Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым



жүктеу 4,95 Mb.
бет5/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
§ 25. Кәмпиттер жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бояғыш тасымалдағышта бір қабатты кәмпиттер мен вафли пласталарын жасау процесін жүргізу. Түрлі шәрбаттарды қайнату, салқындату және бұлғау. Кәмпит массаларын темперлеу, араластыру және хош иістендіру. Кәмпит-вафлилер мен бір қаттамалы кәмпит пласталарын дайындау, оларды салқындату (тұндыру) және кесуге беру. Пісіру аппаратурасының, бұлғау машиналарының, бояғыш тасымалдағыштардың, кескіш машиналардың жұмысын қадағалау және реттеу. Түрлі кәмпиттерді, оның ішінде "Шоколадтағы қара өрік" типті және ұлттық тәтті тағамдарды қолмен жасау процесін жүргізу. Кәмпит құятын машиналардың жұмысын реттеу, бункердің толуын, құйғыштағы кәмпит массасының температурасын, құйғыш қалпақшалардың жұмысын және кәмпит корпустарының формалануын, крахмал беру механизмінің жұмысын бақылау. Құйғыш машинаның техникалық жай-күйін қадағалау, оның жұмысындағы кінәраттарды жою. Үздіксіз ағынды желіде күмбез секілді кәмпиттерді сықпалау және какао ұнтақтарымен және вафли жармаларымен себелеу.

Білуге тиіс: бір қаттамалы, вафли кәмпиттерді жасау технологиясы; шикізаттың, жартылай дайын өнімнің сапасын органолептикалық әдіспен бағалау; бояғыш тасымалдағыштардың, кескіш машиналардың, кәмпит құйғыш машиналардың құрылғысы және пайдалану ережесі; қызмет көрсететін механизмдерді реттеудің тәсілдері; формалау материалдарына қойылатын талаптар.

§ 26. Кәмпиттер жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жартылай механикаландыру тәсілімен түрлі кәмпиттерді және ұлттық тәтті тағамдарды жасау процесін жүргізу. Кәмпит массаларын дайындау, сапасын тексеру, дайын болғандығын айқындау. Кәмпиттерді формалау. Кәмпиттерді глазурлау және көркемдік безендіру. Құйғыш машинада кәмпит корпустарын төгу. Берілген рецептура бойынша кәмпит массаларын даярлау, оларды төгуге дайындау және құйғышқа беру. Құятын қалпақшаның жұмысын реттеу. Лотоктарды крахмалмен толтыруға даярлығын және дұрыстығын, ұяшықтарды штампылаудың сапасын бақылау. Кәмпит корпустарын тұндыру процесін қадағалау. Тасымалдағышта көп қаттамалы кәмпиттерді және "Суфле" типті кәмпиттердің бұлғама корпустарын жасау процесін жүргізу. Берілген рецептура бойынша конфет массаларын дайындау, темперлеу, бұлғау, басқа компоненттермен араластыру. Қаттамаларды жекелеп тасымалдағыш лентаға алдын ала жағу және бөліп-тарату. Кәмпит пласталарын тегістеу және кесу. Трюфель типті кәмпиттерді жасау процесін жүргізу. Массаны бұлғау, оның сапасын тексеру. Машиналарда немесе қолмен трюфельдерді формалау. Трюфельдерді дражирлеу қазандықтарына тиеу, оларға шоколад глазурын жағу, қант опасы қосылған какао ұнтағында домалату. Дражирлеу қазандығынан трюфельдерді түсіру, какао ұнтағының қалдығынан бөлу. Дайын трюфельдерді өлшеу. "Шоколад", "театральный" және басқа да жиынтықтарға кіретін кәмпиттерді жасау үшін жартылай дайын өнімдерді, дайындамаларды, өңдеу материалдарын дайындау жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: кәмпиттерді дайындауға және жартылай механикаландырылған тәсілмен түрлі кәмпиттер мен ұлттық тәтті тағамдарды жасауға арналған кәмпит массаларын дайындаудың технологиясы мен рецептурасы; өнімдерді өңдеу және безендіру амалдары; тасымалдағышта көп қаттамалы және бұлғанған кәмпиттерді жасау технологиясы; пісіру аппаратурасының, кәмпит құятын машиналардың, тасымалдағыштардың, бұлғағыш және кескіш машиналардың құрылғысы, пайдалану ережесі әрі жұмысын реттеу; "шоколад", "театральный" және басқа да жиынтықтарға кіретін кәмпиттерді жасау үшін трюфельдер, жартылай дайын өнімдер, дайындамалар, өңдеу материалдарын жасау рецептурасы мен технологиясы.

§ 27. Кәмпиттер жасаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құю-формалау агрегатында кәмпиттер жасау процесін жүргізу. Формалау үшін қантсықпа, желе және басқа да кәмпит массаларын дайындаудың рецептурасы мен технологиялық режимдерін сақтау. Корпустарды құю және тұндыру, оларды крахмалдан тазалау процесін реттеу. Агрегаттың барлық тораптары мен механизмдердің өзара әрекет етуін қамтамасыз ету, олардың жұмысындағы кінәраттарды жою. Лотоктарды крахмалдармен бір қалыпты толуын, ұяшықтарды формалау сапасын және олардың толуын қадағалау. Кәмпит корпусының өзгеру себептерін, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс барысында кінәраттарын анықтау және жою. Корпус салмағының стандартқа сәйкестігін бақылау. Жедел тұндырумен ағынды-механикаландырылған желіде кәмпиттерді жасау процесін бақылау. Кәмпит массаларын пісіру, массаларды қыздыру, рецептураға сәйкес компоненттерді қосу, массаларды бұлғалау және темперлеу, корпустарды құю және жедел тұндыру. Жұмыс ырғағының және технологиялық режимнің бұзылуын алдын алу және жою. Сынамаларды іріктеу және кәмпит массаларының ылғалдылығын талдау. Тоңазытқыш камерадағы температуралық режимді қадағалау. Престеу әдісімен ағынды кешенді механикаландырылған желілерде пралинді және қантсықпа кәмпиттерді жасау. Массаны формалау процесіне дайындау, жгутты кесу, кәмпиттерді глазурлау және орау. Бақылау-өлшеу аспаптар көрсеткіші, зертханалық талдаулар нәтижелер және органолептикалық әдіс бойынша технологиялық процестердің барысын қадағалау. Ағынды кешенді механикаландырылған желіде "Грильяж" типті кәмпиттерді жасау процесін жүргізу.қантты еріту, жаңғақтарды үгіту, грильяж үшін кәмпит массаларын дайындау процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қантты еріту және кәмпит массаларын дайындау процесін реттеу. техникалық жай-күйін қадағалау және ағынды кешенді механикаландырылған желінің қызмет көрсететін жабдығының тоқтаусыз және синхронды жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: құйма кәмпиттерді формалау технологиясы; шикізат пен жартылай дайын өнімдердің қасиеті, олардың сапасына қойылатын талаптар; кәмпит массаларын дайындаудың технологиясы және рецептурасы; ағынды кешенді механикаландырылған желінің қызмет көрсететін жабдығының құрылғысы; темперлеу, қантсықпа-бұлғалау машиналарының, кәмпит корпустарын жедел тұндыру қондырғыларының жұмысын реттеу ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті және ережесі; дайын өнімнің сапасын органолептикалық бағалау әдісі.

