кеменің механизмдерді пайдалануының негізгі ережелерін;
қосымша және қалдықтарды өңдейтін қазандардың мақсатын, құрылысын және жұмыс істеу принципін;
қосымша механизмдер мен құрылғыларды жөндеу тәртібін, оларды құрастыруға және сынауға қойылатын талаптарды;
кеменің механизмдері мен құрылғыларын жөндеген кезде қолданылатын алдыңғы қатарлы технологиялық процестерді;
білік өткізгішті, ескіш доңғалақтарды ортаға дәл келтіру ережелерін; қосымша механизмдерді болат арқан және жүріс сынақтары кезінде іске қосу және қызмет көрсету бойынша нұсқауларды, олардың жұмыс режімдерін реттеу әдістерін;
нормаларды, салалық және мемлекеттік стандарттарды;
жөндеу, сынау әдістемелерін;
шектерді, қондыруларды; кедір-бұдырлық квалитеттерін және параметрлерін;
әмбебап, арнайы айлабұйымдарды және бақылау-өлшеу аспаптарын, күрделі сызбаларды оқу ережелерін.
361. Жұмыс үлгілері:
1) балық тұздау агрегаттары, ау сілку машиналары – дефектация, жөндеу, жинау, монтаждау, тапсыру;
2) жылу алмасу аппараттары, қысым релесі, таратқыштар – жөндеу, жинау, түтіктерді ауыстыру және шыр айналдыру, орнату;
3) бағыттаушы аппараттар және шүмекті турбиналар –бөлшектеу, жөндеу, нығыздамаларды ауыстыру, орнату;
4) отындық арматура – бөлшектеу, ажырату;
5) блоктар, негізді жақтаулар, қақпақтар, цилиндрінің диаметрі 175 мм дейін болатын кеме дизельдерінің бұлғақтары бар поршеньдер – дефектация, жөндеу, орнату, ортаға дәл келтіру;
6) диаметрі 100 мм дейінгі иінді біліктер – калибрлеу және мойнақтарды жылтырату, төсеу, раскептерді өлшеу, май саңылауларын тексеру;
7) ескіш біліктер – шыныматаны, толтырғыштар мен байланыстырғыш элементтерді пайдалана отырып, эпоксидті құрам жағу;
8) диаметрі 250 мм дейінгі тралды жүкшығырдың жүк және аралық біліктері – төсеу;
9) аралық және ескіш біліктер, ескіш бұрамалар, дейвуд құрылғы, кронштейндер, мортиралар төлкелері, тығыздамалар, біліктер диаметрі 100 мм дейінгі ескіш бұрамалардың айнала аққыштары – дефектация, жөндеу, тетігін бұрау, қиюластыру, ернемектік және гидробаспақтық қосылыстарды жинау; жартылай жалғастырғыштарды отырғызу, төлкелерді баспақтау, құрастыру, кез-келген тәсілмен ортаға дәл келтіру, іс-қимылға тапсыру;
10) диаметрі 50 мм дейінгі таратқыш біліктер – бөлшектеу, дефектация, жөндеу, жинау, төсеу, реттеу;
11) мойынтірек ішпектері, білігінің диаметрі 100 мм дейінгі мойынтіректер – ұя бойынша қиюластыру, жинау, май саңылауларын тексеру;
12) деңгейдің су-көрсеткіштері (бу қазандарынан басқа) – алу, жөндеу, орнату, сынау;
13) барлық жүйелердің гидромоторлары, гидрокөтергіштер –бөлшектеу; ажырату;
14) грейферлер, кеменің жүк, крандарының жүк қармау айлабұйымдары – бөлшектеу, жөндеу, жинау;
15) диаметрі 80-175 мм аралығында болатын бөлшектер (төлкелер, саусақтар, мойынтіректер және т.б.) – баспақтау, гидравликалық, бұрамалық, механикалық баспақтарда айлабұйымдардың көмегімен және суық әдісімен баспалау;
