«НАн пісіру - МАКАРОН ӨНДIРIСI» бөлімі
§ 1. Ашытқы ЖАСАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті ашытқы жасаушының немесе қамыр жасаушының басшылығымен сұйық ашытқы мен ұйытқы пісірімдерін дайындау. Шикізат пен материалдарды алу және дайындау. Сұйық ашытқыны қамыр илейтін бөлімшелерге берілуін қадағалау.
Білуге тиіс: сұйық ашытқыны дайындаудың технологиялық процесі; ашытқы цехының машиналары мен жабдықтарын пайдалану ережесі.
§ 2. Ашытқы ЖАСАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда 10 т дейін нан пісіру үшін биохимиялық әдіспен ашытқыларды көбейту және жетілдіру процесін жүргізу. Сұйық ашытқылар мен ұйытқыларға арналған қоректік ортаны зарасыздандыру. Салқындатуды және қанттандыруды бақылау. Нанның жақсартылған пісірінді сорттарын өндіру үшін сұйық ашытқыларды, пісірінділер мен сүзінділерді дайындау. Престелген ашытқыларды жандандыру. Ашытқының және ашытқы сүтінің консистенциясын, сапасын және олардың температурасын бақылау. Ашытқының қышқылдығын және көтерілуін айқындау. Сынамаларды іріктеу, мөлшерлеу, ашытқыларды өндіріске тапсыру. Бақылау талдауларын жүргізу. Ашытқы цехының жабдықтарына қызмет көрсету. Қоректік ортаны, су мен ауаны мөлшерлеудің сағаттаған режимін реттеу. Ортаның белгіленген температурасын, тығыздығын және қышқылдығын ұстау. Барлық ыдыстарды санитарлық өңдеу. Жабдықтардың, ыдыстардың, инвентардың тазалығын бақылау.
Білуге тиіс: ашытқының температурасын өлшеу және ашытқының қышқылдығы мен көтерілуін айқындау тәсілдері; сұйық ашытқылар мен ашытқы сүттерін мөлшерлеу тәсілдері мен ережесі, нанды дайындаудағы олардың мәні; сұйық ашытқыларды өндіруді бақылаудың органолептикалық әдісі.
Ауысымда10 т артық нан пісіру үшін биохимиялық әдіспен ашытқыларды көбейту және жетілдіру процесін жүргізу кезінде – 4-разряд.
§ 3. Ұйытушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда 10 т дейін нан пісіру үшін сұйық және мезофильді ұйытқыларды дайындау әрі шығындаудың өндірістік циклін жүргізу. Ұйытқылар үшін қоректендіргіштерді дайындау, органолептикалық және талдаулар негізінде ұйытқылардың ылғалдылығын, қышқылдығын, температурасын, көтерілуін бақылау. Тәтті қанттандырылған, ашытылған пісірінді дайындау. Ұйытқыларды дайындау кезінде жабдықтарға қызмет көрсету, ыдыстарды және басқа инвентарларды санитарлық өңдеу. Түрлі өнімдерді өндіру үшін ұйытқыларды мақсаты бойынша тапсыру. Жабдықтардың, ыдыстардың, инвентардың зарарсыздығын бақылау.
Білуге тиіс: сұйық және мезофильді ұйытқыларды, пісірінділерді дайындаудың технологиясы мен рецептурасы; ұйытқылар мен пісірінділердің температурасын, ылғалдылығын, қышқылдығын, көтерілуін өлшеу тәсілдері; ұйытқылардың, пісірінділердің сапасын органолептикалық бағалау әдісі; олардың сапасына қойылатын талаптар.
Ауысымға 1 т артық нан пісіру үшін сұйық ұйытқыларды дайындау әрі шығындаудың өндірістік циклын жүргізу кезінде – 5-разряд.
§ 4. ӨНДІРІСТІК ПЕШТЕРДЕ ОТ ЖАҒУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Қатты, сұйық және көгілдір отынмен жұмыс істейтін өндірістік пештердің оттығында отынды жағу процесін жүргізу. Пештер мен бақылау-өлшеу аспаптары жүйелерінің дұрыстығын тексеру. Пештерге отынды тиеу. Бұйымдардың әр сорты үшін белгіленген отынның жану процесін, тартымды, температуралық режимді реттеу. Отынды жағу және шығындау процесін бақылау. Оттықтарды тазалау. Қож бен күлді тазалау. Отынды әкелу, қож бен күлді апарып тастау.
Білуге тиіс: отынды жағу кезінде болатын процестерді; нан өнімдерін өндіру технологиялық процестерінің негіздері; отынның түрлері, сорттары және калориялығы; түрлі отын түрлерін жағу тәсілдері мен ережесі және оны үнемді шығындау әдістері; шығарылатын өнім сорттарын пісіру ұзақтығы; пісіру камерасын дымқылдандыру тәртібі; қызмет көрсететін пештердің және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі.