§ 28. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен формаларға мармелад массаларын құю. Желелендіру процесінің аяқталу сәтін айқындау. Салқындатылған мармеладты қолмен формалардан іріктеп тор електерге салу және мармелад салынған тор електерді арбашықтарға қатарлау. Лотоктарды мармелад құятын машиналардың астына орнату. Мармелад батондарын мармелад-лимон бөлігіне арналған қабықшалармен орау және оларды тақталарға қатарлау. Батондарға қанттың себілуін қадағалау, үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда белгілі ұзындықта батондарды кесу. Жарты зефирді қолмен жабыстыру және тор електерге қатарлау. Толтырған тор електерді тасымалдағыштан стеллаж алаңына түсіру. Зефирді, пластиланы, мармеладты құмшекермен немесе опамен дірілдеткіште немесе қолмен себу. Дірілдеткішке құмшекерді немесе опаны толтыру, дірілдеткішті қосу, оның жұмысын қадағалау. Пластиланы лотоксыз құю агрегатында пластила пласталарын бірқалыпты опалануын, пластаның жоғарғы лентадан төменгі лентаға дұрыс көшуін, рефлекторлардың жұмысын және тасымалдағыш ленталарын жууды қадағалау.

Білуге тиіс: құю және мармеладты қолмен іріктеу амалдары; желелендіру процесінің аяқталу сәтін айқындау тәсілі; батондар мен апельсин-лимон бөліктері қабықшаларына қойылатын талаптар; мармелад батонын қабықшамен орау ережесі және амалдары; тасымалдағыштарды пайдалану ережесі; өнімдерді құмшекермен немесе опамен себелеу амалдары және олардың сапасын бақылау; қантты немесе құмшекерді шығындау нормалары.

§ 29. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мармелад құятын агрегатта жеміс-жидек мармеладтарының массасын немесе құйғыш машиналарда үш қаттамалы желе мармеладының массасын құю. Агрегаттардың құятын бункерін мармелад массасымен толтыру. Құятын машиналарды қосу және тоқтату. Мармеладты құю, тұндыру және іріктеу процесін реттеу. Үш қаттамалы мармеладты жасау кезінде желе массаларын темперлеу, хошиістендіру, қышқылдату және бояу. Массаның дайын болғандығын тексеру. әр қабатты желелендіру дәрежесін айқындау. Құю механизмдерінің жұмысын реттеу. дайын пласталарды кесуге беру. Пастила құятын машиналардың тізбекті тасымалдағышына лотоктарды орнату, оларға пастила массасын толтыру. Паситла массасының бірқалыпты қалыңдығын қамтамасыз ету. Пастиланы лотоксыз құятын желіде құй механизмдердің жұмысын реттеу. Массаны тасымалдағыш лентаға құйылуын, пастила қабықшасының пайда болуын қадағалау. Пластаның лентадағы қозғалысын және оның қалыңдығын реттеу. Пластаға құмшекер себелеу. Лентаны майлау үшін инвертті беру. Лентаның үнемі және дұрыс майлануын, салқын желдің келуін және борт белдіктерін жууды қадағалау. Мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшалар жасау. Темперлеуші машинада желім шәрбатын салқындату. Желе массасын қышқылдандыру, хош иістендіру және бояу. Массаны бункерлер бойынша бөлу және масса температурасын реттеу. Массаларды формаларға, лента тасымалдағыштарына, түтік агрегаттарына немесе үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттың құйғыш қалпақшаларына құю. Мармелад батондарын формадан тақталарға іріктеу және тұндыруға беру. Тасымалдағыштарда қабықшаның қалыңдығы мен енін және формалау тасымалдағыштардың науасында қалпын реттеу. Апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды салқындатуды қадағалау. Мармеладты қанттан тазалау. Дайын өнімдер салынған лотоктарды дірілдеткіш машинаға беру. Зефирді машиналарға сығымдап құю, сығымдағыш машиналардың бункерлерін зефир массасымен толтыру. Сығымдағыш машинаны қосу және тоқтату. Лотоктардың қозғалысын және зефирдің сығымдалу сапасын қадағалау. Сығымдалған жарты зефир салынған лотоктарды түсіру және оларды арбашықтарға орналастыру. Сығымдағыш машиналарға зефир массасын толтыру және қолмен тақтаға зефирлерді сығымдап құю. Ағынды механикаландырылған желіде зефирді жабыстыру.

Білуге тиіс: алма немесе ұш қаттамалы мармеладты, пастиланы жасаудың технологиялық режимі; мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды дайындаудың технологиясы мен рецептурасы; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, пайдалану ережесі және оның механизмдерінің жұмысын реттеу.

§ 30. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз жұмыс істейтін агрегаттарда мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық режимді сақтау және мармелад батондарын жасаудың барлық сатысында қызмет көрсететін жабдықтардың ақауларын жою. Желім шәрбатының температурасы мен ылғалдылығын қадағалау, белоктар бар желім шәрбатын мөлшерлеу. Апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшалардың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету және оның қалыңдығын реттеу. Ағынды механикаландырылған желіде "Балтика" типті мармелад жасаудың технологиялық процесін жүргізу.

Білуге тиіс: технологиялық режимдердің параметрлері және мармелад батондары мен апельсин-лимон бөліктеріне арналған қабықшаларды жасаудың рецептурасы; желім шәрбатының қасиеті; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықты және коммуникацияларды пайдалану және жұмысын реттеу ережесі.

§ 31. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кезеңмен жұмыс істейтін аппараттарда мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен жартылай дайын өнімдерді дайындау және сапасын тексеру., берілген рецептура бойынша қоспаларды құрастыру, пюрені купаждау. Пісіру аппаратурасының, кезеңмен жұмыс істейтін бұлғалау машинасының, мармелад немесе пастила құятын машиналардың техникалық жай-күйін және жұмысын бақылау. Өнімдерді пісірудің, автоматтандырудың, формалаудың және кептірудің технологиялық режимдерін реттеу. Мармелад массаларында сілікпенің пайда болу немесе пастила массаларында көбіктің пайда болу процесін қадағалау.

Білуге тиіс: кезеңді жұмыс істейтін аппараттарда түрлі мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиясы мен рецептурасы; массалар мен дайын өнімнің сыртқы түрі, шикізаты, дайындау және безендіру әдісі бойынша ерекше белгілері; берілген зертханалық талдаулар негізінде қоспалар мен пісірмелердің құрамын түзеу тәсілдері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, пайдалану және жұмысын реттеу ережесі.

§ 32. Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Зефир мен пастилаларды жасауға арналған пісіру аппараттары мен үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш-араластырғыш агрегаттардың, мармелад-пастила құятын агрегаттардың, туннель типті механикаландырылған кептіргіштердің, пастила мен зефирді орайтын автоматтардың, кескіш машиналардың техникалық жай-күйін және жұмысын бақылау. Үздіксіз ағында өнімдерді пісірудің, хош иістендірудің, формалаудың және кептірудің технологиялық режимін реттеу.

Білуге тиіс: үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда түрлі мармелад-пастила өнімдерін жасаудың технологиясы және рецептурасы; мармелад-пастила өнімдерінің барлық түрлерін жасайтын қызмет көрсететін жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері.

§ 33. ТАБЛЕТКАЛАР ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті таблеткалар жасаушының басшылығымен "Холодок" типті таблеткаларды жасау процесін жүргізу. "Холодок" типті таблеткаларға түйіршіктер дайындау. Микс-машинаға эмульсия, құмшекер салу. Таблетка массасының араласуын қадағалау, оның дайын болғандығын айқындау, үгіту үшін үлкен емес үлестермен ұсақтағышқа беру. Дайын таблетка массасының үгілу дәрежесін реттеу. Үгітілген массаны келесі операцияларға беру. "Холодок" типті таблетканы формалау. Таблетка массаларын пресске берілуін қадағалау. Белгіленген технологиялық режимге сәйкес таблетка массасының пресске берілу санын реттеу. Таблеткаларды формалау процесін қадағалау. Берілетін таблетка массаларының созылымдылығын байқау және органолептикалық анықтау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын қадағалау және реттеу. Бір килограмм таблетка массасынан алынатын таблеткалардың санын бақылау.