16) цилиндрінің диаметрі 175-300 мм аралығындағы кеме дизельдері – бөлшектеу;
17) аспалы жол – құрастыру, тапсыру;
18) механикалық жетекті енгізу және шығару клапандары – дефектация, жөндеу, жинау, сынау, орнату;
19) сыналар (төсемдер), сфералық төсемдер, реттелетін сыналар – орынында өлшемдер алу, қиюластыру, орнату;
20) компенсаторлары бар жинағыштар – дефектация, жөндеу, орнату;
21) диаметрі 175 мм дейінгі поршень сақиналары – қиюластыру, орнату;
22) цилиндрінің диаметрі 200 мм дейінгі тоңазытқыш қондырғылардың компенсаторлары – бөлшектеу, дефектация, жөндеу, құрастыру; диамтері 200 мм артық болған жағдайда – бөлшектеу;
23) қосымша және қалдықтарды өңдейтін қазандар, бу сепараторлары – бөлшектеу, дефектация, жөндеу, ревизия, гидравликалық сынау, монтаждау;
24) гидравликалық, электр, электргидравликалық (тралды, палубалық, кемерден тысқары траптың көтерулері және тағы басқа) жүкшығырлар – жөндеу, құрастыру, реттеу, тапсыру;
25) турбиналардың жұмыс лапасттары– шешіп алып тастау;
26) жетекті меңгеріктік машиналар және құрылғылар – бөлшектеу; ажырату;
27) кеме дизельдер мен турбиналардың аспалы механизмдері – дефектация, жөндеу, жинау, стендте сынақ өткізу, орнату,монтаждау;
28) кемедегі тұрмыстық нысандағы механизмдер (кір жуу машиналары, центрифугалар, картоп аршығыштар, қамыр араластырғыштар және тағы басқа) – жөндеу, орнату, құрастыру, ортандыру, реттеу, жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
29) гидравлика жүйелерінің және суырмалы құрылғылардың механизмдері – бөлшектеу;
30) шина-пневматикалық жалғастырғыштар –бөлшектеу, ажырату;
31) қол жетекті реверсивті жалғастырғыштар – дефектация, жөндеу, жинау, сынау, тапсыру;
32) отындық сорғылар, реттегіштер – бөлшектеу, ажырату;
33) ылғал-ауалы, білікті, аспалы сорғылар – жөндеу, жинау, монтаждау;
34) басты, мотыльды мойынтіректер – кеулейжону кезінде жинау;
35) арматураны немесе құрал-жабдықты басқару жетектері (құбырлар, бұрыштық тісті берілістер, тісті берілісі болатын палубалы бұрыштық төлкелер, іріктемелі-палубалы бұрыштық мойынтіректер немесе тығыздамалар және тағы басқа) – дефектациялау, жөндеу, жинау, құрастыру, жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
36) турбиналардың шүмекті және байпас клапандарының жетектері – жөндеу, жинау, орнату;
37) диаметрі 600 мм артық түптік және кемерден тысқары арматураның қабылдау торлары – орнату;
38) білік диаметрі 100-250 мм аралығында болатын дейдвудтық, іріктемелі тығыздамалар – нығыздамаларды іріктеу, тығыздауды ауыстыру;
39) турбиналар тұрқыларының тығыздамалары – лабиринттік нығыздама жинағы;
40) турбосығымдағыштар – бөлшектеу, бөлектеу;
41) қосымша турбомеханизмдердің бұрыштық нығыздамалары – қиюластыру;
42) басты турбиналардың маневрлік және тез тиекті құрылғылары – бөлектеу, бөлшектеу;
43) диаметрі 500 мм асатын эксцентриктер – орнату.
Параграф 5. Кемені жөндеуші слесарь, 5-разряд
362. Жұмыс сипаттамасы:
бөлшектер мен бұйымдарды 6-7 квалитет бойынша (дәлдіктің 1-2 кластары) слесарлық өңдеу;
цилиндрінің диаметрі 300 мм дейінгі кемелік дизельдерді, қуаты 225 кВт (300 а.к.) асатын бу машиналарын, білік өткізгіштерді, мойынтіректерді, ескіш бұрамаларды, білік диаметрі 100-250 мм аралығында болатын тығыздамаларды, кез-келген тәсілмен (оптикалықтан басқа) орталықтандырылатын механизмдерді, орталықтау шегі 0,10 мм, сыну – 0,15 мм/м агрегаттарды, дизельдерді бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, жинау, құрастыру кезінде темір ұсталық операцияларды орындау;
басты қазандарды құрастыру, жөндеу, ревизиялау, гидравликалық сынақтар жүргізу;
турбоциркуляциялық, май, конденсаттық, қоректік, топырақтық сорғыларды, автономды турбогенераторларды, ауыспалы өнімділік сорғыларын, дизель-генераторларды дефектациялау, жөндеу, құрастыру, сынақ жүргізу және жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
негіздердің, сыналардың және т.б. тіректік беттерін 0,05 мм дейін дәлдікпен, пневматикалық және электр машиналардың, жылжымалы станоктардың, қырғыштың көмегімен өңдеу;
арматураны, арнайы жүйелер мен құбырлардан басқа, құбырлар мен кез-келген диаметрге ие жүйелерді кемеде дефектациялау, жөндеу, құрастыру және 10,0-30,0 МПа аралығындағы (100-300 кгс/см2 аралығындағы) қысым әсерінде гидравликалық сынақ жүргізу;
құбырлар мен жүйелердің арматурасын кемеде 5,0-25,0 МПа аралығындағы (50-250 кгс/см2 аралығындағы) қысым әсерінде пневматикалық сынақтар жүргізу;
роторларды және массасы 1000 кг дейінгі басқа бөлшектерді динамикалық теңгеру, бөлшектерді статикалық теңгеру;
қосымша және қалдықтарды өңдейтін қазандар автоматикасын құрастыру, булық сынама, реттеу және жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
сығымдағыштарды және цилиндрінің диаметрі 200 мм артық тоңазытқыш қондырғылардың құрал-жабдықтарын сынау, реттеу және жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
ауа баптау жүйелерінің автоматикасын жөндеу және құрастыру;
механизмдері бар дизельді, қазандық қондырғыларды, рульмен басқарылатын машиналарды, құрылғыларды іске қосу және арқандап байлау мен жүріс сынауларына қызмет көрсету.
363. Білуге тиіс:
басты кемелік күш беретін қондырғылардың (бу машиналарының, кемелік дизельдердің, турбиналардың), бу қазандарының мақсатын, құрылысын және жұмыс істеу принципін;
білік өткізгіштерді төсеу және орталықтандыру технологиясын;
бөлшектерді динамикалық және статикалық теңгеру тәсілдерін;
КСРО Тіркелімінің, РКФСР Өзен тіркелімінің талаптарын және кемелік механизмдер мен машиналарды жөндеуге және құрастыруға қойылатын техникалық талаптарды;
құрастыру, кемелік дизельдердің жинау бірліктерін орталықтандыру ақауларын, оларды жою тәсілдерін;
индикатор диаграммалары;
білік өткізгіштерін, механизмдерді құрастыру және орталықтандыру ақауларын, оларды жою тәсілдерін;
тоңазытқыштық қондырғылар сығымдағыштарының құрылымын;
басты кемелік күш беретін қондырғылардың жұмыс істеу принципін және автоматты түрде реттеу құрылғысын;
кемелік дизельдердің реверсивті құрылғыларының құрылымын;
басты кемелік механизмдерді орталықтандыру шектерін;
екі еселік және төрт еселік кемелік бұйымдарды реттеудің ерекшеліктерін; өлшемдер алу және формуляр толтыру тәртібін;
отын, май маркаларын;
арқандап байлау мен жүріс сынаулары жөніндегі нұсқаулықтарды;
ерекше күрделі сызбаларды оқу ережелерін.
364. Жұмыс үлгілері:
1) турбиналардың бағыттаушы және шүмектік аппараттары – орталықтандыру, бекіту;
2) отындық арматура – дефектациялау, жөндеу, реттеу, құрастыру, сынау, тапсыру;
3) тралдық жүкшығырдың диаметрі 250 мм артық жүк және аралық біліктері – төсеу;
4) диаметрі 100-200 мм аралығында болатын иінді біліктер – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, калибрлеу және мойынақтарды жылтырату, төсеу, раскептер бойынша тексеру, май саңылауларын тексеру;
5) мойынтіректер ішпектері, білік диаметрі 100-250 мм аралығында болатын мойынтіректер – ұя бойынша, білік мойнағы бойынша қиюластыру, жинау, орнату, май саңылауларын тексеру;
6) диаметрі 50-120 мм аралығында болатын таратушы біліктер – бөлшектеу, жөндеу, жинау, төсеу;
7) Блоктар, негіздік жақтаулар, қақпақтар, бұлғақты поршеньдер, цилиндрінің диаметрі 175-300 мм аралығында болатын кемелік дизельдердің бағаналары – дефектациялау, жөндеу, орнату, орталықтандыру.
8) диаметрі 175-350 мм аралығында болатын бөлшектер (төлкелер саусақтар, мойынтіректер және тағы басқа) – баспақтау, гидравликалық, бұрамалық механикалық баспақтарда айлабұйымдардың көмегімен және суық әдісімен баспалау;
9) цилиндрінің диаметрі 300 мм артық кемелік дизельдер – бөлектеу.
10) турбина тұрқысының диафрагмасы – дефектациялау, жөндеу, орнату, орталықтандыру
11) поршеньдік қозғалыс – цехтағы тақтада орталықтандыру.
12) кингстондар, кингстон жетектері, бәсеңдеткішті желдету жүйесінің іріктеу жапқыштары – дефектациялау, жөндеу, жинау, орнату, құрастыру, реттеу, тапсыру.
13) сақтандырғыш, бәсеңдеткіш клапандар (шартты өту мен қысымға тәуелсіз), іске қосу, ауа және көмірқышқыл баллондарының бастиектері – дефектациялау, жөндеу.
14) шүмекті және байпастық клапандар – дефектациялау, жөндеу, орнату, реттеу.
15) кемелік лифттер және крандар, гидравликалық жетекке ие басты конвейерлер – дефектациялау, жөндеу, жинау, құрастыру, реттеу, түзету, сынау, тапсыру.
16) ескіш бұрамалардың қалақтары – үлгі және адым бойынша қиюластыру, тазарту, қырнап өңдеу;
17) турбиналардың жұмыс қалақтары – қиюластыру, орнату;
18) гидравликалық машиналар, желдеткіш жүйесінің клапандары – дефектациялау, жөндеу, жинау, орнату, реттеу;
19) гидравлика жүйесінің және суырмалы құрылғылардың механизмдері – дефектациялау, жөндеу, құрастыру;
20) гидравликалық байланыстыру жалғастырғыштары – бөлшектеу, жөндеу, жинау;
21) отындық сорғылар, реттеуіштер – дефектациялау, жөндеу, жинау, орнату, реттеу;
22) параллельдер, кемелік дизельдердің және басты бу машиналарының бағыттауыш тақтайшалары – кемеде қыру;
23) арматураны және құрал-жабдықтарды басқарудың білікшелік жетектері – жөндеу, құрастыру, жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
24) басты кемелік құрылғылардың роторлары – бөлектеу, дефектациялау, жөндеу;
25) рульдік, түрлі құрылымды руль қырқұралы – шешіп алу, орнату, бір осьтікке орталықтандыру;
26) дейдвудтық тығыздамалар, білік диамтері 250 мм артық болған жағдайда іріктемелі – нығыздамаларды іріктеу, тығыздауды ауыстыру;
27) цилиндрінің диамтері 300 мм дейін болатын кемелік дизельдердің анкерлік байланыстары – технологиялық схема бойынша тартып ауыстыру, қайта тарту;
28) кез-келген қуатқа ие кемелік дизельдердің шығару жолдары – жинау, құрастыру, сынау;
29) турбосығымдағыштар – дефектациялау, жөндеу, жинау, реттеу;
30) ескіш біліктің диаметрі 250 мм дейін болатын «Симплекс» нығыздамасы – дефектациялау, жөндеу, жинау, құрастыру, сынау, тапсыру;
31) аппарельдік құрылғы – бөлшектеу, жөндеу, жинау;
32) реттелетін адымды ескіш бұрамалар құрылғысы, меңгеру құрылғысы – бөлшектеу, жөндеу, жинау;
33) басты турбиналардың маневрлік және тез тиекті құрылғылары – жинау, құрастыру;
34) цилиндрінің диамтері 300 мм дейін болатын кемелік дизельдердің іске қосу және реверсивтік құрылғылары – жинау, орнату, реттеу;
35) телескоптық құрылғы – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, құрастыру, орталықтандыру;
36) призмалық сыналық кілтектер – қиюластыру, орнату.
Параграф 6. Кемені жөндеуші слесарь, 6-разряд
365. Жұмыс сипаттамасы:
цилиндр диамтері 300 мм асатын кемелік дизельдерді, басты турботісті агрегаттарды, газ-турбиналық қондырғыларды, турбиналарды, турбогенераторларды, білік өткізгіштерді, мойынтіректерді, ескіш бұрамаларды, білік диаметрі 250 мм асатын тығыздамаларды бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, құрастыру кезінде темір ұсталық операцияларды орындау;
кемеде басты кемелік күш беретін қондырғыларды орталықтандыру және реттеу;
негізгі тоңазытқышты орталықтандыру және құрастыру;
диаметрі 250 мм асатын білік өткізгішті кез-келген тәсілмен орталықтандыру;
арматураны және жоғарғы қысым ауасының құбырларын, гидравликаны дефектациялау, жөндеу, жинау, құрастыру, сынау;
басты қазандардың және күш беретін қондырғылардың автоматика жүйелерін түзету;
қазандық машина бөлімі механизмдерін автоматты түрде басқару жүйесін реттеу;
отынды жіберуді, бу және газ тарату құрылғыларын реттеу, цилиндрінің диаметрі 200 мм асатын тоңазытқыш қондырғылардың сығымдағыштарын және құрал-жабдықтарын сынау, реттеу, жұмыс істеуін тексеру;
кемелердің аппарельді құрылғыларын сынау және жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
роторларды және массасы 1000 кг асатын басқа бөлшектерді динамикалық теңгеру;
қазандық машина бөлімі механизмдерін арқандап байлау мен жүріс сынаулары;
бригаданы басқару.
366. Білуге тиіс:
механизмдерді және машиналарды пайдалану ережелерін, кемелерде басты кемелік дизельдерді, турбиналарды, басты турботісті агрегаттарды орнату тәсілдерін;
жұмыс істегенде кемелік күш беретін қондырғының барлық механизмдері мен жүйелерінің өзара әрекеттесуін;
отынның жіберілуін, кемелік дизельдерде газ таралуын реттеу әдістерін; басты кемелік күш беретін қондырғыларды құрастырудың ең тиімді процестерін;
арқандап байлау мен жүріс сынаулары бағдарламасын;
367. Арнайы орта білім талап етіледі.
368. Жұмыс үлгілері:
1) кемелік дизельдердің, басты қазандардың, турбиналардың басты бу машиналарының автоматикасы – құрастыру, реттеу;
2) блоктар мен негіздік жақтаулар, бағаналар, цилиндрінің диаметрі 300 мм асатын кемелік дизельдердің цилиндрлері – орнату, жинау, орталықтандыру, тексеру;
3) диаметрі 200 мм асатын иінді біліктер – мойнақтарды калибрлеу, төсеу;
4) диамтері 120 мм асатын тарату біліктері – бөлшектеу, дефектациялау, жөндеу, жинау, төсеу, реттеу;
5) тіректік біліктер – төсеу, орталықтандыру;
6) мойынтіректердің ішпектері, 300 мм асатын диаметрге ие білік (ротор) мойынтіректері – ұя бойынша, білік мойнағы бойынша қиюластыру, жинау, орнату, май саңылауларын тексеру);
7) турбиналардың тұрқылары – турбина тұрқысының жарты бөліктерін өзара орталықтандыру, жинау;
8) жоғарғы қысымдық отындық сорғылар – кемелік дизельдерді тапсыру кезінде реттеу;
9) параллельдер, бағыттаушы тақтайшалар – кемеде орталықтандыру;
10) білік диамтері 250 мм асатын тіректік мойынтіректер – өңдеу, ұя бойынша қиюластыру, сегменттерді қиюластыру;
11) цилиндр диамтері 300 мм асатын кемелік дизельдердің анкерлік байланыстары – технологиялық схема бойынша тартып ауыстыру, қайта тарту;
12) басты турбиналар – аксиальды және радиальды саңылауларды тексеру және орнату;
13) турбиналар және негізгі бәсеңдеткіштер – дефектациялау, роторды төсеу;
14) лабиринттік нығыздамалар, ұштық диафрагмалар – орнында қырнап өңдеу үшін өлшемдерді анықтау;
15) реттелетін адымды ескіш бұрамалар құрылғысы, меңгеру құрылғысы – реттеу, сынау, дефектациялау;
16) су астындағы қанаттары бар қанатты кемелер құрылғысы – электроқшаулау мен шабуыл бұрыштарын қалпына келтіру, түзету, реттеу;
17) басты турбиналардың маневрлік және тез тиектік құрылғылары – реттеу, жұмыс істеп тұрған күйінде тапсыру;
18) цилиндрінің диамтері 300 мм асатын кемелік дизельдердің іске қосу және реверсивтік құрылғылары – жинау, орнату, реттеу;
19) түрлі жүйелердің белсенді рульмен басқарылатын құрылғы – бөлшектеу, жөндеу, жинау реттеу, сынау, құрастыру.
20) гидравликалық жетегі және айнымалы өнімділікке ие сорғылары бар рульмен басқарылатын құрылғы – бөлшектеу, жөндеу, жинау, реттеу, сынау, құрастыру.
21) мойынтіректер астына салынатын негіз – оларды дайындау үшін координаталарды анықтау және алып шығу.
22) гидротістік берілістің және турбиналар бәсеңдеткіштерінің тістегеріштері – тістерді ілінісуде қиюластыру.
26. Кеменің ағаш шебері
Параграф 1. Кеменің ағаш шебері, 2-разряд
369. Жұмыс сипаттамасы:
жұмсақ ағаштан жасалған қарапайым штаттан тыс жиһазды немесе қапталмаған сауытты, оқшаулықты бекіту үшін торды, кеме бөлігін өңдеу бөлшектерін (раскладкалар, галтелдер және т.б) белгі бойынша құру, бекіту;
дайын бөліктерден қарапайым жәшіктер жинау;
жұмсақ ағаштан жасалған қайрақты қолмен аралау және сүргілеу;
ағашты жалғаудың қарапайым түрін орындау;
штаттан тыс жиһазды және лакталған бетін сақтамайтын орнының жабдықтау бұйымын демонтаждау;
ағаш желімін дайындау;
жабыстыратын бөліктеріне желімді қолмен жағу, бөлікке және түйінге аққан желімді алып тастау;
желімге шкантты орнату;
асбосилиталық тақта жиектерін қалақтау және сырлау, ағаш торларының өңделген шетін бояу;
қарапайым ағаш құралын ұштау;
біршама жоғары деңгейдегі кеме шеберінің басшылығымен баулық, дөңгелек аралау, сүргілеу станогымен жұмыс жасау.
370. Білуге тиіс:
кемелердің негізгі орналасу орны мен атауын;
кемелік орындардағы жұмсақ ағаштан жасалған қарапайым бұйым және жиһазды құру, бекіту, жинау, сұрыптау, демонтаждау және жөндеудің ағаш шеберлік және монтаждау әдістәсілдерін;
қарапайым ағаш жалғауларының түрі;
ағаштың басты түрлер мен айырмашылық қасиеттері;
қолданылып жатқан желімнің маркасы мен қасиеті;
олардың дайындалу тәсілдері;
ұстаның қолданатын құрылғысы;
қарапайым сызба мен сызбанұсқаның оқылу ережелері.
371. Жұмыс үлгілері:
1) қолдан жасалған банкеткалар, фурнитуралар, фанермен көмкеру, тор, сөрелер, кереуеттер, үстелдер, графин мен стакан ұстағыштар, әжетхана сөрелері, санитарлық орындардағы палубалы және ағаш желдеткішті торлар, камбузды өңделген үстелдер, есік құлыптары – алу;
2) әртүрлі биркалар – дайындау, орнату;
3) қоймалық бөлмедегі стеллажға төсейтін қайрақ – келістіру, құру;
4) жабдықтың сауыты мен бөлшектері, ұсталық бұйымдардың ойықтары – шаблонмен белгілеу;
5) пердеге арналған қарапайым леер – орнату;
6) жиһаз және жабдық – механикалық зақымданудан қорғау үшін фанермен көмкеру және қаптағышпен жабу;
7) панелдер мен бояудың астына қоятын жұқа тақтайлар – орнату және бекіту;
8) қорғайтын, оқшаулайтын пасталар – бетіне қолмен жағу;
9) жұмсақ ағаштан жасалған қарапайым раскладкалар – қол құралы және терімен тазалау;
10) фанерлер – бетін сәндеу материалдарымен тігу;
11) қарапайым сауыттар - шпунтқа желімдеу.
Параграф 2. Кеменің ағаш шебері, 3-разряд
372. Жұмыс сипаттамасы:
жұмсақ ағаштан жасалған күрделі штаттан тыс жиһазды немесе қапталмаған сауытты, қарапайым заттарда және қатты ағаш түрінен жасалған жабдықтарда, декоративті фанерлер мен кемелік орындардағы пластмассаларды құру, бекіту, жинау;
күрделі құрылымды жәшікті жасау және жинау;
баулық, дөңгелек аралау, сүргілеу станогымен жұмыс жасау;
орташа қиындықтағы ағаш жалғау жұмыстарын орындау;
ағаштың жұмсақ түрінен жасалған, фанерленбеген сауытқа лайықталған рамкаларды жәшік тікенектеріне желімдеу;
сауыт және қайрақ жиектерін пластикпен қаптау және фанерлеу, желімдегеннен кейін ағындыларды алып тастау;
жиһазға қарапайым үлгі және макет жасау;
күрделі түрдегі ағаш торын шпилькаға және бұрандаға келістіріп және бекітіп белгілеу және орнату;
линолеумді жабыстыру, пластмассалық жақтауларды, плинтусты, галтельді, раскладкаларды қосымша беттерді құруымен орнату;
желім мен шпатлевканы синтетикалық қара маймен жасау;
тесіктерді бұрғымен тесу, жиһазды бекіту үшін металл торда оюды кесу;
ағаш құралын ұштау және жөндеу;
бағалы ағаштан жасалған кеме жиһазын, жабдықты, тігісті, лакталған, сырланған және қатпарлы пластикті тақтаны құру, бекіту және жинау барысында біршама жоғары деңгейдегі кеме ағаш шеберінің басшылығымен жұмысты орындау.
373. Білуге тиіс:
кемелік орындардағы жұмсақ ағаштан жасалған бұйым және жиһазды құру, бекітудегі ағаш шеберлік және монтаждау әдістәсілдерін;
ағаш өңдеу станоктардың құрылғысы мен күйін: баулық, дөңгелек ара, сүргі, бұрғы түрлерін;
түйін мен бөліктердің жалғану түрлерін, ағаштың бетін өңдеудің түрлерін, өңдеу материалдары және олардың қолдану ережелері;
ерекшеліктері және ағаштың қатты және жұмсақ түрінің ылғалдылық мөлшерін;
еріткіштердің, яғни ағаш өнімдерін өңдеудегі паста мен лактың, жеке бөліктер мен түйіндердің нобайын сызудың қолдану ережелерін;
сызба мен нобайға қарап, қарапайым шаблон жасау;
геометриялық пішіндердің құрылуы жайындағы басты мәліметтер;
желімнің эпоксидті тәсіл негізінде жасалуы.
қарапайым сызба мен сызбанұсқаның оқылу ережелері.
374. Жұмыс үлгілері:
1) аккумуляторлар – кемеде бекіту;
2) пенопластан жасалған блоктар – келістіру, орнату;
3) буфеттер, дивандар, ас және жазуға арналған үстелдер, ағаштың жұмсақ түрінен жасалған шкафтар - жинау, жөндеу, орнына байланысты әрлеп орнату;
4) кемелік слесарлық верстактар – орнату;
5) бүлікше ескек – орнымен бекіту;
6) галтелдер, раскладкалар, кеме орындарда ағаштың қатты және жұмсақ түрінен жасалған және лакталған жақтаулар – сақтап алу, орнату, шақтау, бекіту;
7) қалқан және жұқа тақтайшалы, қозғалмалы, біржақты, екіжақты есіктер, жұмсақ ағаштан жасалған қуыс есіктер – келістіру, орнату, жөндеу;
8) оргәйнектен жасалған заттар (графин және стакан ұстағыштар, әжетхана сөрелері, шкафтар және тағы басқа) – орнату, бекіту;
9) темірден жасалған, никельмен қапталған бұйымдар және пластмассадан жасалған есіктерге, үстелдерге, жұмсақ ағаштан жасалған (сырланбаған) шкафтарға арналған – орнында бұрау және орнату;
10) жиһазға арналған күрделі және механикалық зақымданудан қорғайтын құралдар приборы, иллюминаторлы төртжақты есік қораптары – дайындау, құру;
11) пердеге арналған күрделі леерлер – құру;
12) жиһаз – ескі лакпен сырланған қабын тазалау;
13) палубалар – бакелезирленген фанермен қаптау;
14) шырақшамның астына қоятын жұқа тақтайшалар, розеткалар – бұрандалар мен пистондармен бекіте отырып құру;
Достарыңызбен бөлісу: |