Көгілдір отынмен жұмыс істейтін, әр қайсысы ауысымда 3 т дейін нан өнімдерін шығаратын стационарлық оттығы бар 2 пешке немесе 2 конвейерлік пешке қызмет көрсету кезінде – 2-разряд;
көгілдір отынмен жұмыс істейтін, әр қайсысы ауысымда 3 т дейін нан өнімдерін шығаратын стационарлық оттығы бар 3 пешке немесе 3 конвейерлік пешке немесе ауысымда 3-тен 10 т дейін нан өнімдерін шығаратын 2 конвейерлік пешке немесе бір кептіргіш камерасы бар пешке қызмет көрсету кезінде – 3-разряд
көгілдір отынмен жұмыс істейтін, әр қайсысы ауысымда 3-тен 10 т дейін нан өнімдерін шығаратын стационарлық оттығы бар 3 және одан көп конвейерлі пешке немесе ауысымда 10 т артық нан өнімдерін шығаратын бір және одан көп конвейерлік пешке немесе 2 және одан көп кептіргіш камерасы бар пешке қызмет көрсету кезінде – 4-разряд
Ескерту:
1. Қатты және сұйық отында жұмыс істейтін өндірістік пештерге қызмет көрсету кезінде, тарификациялау бір разрядқа жоғары белгіленеді.
2. Бір үй-жайда тұрған пештер мен бу қазандықтарына бір уақытта қызмет көрсеткен кезде, төмен қысымдағы екі бу қазандығы қуаттылығы орташа бір пешке теңестіріледі.
5. Табақтарды тазалау және майлау
машинасының машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл табақтарын тазалау және майлау машинасын басқару және қызмет көрсету. Табақтарды әкелу, қырнауыштың көмегімен қолмен ластанған жерлерін тазалау. Өсімдік майын құю. Майлау барабанындағы фетрлі ішпектерді бақылау және оларды жұмыс істейтін қалыпта ұстау. Металл табақтарын тазалау процесінде металл щеткаларын реттеу. Табақтар тиелген арбашықтарды бөлу үстеліне және машинаға апару және тасу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін машинаның құрылғысы және пайдалану ережесі; металл табақтары мен жабдықтардың санитарлық жай-күйіне қойылатын талаптар.
§ 6. ТІЗУ МАШИНаларының машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда 2 т дейін қалаш өнімдерін өндіретін тізу машиналарын басқару және жұмысын реттеу. Органолептикалық белгілері бойынша бұйымдарды бракка шығару. Байламдарды вагонеткаларға немесе үстелге қатарлау. Шпагатты инелерге өткізу. Байлаулар мен қалаштардың терілуін қадағалау. Тасымалдағыш бойынша пешке келіп түсетін қалаш өнімдерін машина инелеріне бағыттау. Тасымалдағыштар болмаған кезде – қалаш өнімдерін машина инелеріне әкелу, вагонеткаларды экспедицияға апару және дайын өнімді тапсыру.
Білуге тиіс: дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; тізу машинасының құрылғысы және пайдалану ережесі.
Ауысымда 2 т артық қалаш өнімдерін өндіретін тізу машинасын басқару және жұмысын реттеу кезінде - 3-разряд.
Қалаштарды қолмен тізу кезінде – 1-разряд.
§ 7. Жидіту агрегатының машинисі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жартылай дайын өнімдер бар кассеталарды жидіту агрегатының люлькаларына және күйдірілген дөңгелек қамырды вагонеткаларға немесе тасымалдағыштарға қатарлау. Жартылай дайын өнімдерге көкнәр, зире, тұз себу. Жоғары білікті жидіту агрегаты машинисінің басшылығымен қамырды жидіту бойынша басқа да жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: қамырды жидітудің технологиялық процесінің негіздері; формаланған қалаш бұйымдарын жидітуге дайын болғанын айқындау ережесі; жидіту агрегатының жұмыс істеу принципі.
§ 8. Жидіту агрегатының машинисі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қамыр дайындамаларын жидіту процесін жүргізу. Жидіту агрегатының жұмыс реттеу, оларға кассеталарды орналастыру. Жартылай дайын өнімдер тиелген кассеталарды вагонеткаларға немесе тасымалдағышқа қатарлау. Қалаш бұйымдарынан босатылған табақтарды пруферге немесе вагонеткаларға қатарлау. Дөңгелек қамырларды жидіту қазандықтарына тиеу. Жидіту процесін қадағалау және бақылау. Дайындамаларды түсіру және оларды үстелде немесе тақталарда, табақтарда, кассеталарда үлестіру. Дайындамаларға қажетті формаларды беру, оларға көкнәр, зире, тұз себу. Дайындамалары бар тақталарды, табақтарды, кассеталарды стеллаждарға, вагонеткаларға қою немесе оларды кептіруге тапсыру.
Білуге тиіс: қамырды бөлу және жидітудің технологиялық процесінің мәні; формаланған қамыр дайындамаларын жидітуге және пісіруге дайын болғандығын айқындау әдісі; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен пайдалану ережесі.
§ 9. Нан өнімдерін формалаудың ағынды
желілерінің машинисі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағынды желілерде нан таяқшаларын, ши нандарын, қалаш, тәтті нан, кептірілген нан, кітірлек нан және басқа да өнімдерді формалау процесін жүргізу. Бункерге қамырдың толу аралығын дәл сақтай отырып, қамырды қамыр илейтін машиналардан қамыр кесетін агрегаттарға беруді қадағалау. Қамыр лентасының үздіксіздігін және қалыңдығын, қамырдың формалау және илектеу біліктері арасында ауысуы. Формалау біліктеріне қамырдың берілуін, серіппелі тасымалдағыштың жылдамдығын реттеу. Қамыр дайындамаларын берілген ұзындыққа кесетін тораптардың жұмысын қадағалау. Дайындамаларды табандықтарға қатарлау. Стандартқа сай емес дайындамаларды бракқа шығару. Табандықтарды формалық машиналарға дұрыс кіргізуді, табандықтарды толықсыту шкафтарына дұрыс тиеуді бақылау, температуралық режимді автоматты ұстап тұру. Желілерді қосу және тоқтату. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.
Білуге тиіс: нан өнімдерін формалаудың ағынды желілерінде қамырды формалаудың және толықсытудың технологиялық процесі; желілердің қызмет көрсететін жабдықтарының құрылғысы және пайдалану ережесі; шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; қамырдың сапасын органолептикалық бағалау әдістері; қамырдың сапасына және консистенциясына, өнімнің салмағына және формасына қойылатын талаптар; қасыр сапасының өнімінің салмағына әсері.
§ 10. ПРУФЕР МАШИНИСІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қамыр дайындамаларының сапасы мен салмағын тексеру. Қамыр дайындамаларын платаларға, толықсыту тақталарына, табақтарға қатарлау, оларды пруфер люлькаларына орналастыру.
Білуге тиіс: қамыр сапасының органолептикалық бағалау әдісі; қамыр дайындамаларының сапасына және салмағына қойылатын талаптар; дайындамаларды платаларға, табақтарға орналастыру нормалары; пруфер люлькалары; пруфердің ылғалды температуралық режимінің параметрлері; пруфердің құрылғысы; бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері, міндеті және пайдалану ережесі.
Пруфердің ылғалды температуралық режимді реттеу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде – 3-разряд.
§ 11. ҚАМЫР КЕСЕТІН МАШИНАЛАРДЫҢ МАШИНИСІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті қамыр кесетін машиналар машинисінің басшылығымен барлық типтегі формалау, домалату, жгут кесетін машиналарға қызмет көрсету. Қамыр кескіш машинаның құйғышына қамырдың түсуін реттеу. қамыр кесектерінің сапасын мен салмағын тексеру. Машинаның жекелеген тораптарын майлау және тазалау. Жартылай дайын салынған тақталар мен табақтарды вагонеткаға, тасымалдағышқа немесе пруферге қатарлау.
Білуге тиіс: қамырды кесу және толықсытудың технологиялық процесі; қамырдың сапасын органолептикалық бағалау әдісі; қамырдың сапасына, өнімнің салмағы мен формасына қойылатын талаптар; қамыр сапасының өнім салмағына және тетіктердің жұмысына әсері; қамыр мен дайын өнімнің сорттары; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі.
Нанның дана сорттарын, тәтті нан, қалаш және кітірлек нан өнімдерін кесуге арналған қамыр кесетін машинаға немесе бір бөлетін машинаға қызмет көрсету кезінде – 3-разряд;
пруфер тиелген қамыр кесетін машиналарға немесе екі бөлетін машиналарға немесе екі және одан көп пештерде жұмыс істейтін бір бөлетін машинаға қызмет көрсету кезінде – 4-разряд.
§ 12. Ағынды автоматты желілердің операторы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі сағатына 1 т дейін ағынды-автоматты желілерде макорон өнімдерін дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Қамырды араластыру және макорон өнімдерін престеу, бастундарға ілу, алдын ала және толықтай кептіру, дайын өнімді түсіру. Шнек престерінің, үздіксіз қызмет ететін кептіргіштердің, өнімді кесетін және жаятын, пневмотасымалдағыштармен байланыстыратын машиналардың және желілердің басқа да машиналары мен механизмдерінің жұмысын реттеу. Ағынды-автоматты желілердің технологиялық процесінің әр бір сатысында технологиялық режимнің параметрлерін реттеу. Басқару пультінен ағынды-автоматты желілерге кіретін машиналар мен аппараттардың тоқтаусыз және синхронды жұмысын қамтамасыз ету. Жұмыс процесінде ағынды-автоматты желілердің тораптары мен тетіктерін жөндеу және реттеу. барлық сатыда технологиялық процесті бақылау. Технологиялық журнал жүргізу.
Білуге тиіс: ағынды-автоматты желі жабдықтарының құрылғысы және конструктивтік ерекшеліктері; ағынды-автоматты желіде макорон бұйымдарын өндіру технологиясы; қызмет көрсететін жабдықты пайдалану және күту ережесі; аспаптарды бақылау-өлшеу құрылғысы және оны пайдалану ережесі; ағынды-автоматты желі машиналары мен аппараттарын қосу және тоқтату ережесі; макорон өнімдеріне қойылатын талаптар.
Өнімділігі сағатына 1 т артық ағынды-автоматты желілерде макорон өнімдерін өндірудің технологиялық процесін жүргізу кезінде – 6-разряд.
13. ШИКІЗАТТЫ ыдыссыз сақтау
қондырғысының операторы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда 1 т дейін ұнды, қант пен басқа да шикізат түрлерін қабылдау, сақтау, тасымалдау және өндіріске дайындау. Дистанциялық басқару пультінен автоматты ұн тасушыдан шикізатты қабылдау. Шикізаттың тиісті силостарға немесе басқа да ыдыстарға және өндіріске қозғалысын бақылау әрі қадағалау. Ұнның жекелеген сорттарын өндіріске беру үшін ұн желілерінің жабдықтарын кезеңмен іске қосу. Ұнның әр түрлі сорттары мен басқа да шикізат түрлерінің берілген ара қатынасын қамтамасыз ету үшін мөлшерлегіштердің жұмыс режимін реттеу. Өндіріске сорттары бойынша жіберілген ұнды, қантты және басқа да шикізат түрлерін есепке алу.
Білуге тиіс: нан және кондитерлік өнімдерді өндірудің технологиялық процесі; шығарылатын бұйымдарға рецептуралар; шикізатты шығындау нормалары; негізгі және қосымша шикізатты сақтау және тасымалдау шарты; шикізат сапасына қойылатын талаптар; шикізат сапасын бағалау әдісі; ұнды ыдыссыз сақтау және тасымалдау қондырғысы механизмдері мен аспаптарының құрылғысы; түрлі шикізат қозғалысы коммуникацияларының схемасы.
Ауысымда 10 т артық ұнды, қантты және басқа да шикізат түрлерін қабылдау, сақтау, тасымалдау және өндіруге дайындау кезінде – 5-разряд.
§ 14. Наубайшы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті наубайшының басшылығымен нан және ұлпалы-кондитерлік өнімдерді пісіру процесін жүргізу. Лотоктарды, вагонеткаларды, тасымалдағыштарды майлау және өнімдерді қатарлау. өнімдерді іріктеу. Дайын өнім тиелген вагонеткаларды бас вагонеткаларға тиеу үшін тасымалдау. Лотоктардың жай-күйін тексеру. Формаларды қолмен майлау.
Білуге тиіс: нан және ұлпалы-кондитерлік өнімдерді пісіру технологиялық процесінің негіздері; шығарылатын өнімдерді пісіру ұзақтығы, олардың дайын болу белгілері; өнімдерді лотоктарға, вагонеткаларға, транспортерге қатарлау тәсілі.
§ 15. Наубайшы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда 3 т дейін нан немесе 2 т дейін тәтті нан өнімдерін немесе 1 т дейін кітірлек және қалаш өнімдерін пісірудің; механикаландырылмаған пештерде немесе бір-екі механикаландырылған конвейерлі пештерде, бір-екі электр шкафтарда ұлпалы-кондитерлік өнімдерді пісірудің технологиялық процесін жүргізу. Қамыр дайындамаларын қалақтарға, табақтарға, кассеталарға, формаларға қатарлау. Қамыр дайындамаларын пештіктің оттығына (немесе люлькаларына) салу. Кептіргіш камералар мен пештерде кітірлектерді кептіру. Пісіретін және кептіретін камералардың температуралық және бу режимдерін бақылау. Пеш конвейерін қозғалысын және нанды салу, іріктеу және нанға бүрку механизмінің жұмысын реттеу. қамыр дайындамаларын пісіруге дайын болғанын айқындау. Өнімдерді тараларға қатарлау. Қара нан сортын пісіру үшін пештерге қамыр дайындамаларын салған кезде – қамыр кескіш машиналарға қызмет көрсету және қамырды толықсыту процесін бақылау. Пішінді нан пісіру кезінде – формалардан қағып түсіру; жеке-жеке және ұсақ өнімдер – қолмен немесе машинада кесу, қамырды майлау; қалаш өнімдері – күйдірілген қалаш дөңгелектерін кептіру; самса – майға қуыру немесе пісіру; кітірлек өнімдерді шығарған кезде – кептіргіш камераларға жартылай дайын өнім салынған вагонеткаларды, пештерге – табақтарды, кассеталарды тиеу. Жұмыс көлемі көп болмаған кезде – ұнды өндіруге дайындау, ағынды-автоматты қамырды араластыру және формалау бойынша операцияларды орындау. Өнімдерді қуыру пештерінде пісірген кезде – оттықты қадағалау, жұмысын бақылау, пісіру камерасын дайындау. Электр пештермен жабдықталған наубайханаларда – қамыр дайындамаларын табақтарға орналастыру, оларды өлшеу, қолмен кесу; вагонеткаларды орау, табақтарды толықсыту және пісіру камераларына қатарлау; дайын өнімдерді бракқа шығару және лотоктарға қатарлау.
Білуге тиіс: нан және ұн-кондитерлік өнімдерді өндірудің технологиялық процесі; пісірілген нандардың температуралық және бу режимдерінің параметрлері; өнімдерді оттықтарға және табақтарға қатарлау тәсілдері; қамыр дайындамаларын пісіруге дайын болғандығын және дайын өнімнің сапасын айқындау әдісі; пісірудің ұзақтығын реттеу, пісіру камерасын ылғалдау тәсілдері; нанның пісіп шығуына әсер ететін факторлар және оны есептеу әдістері; пештің өнімділігі; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
§ 16. Наубайшы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда 3-тен 7 т дейін нан, немесе 2 т арттық тәтті нан өнімдерін, немесе 1 т артық кітірлек, қалаш өнімдерін пісірудің; нанды қолмен салып және дайындамаларды кесіп пісірудің; нанды пештерге қалақпен салып пісірудің; 3 және одан көп механикаландырылған пештерде немесе 3 және одан көп электр шкафтарда ұлпалы-кондитерлік өнімдерді пісірудің технологиялық процесін жүргізу; қуаттылығы орташа қолмен салынатын пештерде өнімдердің тәтті ұсақ және диеталық сорттарын пісіруді, қамыр дайындамаларын кесуді, дайын бұйымдарды алуды, табақтарды тазалауды, толықтау толықсыту шкафтарына қызмет көрсетуді қосатын кешенді технологиялық процестерді жүргізу. Толықсыту пештері агрегаттарымен жабдықталған желілерде қалаш бұйымдарын жидіту және пісірудің технологиялық процесін жүргізу. Люлка оттықтарын майлау, қамыр дайындамаларын люлка оттықтарына салу. Пісіру және жидіту камераларында бу және температуралық режимді ұстап тұру. Пеш конвейерінің қозғалыс жылдамдығын реттеу.
Білуге тиіс: өңделетін өнімдер өндірісінің технологиялық процесі; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен конструктивтік ерекшеліктері; жабдықтың жұмысын реттеу ережесі.
§ 17. Наубайшы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда немесе толықсыту пеші агрегатына қызмет көрсету кезінде 7 т артық нан пісіру; тендор пештерінде пісіру кезінде технологиялық процесті жүргізу. Қамырды кесу және формалау, толықтай толықсыту және нан өнімдерін кешенді механикаландырылған желілерде пісірудің процесін жүргізу. Қамыр дайындамаларының салмағын және оларды пісіруге дайын болғандығын бақылау. Кешенді механикаландырылған желілердің қызмет көрсететін жабдықтарының: қамыр бөлетін, домалататын, орайтын, автоматты салғыштардың, толықтай толықсытатын пруфердің, кескіштің, толықсыту пеші және жидіту агрегаттарының жұмысын реттеу. Пісірудің температуралық және бу режимдерін бақылау. Дайын өнімнің сапасын бақылау. Кешенді механикаландырылған желілердің синхронды жұмысын қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: өңделетін өнімдерді өндірудің технологиялық процесі; толықсыту және пісіру режимдерінің параметрлері, оларды реттеу тәсілдері; қамырды пісіруге дайын болғандығын және дайын өнімнің сапасын айқындау әдісі; толықсыту сапасына, пісіруге және дайын өнімнің шығуына әсер ететін факторлар; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, конструктивтік ерекшеліктері пайдалану ережесі; өңделетін нан өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар.
§ 18. Наубайшы-ШЕБЕР
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Нан өнімдерін өндірудің технологиялық процесін жүргізу: ауысымда 3-тен 7 т дейін, 5 т дейін нан өнімдерінің араласқан ассортиментін, 2 т тәтті нан өнімдерін, 700 кг дейін кітірлек немесе қалаш өнімдерін, 400 кг дейін тоқаш өнімдерін. Учаскенің механикаландырылған және автоматтандырылған желілерінің барлық жабдықтарының жұмысын қадағалау. Дайын өнімді шығарудың жоспарға сәйкес сақталуын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, талдау нәтижелері және органолептикалық әдіспен бағалау бойынша қызмет көрсететін учаскенің барлық сатысында өнімдердің саны, ассортименті және сапасы бойынша тапсырманың орындалуын қадағалау. Технологиялық режимнің нормадан ауытқу себептерін алдын алу және жою, жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды жою. Пайдаланылатын шикізаттың санын және дайын өнімнің шығуын есептеу. Шикізатты, жартыдай дайын өнімді және дайын өнімді қабылдау және тапсыру.
Білуге тиіс: ұн сорттары, наубайханалық өндірістің қосымша шикізат түрлері; шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; шығарылатын өнімнің барлық сорттары мен түрлеріне арналған рецептура; шикізаттың, жартылай дайын өнімнің, дайын өнімінің сапасын бағалаудың органолептикалық әдісі, оларды сақтау шарттары; өндірудің барлық сатысында технологиялық процесті бақылаудың және реттеудің әдісі; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және пайдалану ережесі.
Ауысымда нан өнімдерін: 7 т артық нан, 5 т артық нан өнімдерінің араласқан ассортиментін, 2 т артық тәтті нан өнімдерін, 700 кг артық кітірлек немесе қалаш өнімдерін, 400 кг артық тоқаш өнімдерін өндірудің технологиялық процесін жүргізген кезде; тендер пештері мен торнядармен жабдықталған кәсіпорындарда, өнімділігіне қарамастан, нан өнімдерін өндірудің технологиялық процесін жүргізген кезде – 5-разряд;
Шикізатты ыдыссыз сақтау қондырғыларымен, қамыр дайындайтын агрегаттарымен және үздіксіз жұмыс істейтін қондырғылармен, кешенді механикаландырылған желілермен , туннель пештерімен жабдықталған кәсіпорындарда нан өнімдерін өндірудің технологиялық процесін жүргізу кезінде, ассортименті 10 артық атауы кезінде ауысымда 1,5 т артық ұсақ кондитерлік бұйымдарды шығару кезінде – 6-разряд.
19. МЕТАЛЛ ФОРМАЛАРЫ МЕН
ТАБАҚТАРДЫ ПОЛИМЕРЛЕУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Нан пісіру үшін металл формалары мен табақтарының ішкі бетінде полимерлі пленканың пайда болын қамтамасыз ететін адгезияға қарсы полимерлі құраммен полимерлеудің технологиялық процесін жүргізу. Тасымалдағыш ленталар мен маталарды кремний-органикалық сұйықтықпен өңдеу. Металл формалар мен табақтарды су эмульсиясын, қажет ететін концентрацияда, кремний-органикалық сұйықтықпен өңдеу үшін химиялық құрамды дайындау. Тасымалдағыш ленталар мен маталарды кремний-органикалық сұйықтықпен сіңдіруге дайындау: сабынды суда жуу, таза сумен бірнеше рет шаю, ауада және кептіргіш камераларда кептіру. Сіңдірілген ленталар мен маталарды кептіргіш шкафта (камерада) термиялық өңдеу. Металл формалары мен табақтарды күйдіру және бытыра ағынмен өңдеу, тозаңдату арқылы оларды адгезияға қарсы полимерлі құраммен жабу, кептіру және полимерлеу үшін пешке беру. Полимерлеу кезінде температуралық режимді реттеу. ленталарды, маталарды, формаларды, табақтарды түсіру, бракқа шығару және сақтау орнына тапсыру. Шикізаттың, химиялық реактивтер мен лактың шығындалуын есепке алу.
Білуге тиіс: қолданылатын химиялық реактивтер мен полимерлі материалдардың қасиеті; полимерлеу процесін реттеудің ережесі; полимерлі материалдар мен дайындалған ерітінділерге қойылатын талаптар; формалар мен табақтарды жабудың технологиялық нұсқаулығы; полимерлеу, ленталар мен маталарды крмений-органикалық сұйықтықпен сіңдіру және термоөңдеу процесінің технологиясы; жабылған формалар мен табақтардың, өңделген ленталар мен маталардың сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы мен пайдалану ережесі.
20. МАКАРОН ӨНІМДЕРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН
ӨНІМДЕРІН ПРЕСТЕУШІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымды үздіксіз және кезеңмен жұмыс істейтін шнекті вакуумдық және гидравликалық престерде макарон өнімдерінің жартылай дайын өнімдерін өндірудің технологиялық процесін жүргізу. Қамырдың тұрақты ылғалдылығын ұстап тұруға арналған белгіленген нормаларға дейін шикізатты қыздыру және ылғалдау. Мөлшерлегіш құрылғылардың дәл және тоқтаусыз жұмысы арқылы ұн мен судың бір қалыпты берілуін қамтамасыз ету. Өнімдердің шығарылатын жартылай дайын өнімдер ассортиментіне кіретін компоненттердің ара салмағын айқындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс процессін реттеу. Зертхана деректерінің негізінде технологиялық процесті жүргізудің дұрыстығын бақылау. Өнімдерді шығарудың және шикізат компоненттерін шығындаудың белгіленген нормаларын қамтамасыз ету. Жартылай дайын өнімдері тиелген кассеталарды вагонеткаларға қатарлау; қызмет көрсететін жабдықтардың жекелеген тораптарын майлау және тазалау.
Білуге тиіс: макарон өнімдерінің жартылай дайын өнімдерін өндірудің технолгиялық режимі, оларды жүргізудің дұрыстығын айқындау тәсілдері; престердің, вакуум қондырғылардың құрылғысы, оларды пайдалану және қызмет көрсету ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және оларды пайдалану ережесі; престеу сапасына қойылатын талаптар; өнімнің шығу, шикізаттың шығындалу нормалары; өнімнің сапасын қамтамасыз ету тәсілдері; макарон бұйымдарына қойылатын талаптар.
§ 21. Ұзын түтікті макарондарды кептіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз және кезеңді жұмыс істейтін диффузорлы кептіргіштерде ұзын түтікті макарондарды кептіру процесін жүргізу. Кептіру аймақтары бойынша қажетті технологиялық параметрлерді қамтамасыз ету үшін шиберлердің, клапандар мен вентильдердің қалпын (температурасын, ылғалдылығын, жылдамдығын) өзгерту және макарон түтіктерінің ұзындығы бойынша ауаны реверстеуді жүзеге асыру. Органолептикалық әдіспен жартылай дайын өнімнің ылғалдылығын және оны кептіру сәтінің аяқталуын айқындау. Тауар вагонеткалары мен кептіргіш шкафтарды кептіргіш аппараттарға орнату және салу әрі ассортиментіне қарай кептіру аймақтары бойынша орналастыру. Макарондарды кесудің және кассеталарға салудың, кассеталарды шкафтарға салудың дұрыстығын тексеру. Кептіру процесін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау.
Білуге тиіс: ұзын түтікті макарондарды кептірудің технологиялық процесі және технологиялық режимнің параметрлері; кептірудің технологиялық процесін жүргізу және реттеу ережесі, психрометрдің көрсеткішіне қарай диффузорлардың қайта орналастыру құрылғыларының жұмысын реттеу; ұзын түтікті өнімдердің жартылай дайын өнімдерінің сапасына қойылатын технологиялық талаптар; органолептикалық әдіспен жартылай дайын өнім мен дайын өнімнің сапасын айқындау ережесі; ұзын түтікті макарондардың сапасына қойылатын талаптар; үздіксіз, кезеңмен жұмыс істейтін және қызмет көрсететін басқа да жабдықтардың құрылғысы, техникалық сипаттамасы және пайдалану ережесі; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен құрылғысы.
§ 22. ҚАМЫР ЖАСАУШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дежаларды қамырмен қамыр илейтін машиналарға, ашытуға және аударатын машиналарға тасымалдау. Дежалар мен бункерді қамырдың қалдығынан тазалау. Ұйытқылар мен бүршіктерді мөлшерлеу. Аударатын машиналар болмаған кезде, қамырды дежадан қамыр кесетін үстелге және бөлгіш машиналардың құйғыштарына ауыстыру. Жоғары білікті қамыр жасаушының басшылығымен аса күрделі жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: қамыр илейтін және аударатын машиналардың жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі; қамыр дайындауды тәсілдері мен ережесі, оны бөлуге даярлығын айқындау әдісі; ұнның сорты.
§ 23. ҚАМЫР ЖАСАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда қуаттылығы 3 т дейін жететін кәсіпорындарда кезеңмен жұмыс істейтін қамыр илейтін машиналарда барлық технологиялық фазалар бойынша қамыр дайындау процесін жүргізу. Белгіленген режим бойынша қамыр илейтін, аударатын машиналардың және мөлшерлегіш аппаратуралардың жұмысын қамтамасыз ету. Шығарылатын өнімдерге арналған ашытқы қамырды, бүршіктерді, пісіріндіні, қамыр ұйытқысын араластыру. Шикізаттың барлық түрін мөлшерлеу. Бүршіктерді жазып жіберу. Ашытқы қамырды, бүршік пен қамырды ашыту процесін бақылау. Үлкен емес нан зауыттарында – дежаларды тасымалдау.
Білуге тиіс: кезеңмен жұмыс істейтін қамыр илейтін машиналарда ашытқы қамырды, бүршіктерді, ұйытқыларды, қамырды дайындаудың технологиялық процесі; қамыр дайындаудың технологиялық режимінің параметрлері; ашыту кезінде болатын процестер; қамыр дайындаудың технологиялық процесінің ұзақтығы; технологиялық режимді бақылау және реттеу әдісі; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, жұмыс істеу принципі; ашытқы қамыр мен қамырдың дайын болғандығын айқындау әдісі; ұнның сорттары және шикізаттың негізгі компоненттері; шикізат пен қамырдың сапасын органолептикалық әдіспен бағалау.
§ 24. ҚАМЫР ЖАСАУШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңмен жұмыс істейтін қамыр илейтін машиналарда ауысымда 3-тен 10 т дейін барлық технологиялық фазалар бойынша қамыр дайындау процесін жүргізу. Қатты балдақтау конвейері жүйелерінің желілеріндегі қалаш өндірісінде қамыр дайындау процесін жүргізу, қамырға май жағу, оның бұқтыру үшін үстелге салу, үлестеп кесу; қамырдың дайын болғандығын органолептикалық айқындау және оны бөлу учаскесіне беру. Бір немесе екі қамыр дайындайтын агрегаттарда және үздіксіз жұмыс істейтін қондырғыларда бардық технологиялық фазалар бойынша қамыр дайындаудың процесін жүргізу. Шикізатты автоматты мөлшерлегіштердің жұмысын, ашытқы қамыр мен қамырды араластыру және ашыту процесін, бөлгіш машинаның бункеріне дайын қамырды берілуін реттеу. қамырдың қажетті температурасын, қышқылдығын және консистенциясын қамтамасыз ету. Қамырдың дайын болғандығын айқындау. Мөлшерлегіш бөшкелерді шикізаттың жекелеген түрлерімен толтыру және оны еріту процесін бақылау.
Білуге тиіс: кезеңмен жұмыс істейтін машиналарда, қамыр дайындатын агрегаттарда және қалаш өндірісіндегі қатты балдақтау конвейері жүйелері желісінің үздіксіз жұмыс істейтін қондырғыларда ашытқы қамыр мен қамырды дайындаудың технологиялық процесі; қамыр дайындаудың технологиялық режимін бақылау және реттеу әдісі; мөлшерлеу автоматтарын тексеру тәсілдері, жұмысын реттеу тәсілі; шикізатты автоматты мөлшерлегіштерді және үздіксіз жұмыс істейтін қамыр дайындайтын жабдықтардың құрылғысы мен пайдалану ережесі; ашытқы қамыр мен қамырдың дайын болғандығын айқындау әдісі.
§ 25. ҚАМЫР ЖАСАУШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңмен жұмыс істейтін қамыр илейтін машиналарда ауысымда 10 т артық барлық технологиялық фазалар бойынша қамыр дайындаудың процесін жүргізу. Нан өнімдерінің көп ассортиментін шығарған кезде қамырды дайындаудың процесін жүргізу. Нан зауыттарының үш және одан да көп қамыр дайындайтын агрегаттарында және үздіксіз жұмыс істейтін қондырғыларда немесе қатты балдақтау конвейер жүйелері желілеріндегі үш және одан көп қамыр илейтін машиналарда барлық технологиялық фазалар бойынша қамыр дайындаудың процесін жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, конструктивтік ерекшеліктері және оның жұмысын реттеу ережесі; қамырдың сапасына қойылатын талаптар.
Ескертпе.
Тек ашытқы қамырды ғана дайындаған кезде тарифтеу қамыр дайындатын қамыр жасаушыдан бір разряд төмен жүргізіледі.
§ 26. Нан өнімдерін қатарлаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауысымда 5 т дейін дайын нанды және 1,2 т дейін тәтті нан өнімдерін вагонеткаларға, лотоктарға, контейнерлерге және басқа да тараға қатарлау. Экспедицияға тапсырылатын өнімді есептеу. Лотоктарға, жәшіктерге, вагонеткалар мен контейнерлерге салынған нан өнімдерінің санын бақылау. Өнімдерді стеллаждарға қатарлау. Дайын өнімді органолептикалық әдіспен бракқа шығару. Қолмен көшіру, вагонеткаларда, этажеркаларда, арбашықтарда дайын өнімді және тараны тасымалдау.
Білуге тиіс: өнімдердің сортын; нан өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар; органолептикалық әдіспен өнімді қатарлау және бракка шығару ережесі.
Ауысымда 5 т артық дайын нанды немесе 1,2 т артық тәтті нан өнімдерін қатарлау және тасымалдау кезінде – 3-разряд.
§ 27. Қамырды формалаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жеке, ұсақ тәтті нан, қалаш, кітірлек өнімдер мен самсаларды формалау. Қамырды кесуге болатынын айқындау. Қамырды кесектерге бөлу және өлшеу, жылжыту, бөлу және оларға белгіленген форма беру. Қамыр дайындамаларын майлау және өңдеу. Самса дайындаған кезде – фарш дайындау. Формаланған кесек қамырларды үстелге, тақтаға, табақтарға, формаларға, вагонеткаларға, тасымалдағыштарға қатарлау. Табақтар мен формаларды майлау. Шебер аспазшысының нұсқауы бойынша басқа да жұмыстарды орындау.
Білуге тиіс: қамырды бөлу және толықсытудың технологиялық процесі;қамыр сапасын бағалаудың органолептикалық әдісі; қамырды толықсытудың ұзақтығы және технологиялық шарттары; дайын өнімнің сапасына және қамырды бөлуге қойылатын талаптар; ұнның, нанның сорттары.
Ескертпе.
Ұсақ, иленген, фигуралы және қаттама өнімдері формалау және өңдеу кезінде тарифтеу бір разрядқа жоғары жүргізіледі.
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі
Р/с№
|
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы
|
Раз
ряд
тар диапазоны
|
2004 жылы шығарылған
БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар
|
Раз
ряд
тар диапазоны
|
БТ
БА
шығарылымының
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
| Ашытқы жасаушы |
2-4
| Ашытқы жасаушы |
2-4
|
51
|
Наубайшылық
|
2.
| Ұйытушы |
4-5
| Ұйытушы |
4-5
|
51
|
-"-
|
3.
| Өндірістік пештерде от жағушы |
2-5
| Өндірістік пештерде от жағушы |
2-5
|
51
|
-"-
|
4.
| Табақтарды тазалау және майлау машинасының машинисі |
3
| Табақтарды тазалау және майлау машинасының машинисі |
3
|
51
|
-"-
|
5.
| Тізу машинасының машинисі |
1-3
| Тізу машинасының машинисі |
1-3
|
51
|
-"-
|
6.
| Жидіту агрегатының машинисі |
2-3
| Жидіту агрегатының машинисі |
2-3
|
51
|
-"-
|
7.
| Нан өнімдерін формалаудың ағынды желілерінің машинисі |
4
| Нан өнімдерін формалаудың ағынды желілерінің машинисі |
4
|
51
|
-"-
|
8.
| Пруфер машинисі |
2-3
| Пруфер машинисі |
2-3
|
51
|
-"-
|
9.
| Қамыр кесетін машиналардың машинисі |
2-4
| Қамыр кесетін машиналардың машинисі |
2-4
|
51
|
-"-
|
10.
| Ағынды автоматты желілердің операторы |
5-6
| Ағынды автоматты желілердің операторы |
5-6
|
51
|
-"-
|
11.
| Шикізатты ыдыссыз сақтау қондырғысының операторы |
4-5
| Шикізатты ыдыссыз сақтау қондырғысының операторы |
4-5
|
51
|
-"-
|
12.
| Наубайшы |
2-5
| Наубайшы |
2-5
|
51
|
-"-
|
13.
| Шебер наубайшы |
4-6
| Шебер наубайшы |
4-6
|
51
|
-"-
|
14.
| Металл формалары мен табақтарды полимерлеуші |
4
| Металл формалары мен табақтарды полимерлеуші |
4
|
51
|
-"-
|
15.
| Макарон өнімдерінің жартылай дайын өнімдерін престеуші |
4
| Макарон өнімдерінің жартылай дайын өнімдерін престеуші |
4
|
51
|
-"-
|
16.
| Ұзын түтікті макарондарды кептіруші |
4
| Ұзын түтікті макарондарды кептіруші |
4
|
51
|
-"-
|
17.
| Қамыр жасаушы |
2-5
| Қамыр жасаушы |
2-5
|
51
|
-"-
|
18.
| Нан өнімдерін қатарлаушы |
2-3
| Нан өнімдерін қатарлаушы |
2-3
|
51
|
-"-
|
19.
| Қамырды формалаушы |
3-4
| Қамырды формалаушы |
3-4
|
51
|
-"-
|
Достарыңызбен бөлісу: |