Білуге тиіс: таблетка массасының рецептурасы; "Холодок" типті таблеткаларды дайындау және формалау технологиясы; түйіршіктерді үгіту әдісі және мөлшері; қызмет көрсету жабдықтарының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі; таблетка массаларын престерге берілуін реттеу ережесі.

§ 34. ТАБЛЕТКАЛАР ЖАСАУШЫ

4-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. "Холодок" типті таблеткаларды жасау процесін жүргізу. Таблеткаларға арналған масса дайындау. Шикізатты пісіру қазандығына тиеу. Эмульсия дайындау. Эмульсияны қайнатып пісіру процесін қадағалау және дайын эмульсияны микс-машина құйғышына беру. Сынамаларды іріктеу және кептіру процесінде түйіршіктерді ылғалдылыққа тексеру, қажет болған кезде дымқыл түйіршіктерді кептіргіштің төменгі ярусынан жоғарғысына қайта себу. Түйіршіктерден үлкен пласталар пайда болған кезде – оны ұсақ кесектерге жару. Тасымалдағыш бойынша құрғақ түйіршікті дезинтеграторға беру, оны ұнтақтау процесін қадағалау. Ұнтаққа рецептураға сәйкес жалбыз май мен стеарат-кальцийді қоса отырып, микс-машинаға беру. Таблетка массасының араласуын қадағалау және оның дайын болғанын айқындау. Дайын таблетка массасын тұндыру үшін ыдыстарға салу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысың реттеу.

Білуге тиіс: таблетка массасын дайындау және "Холодок" типті таблетканы жасау технологиясы; түйіршіктердің ылғалдылығын және массаның дайын болғандығын айқындау әдісі; қызмет көрсететін жабдықтардың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципі.

§ 35. ШОКОЛАД ЖАСАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шоколадты тасымалдағыштан түсіру, тараға қатарлау.

Білуге тиіс: шоколадтың қасиеті; шоколадты тасымалдағыштан түсіру әрі оны тараға қатарлау ережесі мен амалдары.

§ 36. ШОКОЛАД ЖАСАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шоколадты қолмен формалау үшін шоколад массасын дайындау. Шоколад массасын фигуралық немесе қарапайым формаларға құю. Салқындағаннан кейін формалардан шоколадтарды іріктеу. Фигуралық шоколадты жабыстыру.

Білуге тиіс: шоколад массаларының қасиеті; қолмен шоколадты формалау амалдары мен ережесі.

§ 37. ШОКОЛАД ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Плитка және фигуралық шоколадтың, салмасы бар шоколадтың күрделі түрлерін қолмен формалау. Қажетті қоюлыққа дейін жеткізе отырып, шоколадты темперлеу, какао, май қосу, шоколадты араластыру. Шоколадтың салқындау процесін қадағалау. Шоколадты басу. Жеке-жеке шоколад өнімдерінің салмағын, салма мен шоколадтардың ара салмағын бақылау. Темперлеу машиналары мен шоколад формалаушы автоматтардың жұмысын қадағалау және қызмет көрсету. Шоколад массасының температурасын және консистенциясын реттеу. Құю автоматының бункерін шоколад массасын тиеу. Автоматты қосу және тоқтату. Формалар бар рамкалардың құю автоматының астынан өтуін және қозғалысын реттеу. Автоматтың жекелеген механизмдерінің жұмысындағы ақаулардың, плитка, фигуралық шоколадтарды және шоколад өнімдерін формалаудың қалыпты режимінен ауытқуының алдын алу және болдырмау.

Білуге тиіс: плитка және фигуралық шоколадтың, салмасы бар шоколадтың күрделі түрлерін қолмен жасау технологиясы; шоколад массаларын темперлеу технологиялық режимдерінің параметрлері; шоколад формалаушы автоматта шоколад пен шоколад бұйымдарын формалау технологиясының негіздері; шоколад формалаушы автоматтың және темперлеуші машиналардың жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі.

§ 38. ШОКОЛАД ЖАСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен формалаушы агрегат-автоматтарда шоколад массасын темперлеу және құйма шоколадтарды жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Автоматты жұмысқа дайындау, формаларды, құятын қалпақшаларды қыздыру. Рецептураның сақталуын, технологиялық режимдерді, жеке-жеке бұйымдардың салмағын және формалау сапасын бақылау. Шоколадтың түріне қарай темперлеу машиналарында шоколад массасының температурасын және созылмалылығын қадағалау, реттеу. Формалардың құятын қалпақшалардың астына, шоколадтың орау машиналарына дұрыс түсуін қадағалау. Соқпалы үстелдердің жұмысын, тоңазытқыш шкафтардың температураларын реттеу. Темперлеу машиналардың, шоколад формалаушы агрегат-автоматтың және желдеткіш қондырғылардың техникалық жай-күйін қадағалау.

Білуге тиіс: формалаушы агрегат-автмоматтарда құйма шоколадтарды жасаудың технологиялық режимдерінің параметрлері және рецептурасы; дайын өнімдерге қойылатын стандарттар; формалаушы агрегат-автоматтың құрылғысы, оны пайдалану ережесі.


§ 39. ШОКОЛАД ЖАСАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Формалаушы агрегат-автоматтарда шоколад массасын темперлеу және түрлі салмалары бар шоколад өнімдерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Шоколад қабықшасын жасаудың процесін қадағалау, оған салмалар толтыру және формалау механизмде түбін шоколадпен толтыру. шоколадтың қуыс фигураларын формалау процесін қадағалау. Рецептура мен технологиялық режимнің сақталуын бақылау. Шоколад массасы мен салмаларының созылмалылығын қадағалау. Шоколад пен салманың дұрыс ара салмағын, жеке-жеке өнімдердің, қуыс фигуралардың белгіленген салмағын, өлшемі мен формаларын қамтамасыз ету. Тоңазытқыш камераларда температураны реттеу. Темперлеу машиналардың, формалаушы агрегат-автоматтардың, желдеткіш құрылғылардың техникалық жай-күйін қадағалау және жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: формалаушы агрегат-автоматтарда фигуралық шоколад пен салмасы бар шоколад өнімдерін жасау рецептурасы, технологиясы; салмалардың ассортименті, қасиеті және сапасына қойылатын талаптар; шоколад массаларының консистенциясын әрі шоколад пен салмалардың арасалмағын айқындау әдісі; шоколад массаларын және түрлі салма салынған шоколад өнімдерін темперлеуде және формалауда қолданылатын жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері.
§ 40. КОНДИТЕР

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пісірілген бисквитті формадан пышақпен кесіп алу немесе қағып түсір. Жартылай дайын өнімдерді жұмыс орындарына тасу. Крем жағатын машиналарға крем немесе салмаларды тиеу, оның жұмысын реттеу. Жоғары білікті кондитердің басшылығымен күрделі операцияларды орындау.

Білуге тиіс: пирожное мен торттар үшін пісірілген бисквиттің сапасына қойылатын талаптар; крем жағатын машинаға қызмет көрсету ережесі.

§ 41. КОНДИТЕР

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Торттарды, пирожное мен фигуралық печеньелер жасау процесінде жекелеген операцияларды орындау. Түрлі шәрбаттар мен кремдер дайындау, кремді бұлғалау және бояу, шәрбатты пісіру. Пирожное мен торттар үшін пласта өлшемі бойынша бисквиттерді кесу, тегістеу және жазу. Қолмен немесе крем жағатын машиналарда крем мен салманың қалыңдығын реттей отырып, пирожное мен торттарға крем немесе салмалар жағу немесе бетін толтыру. Өнімдердің жекелеген түрлері үшін жартылай дайын өнім дайындау. Жеке-жеке өнімдердің салмағын тексеру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шәрбатты пісіру сапасын бақылау. Жартылай дайын өнімді жұмыс орнына беру. Дайын өнімді ыдыстарға салу. Пішіні күрделі печеньені формалау процесін жүргізу. Сығымдау қаптарына қамыр толтыру және қолмен печеньені немесе пирожноені табақтарға сығымдау. Сығымдау машиналарында "Украина" типті печеньені сығымдау. Сығымдау машинасының цилиндріне қамыр толтыру. сығымдау сапасын қадағалау. Сығымдау машиналарынан формаланған қамырды түсіру және оларды табақтарға қатарлау. Машиналарда сэндвичтер жасау. келіп түсетін печеньенің, салмалардың, кремдердің сапасын тексеру. Сэндвичтер жасауға арналған машиналарды қосу және тоқтату, оның жұмысын реттеу. Машина барабанына крем немесе салмаларды тиеу. Печеньелерді тасымалдағышпен кассеталарға беру, салмаларды, кремді жағу, тоңазытқыш шкафта салқындату, тасымалдағышқа қатарлау.

Білуге тиіс: түрлі шәрбаттарды, кремдерді дайындаудың, сэндвичтер, өнімдердің жекелеген түрлері үшін жартылай дайын өнімдер жасаудың технологиясы және рецептурасы кремдерді бояудың тәсілдері; шығарылатын өнімдердің ассортименті; кондитер өнімдерін жасау үшін қолданылатын шикізаттың, дәм беретін және хош иістендіретін заттардың, жұмсартқыштар мен бояғыштардың түрлері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі.

§ 42. КОНДИТЕР

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым торттарды, пирожныйларды және басқа да жеке-жеке кондитерлік және нан өнімдерін бір бояу эталоны бойынша трафаретті суретті салып немесе әр түрлі шикізаттан: қамырдан, ірімшік массасынан немесе балмұздақтан бояуларды қоса отырып жасау процесін жүргізу. Түрлі қамырлар, кремдер, салмалар дайындау. Берілген рецептура бойынша шикізат дайындау, таразылау, өлшеу. Қамырды араластыру, бұлғалау, белгілі қалыңдыққа дейін жаю, қамырға ұн себелеу. Алынған жартылай дайын өнімдерді бөлу. Өнімдерді штампылау, формалау және табақтарға салу. Өнімдерді қантсықпамен, марципанмен, қантталған жемістермен, креммен өңдеу. Балмұздақтан жасалған өнімдерді шыңдау.

Білуге тиіс: ұнның сорттарын және қасиетін (пайда болатын жабысқақтықтың сапасы); қарапайым торттарды, пироджное мен басқа да жеке кондитерлік өнімдерді, бояуларды жеңіл қоса отырып, бір бояу эталоны бойынша трафаретті суретті жаға отырып жасаудың рецептурасы мен режимі; өнімдерді қантсықпамен, марципанмен, қантталған жемістермен, креммен өңдеу тәсілдері; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы.

§ 43. КОНДИТЕР

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кекстер, орамалар, печеньенің түрлі ассортиментін, әр түрлі шикізаттан: қамырдан, ірімшік массасынан немесе, суреттің ұсақ және орташа бөлшектерінің бөлек орналасқан және түстер дәстүрлі ауыстырылатын көп бояулы өрнектері бар балмұздақтан торттар мен пирожное жасаудың процесін жүргізу. Формалау. Торттар үшін шоколадтан, кремнен, бизеден сурет бөлшектерін, өрнектер жасау. кремді түстері бойынша іріктеу. Өрнектер салу. Ұсақ және орташа бөлшектерден жасалған суреттерді монтаждау. Бояу элементтерінің және сурет бөлшектерінің бірігуін, дайын торттар мен пирожноесалмағын тексеру.

Білуге тиіс: кекстерді, орамаларды, печеньенің түрлі ассортиментін, көп бояулы өрнектер салынған күрделі торттар мен пирожное жасаудың технологиясы; суретті монтаждау тәсілдері.

§ 44. КОНДИТЕР

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті кондитердің басшылығымен арнайы әзірленген фирмалық рецептура бойынша жоғары көркемдік, өзіндік, фигуралық, ұлттық, тапсырыс торттарын жасау процесін жүргізу. Жекелеп пісірілетін және өңдейтін жартылай дайын өнімдерді жасау. "Театральный", "шоколадный" типті жиынтықтар үшін кәмпиттер жасау процесін жүргізу. Шикізатты,салмаларды, өңдеуші жартылай дайын өнімдерді дайындау, сапасын тексеру. Қамыр дайындамаларын формалау, өнімдердің күрделі түрлерін көркемдік өңдеу.

Білуге тиіс: жоғары көркемдік, фигуралық, тапсырыс, ұлттық торттарды жасау технологиясының негіздері және рецептурасы; "шоколадные" мен "театральные" жиынтығына кіретін кәмпиттерді, кремдерді, шәрбаттарды, жекелеп пісірілетін және өңдеуші жартылай дайын өнімдерді жасау технологиясы мен рецептурасы; өнімдерді көркемдік өңдеудің тәсілдері мен амалдары.


§ 45. КОНДИТЕР

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары көркемдік, өзіндік, фигуралық, тапсырыс, ұлттық торттарды жасау процесін жүргізу. Күрделі фигуралық қамыр дайындамаларын формалау. Өнімдерді күрделі көркемдік өңдеу. Өңдеу материалдарын түсі, формасы, өлшемі бойынша өңдеу материалдарын іріктеу. Түрлі ұсақ және орташа бөлшектерден жасалған суреттерді монтаждау. Фирмалық торттар мен пирожное жасаудың рецептурасы мен технологиясын әзірлеу.

Білуге тиіс: жоғары көркемдік, өзіндік, фигуралық, тапсырыс, ұлттық торттарды жасау технологиясы; пісірілген өнімдердің және өңдеуші жартылай дайын өнімдердің рецептурасын әзірлеу ережесі мен амалдары; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; кондитер өнімдерін жоғары көркемдік өңдеудің тәсілдері мен амалдары.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

§ 46. Бұлғағыш машинаның машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұлғағыш қазандарда сабын тамырының сығындысы қосылған карамель массасын бұлғалау процесін жүргізу. Қазандарды карамель массасы мен сабын тамырының сығындысымен толтыру. Араластырғыштың қыздырғышын қосу. Кезеңді жұмыс істейтін бұлғағыш машиналарда пастила немесе зефир массасын бұлғалау процесін жүргізу. Түсетін шикізаттың сапасын тексеру, рецептураға сәйкес агар желімі мен хош иістендіргіш заттарды қосу, массаны араластыру. Бұлғалау процесін қадағалау, қажетті үлес салмағын сақтау, массаның дайын болғандығын айқындау. Дайын массаны түсіру. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: бұлғағыш қазандарда сабын тамырының сығындысы қосылған карамель массасын және кезеңмен жұмыс істейтін бұлғағыш машиналарда пастила мен зефирді бұлғалау технологиясы; қызмет көрсететін машиналардың құрылғысы, оларды пайдалану ережесі.

§ 47. Бұлғағыш машинаның машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш агрегаттарда пастила немесе зефир массасын, бұлғама кәмпиттерге арналған массаларды бұлғалау процесін жүргізу. Рецептураға сәйкес қант-алма қоспасын дайындау. Бұлғанған массаны қант-агаро немесе қант-агаро-ағынды шәрбатпен бұлғалау. Рецептураға сәйкес қоспаны, жұмыртқа ауызын, агаро желімі мен эссенцияны мөлшерлеу. Бұлғаланған массаның дайын болғандығын айқындау. Қызмет көрсететін жабдықтың техникалық жай-күйін және жұмысын қадағалау. Бұлғағыш машиналарда қантсықпа массаларын дайындау процесін жүргізу. Сироп станциясы болмаған кезде – сиропты пісіру. Пісіру бағанында белгіленген тығыздыққа дейін қантсықпа шәрбатын пісіру, оны шнекбұлғағыш машинаның құйғышына құю. Қантсықпа дайындаудың технологиялық режимінің сақталуын бақылау. Машина мен салқындату жүйесінің жұмысын қадағалау. Қантсықпаны бұлғалау және салқындату процесінің аяқталу сәтін айқындау.

Білуге тиіс: үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш агрегаттарда массаны дайындау және бұлғалау технологиясы; шикізат пен жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; үздіксіз жұмыс істейтін бұлғағыш агрегаттардың және қызмет көрсететін басқа да жабдықтардың құрылғысы.

§ 48. Формалағыш-орағыш жартылай

автоматтың машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ирис немесе карамель формалайтын, орайтын жартылай автоматты баптау және қызмет көрсету. Этикеткаларды, фольгалар мен орағыштарды салу. Массаны таптағыш машинаға қатарлау, батонды конусқа созу, оны калибрлеу-созу механизміне салу. Түрлі иристер мен тас кәмпиттердің формалануын және оралуын реттеу. қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы кінәратты жою.

Білуге тиіс: өнімдерді формалау және ораудың технологиялық режимінің параметрлері; қызмет көрсететін жабдықты пайдалану ережесі, жұмысын реттеу.

§ 49. ШОКОЛАД ӨҢДЕЙТІН МАШИНАЛАРДЫҢ МАШИНИСІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті шоколад өңдейтін машиналардың машинисінің басшылығымен шоколад массаларын конширлеу (өңдеу) процесін жүргізу. Шоколад массасын шоколад өңдеу машиналарына тиеу. Рецептураға сәйкес эссенция мен май-какаоны қосу. Технологиялық регламенттің сақталуын және өңдеу процесінің аяқталуын бақылау. Сорғыштың көмегімен шоколад массасын түсіру және одан әрі өңдеуге тапсыру.

Білуге тиіс: шоколад массаларын өңдеу технологиясының негіздері; шоколад өңдеу машинасын пайдалану ережесі; шоколад массасын өңдеуге қойылатын талаптар.

§ 50. ШОКОЛАД ӨҢДЕЙТІН МАШИНАЛАРДЫҢ МАШИНИСІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық типтегі шоколад өңдейтін машиналарда десерттік, жалпы түрлері үшін және вакуум-конш машинада үгітілген какао үшін шоколад массаларын конширлеу (өңдеу) процесін жүргізу. Конширлеу процесі ішінде шоколад массасының тұрақты температурасын және оңтайлы технологиялық әрі органолептикалық параметрлерін: созылымдылығын, аққыштықтығын, консистенциясын, дәмін, хош иісін сақтау. Хош иістендіргіш заттарды, май-какаоны және сұйылтатын заттарды қосу. Берілген ассортиментте шоколад массаларын өнімдерді формалауға дайындау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: түрлі шоколадтар үшін шоколад массаларын өңдеу технологиясы; шоколад массаларының технологиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар; шоколад өңдеу машиналары мен вакуум-конш машиналарының құрылғысы және пайдалану ережесі; үгітілген какаоны вакуумдау процесі; алынатын жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

§ 51. ШОКОЛАД ӨҢДЕЙТІН МАШИНАЛАРДЫҢ МАШИНИСІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен автоматтандырылған ағынды желілерде шоколад массасын конширлеу (өңдеу) процесін жүргізу. Шоколад массасының температурасын реттеу. Шоколад массаларын конширлеу процесінің технологиялық және органолептикалық параметрлерін сақтау. Сынамаларды іріктеу. Шоколад массасының қасиетін түзеу үшін май-какао мен сұйылтқыштарды қосу. Өңдеу процесінің аяқталу сәтін айқындау, шоколад массасын түсіру және оны қайта өңдеуге тапсыру.

Білуге тиіс: автоматтандырылған ағынды желілерде шоколад массаларын өңдеудің технологиясы; автоматтандырылған ағынды желілер жабдығын және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

§ 52. МҮК ЖИДЕГІН ДОМАЛАТУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Консоль тіреуінде қолмен мүк жидегін құмшекерде домалату. Крахмал клейстерін пісіру, онымен мүк жидегін сулау, мүк жидегіне құмшекер себелеу және мүк жидегі салынған лотоктарды бетін опа толық жапқанша араластыру-қағу. Мүк жидегі салынған лотоктарды тасымалдағыштардан түсіру. Лотоктарды салу орындарына тасымалдау.

Білуге тиіс: қолмен мүк жидегін қантта домалату ережесі мен амалдары.

§ 53. МҮК ЖИДЕГІН ДОМАЛАТУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті мүк жидегін домалатушының басшылығымен ағынды-механикаландырылған желіде мүк жидегін қантта жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Ағынды-механикаландырылған желінің тербелмелі үстелге механикаландырылған тәсілмен мүк жидегін құмшекерде домалату. Алдын ала клейстермен суланған және құмшекер себілген мүк жидегі салынған лотоктарды үстелге орнықтыру. Домалату, құмшекер себу процесін қадағалау. Дайын мүк жидегі бар лотоктарды түсіру және қатарлап қою. Домалатылған мүк жидегін өлшеп орауға тапсыру.

Білуге тиіс: механикаландырылған тәсілмен құмшекерде мүк жидегін домалату процесін жүргізу; тербелмелі үстелдің құрылғысы және жұмыс істеу принципі.

§ 54. МҮК ЖИДЕГІН ДОМАЛАТУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды-механикаландырылған желіде мүк жидегін қантта жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау және сапасын тексеру. Мүк жидегін тасымалдағышқа, кейстер мен құмшекердің – ағынды механикаландырылған желінің мөлшерлегіш құрылғысына берілуін қадағалау. Мөлшерлерігш механизмдерді, рецептураға сәйкес мүк жидегін дамалату сапасына қарай жартылай дайын өнімді және дайын өнімді электр рефлекторлармен кептіру дәрежесін реттеу. Желінің барлық жабдықтарының өзара әрекет етуін қамтамасыз ету. Тасымалдағыштың, мөлшерлегіш механизмдердің, колерлеу және орау барабандарының, орағыш діріл машинасының техникалық жайкүйі мен жұмысын қадағалауу. Олардың жұмысындағы кінәраттарды жою.

Білуге тиіс: қант опасында мүк жидегін жасаудың технолгиясы және рецептурасы; қант опасына қойылатын талаптар; мүк жидегін қант опасында өндіретін ағынды-механикаландырыған желі жабдығының құрылғысы және пайдалану ережесі;дайын өнім сапсына қойылатын талаптар.

§ 55. КОНДИТЕР өнімдерінЕ себелеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дірілдегіштерде немесе қолмен зефирге, пастилаға, мармеладқе құмшекер себелеу. Дірілдегішке құмшекер немесе опа толтыру, қосу, оның жұмысын қадағалау. Пастиланы лотоксыз құю агрегатында пастила салынған пласталардың бір қалыпты опалануын, пластаның жоғарғы лентадан төменгіге дұрыс көшуін, рефлекторлардың жұмысын және тасымалдағыш лентасын жууды қадағалау.

Білуге тиіс: құмшекерді немесе қант опасын шығындау нормалары; себелеу сапасына қойылатын талаптар; тасымалдағыштарды пайдаланудың ережесі; өнімдерге құмшекер немесе опа себелеу амалдары.

§ 56. КОНДИТЕР өнімдерінЕ себелеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дражирлеу қазандарында карамелдерге, дражелерге құмшекер немесе какао ұнтағын себелеу процесін жүргізу. Қант шәрбатын дайындау. Кармель мен дражені дражирлеу қазандарына тиеу. Қазандарды қосу. Белгіленген рецептураға сәйкес қазандарға шәрбатты, құмшекерді, какао ұнтағын беру. Карамелдер мен дражелерді домалату барысын қадағалау. Себелеуді аяқтау уақытын айқындау. Бүлінген карамельдер мен дражені іріктеу. Карамелдер мен дражелерді бункерлерге немесе лотоктарға түсіру.

Білуге тиіс: қант шәрбатын пісірудің рецептурасы мен технологиясы; карамелдер мен дражеге себелеу ережесі мен амалдары; дражирлеу қазандарының жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі.

§ 57. ШӘРБАТТЫ БОЯУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шәрбатты әр түрлі бояғыштармен бояу. Дайын мөлдір шәрбатты жұмыс орнына тасымалдау. Рецептураға сәйкес әр түрлі бояғыштардың ерітінділерін дайындау. Белгіленген рецептураға сәйкес дайын шәрбатқа бояғыш ерітіндісін қосу. Шәрбаттың бірқалыпты боялуын қадағалау.

Білуге тиіс: бояғыш ерітіндіні дайындау нұсқаулығы; дайын мөлдір және боялған шәрбаттың сапасына қойылатын талаптар; шәрбатты түрлі бояғыштармен бояу ережесі мен амалдары.

§ 58. Ұн ЖӘНЕ түйір өндіру

желісінің оПЕРАТОРы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен ағынды механикаландырылған желілерде кондитер өндірісінде толықтырғыш ретінде қолдану үшін сығымдалған жармалардан жасалған ұн мен түйірлерін өндіру процесін жүргізу. Автоматика құралдары мен бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен берілген технологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету. Температуралық режимді бақылау және реттеу. Жарманың жарылу сапасын және түйір мөлшерін, түйірлердің үгітілу дәрежесін және оның ылғалдылығын бақылау. Ұн мен жарманың жинағыш бункерлерде толу деңгейін, шикізатты шығындау нормаларын бақылау. Өнім сапасын нашарлататын, өнімділікті төмендетін себептерді, механизмдердің жұмысындағы кінәраттарды жою. Жабдықты жөндеуге тапсыруға және жөндеуден алуға дайындау.

Білуге тиіс: сығымдалған жармалардан ұн мен түйірлерді жасаудың технологиясы; дайын өнім сапасына қойылатын талаптар; ағынды-механикаландырылған желінің қызмет көрсететін жабдығының құрылғысы және кинематикалық тәсімі; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою; дайын өнімге есеп жүргізу ережесі.


§ 59. сағыз өндіру желісінІң операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сағыз өндіру жөніндегі кешенді механикаландырылған желінің лоток станциясына қызмет көрсету. Бос лотоктарды лоток станциясының шахтасына беру. Лоток станциясының шахтасынан сағыз пластиналары салынған лотоктарды қабылдау. Сағыз пластиналары салынған лотоктарды арбашықтарға орнату. Сағыз пластиналарының өлшемін бақылау. Ақау сағыздарды бракқа шығару.

Білуге тиіс: кешенді механикаландырылған желі станцияларының жұмыс істеу принципі; сағыз пластиналарының сапасына қойылатын талаптар.

§ 60. сағыз өндіру желісінІң операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті сағыз өндіру желісі операторының басшылығымен кешенді механикаландырылған желіде сағыздарды жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Кептіру және қантты уату. Микс-машиналарда сағыз үшін массалар дайындау. Компоненттерді мөлшерлеу. Илектеу машиналарында массаны илектеу процесін жүргізу. Илектеу жылдамдығын және илектелетін массаның қалыңдығын реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын бақылау, оны қосу және тоқтату. Технологиялық режимдердің параметрлерін, қызмет көрсететін машиналардың және кешенді механикаландырылған желі механизмдерінің тоқтаусыз әрі синхронды жұмысын сақтау.

Білуге тиіс: сағыз өндіру технологиясының негіздері; сағызға арналған массаны дайындау және илектеу технологиясы; пайдаланылатын шикізаттың түрлері; сағыз жасауға арналған рецептура, қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және пайдалану ережесі; басқару пультінде орнатылған аспаптардың міндеті және жұмыс істеу принципі.

§ 61. сағыз өндіру желісіның операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кешенді механикаландырылған желіде сағыз жасаудың және формалаудың технологиялық процесін жүргізу. Термоқондырғыда масса негіздерін қыздыру. Сағыз массасының белгіленген температурасының сақталуын бақылау, оның нормадан ауытқу себептерін алдын алу және болдырмау. Массаны илектеу және сығымдаудың технологиялық процесін жүргізу. Пластиналарды кесу, калибрлеу. Пласта мен пластина қалыңдығын өлшеу. Орау-түю желісінде сағыздарды орау және буып-түю процесін жүргізу. Желі автоматтарын сағыз пластиналарымен толтыру, орау материалдарын: фольга, триплекс, этикетка салу. Блоктарды формалау және оларды қораптарға буып-түю. Желінің орау және буып-түю автоматтарының электронды және блоктау құрылғысының жұмысын бақылау. Сағыздарды блоктар мен қораптарға орау және буып-түю сапасын бақылау.

Білуге тиіс: сағыз өндірісінің, оны орау және буып-түю технологиясы; орындалатын процестің технологиялық режимі; шикізат пен дайын өнімге, оны орауға және буып-түюге қойылатын талаптар; кешенді механикаландырылған желінің қызмет көрсететін жабдықтарын пайдалану ережесі; дайын өнім және орау материалдарын шығындау нормалары.

§ 62. ШОКОЛАД МАССАСЫН ДАЙЫНДАУ

ЖЕЛІСІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды-механикаландырылған желіде шоколад массасын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Мөлшерлегіштерді, үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштарды, диірмендерді, эмульсаторларды және ағынды-механикаландырылған желінің қызмет көрсететін басқа да жабдықтарын баптау, жұмысын реттеу. Технологиялық режимнің сақталуын, мөлшерлеу, араластыру, біліктеу, бұлғау және гомогенизациялау сатысында шоколад массасын өңдеудің сапасын ақылау.

Білуге тиіс: ағынды-механикаландырылған желіде шоколад массаларын өңдеудің технологиясы; қызмет көрсететін жабдықты пайдалану ережесі.

§ 63. ШОКОЛАД МАССАСЫН ДАЙЫНДАУ

ЖЕЛІСІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты басқарылатын рецептурамен араластыратын станцияда шоколад массаларын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Рецептурамен араластыратын станция құрамына кіретін машиналар мен механизмдердің технологиялық режимін, тоқтаусыз жұмысын сақтау. Жабдық жұмысының техникалық және технологиялық параметрлерінің сақталуын, өндірістің барлық сатысында шоколад массасын өңдеу сапасын бақылау: мөлшерлеу, араластыру, біліктеу, бұлғау, гомогенизациялау.

Білуге тиіс: автоматты басқарылатын рецептурамен араластыратын станцияларды қолдана отырып, үздіксіз-ағынды өндіріс жағдайларында шоколад массаларын өңдеудің технологиялық схемасы мен режимі; рецептурамен араластыратын станциялардың жабдықтарының құрылғысы және пайдалану ережесі.


§ 64. БЕЛОК МАССАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халва өндірісінде белок массаларын дайындау кезінде қосымша жұмыстарды орындауға қатысу. Кунжут, күнбағыс және басқа да майлы дақылдардың дәнін жару. Жарылған кунжут дәнінен қабықты соломур машинасында немесе қолмен алып тастау. Тұздық ерітіндісін дайындау. Жарылған кунжут дәнін ерітіндіге тиеу. Дәндерді жуғыш машинада немесе қолмен жуу. Веялкалардың, жабылатын бактарды, сеператорды, жарғыш машиналарды толтыру, қызмет көрсету және олардың жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: кунжутқа және халва өндірісінде қолданылатын басқа да майлы дақылдарға қойылатын техникалық шарттар, оның дәндерін тұздық ерітіндіде өңдеу ережесі; қызмет көрсететін машиналар мен пневматикалық құрылғылардың жұмыс істеу принципі және ережесі; майлы дақылдардың дәндерін жару және кунжутты соломарлау.

§ 65. БЕЛОК МАССАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халва өндірісінде белок массаларын дайындау кезінде қосымша жұмыстарды орындауға қатысу. Түсетін шикізаттың сапасын, жарылуын айқындау және кунжут дәнін оранолептикалық жуу. Шикізатты цетрифугаларға тиеу. Цнтрифугаларда шикізаттың ылғалдылығын жою. Ылғалдың жойылуын органолептикалық қадағалау. Кунжутты жару және соломурлау процесінің белгіленген режимінің сақталуын қамтамасыз ету. өңделген дәндерді қуыруға немесе кептіруге беру.

Білуге тиіс: шикізаттан ылғалды жоюдың технологиялық шарттары және технологиялық процесі; шикізаттың және дәндерді өңдеу сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін машиналардың құрылғысы; дәндерді сусыздандыру тәртібі.


§ 66. БЕЛОК МАССАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті белок массасын дайындаушының басшылығымен халва өндірісінде белок массаларын дайындау процесін жүргізу. Оставаларда майлы дақыл дәндерін және арахис жаңғақтары мен кешьюді үгіту. Шикізатты бірқалыпты және тоқтаусыз тиеу. Берілген технологиялық режимге сәйкес шикізатты үгіту дәрежесін реттеу. Үгінді дәрежесін белгілеу үшін сынамаларды іріктеу. Үгінді сапасын және жұқалығын бақылау. Кептіру процесін қадағалау. Кептіргіштегі температуралық режимді реттеу.

Білуге тиіс: дәндер мен ядроларды технологиялық үгіту; белок массаларын шығуын айқындау әдісі; технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу принципі және коммуникациялардың орналасуы, оларды пайдалану ережесі; үгіндінің берілген жұқалығы; шикізат үгіндісіне және оны кептіруге қойылатын талаптар.

§ 67. БЕЛОК МАССАЛАРЫН ДАЙЫНДАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халва өндірісінде белок массаларын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Кунжуттың, арахистің түсуін қадағалау, сорт пен сапасына қарай оларды өңдеудің режимін айқындау. Тиелетін шикізаттың мөлшерленуін тексеру және реттеу. Дәндерді сулаудың, кептірудің, соломурлаудың, қуырудың және үгітудің белгіленген режимінің сақталуын қамтамасыз ету. Алынатын белок массаларының сапасын бақылау. Техникалық жай-күйін қадағалау, соломурлау және кептіру машиналарын, центрифугаларды, кептіргіштерді үгіту қондырғылары мен пневматикалық құрылғыларды баптау және жұмысын реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтың және коммуникацияның жұмысындағы кінәраттарды алдын алу және жою.

Білуге тиіс: белок массаларын дайындау технологиясы; тұздық ерітінділердің беріктігін айқындау әдісі; белок массалары өндірісіндегі технологиялық жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысында кінәраттарды анықтау, алдын алу және жою тәсілдері.

§ 68. РЕЦЕПТУРА ЖАСАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті рецептура жасаушының басшылығымен шикізаттың түрлерін іріктеу және мөлшерлеу процесін жүргізу. Мөлшерлегіштің көмегімен белгіленген рецептураға сәйкес шикізаттың түрлі компоненттерін таразылау, өлшеу. Қажет болған кезде түрлі шикізатты машиналарда немесе қолмен үгіту. Түрлі шикізатты қамыр илейтін машинаның құйғыштарына тиеу. Мөлшерлегіш аппаратураның бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысы мен көрсеткіштерін қадағалау

Білуге тиіс: кондитер өнімдерінің рецептурасы; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс істеу принципі.

§ 69. РЕЦЕПТУРА ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мөлшерлегіш аппаратураның көмегімен белгіленген рецептураға сәйкес шикізаттың түрлерін іріктеу және мөлшерлеу процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау. Рецептураға сәйкес шикізаттың барлық түрін тиеу. Мөлшерлегіш аппаратураның бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау және оған сәйкес кондитерлік массаны дайындаудың технологиялық процесін бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: түрлі кондитерлік массаның рецептурасы; шикізат пен масса сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен пайдалану ережесі.

§ 70. РЕЦЕПТУРА ЖАСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген рецептураға сәйкес түрлі шикізаттың түрлерін іріктеу және мөлшерлеу арқылы рецептуралық қоспаларды құрастырудың процесін жүргізу. Түсетін шикізатты органолептикалық және көзбен шалып бақылау. Түрлі шикізаттың түрлерін дұрыс мөлшерленуін және тиелуін қадағалау. Мөлшерлегіш аппаратураның бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша кондитерлік массалар үшін рецептуралық қоспаларды дайындаудың технологиялық процесін реттеу. Майдың рецептуралық бөлімшесіне келетін температураны қадағалау, қажет болған кезде майды белгілі температураға дейін қыздыру.

Білуге тиіс: кондитерлік массаны дайындаудың технологиясы және рецептурасы, олардың сапасына қойылатын талаптары; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және пайдалану ережесі.

§ 71. ХАЛВА ИЛЕУШІ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті халва илеушінің басшылығымен халва илеу операцияларын орындау. Тостағандарға халва массаларын толтыру. Дайын халва салынған тостағанды өлшеп бөлуге беру.

Білуге тиіс: халва дайындау технологиясының негіздері; орындалатын жұмыстың ережесі мен амалдары.

§ 72. ХАЛВА ИЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Халва илегіштерде немесе қолмен халваны араластыру процесін жүргізу. Механикаландырылған илеу кезінде – машинаны қосу және тоқтату, оның жұмысын қадағалай және бақылау. Белок массасын карамель массасымен араластыру процесін реттеу. Қоспаны араластыру процесінде карамель массасын үздіксіз созылуын реттеу және бірқалыпты консистенцияда халва және қаттамалы-талшықты құрылым алу. Халваны өлшеп бөлуге тапсыру. Қолмен илеген кезде – белок массаларын тостағандарға тиеу, оларды арбашықтарға орату, халваның қажетті құрылымын алу үшін қоспаны бірнеше амалдармен илеу.

Білуге тиіс: халваны дайындау технологиясы; халваның дайын болғандығын және сапасын органолептикалық айқындау әдісі; қызмет көрсететін жабдықтың құрығысы және пайдалану ережесі.

ПЕКТИН ӨНДІРІСІ

§ 73. ШИКІ ПЕКТИНДІ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған желіде шикі пектинді өңдеудің технологиялық процесін жүргізу. Коагуляция мен гомогенизацияда сығынды ағындарын үйлестіру. Зертхана нәтижелері бойынша шикі пектинді бөлудің процесін реттеу. Өңдірілген шикі пектиннің санын бақылау және оларды вакуум-кептіргіштер қондырғыларға тиеу. Кері спиртті бейтараптандыру және тазарту процесінің қарқындылығын қамтамасыз ету. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жабдықтың жұмысын қадағалау. Шикі пектинді өңдеудің барлық кезеңдерінде сапалы көрсеткіштерді қамтамасыз ету. Техникалық режимнің белгіленген нормалардан ауытқуын алдын алу және жою. Қызмет көрсететін учаскеде біліктілігі төмен жұмысшылардың жұмысын басқару және үйлестіру.

Білуге тиіс: шикі пектинді өңдеу учаскесінің машина-аппараттық схемасы; қызмет көрсететін машиналардың және механикаландырылған желі аппараттарының құрылғысы; спирт регенерациясының технологиялық схемасы; өңдеудің барлық кезеңдерінде шикі пектин концентратына және құрғақ пектиннің сапасына қойылатын талаптар.

§ 74. ПЕКТИН КОАГУЛИРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пектин тартқышын салқындату. Тартылғандарды чаннан тұндыратын чанға аудару. Пектинді коагуляциялау үшін хлор алюминийі мен аммиактің берілуін реттеу. Лайлы ерітіндіні сүзу. Тұнбаны тұндырғыш чанда сумен шаю. Коагулятты (тұнбаны) чаннан түсіру. Тұндырғыш чанды жуу.

Білуге тиіс: пектинді коагуляциялаудың технологиялық процесі және оны жүргізудің режимі; чандардың және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі пайдалану ережесі.

§ 75. ПЕКТИН СЫҒЫНДЫСЫН КУПАЖДАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық параметрлерді сақтай отырып, пектин сығындысы купажын жасаудың процесін жүргізу. Сығындылардың сапасы мен санын бақылау және оларды купаждағыш-тұндырғыштарға тиеуді реттеу. Купаждағыш-тұндырғыштардағы сығынды деңгейін қадағалау, оның санын айқындау және сүзуге тапсыру. Купаждау процесін бақылау үшін сынама іріктеу. Тұрып қалу деңгейін реттеу. Купаждағыш-тұндырғыштарға, мөлшерлегіш құрылғыларға, сорғыларға, коммуникацияларға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату.

Білуге тиіс: купаждағыш-тұндырғыштардың құрылғысы және қызмет көрсету ережесі; купаждау технологиялық режимінің параметрлері; купаж компоненттерінің арасалмағын белгілеу; купаждағыш-тұндырғыштар коммуникацияларының технологиялық схемасы; әр бір сығынды мен купаждың сапасына қойылатын талаптар.

§ 76. КОАГУЛЯТТЫ АТҚАРУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Коагулятты реакторда және центрифугаларда ағарту процесін жүргізу. Механикалық електе коагулятты елеу. Спиртті қайта айдау, қышқылдарды тасымалдау. Су қосылған тұздық қышқыл ерітіндісін дайындау. Ерітінді мен спиртті реакторға құю. Коагулятты реакторға тиеу. а Коагулятты ағарту процесін бақылау. Жабдықтың техникалық жағдайы мен жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: коагулятты ақтаудың технологиялық режимінің параметрлері; реактордың жұмыс істеу принципі және қызмет көрсету ережесі; қышқыл ерітіндісін қауіпсіз дайындаудың ережесі.

§ 77. ПЕКТИНДІ Экстрагирлеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пектинді гидролиздеу және сығындау процесін жүргізу. Шикізатты сығындылау-сүзгіщ чанға тиеу. Пектин тартымын сығындылау, салқындату, тұндыру және сүзу процесін жүргізу. Тартымды тұндырғыш чанға түсіру. Бөлшектерді түсіру.

Білуге тиіс: пектинді гидролиздеу және сығындылау технологиясы; қызмет көрсететін жабдықтың және қолданылатын аспаптардың құрылғысы және оларды пайдалану ережесі.


2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тар диапазоны



2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Разрядтар диапазоны

БТ

БА

шығарылым






Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Инверт шәрбатын дайындайтын аппаратшы

4

Инверт шәрбатын дайындайтын аппаратшы

4

51

Кондитер


2.

Глазурлаушы


1-4

Глазурлаушы


1-4

51

-"-

3.

Драже жасаушы

2-4

Драже жасаушы

2-4

51

-"-

4.

Бисквиттер жасаушы

1-5

Бисквиттер жасаушы

1-5

51

-"-

5.

Вафли жасаушы

1-4

Вафли жасаушы

1-4

51

-"-

6.

Карамель жасаушы

1-5

Карамель жасаушы

1-5

51

-"-

7.

Кәмпиттер жасаушы

1-5

Кәмпиттер жасаушы

1-5

51

-"-

8.

Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы

1-5

Мармелад-пастила өнімдерін жасаушы

1-5

51

-"-

9.

Таблеткалар жасаушы

3-4

Таблеткалар жасаушы

3-4

51

-"-

10.

Шоколад жасаушы

1-5

Шоколад жасаушы

1-5

51

-"-

11.

Кондитер

1-6

Кондитер

1-6

51

-"-

12.

Бұлғағыш машинаның машинисі

2-3

Бұлғағыш машинаның машинисі

2-3

51

-"-

13.

Формалағыш-орағыш жартылай автоматтың машинисі

4

Формалағыш-орағыш жартылай автоматтың машинисі

4

51

-"-

14.

Шоколад өңдейтін машиналардың машинисі

3-5

Шоколад өңдейтін машиналардың машинисі

3-5

51

-"-

15.

Мүк жидегін домалатушы

1-3

Мүк жидегін домалатушы

1-3

51

-"-

16.

Кондитер өнімдеріне себелеуші

1-2

Кондитер өнімдеріне себелеуші

1-2

51

-"-

17.

Шәрбатты бояушы

2

Шәрбатты бояушы

2

51

-"-

18.

Ұн және түйір өндіру желісінің операторы

5

Ұн және түйір өндіру желісінің операторы

5

51

-"-

19.

Сағыз өндіру желісінің операторы

3-5

Сағыз өндіру желісінің операторы

3-5

51

-"-

20.

Шоколад массасын дайындайтын желінің операторы

4-5

Шоколад массасын дайындайтын желінің операторы

4-5

51

-"-

21.

Белок массаларын дайындаушы

2-5

Белок массаларын дайындаушы

2-5

51

-"-

22.

Рецептура жасаушы

2-4

Рецептура жасаушы

2-4

51

-"-

23.

Халва илеуші

1,4

Халва илеуші

1,4

51

-"-

пектин ӨНДІРІСІ


24.

Шикі пектин өңдеу жөніндегі аппаратшы

5

Шикі пектин өңдеу жөніндегі аппаратшы

5

51

Кондитер

25.

Пектин коагулирлеуші

3

Пектин коагулирлеуші

3

51

-"-

26.

Пектин сығындысын купаждаушы

4

Пектин сығындысын купаждаушы

4

51

-"-

27.

Коагулятты атқарушы

4

Коагулятты атқарушы

4

51

-"-

28.

Пектинді экстрагирлеуші

4

Пектинді экстрагирлеуші

4

51

-"-

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау