2.1Етті бағыттағы ірі қаралардың халық шаруашылығындағы маңызы...............................................................................................
|
9
|
2.2Етті бағыттағы ірі қаралардың биологиялық-өнімділік ерекшеліктер......................................................................................
|
11
|
3 Технологиялық бөлім.....................................................................
3.1Бордақылаудағы етті бағыттағы ірі қараларды азықтандыру.......................................................................................
|
13
13
|
3.2Ірі қараларды бағып-күту барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар...........................................
4 Жеке тапсырма...............................................................................
4.1Ірі қара мал етінің морфологиялық және химиялық құрамы................................................................................................
5 Тіршілік қауіпсіздігі......................................................................
|
15
18
18
22
|
Қорытынды.........................................................................................
|
23
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................
|
25
|
К іріспе
Ірі қара - мал түліктерінен мүйізді ірі қара мал мен жылқы, түйенің біріктірілген атауы. Әдетте мүйізді ірі қара малды өзара осылай атайды (қ. Мүйізді ірі қара мал; Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы; Сиыр).
Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур . Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді.
Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған.
Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде.
Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді.
Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Президент Жолдауында келесі басым бағыттарға ерекше назар аударды:
- астық саласында мемлекеттік серіктестікке негізделген біртұтас астық холдингін құру арқылы және астық өндірісі мақсатына жетуде біртұтас операторының міндеттерін анықтау. Соның ішінде, бұл орталықтандырылған түрде астықты экспортқа жіберуге және оны демпингілік бағамен сатудан қорғайды;
- ет өндірісін экпортқа шығару әлеуетін өсіру «Ірі қара мал ет өнімінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы 5 жылдан кейін 60 мың тонна етті өндіруді көздейді);
- мал өндірісінің басқа салаларының белсенділігін арттыру, соның ішінде қой шаруашылығы, жем өндірісі және шалғайдағы мал шаруашылығы.
Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ауыл шаруашылық өндірісіне салынған жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін заемдерға кепілдеме беру және сақтандырудың мемлекеттік жүйесі жасалып, іске асырылады. Шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында басқа да амалдар қарастырылуда.
Үкіметке ауыл шаруашылық өнімдерінің делдалдарсыз жеке саудасын мемлекеттік қолдау тетігін жасап, іске қосу тапсырылды.
Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты:Ауыл шаруашылық малдарды өнімдік және асыл тұқымдық қасиеттері бойынша бағалау, бордақылау технологиясымен танысу, ірі қара малдарды сою технологиясымен және қондырғылырымен танысу, ірі қара малдарды есепке алу.
Өндірістік іс-тәжірибеніңміндеттері:
етті бағыттағы ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы және олардың биологиялық ерекшеліктері;
бордақылаудағы етті бағыттағы ірі қараларды азықтандыру және бағып-күту технологиясы;
бұқаларды бағып –күту барысында койылатын санитарлық-гигиеналық талаптар;
етті бағыттағы ірі қараларды сою технологиясы;
ветеринариялық негіздерімен іс жүзінде танысу, малдарға алғашқы көмек көрсету тәсілдерін игеру.
1 Шаруашылыққа сипаттама
Өндірістік іс-тәжірибе «Қайып-Ата» ЖШС жүргізілді. «Қайып-Ата» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында орналасқан.Ауыл аймағынан солтүстікке қарай 5 километрдей қашықтықта орналасқан. Жер бедері жазықтау келеді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған құм төбешіктері кездеседі.
Қожалықтың иелігінде 200 га жер бекітіліп берілген. Шабындық жер 150 га негізінен қыс мезгілінде мал жейтін шөп дайындалуға пайдаланылады, 50 га суармалы жер бар. Жайылым ретінде қолданылатын жер телімдері ережеге сай жеткілікті сумен қамтылған. Мал басының саны 2000 бас етті бағыттағы ірі қара тұқымдары бар. Шаруашылық мүмкін болғанша суармалы аумақтарда азық жасаумен айналысады. Критикалық периодта азық ретінде дөрекі сабақты шөбі және біртіндеп концентрирленген азық дәнді дақыл өнімі түрінде қызмет етеді.
Шөп аз болғанда отарды таулы жайлауға көшіреді, ол жердің шөбі қалың, құнарлы болады. Жазғы жайлаудан малдарды күзгі-қысқы жайлауға көшірген соң күн сайын 0,2-0,3 кг бір басқа концентрат және 1,0-2,0 кг ірі азықтарды бере бастайды, қосымша минералды азықтар беріледі, ірі қаралар жақсы күйде болуы үшін күтім жасайды .
«Қайып-Ата» ЖШСашық боз топырағы тараған аймақта жатыр. Ашық боз топырақтағы шірінді мен азоттың мөлшері өте аз. Жоғарғы қабатында шірінді 0,57%, азот 0,05%ғана. Топырақтың 0-8 см қабатындағы шіріндінің мөлшері 0,65% болады.Бұл өңірдің жерлері шөл аймақтарына жатады да, топырақтары екі түрлі құба және сұрлы құба болып келеді.
1.1 Шаруашылықтың орналасқан жері, ауа-райы, климаттық жағдайы
Қожалықтың аумағындағы температура жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады.Шаруашылық территориясы 1 км радиуста континенталды климатта орналасады, онда жаз мезгілі ыстық, қар аз жауады, кейде қыста күшті аяз болады.Температураның максималды мәні шілде де орыналады,ал минимальды сы қаңтар айында болады
Жаз өте ыстық, ұзақ, құрғақкеледі. Ауаныңтемпературасы +400С жетеді, өте ыстық айдың орташа температурасы шілдеде +25+280С, облыстың оңтүстігінде +45+480С жетеді. Орташа тәуіліктік температура мен периодтың ұзақтылығы 100С жоғары 250-306 күндер аралығында болады. Аязсыз орташа ұзақтылық периоды 165-205 күн.Жылына орташа температура +10+120С, қаңтарда -4 -50С.Жазда территорияның көп бөлігіне жауын-шашын аз түседі, жылдық жиынтықтың 5% құрайды. Олардың мөлшері үш айда территория бойынша 10-150С дейін өзгереді.Ең жоғары құрғақтылық пен тамыз айы ерекшеленеді, оның жауын-шашыны облыс бойынша 1-2 ден 10-20 мм аралығында өтеді. Жаздың жауын-шашынсыз өту мүмкіндігі шілдеде – тамызда50-70% құрайды. Орташа көп жылдық берілгендер бойынша жылына517 ммжауын-шашынтүседі.
Күз мезгілінің басында тұрақты жылулықпен, құрғақ және желсіз ауа райымен сипатталады. Бұл қыс мезгілінің басталу уақыты. Ауа температурасы төмендеген сайын ауыл шаруашылық мәдениетінің активті вегетациясы негізінен аяқталады.
Қыс қарашаның екінші жартысында басталады және наурыздың ортасына дейін жалғасады. Жауын шашынның аздығынан (70-110 мм) қардың түсуі 4-9 см құрайды. Қар жауғаннан бастап малдардың бір орнында тұрып азықтандыруға көшіреді. Ең суық айдың орташа айлық температурасы – қаңтарда– 9-110С құрайды, абсолютті температураның минимумға түсуі– 35-420С аралықта тербеледі.
Қысқа тән ерекшеліктер– жылып кету, температура максимумы 8-120С жылуды құрайды.
Ең қысқа мезгіл наурыздан мамырға дейін жалғасады– көктем. Ол жылудың, жарықтың, табиғаттың оянуы мен ерекшеленеді.Наурыздың соңында табиғи шөптер өседі,тамырдағы ылғал қоры артқан сайын олар интенсивті өседі.
Өсудің активті вегетациялау сәуірдің ортасында басталады,ондa орташа тәуіліктік ауаның температурасы тұрақты +100С өтеді.
Жылдың ең ұзақ мезгілі – жаз. Негізінен жаз 140-150 күнге созылады. Жаздың бірінші жартысына жылудың бірден артуы тән. Созылмалы жауындардың максимум түсуі маусым айында түседі – 25-50 мм. Шілденің басында орташа тәуіліктік ауа температурасы 35-420С жетеді. Осы аралықта жауын шашынсыз күндер басталады, ал жайлау өртке оранады. Температураның жағымды жылы аралығы 240-275 созылады, және аязсыз 170-185 күндер.
Климаттың ерекшелігі шығыс желінің басталуы, ол құрғатып жіберетін сипатқа ие. Мұндай күндері ауаның қатыстық ылғалдылығы 25% төмендейді және одан әрі төмендей береді, шілдеде және тамызда осындай ылғалдылықпен күндер саны 18-20 күнге жетеді.
Республиканың шөлейт және жартылай шөл аумақтарда көктемгі жайлауға негізінен жайлаудың таулы эфемерлі өсушілігі қатысады. Осы жайлауларда ерте көктемде эфемерлі өскіндер пайда болады, ол жаздың басында жанып кетеді және күзде жауын шашынан соң тіріледі. Мұндай жайлаулар көктемгі және жазғы жайлау болып табылады.
Шаруашылық территориясында өсімдіктің өсуі эфемерлі – әр түрлі шөпті, түрлі шөпті және жартылай бұтақты-эфемерлітүрлі шөпті ассоциациясымен көрсетілген. Көктемгі жаңару және осы өсімдіктердің дамуы қар жамылғысы еріген соң басталады. Сәуір айында эфемерлі өсу басталады, ол пизшадан, сүйекшеден, қызғалдақтан, әр түрлі өсімдіктеден, түлкіше астрагал, павлинді мактан тұрады. Эфемерлі өсімдіктердің дамуы мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Эфемерлерді алмастыруға дәруменді өсімдіктер келді, шырмауық, пиязша және дөрекі көп жылдық шөптер өседі. Осы жайлауларды қолданудың көп жылдық мерзімі көктемгі және жазғы период. Жайлаулардың өнімділігі 1,7-2,8 ц/га құрғақ массаны құрайды, қолайлы жылдары 4,0-5,0 ц/га.
Шөпті эфемерлі түрлі шөпті ассоциациялар ерте шөптерден, жіңішке жапырақты арпа,пиязшадан, шоғайна, жантақ және басқалары кіреді. Бұл жайлаулар көктем және күз аралығында қолданылады. Орташа өнімділік 3-4 ц/га құрайды. Шаруашылықта негізінен көктемгі –күзгі мезгілдердің жайлауы қолданылады.
Жаз айы басталысымен және бағалы ерте көктемгі эфемерлі өсімдіктердің жануымен, эфемерлі жайлау жылдам өзінің бастапқы азықтық құндылығын жоғалтады. Осы аралықта арпа таусылған соң таулы орманды жайлауға көшеді, онда олар күзге дейін жайылады. Ұрықтану периоды басталғанда олар базаға оралады.
Ірі қара үшін жазғы жайлау ретінде жартылай бұтақты эфемерлі түрлі шөптердің топтары үшін шөлейт жайлауы қолданылады, олар оңтүстік және батыс аймақта үлкен массивті алып жатыр, негізінен таулы бөліктер және жыл бойы жарамды саналады. Күзгі жайлаулар негізінен эфемерлі тұзды шөптермен терескеннің және де басқа жартылай бұтақтар өсіріледі.
Қысқы мезгілде азықтық шөп терінде шырынды тұзды жайлаулар болып табылады.
Барлық шөл және жартылай шөлді аумақтарда ірі қараны өсіруде жайлаулық қажеттіліктерді қолданумен мезгілдік технология қолданылады.
Қыс айларында жайылымға жаю ірі қаранықораға қамап және оларды шөппен және концентраттармен азықтандырады . Қысқы және ерте көктемде ірі қараны қоректендіру уақытылы жүргізіледі.
Шаруа қожалық жайылымында кездесетін өсімдіктердің тізбегі – жусан, изен, кеуреук, қоңырбас, мортық, сексеуіл, балықкөз, ебелек, еркек шөп, жантақ, қоянжын, қоян-сүйек, күйреуік, торғай оты, шытыр, ала-бота, боржық еркек шөп, теріскен, түйе қарын.
2 Аналитикалық бөлім
2.1Етті бағыттағы ірі қаралардың халық шаруашылығындағы маңызы
Етті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді.Бұқаның бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі.
Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қол тұқым XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған. Жергілікті сиырларды голланд қолтұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Дене тұлғасы ұзынша, басы - шағын, мойны - жіңішке, қатпарлы, мүйізі - қысқа, түсі - қарала. Қолтұқым оңтүстіктегі таулы аймақтық құрғақ әрі ыстық ауа райына шыдамды келеді.
Алатау сиыры сүтті, етті бағытта өсірілетін қолтұқымға жатады.Ол ХХ ғасырдың 30—50-жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс. Денесінің артқы жағы сәл көтеріңкілеу келеді. Бұл - таулы аймақ малдарына тән қасиет. Желіні тегеш пішінді. Түсі қоңырқай. Етінің сапалық қасиеті жоғары. Тез жетіледі, тайыншаларының салмағы 500—550 кг. Алатау сиыры Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі.Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларын ерекше көңіл бөлінуде.
Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты. Сондықтан шет елдерде асыл қолтұқымды бұқалар өте қымбат бағаланады.Сиырлардан төлді көп алу үшін ұрықты (ұрықтанған жұмыртқажасушаны) екінші сиырға салу әдісі қолданылады. Ұрығы алынған сиырда қайтадан жұмыртқажасуша жетілт, оны қолдан ұрықтандыра береді.
Осындай әдіспен бір сиырдай жылына 20-ға жуық ұрықтанған жұмыртқажасуша алуға болады. Ірі қараны сұрыптау әдіс арқылы шығарылған қолтұқымдарының сыртқы пішіні біркелкі емес. Мексика селекционерлері биіктігі 80 см, салмағы 120-150 кг тартатын өте кішкене денелі қолтұқым шығарған. Мұндай сиырлар жеке фермерлер үшін тиімді деп есептеледі.
Қазір Қазақстанда сиырдың қолтұқымдарын асылдандыру мақсатында игі шаралар қолға алынды. Кубадан әкелінген зебу бұқаларын әулиеата сиырларымен жұптастыру арқылы сүтті бағыттағы қолтұқым шығару көзделуде. Зебу бұқаларын қазақтың ақбас сиырларымен ұрықтандыру арқылы етті бағыттағы қолтұқым алу жұмыстары жүргізілуде.Ірі қара малдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды, оның буаздық мерзімі - 285 күн. Қазақ жерінде сиыр - басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал.
Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген. Ғалымдардың пікірі бойынша, ерте кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті қазақ сиырларының қолтұқымы өсірілген. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы - еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы.Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі.
Мұндай қолтұқымдарға - абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, сапта-гертруда, т. б. жатады.Осы мақсатта өнімділігі аз жергілікті мал тұқымы еуроп. тұқымдар — герефорд, швиц, симменталь, голланд сиырларымен, қырдың қызыл сиырымен будандастырылып, малдың мол өнімді тұқымдары алынды.Осымен қатар қырдың қызыл сиыры мен симменталь сиырының белгілі бір аймақтардың табиғи-шаруашылық жағдайына бейімделген жаңа түрлері алынды. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуында мүйізді ірі қара шаруашылығы ерекше орын алады. Оның 93,5%-ы шоғырланған жеке меншік иелігіндегі шаруашылықтарда мал санының өсуі орта есеппен 5,9 — 6,5%-ға, ет өндіру мөлшері 3,5 — 6,0%-ға өсті.
Республикада сүтті бағыттағы сиырлардың 7 тұқымы, олардың жоғары өнімді табындары — 16 тұқыммал зауыты мен 80 тұқыммал шаруашылығында, етті бағыттағы сиырлардың 5 тұқымы, жоғары өнімді бөлігі — 11 тұқыммал зауыты мен 30 тұқыммал шаруашылығында өсіріледі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан өзге облыстардың тұқыммал шаруашылықтарында өсірілетін сүтті сиырлар барлық асыл тұқымды сиырлардың 68%-ын, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда өсірілетін асыл тұқымды етті сиырлар 32%-ды құрайды . Республика бойынша мүйізді ірі қараның үлес салмағы: қара-ала сиыр тұқымы— 30,7%, симменталь — 24,3%, қырдың қызыл сиыры — 20,4%, алатау — 17,3%, әулиеата — 5,3%, айршир — 1,3%, латыштың қызыл-қоңыр сиыры — 0,7% болса, етті бағыттағы сиырлар негізінен отандық сиыр тұқымдары — қазақтың ақбас сиырлары (84,4%) мен әулиекөл сиырларынан (11,3%) тұрады. Мал өнімділігін арттырудың тиімді жолы — төлдерінің сапасы бойынша тексерілген, жақсартушы бұқалардың ұрықтарын сақтау және кеңінен қолдану. Сондықтан
Сиыр өсіруде бастысы бағалы қасиеттерін төлдеріне тұрақты бере алатын тұқымжақсартушы бұқалар алу және өсіру жұмыстарын жолға қою болып табылады. Малды өнімділік бағыты, жас-жыныс, тұқымдық ерекшелігі мен физиологиялық күйіне орай жайылым мен қолда құнарлы азықтандыруды ұйымдастыра білу мүйізді ірі қара түлігінің өнімділік қасиеттерін биологиялық және шаруашылық тұрғыдан тиімді деңгейге дейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді. Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440—470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26—30 кг тартады. Алты айлықтарында 160—170 килограмға жетеді. Сүттілігі — 2500— 3000 кг, сүтінің майлылыгы —3,9—4,1%.Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішіндеҚазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450—600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35—40 кг. Сүттілігі — 3500—6000 кг. Бірақ сүтінің майлылығы небары 3,2—3,7%. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы. .Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53—60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы.
2.2Етті бағыттағы ірі қаралардың биологиялық-өнімділік ерекшеліктері
Қазақтың ақбас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолыменсұрыптап алынған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың май жинауға бейім. Жазда ыстыкқа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы 500—550 кг, жаңа туылғанн бұзауларының салмағы —27—30 кг тартады. 8 ай енесін еміп өскенде 220—240 килограмға жетеді. Табиғи жайылымда өте тез жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді. Сойыс шығымы 55—65 процентке жетеді.
Қалмақ сиыры шөл және шөлейт жағдайда әбден бейімделген етті бағыттағы ірі қара өкілі. Конституциясы мықты, тұлғасы кең де терең, бұлшық, еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы 520—550 кг, жаңа туылған бұзаулары 20— 25 кг, 8 айлық (етті тұқымдардың төлін енесінен айыратын мерзімі) бұзаулары 200—220 кг тартады. Табиғи жайылымда жақсы жетіліп, сойыс шығымы 55—60 процентке жетеді.Сақа сиырларының салмағы 350—550 кг, бұқаларыныкі — 800—850 кг. Бұзаулары баяу өседі. 18 айлық өгізшелер 400— 450 кг, тайынша-қашарлары 340 кг тартады. Сойыс шығымы 60—65 процент. Республикамыздың батыс және оңтүстік облыстарында өсіруге болады.Латвияның бурыл сиыры республикамыздың Ақмола, Торғай облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа, сүтті мал. Сақа сиырларыңың салмағы 450—520 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 29—37 кг, 6 айлықтарында —160—180 кг, 12 айлығында —250 кг тартады. Конституциясы мықты.
Алатау сиыры жергілікті қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылран мол өнімді түқымдарға жатады. Басы үлкен, кеудесі терең, жауырыны, арқасы, белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Түсі негізінен бурыл. Желіні орташа дамыған, Сақа сиырларының салмағы 500— 550 кг тартады. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып, қоңданады.Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53—60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы.Дене бітімі әдемі, сүйегі мықты, бұлшық, еттері жақсы дамыған.Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 35—45 кг, 6 айлық бұзаулары —190—220 кг, 18 айлық баспақтары 440—450 кг, ал өзгешелері 500—600 кг тартады.
Қазіргі уақытта еліміздің қандай мемлекеттеріңізде болмасын ет өндіру интенсивті өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюіне, бұл шаруашылықты шоғырландыру мен мамандандыруға да көп байланысты.Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық сапасына көп байланысты болып тұр.Ірі өндірістік фермаларда сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру комплекстерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларын ұрпақ сапасы бойынша бағалау.Қазіргі уақыта сауын сиырлардың машинамен саууына, топтап бағып күтуге көп көңіл бөлінеді.Ірі қараны асылдандыруда әлемдік генефонд ресурстарын пайдаланған жөн. Ол үшін:
1-ден өз аймағымызда асыл тұқымды малдардың санын көбейтіп және сапасын арттыру, жергілікті ірі қара сиырларын шет мемлекеттерден әкелінген асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру;
2-ден жаңадан асыл тұқымды ірі қара тұқымын шығыру, ол үшін жергілікті ірі қара тұқымдарын әлемге әйгілі генефодқа жататын голштин-фриз, қызыл-ала голштин-фриз, монбельярд, айршир, швиц, англер және дания-қызыл асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстырып, сары-ала, қоңыр және қызыл ірі қара тұқымдарының ұрпақ будандастарын алу;
3-ден жергілікті аймақта шыққан сапалы да ірі қара тұқымдарының генфондысының бұқаларының ұрық «банкасының» қорын сақтау, ол үшін әр тұқым ірі қарасын өсіретін мамандырылған шаруашылықтар айналысуы қажет және ол шаруашылықтарға көптеген экономикалық жәрдем болу тиіс.
Еліміздің қандай мемлекеттеріңізде болмасын ет өндіру интенсивті өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюіне, бұл шаруашылықты шоғырландыру мен мамандандыруға да көп байланысты.Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азығ сапасына көп байланысты болып тұр.Ірі өндірістік фермаларда сүттің молаюы асылдандыру жұмысының жақсаруына байланысты, әрі сүт және ет өндіру комплекстерінде асылдандыру жұмысының бағыты да өзгеруде.
3 Технологиялық бөлім
3.1 Бордақылаудағы етті бағыттағы ірі қараларды азықтандыру
Асыл тұқымды жақсы мал өсіру, мал шаруашылық өнімдерін молайтуғана емес, сонымен бірге қыруара мал азығын үнемдеуге, ауыл шаруашылығында еңбек пен материалдық шығындарды нақты қысқартудың тиімді жолы. Бұл міндеттерді селекциялық – асылдандыру жұмыстары жүйесін іске асыруда.
Жаңадан алынған тұқым бұл ауыл шаруашылығының жетістіктерінің бірі.. асылдандыру жұмыстарының мақсаты жаңа тұқым алымен бірге жаңалық ашу да болып табылады, азық-түлік бағдарламасына да байланысты, мал шаруашылығы алдындағы міндеттерді іске асыруда шешуші роль атқарады.
Етті бағыттағы ірі қараның еттілігі алдымен оның дұрыс азықтандырылуына байланысты. Ірі қараны дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратын мал сияқты ірі қара жеген азықты алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары — үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарында алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынга құйылъш, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланьш, көптеген микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) организмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қарынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қо-сындыларына енгізед,і. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі.
Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін ағару қиын емес.Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қата-рындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты — сиыр рационы-ның бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, азаздап енгізеді.
Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі больш отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондықтан ірі қара организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады.
Сурет 1.«Қайып-Ата»ШҚ - ғы етті бағыттағы бұқаларды сабанмен азықтандыру
1 кесте. Жас және қондылығы төмен ірі қараларға қосымша азық берудің нормасы
Ірі қара тәулігіне орташа мынадай салмақ қосса, кг
|
Күнделіктірационға мыналарқосылады
|
Азықөлшемі, кг
|
Қорытылатын протеин, г
|
Кальций, г
|
Фосфор, г
|
0,2
|
1,0
|
100
|
7
|
5
|
0,3
|
1,5
|
150
|
10
|
8
|
0,5
|
2,5
|
250
|
15
|
12
|
3.2 Ірі қараларды бағып-күту барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Мал шаруашылығында тұрақтық-жайылымдық және тұрақтық-серуендік ұстау жүйелері қолданылады. Тұрақтық-жайылымдық ұстау жүйесінде малдар қысты күндері қора-жайларда, жазда жайылымдапржда ұсталады. Бұл ұстау жүйесінде қораларға жөндеу жұмыстары мен түрлі ветеринарлық-санитарлық шараларды жүргізу қолайлы, дегенмен біршама жайылым алаңы қажет етіледі, 1 сиырға шамамен 0,3 га кем болмауы керек. Тұрақтық-серуендік жүйесі жайылым алаңдары аз, егін шаруашылығы дамыған аймақтарда қолданылады, сондай-ақ ірі мал шаруашылықтарында ағымды-цехтық ұстау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе кезінде табын төрт топқа бөлініп, әр бөлімдерде ұсталынады, атап айтқанда: суалымдағы сиырлар цехы; бұзаулау цехы немесе төлдеу бөлімі; сауу және ұрықтандыру цехы; сүт өндіру цехы.Аталған ұстау жүйелерінде байлап және бос ұстау әдістері пайдаланылады.
Бос ұстау фермаларында келесі қора-жайлар қарастырылады: ішінде алмалы-салмалы қабырғалары бар қоралар мен серуендеу алаңдары; 10 тәуліктік жасқа дейінгі бұзауларға арналған профилакторииі бар төлдеу бөлімі; сауын залы, жуу орны және вакуум-насос бөлмесі бар сауу-сүт бөлімі; ұрықтандыру бекеті; азықтар сақтау орыны, азықтарды қою орны, құрал-саймандар орны, малшылар бөлмесі; су- және жылумен қамту құрылғылары, қосалқы электрсатсасы; ветеринарлық-санитарлық құрылымдар: ветсанөткізгіш, ветеринарлық дәріхана, изолятор, карантин бөлімі.
Нормативтік деректерге сәйкес сиырларды тұрақтарда ұстағанда еден ауданы мынандай болғаны жөн: бір сиыр үшін – 4-5 м2; 6-12 айлық малдар үшін 2,5-3 м2; 12-18 айлық жастағылар үшін 3 м2; бұзаулы сиыр үшін 5м2, өндіруші бұқаға арналған тұрақ көлемі 2,5 х 2,0 м. Бос ұстау кезінде малдар жеке орын – бокстарда тынығады, сиырға арналған бокс көлемі ұзындығы 1,9 м, ені 1,0 м, өндіруші бұқа боксы 3,5 х 3,5 м.
Жаңа бөлінген нәжісте су шамамен 83%, құрғақ зат 17%. 2-5 ай сақтағаннан кейінгі тығыздалған қидың көлемдік салмағы шамамен 700-800 кг/м3 . Қи шығару әдісі ескерілуі керек. Осылайынша, жуып шығару әдісінде шығындалатын су мөлшері ұлғайып, қи көлемінен 3-8 есе көбейеді.
2 кесте. Ірі қараларға арналған микроклимат шамалары
Көрсеткіштер
|
Мәні
|
Ауа температурасы, 0С
|
15
|
Профилакторийдағы ауа температурасы, 0С
|
17
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
|
40-75
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
|
0,2
|
Профилакториидегі ауа қозғалысы жылдамдығы, м/с
|
0,1
|
СО2 ШЖК, %
|
0,2
|
Н2S ШЖК, мг/м3
|
5
|
Аммиак ШЖК, мг/м3
|
10
|
Жарық коэффициенті
|
1:10 – 1:15
|
ТЖК, %
|
0,5 – 1,0
|
Жасанды жарық, люкс
|
50 – 75
|
Шаң ШЖК, мг/м3
|
5
|
Профилакториидегі микробты ластану, мың/м3
|
20 дейін
|
Бұзау қорадағы микробты ластану, мың/м3
|
50 дейін
|
Ауа алмасуы қарқыны, м3/сағ/ц
|
20
|
3 кесте. Ірі қараларға арналған микроклимат параметрлері
Көрсеткіштер
|
Мәні
|
Ауа температурасы, 0С
|
10
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
|
40-75
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
|
0,5
|
СО2 ШЖК, %
|
0,25
|
Н2S ШЖК, мг/м3
|
іздері ғана
|
Аммиак ШЖК, мг/м3
|
20
|
Жарық коэффициенті
|
1:15
|
ТЖК, %
|
0,5 – 0,8
|
Жасанды жарық, люкс
|
50 – 75
|
Микробты ластану, мың/м3
|
70 дейін
|
Ауа алмасуы қарқыны, м3/сағ/ц
|
17
|
Қи мен қи шайылымдарын залалсыздандыру және сақтау әдісін ветеринар дәрігері айқындауы керек, өйткені олардың тиімділігіне шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық жағдайы тікелей байланысты.Қиды залаласыздандыру әдістері Оларды келесі түрде топтастыруға болады: табиғи – карантиндеу, компосттау, топрыаққа ендіру; биологиялық – аэрация, биологиялық тоғандар, микробалдырлар немесе шыбын балаңқұрттарын өсіру т.б.; физикалық – термиялық өңдеу (қыздыру, кептіру, булау, залалдау), гидролиз, гамма-сәулелерімен, УК-сәулелерімен өңдеу; химиялық – хлорлау, озондау, формальдегидпен өңдеу.Ауылшаруашылық тәжірибесінде бірнеше түрдегі қи қоймаларын жобалап, салады. Көп қолданыс тапқандары ашық және жабық жерүсті және тереңдетілген 500, 1000, 1500 тонналық қи қоймалары. Оларды қора-жайлардан 50-100 м, мекен жайлардан 200 м жақын емес қашықтықта салады. Оларға арналған жер телімдері су көздерінен алшақ, су өткізбейтін топырақты орындардан таңдалады, түбі мен қабырғаларын су өткізбейтін етіп салады.Қи қоймасы сыйымдылығын есептеу кезінде айтылған факторлармен қатар тұрақта тұру ұзақтылығы да ескеріледі.
4 кесте. Бордақыланатын ірі қараларға арналған микроклимат параметрлері
Көрсеткіштер
|
Мәні
|
Ауа температурасы, 0С
|
10
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %
|
40-75
|
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
|
0,5
|
СО2 ШЖК, %
|
0,25
|
Н2S ШЖК, мг/м3
|
іздері ғана
|
Аммиак ШЖК, мг/м3
|
20
|
Жарық коэффициенті
|
1:20
|
ТЖК, %
|
0,4 – 0,5
|
Жасанды жарық, люкс
|
50 – 75
|
Микробты ластану, мың/м3
|
100 дейін
|
Егін шаруашылығы дамыған аймақтарда қолданылады, сондай-ақ ірі мал шаруашылықтарында ағымды-цехтық ұстау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе кезінде табын төрт топқа бөлініп, әр бөлімдерде ұсталынады, атап айтқанда: суалымдағы сиырлар цехы; бұзаулау цехы немесе төлдеу бөлімі; сауу және ұрықтандыру цехы; сүт өндіру цехы.Аталған ұстау жүйелерінде байлап және бос ұстау әдістері пайдаланылады. Фермаларында келесі қора-жайлар қарастырылады: ішінде алмалы-салмалы қабырғалары бар қоралар мен серуендеу алаңдары; профилакторииі бар төлдеу бөлімі; сауын залы, жуу орны және вакуум-насос бөлімі және т.б.
4 Жеке тапсырма
4.1 Ірі қара мал етінің морфологиялық және химиялық құрамы
Ет дегеніміз – малды сойғаннан кейінгі ұша құрамына кіретін ұлпалар жиынтығы. Оған бұлшық ет, майлардың, минерал және экстракт заттардың қосындылары жатады.
Еттің химиялық құрамы оның тағамдық құндылығы, әрі өзіне тән қасиеттері оның құрамына кіретін ұлпаларға тікелей байланысты. Сонымен қоса еттегі ұлпалардың мөлшерлік ара салмағына, мал тұқымына, жынысына, жасына, қоңдылығына, қалай қоректендірілгеніне, күтімі және басқа да жағдайларынабайланысты болады.
Бұлшық ет ұлпасы – еттің қоректік құны аса зор бөлігі. Мал неғұрлым қоңды болса, оның етінің тағамдық қасиеті мол болады. Мәселен мүйізді ірі қара мал ұшасының 40-52%-ы бұлшық ет ұлпасынан тұрады.Етті бағыттағы мал тұқымдарының бұлшық ет ұлпасы майда болады. Мұндай еттің тағамдық қасиеті мол әрі ол адам организміне оңай сіңеді. Еттің түрі, түсі түлік түріне, қанның қалай сорғытылуына байланысты болады. Ол еттің құрамындағы миолглобиннің мөлшеріне қарай өзгеріп отырады. Сондай-ақ мүйізді ірі қарамал етінің өзіне тәнқызылтүсті болады.Бордақыланған мал етінің түсі анағұрлым қызғылт – ашық болады, бұдан еттен қышқылдың аз екенін білеміз.Ет талшығының химиялық құрамы өте күрделі. Онда шамамен 70–75% су, 18–22% белок, 2–3% май, 1,5–2% экстракт және 1–1,5% минералды заттар, сонымен қатар түрлі витаминдер, ферменттер мен басқада да заттар бар. Еттегі судың мөлшері түрлі жағдайларға байланысты. Мал неғұрлым жас болса, денесіндегі суы да соғұрлым мол болады. Қоңды малдың денесінде су көп болады.Белоктар ет талшығында ең құнды зат болып табылады. Мүйізді ірі қараетінің 85%-ы белоктан түрады. Ет талшығының 40%-ы лизин белогынан құралады. Ол оңай қорытылады, 40–50°С-қа дейін етті ысытқанда ұйиды, оның молекуласында 5 мыңға дейін амин қышқылының қалдықтары болады. Бүлшық ет ұлпасының 15%-ға жуығы актининнен тұрады. Ол оңай қорытылады, 50°С ыстық суда табиғи түсін жояды. Миоген саркоплазманың жұғымды белогы болып саналады, бұлшық ет ұлпасының барлық белоктарының бестен бірі осы заттың үлесіне тиеді.Глобумин бағалы белок, ет талшығында белоктық заттардың 20%-ы осы белоктың үлесіне тиеді.Миоглобумин құнды белок, бұлшық ет ұлпасында оның мөлшері 1-2%-дан аспайды.Етті сақтаған кезде амин қышқылының мөлшері азаяды. Етте триптофан неғұрлым мол болса, аксипромин аз болса, еттегі белоктың құндылығы да жоғары болады.Ет талшығында белоктармен қоса 3% шамасында май және май тектес заттар да болады, олар денеге қосымша күш беріп, икемділік қызметін атқарады.
Бұлшық етке күш түссе денедегі майдың мөлшері кемиді, сол сияқты малдың күтім–бағымына, қоректендіру жағдайларына т.б себептерге байланысты майы төмендеуі мүмкін.Еттің тағамдық қасиетіне баға беру үшін шырынды заттардың маңызы айырықша зор. Атап айтқанда шырынды заттар ет пен сорпаның дәмін келтіреді. Ет құрамындағы шырынды заттардың мөлшері 1,8–2,2%, олардың 1,0–1,6% азотты, 0,6–1,2% азотсыз заттар.Азоты шырынды заттар кариозин, холин, карнитин, креотин, пурин, еркін нуклеидтер. Карнозин мен ансерин асқорыту бездеріне көмектеседі, жамин ішектерінің жиырылуына септігін тигізеді, сонымен бірге ол құнды витамин болып табылады.Азотсыз шырынды заттар қатарына гликоген мен одан пайда болатын заттар жатады. Шырынды заттардың аз–көп болуы көптеген жағдайларға байланысты. Мысалы, олар жас мал етіне қарағанда ересек малдың етінде молырақ болады.Бұлшық ет ұлпасындағы минералды заттардың мөлшері шамамен 1,0–1,5%-дан аспайды. Олардың арасында етте жиі кездесетіндері натрий, калий, кальций, магний, темір, мырыш т.б элементер.
Дәнекер ұлпасы. Мүйізді ірі қара малдың ұлпасында дәнекер ұлпасының мөлшері 11-14% шамасында болады. Мал организмінде дәнкер ұлпасы елеулі қызмет атқарады.Етке біте қайнасып біткен дәнекер ұлпа оның тағамдық құнын, сіңімділігін кемітеді, еттің қоректік қасиеті де азаяды. Құрамында дәнекер ұлпасы көп ұшалардың олардың бөлшектері сапасыз болып саналады. Оның жұғымдылығы нашар, асқазанда қорытылуы да қиын, сондықтан ондай ет төменгі сорттарға жатқызылады.Еттегі дәнекер ұлпасының мөлшері түліктің түріне, малдың жасына, қоңдылығына, сондай-ақ жұмыс малының аз-көп мінілгеніне байланысты. Денедегі дәнекер ұлпа барлық жерде бірдей емес. Мәселен, ұшаның алдыңғы жағында ол 18-25%-ға тең болса, артқы бөлігінде 9-13%-дан аспайды.
Май ұлпасы. Малдың майы қыртыстанып біткен бейтарап клеткалардан құралады. Мал организміндегі май ұлпасының мөлшері 1%-дан 40%-ға дейін болуы мүмкін. Майдың мөлшері, малдың түріне, тұқымына жасына, жынысына, бордақылануына, күтімін байланысты. Етті мал тұқымында май көбіне етке жиналады, бірі ет, бірі май болады. Малдың майы әдетте шел май және іш май ретінде болады, жас малдың еті мен майы араласып бітеді.Май ұлпасы – организм үшін құт көзі болып табылады. Бұл мал етінің сапасын анықтауға басты көрсеткіштердің бірі болып табылады. Майдың құрамында биологиялық жағынан құнды май қышқылдары мен майда ерігіш А,Д,Е, витаминдері болады.Мал майының қандай екенін оның сапасының түр-түсіне қарап анықтауға болады. Айталық мүйізді ірі қара мал етінің майы – ақшыл сарғылт түсті және ол40-50°С-да ериді.Еттің құрамды бөлігі ретінде май ұлпасы оның сапасын жақсартады. Май аз немесе майсыз бірыңғай қара ет, әрі дәмсіз, қасаң болады. Екінші жағынан өте майлы еттің асқазанда қорытылып, бойға сіңуі ауырлық келтіреді және асқазаннан шырыш бөлінуін тежейді.
5 кесте-Мал етінің химиялық құрамы және калориялығы, %
Көрсеткіштер
|
Мүйізді ірі қара мал еті
|
Химиялық құрамы, %
Су
Белок
Май
|
55 – 69%
16,2 – 19,5%
11 – 28%
|
Калориялығы, ккал
100грамда
Минералды заттары, %
кальций
фосфор
темір
В1 витамині
В1 витамині
|
180 – 320ккал
20%
172,0%
12,0%
0,01%
0,15%
|
6 кесте-Ет шикізатындағы витаминдер мөлшері, %
Витаминдер
|
Мүйізді ірі қара мал еті
|
Тиамин
|
0,07 – 0,10%
|
Рибофловин
|
0,13 – 0,17%
|
Никопен қышқылы
|
3,9 – 6,7%
|
Пантотен қышқылы
|
0,41 – 1,0%
|
Фоли қышқылы
|
0,013 – 0,26%
|
Биотин
|
3,4 – 4,6%
|
В6
|
0,32 – 0,38%
|
В12
|
2,0 – 2,7%
|
Сурет 2. «Қайып-Ата»ШҚ - ғы мал ұшаларын тасымалдауға арналған аппарат
Сурет 3. «Қайып-Ата»ШҚ -ғы малды союға және етке дайындауға арналған цех
Сурет 3. «Қайып-Ата»ШҚ –ғы малды сою процесіне дайындауға арналған қора
5 Тіршілік қауіпсіздігі
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік – санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.Алғашқы нұсқаулармен барлық жұмыстарға жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдар еңбек қорғау ережелері және де кәсіпорындардың ішкі тәртібімен таныстыру.Жұмыс орнындарындағы нұсқауды топ жетекші жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың қауыпсыз тәсілдерін практика игерудің бастамасы болып табылады. Малдармен тікелей жұмыс істейтін яғни малдармен жұмыс жасайтын адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Мал шаруашылықтарындағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім – бұл жұмысшылардың физикалық, химиялық және де биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал.Ауру малдармен, өлекселермен, қилармен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қауіпі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтыру, бұзаутас және тағы басқа аурулар жатады.
Ауру малды қабылдағаннан кейін қолданылған құрал – жабдықтар 15 минут қайнатылады. Егер малдар изоляторға жіберілетін болса, байлауға қолданылған жүген – ноқта тағы басқа қолданылған құрал – саймандар дезинфекцияланады. Оқшауханаға кіргізер алдында, малдардың тұяғы жуылып, тазаланады. Ауруға қойылған диагноз бойынша қайшылықтар болмаса, малдар сабынмен жуылып, дезинфекцияланады. Ауру малдарды қабылдаған ветеринарлар мамандары қолын жуып, алшалғышты, қолғапты, піскек және де тағы басқа жабдықтарды үнемі ауыстырып отыруы тиіс, мүмкіншілік болмаған жағдайда дезинфекцияланылып отырылуы қажет.
Химиялық дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауыпсіздік ережелерін сақтау қоғамдық және адамдардың жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай туғызуға және малдардың ауруларына және өлулеріне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара.Улы химикаттармен жұміс істеуге ең енмі 18 жасқа толған, денсаулығы мықты, химиялық дәрілермен жұмыс істеу ережелері жөнінде нақтылы нұсқаулар алған және де патогенез микроорганизмдерді құрту әдістерін игерген қызметкерлерге ғана рұқсат беріледі.Улы химикаттармен жұмыс істегенде немесе химикаттармен жұмыс жасау барысында тамақ, су ішуге, темекі тартуға болмайды, яғни оларға жұмыс орнында рұқсат жоқ. Тамақты жұмыс ачяқталғаннан кейін немесе үзіліс кезінде ғана ішуге болады, бірақ міндетті түрде арнайы киімді шешіп, беті – қолды мұқият сабындап жуу керек.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, бұл өндірістік тәжірибе мына төмендегідей нәтижелерді көрсетті: қай түлік болмасын, олардың еттілік қасиетін жетілдіру селекция жұмысының түбегейлі мәселесі. Малдың еттілігін мына төмендегі көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірілей салмағы, сыртқы дене пішіні, тәулігіне қосатын салмағы, тез жетілгіштігі, сойыс салмағы мен оның шығымы, ұшасының салмағы мен шығымы, ұшасының морфологиялық құрамы, сұрпы етінің химиялық және биохимиялық құрамы, т.б.
Малдың нақтылы ет өнімі, негізінен сойғаннан кейінгі алынған ұшасының салмағы мен оның сапалық көрсеткіштері арқылы сипатталады. Ұшаның құрамына қоректік қасиеті әр түрлі ет, май, сүйек және дәнекер тканьдері мен шеміршек, сіңірлер кіреді. Ұшаның құрамында шеміршек пен сүйек аз болып, майлы сұрпы еті көп болса, соғырлым оның қоректілігі күшті нәрлілігімен сіңімділігі жоғары болады. Малдың еттілік қасиеттерін тірі кезінде және сойғаннан кейін тексеріп бағалайды. Малдың тірі кезінде, оның еттілік қасиетіне дұрыс баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Селекция мақсаты тәуір деп таңдап алған малдан өзіне ұқсас ұрпақ алу. Малдың тірісінде еттілік қасиетін ауық-ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын салмағын есептеу арқылы бағалайды.
Мал басын өз төлі есебінен көбейту - ірі қара шаруашылығындағы бірден бір мәселе, әсіресе етті бағыттағы ірі қара шаруашылығын өндірістік технологияға көшіруге байланысты шаруа қожалықтардағы етті бағыттағы сиыр санын көбейту қажеттілігі барған сайын арта түсуде. Ал мұндай өнеркәсіптік негіздегі жүйелерге қойылатын басты талап- бұқаларды күтіп-бағу,азықтандыру,бордақылау және етке дайындау яғни сою технологияларын жетілдіру.
Қорыта айтқанда, «Қайып – Ата» шаруа қожалығында етті бағыттағы бірнеше ірі қара тұкымдары бордақылауға койылады.Оларға қазақтың ақбас тұқымды бұқасы, герефорд және қалмақ бұқалары жатады. Бірақта соның ішінде қазақтың ақбас тұқымды бұқалары көбірек өсіріледі, себебі олар климаттық жағдайларға тез бейімделеді. Бордақылауға қойылудан алдын әр бір бұқаны өлшеу кезінде олардың салмағы 150-200 кг тартады, кейіннен оларды 6 айға бордақылауға қойғанда олардың салмағы 350-400 кг жетеді. 6 ай аралығында әр бұқаның орташа тәуліктік қосылған салмағы орташа есеппен 1110 г жетеді. Олардың күнделікті рационына 50 % ірі азық, 30 % шырынды азық және 20 % құрама азықтар кіреді.Шаруа қожалықтың кунделікті рационына шрот,арпа, жоңышқа және сабан кіреді, ал суды бұқалар қажетінше ішеді. Айта кететін жайт, мұнда бұқалар суды автоматтандырылған астаулардан ішеді. Яғни, суды әр мал өздерінің қажетінше шектеусіз пайдалана береді.
Қазіргі уакытта шаруа қожалықта кеңейту жұмыстары жүргізілуде, олар заманауи үлгідегі жаңа қоралар мен сою кешендерін салуда.
«Қайып – Ата» шаруа қожалығы ет экспорттау жағынан Қазақстан бойынша бірінші орында. Олар Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Өзбекістан және ТМД елдеріне жібереді. Мысалы, 2017 жылғы көрсеткіштер бойынша «Кайып – Ата » ЖШС Иранға 6000 бас қой ,Өзбекістанға 300 бас ірі қара және 32 бас жылқы жіберілді.
«Қайып – Ата» ЖШС тәжірибелік іс кезінде біз мынаны меңгердік:
-шаруа қожалықтың құрамы, құрылымы және ғимараттарымен ол жерде орналасқан негізгі айналымды құралдарымен таныстық;
-бұқалардың бір кундік рационымен және мал азығын сақтауға арналған базасымен таныстық;
-бұқаларды электронды сырғалау үрдісіне қатыстық және сырғалауды үйрендік;
-бұқалардың ветеринариялық бақылау анықтамасымен танысып, толтыруды үйрендік;
-бұқалардың электронды сырғаларын номерленген жүйе бойынша ИСЖ электронды базасына енгіздік;
-бұқа сою процесін бақылап, оны етке дайындау технологиясымен таныстық;
-мал ұстайтын комплекстегі мал табынының құрамын анықтап, мал табынын толықтыру жоспарымен таныстық.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
1.Жолышбек Т. Мал шаруашылығы.Астана: Фолиант, 2009, 360 бет.
2.Төреханов А.Ә, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы. Алматы ,2009,255 бет.
3. Досқали Қ. Ірі қара шаруашылығы .Алматы Қайнар, 2010, 98 бет
4. Қобылбеков Қ.П. Ірі қараны бордақылау. Алматы Қайсар,2015.
5. Башкиров Б.А., Бойков Ю.В. Сиыр иесінің нені білгені абзал (Аудармашы І.Есқожин). Алматы: Қайнар, 2012, 88 бет.
6.Шекенов Е., Қазыханов Р., Бекқожин А., Әшімов С.,Егоров В., Ғазизова А., Танраева З., Жұмақаева А., Боранова Т., ДжаманбаевТ. Зоотехния негіздері. Астана: Фолиант, 2011, 456 бет.
7.Сартанов Т.Б., Попов В.П., Сүленов Ж.С., Кузьменко Г.Т. Қостанай облысында сүтті бағыттағы сиырлар тұқымын будандастыру нәтижесі. «Жаршы» Ғылыми-сараптамалық журнал, 2015, 215бет.
8.Асылбек Р.Е., Божбанов Б.Ж. Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру және селекция. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2017ж., 100бет.
9.Кемпишова А.Р. Ірі қара шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыру негіздері. «Жаршы» Ғылыми-сараптамалық журнал, 10/2017, 34бет.
10.Тәжиев Қ.П. Қазақтың сүтті ірі қара малының отандық тұқымдарының мол өнімділерін көбейту жолдары. «Жаршы» Ғылыми-сараптамалық журнал, 02/2012, 99 бет.
11.Омбаев Ә.М. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін
өркендету жүйесі. Алматы, «Издательство «Бастау» ЖШС 2009 ж., 432 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |