«КРАХМАЛ-СІРНЕ өндірісі» бөлімі
§ 1. КРАХМАЛ сүтін гидролиздеу аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз жұмыс істейтін қанттандырғышта немесе конверторларда крахмал сүтін гидролиздеудің (қанттандыру) технологиялық процесін жүргізу. Дайын шәрбатты шығару. Йод сынамасы бойынша қанттандыру процесін бақылау. Қанттандыратын ыдыстарда крахмал сүтін крахмалдаудың технологиялық процесін жүргізу: сұйытылған крахмалды сорғымен беру, ферментті препаратты мөлшерлеу; қанттандыру процесінде pH белгілі температурасы мен шамасын ұстап тұру; қант өнімін ферменттің инактивациялау температурасына дейін қыздыру; сүзу жабдығына дайын қант шәрбатын сорғымен айдау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қанттандырудың технологиялық процесін реттеу.
Білуге тиіс: қанттандырудың технологиялық режимінің параметрлері; үздіксіз жұмыс істейтін қанттандырғыштың, конвертор мен қанттандырғыш ыдыстың, сорғылардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі; крахмал сүтін гидролиздеу (қанттандыру) технологиялық процесін реттеу ережесі; қантталатын өнімнің технологиялық қасиеті.
Үздіксіз жұмыс істейтін қанттандырғышта крахмал сүтін гидролиздеудің технологиялық процесін жүргізу және ферменттермен жұмыс істеу кезінде - 5-разряд.
§ 2. КРАХМАЛ АГРЕГАТЫНЫҢ АППАРАТШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті аппаратшының басшылығымен үздіксіз жұмыс істейтін агрегатта фугалы немесе құрғақ картоп крахмалын алудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша және көзбен шолып агрегаттың тұндыратын-сүзетін центрифугасының, сорғының жұмысын реттеу. Центрифугадан фугалы немесе құрғақ картоп крахмалын түсіру. Крахмалды таразылау, қаптарға салу және қоймаға бағыттау. Өнім сапасын бақылау. Төсемдерді немесе торларды ауыстыру. Жабдықтың жұмысындағы ақауды жою. Жабдықты ағынды, жоспарлы жөндеу жұмыстарына, үгіту барабанын ауыстыруға және араларды жинақтауға қатысу. Дайын өнімді есепке алу.
Білуге тиіс: үздіксіз жұмыс істейтін агрегатта фугалы немесе құрғақ картоп крахмалын алу технологиясының негіздері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және оны пайдалану ережесі; крахмалдың сапасын айқындау тәсілдері; жөндеу жүргізу ережесі.
§ 3. КРАХМАЛ АГРЕГАТЫНЫҢ АППАРАТШЫСЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті аппаратшының басшылығымен үздіксіз жұмыс істейтін агрегатта фугалы немесе құрғақ картоп крахмалын алудың технологиялық процесін жүргізу. Картоп пен судың агрегатқа түсуін реттеу. Картопты жуу, оны ұсату, қызмет көрсететін жабдықта крахмалда бөлу және тазарту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша және көзбен шолып картоп кескіштердің, елек станцияларының, центрифугалардың, сорғы блоктарының жұмысын және жекелеген станциялардағы судың мөлшерін реттеу. Барабанды тазалау, жинау, оны теңгерімдеу, кесетін барабандарды ауыстыру, елек станциялардың бетіндегі електерді ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Жабдықты баптау. Ағынды, жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Агрегатты демонтаждауға және монтаждауға қатысу, оны күрделі жөндеуден кейін қабылдау. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу.
Білуге тиіс: үздіксіз жұмыс істейтін агрегатта фугалы немесе құрғақ картоп крахмалын алу технологиясы; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және баптау ережесі; ағынды, жоспары жөндеу жұмыстарын жүргізудің ережесі; шикізат пен дайын өнімді есепке алу тәртібі; агрегаттың жекелеген машиналарын жұмысқа қосу жүйелілігі.
§ 4. ШӘРБАТТАРДЫ МАЙСЫЗДАНДЫРУ АППАРАТШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Майды ажыратқыштарда-скиммерлерде ағынды және глюкозалы шәрбаттарды майсыздандырудың технологиялық процесін жүргізу. Көзбен бақылау әдісімен аппараттың жекелеген камераларының толу дәрежесін және майдың ажырау жылдамдығын реттеу. Аппаратты тазалау және оны жинағыштарға бағыттау. Диатомитті беру. Талап етілетін сапада шәрбат алу мақсатында диатомиттің шәрбатпен қосылу уақытын реттеу. Шәрбатты жинағыштарға бағыттау. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату.
Білуге тиіс: ағынды және глюкозалы шәрбаттарды майсыздандыру әрі диатомитпен тазалау технологиясы; шәрбатты тазалау сапасына қойылатын талаптар, оны қамтамасыз ету тәсілдері; скиммерлердің, кизельгурлардың және кір жинағыштардың, сорғылардың құрылғысы.
§ 5. ГЛЮТЕНДІ ТҰНДЫРУ АППАРАТШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Глютенді тұндырудың (қоюлатудың) технологиялық процесін жүргізу. Тұндырғыштарды глютенмен белгіленген кесте бойынша толтыру. Тұндырылғаннан кейін мөлдір сұйықтықты глютен суспензиясын қоспай тұндырылған суға құю және айдау. Тұндырылған глютенді жинақтарға құю, оны сорғымен сүзгі-престер мен вакуум-фильтрлерге айдау. Талдаулардың нәтижелері бойынша және органолептикалық глютеннің стандартты концентрациясын алуды бақылау. Жабдықты қосу және тоқтату. Тұндырғыштарды зарарсыздандырғыш ерітіндімен тазалау, жуу. Аппаратура жұмысында ақаулықтарды жою.
Білуге тиіс: глютенді тұндыру технологиялық режимінің параметрлері; құрғақ глютеннің стандартты концентрациясын алу жұмысының амалдары мен тәсілдері; сұйық және қою глютенді бақылау ережесі.
§ 6. ДЕКСТРИН АЛУ АППАРАТШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Декстрин алудың технологиялық процесін жүргізуге қатысу. Крахмалды декстриндеуге дайындау: крахмалды тұздық қышқылмен қышқылдату немесе оған азот қышқылын қосу немесе реагенттерді сығылған ауамен тозаңдату арқылы крахмалды арнаулы аппаратта алюминий тұздығымен өңдеу; арнаулы кептіргіштерде қышқылдандырылған крахмалды кептіру, үгіту, електеу және декстриндеу үшін аппаратқа бағыттау. Реагенттерді бастапқы крахмалдың қышқылдығына және өңделетін декстриннің түріне байланысты мөлшерлеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және көзбен шолу әдісі бойынша реагенттерді мөлшерлеу дәлдігін және олардың крахмалдың массасы бойымен бірқалыпты таралуын сақтау. Араластырғыштардың, автоматты таразылардың, щеткалы диірмендердің, кептіргіштердің жұмысын бақылау және реттеу. Сынамаларды іріктеу. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату.
Білуге тиіс: крахмалды декстриндеуге дайындаудың технологиялық режимдерінің параметрлері; химиялық заттардың және өңделген крахмалдың сапасына қойылатын талаптар; өңделген крахмалдың сапасын қамтамасыз ету тәсілдері; сынамаларды іріктеу және қышқылдармен, реагент ерітінділерімен жұмыс істеу ережесі.
§ 7. ДЕКСТРИН АЛУ АППАРАТШЫСЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті декстрин алатын аппаратшының басшылығымен декстрин алудың технологиялық процесін жүргізу. Кезеңмен және үздіксіз жұмыс істейтін арнаулы декстринизатор аппараттарда қыздыру арқылы қышқылды крахмалдың молекулаларын Расщепление. Талап етілетін сапада өнім алу үшін декстриндеудің берілген тереңдігін: келіп түсетін шикізаттың сапасына қарай температураны, қысымды және декстриндеу процесінің ұзақтығын реттеу жолымен түсін, ерігіштігін, созымдылығын қамтамасыз ету. Крахмалдың тоқтаусыз келіп түсуін қамтамасыз ету. Декстриннің дайын болғандығын йод сынамасымен айқындау. Күрделі емес талдаулар жүргізу. Декстринді салқындату, себелеу және буып-түю. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын реттеу. Жабдықты қосу және тоқтату, оның жұмысындағы кінәратты жою.
Білуге тиіс: крахмалды декстриндеу технологиясының негіздері және режимінің параметрлері; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, пайдалану ережесі; шикізаттың, жартылай дайын өнім мен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; дайын өнімге талдау жүргізу әдістемесі.
§ 8. ДЕКСТРИН АЛУ АППАРАТШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Декстринді алудың технологиялық процесін жүргізу. Крахмалды декстриндеу технологиялық процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, химиялық талдаулар нәтижелері бойынша және көзбен шолу әдісімен берілген технологиялық процесті бақылау, реттеу және ұстап тұру. Негізгі және қосалқы жабдықтардың технологиялық режимін және жұмысын бақылау, оны қосу және тоқтату. Жабдық пен коммуникацияның күрделі емес жұмысын орындау. Шикізат пен қосалқы материалдардың қажетті санын есептеу. Шикізатты қабылдау және дайын өнімді тапсыру. Сынамаларды іріктеу.
Білуге тиіс: диекстрин өндірісінің технологиялық схемасы; декстрин өндірісінде қолданылатын жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері, оны баптау ережелері; шикізаттың, қосалқы материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар; шикізат пен қосалқы материалдарын шығындау нормалары; технологиялық режимді бақылау және реттеу әдістері; есеп жүргізу ережесі.
§ 9. ЖҮГЕРІ МАЙЫН АЛУ АППАРАТШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүгері майын алудың технологиялық процесін жүргізу: дымқыл дәнді кептіргіштерді құрғату; құрғақ дәнді сепарациялық машиналарда сорадан, кесектерден және құрғақ қабыршықтардан тазалау біліктегіш станоктарда үгіту, үгінді алу және оны күйдіргіште өңдеу; үгіндіні түрлі типтегі шнек престерінде престеу, дайын майды майсақтау қоймаларына беру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, химиялық талдаулар деректері және көзбен шолу әдісі бойынша технологиялық процестің берілген режимін реттеу және ұстап тұру. Жүгері майының берілген сапасын және шығымын қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты бақылау. Қызмет көрсететін жабдық пен коммуникацияның күрделі емес жөндеулерін орындау. Шикізатты, қосалқы материалдарды қабылдау және есепке алу, дайын өнімді тапсыру. Есеп жүргізу.
Білуге тиіс: жүгері майын өндірудің технологиялық схемасы; шикізаттың, қосалқы материалдың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар; шикізат пен қосалқы материалдарды шығындау нормалары; технологиялық режимді реттеу әдісі; есептерді жүргізу ережесі; қызмет көрсететін технологиялық жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың құрылғысы және пайдалану ережесі.
§ 10. ШәрбаттарДЫ алУ аппаратшыСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Глюкозалы немесе ағынды шәрбаттарды алудың технологиялық процесін жүргізу. Крахмалды електерде, сепараторларда, центрифугаларда, гидроциклондарда жуу. Үздіксіз жұмыс істейтін конверторларда немесе қанттандырғыштарда крахмалды қышқылды гидролиздеу. Қышқылды қышқылдағыштарда бейтараптандыру. Қажетті концентрацияда және көлемде сода ерітіндісін дайындау және оны бейтараптандырғышқа беру. Индикатор бойынша бейтараптандырудың соңын айқындау. Фременттердің көмегімен гидролиздеу кезінде – үздіксіз жұмыс істейтін конверторларда немесе қанттандырғышта сұйытылған крахмалды қышқылды немесе ферментті қанттандыру. рН шамасын реттеу және қанттандырғыш ыдыстарда қанттандыру, өнімді қыздыру. Сүзетін жабдықтарда алынған гидрализатты тазалау. Байланыстырғыш жинақтарға диаптолит, перлит шәрбатын және мөлдірлететін активтендіргіш көмірді беру. Шәрбаттарды түрлі конструкциялы сүзгіштерде сүзгілеу. Түйірлі актив көмірді пайдалана отырып, шәрбаттарды мөлдірлеу процесін жүргізу. Бағанға жаңа шығарылған көмірді тиеу және жұмысталған көмірді кезеңмен түсіру. Түйірлі көмірді жуу және термиялық регенерация. Парлау аппараттарында тазартылған глюкозалы немесе ағынды шәрбаттарды пісіру, дайын шәрбатты тоңазытқышта салқындату, арнайы ыдыстарға құю. Глюкозаны кезеңмен немесе үздіксіз жұмыс істейтін кристалдаушыларда кристалдау. Глюкозды утфельдерді центрифугаларда центрифугалау. Кристалл глюкозаларын кептіру, себелеу және буып-түю. Бақылау-өлшеу аспаптарының, химиялық талдаулардың нәтижелері және көзбен шолу әдісі бойынша берілген режимнің технологиялық процесін реттеу әрі ұстап тұру. Глюкозаның немесе ағындарды өндірістегі нормадан тыс шығындарсыз берілген сапасын және шығуын қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықтың технологиялық режимін және жұмысын баптау. Жабдықтың және коммуникацияның күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау. Шикізатты, ферментті препараттар мен қосалқы материалдарды қабылдау және есеп жүргізу, дайын өнімді тапсыру.
Білуге тиіс: глюкоза мен ағындарды шығарудың технологиялық, оларды өңдеу схемасы; шикізаттың, ферментті препараттың, қосалқы материалдардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті; технологиялық режимнің параметрлерін реттеу әдістері; есеп жүргізу ережесі; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар; шикізатты, ферментті препараттар мен қосалқы материалдарды шығындау нормалары; қызмет көрсететін технологиялық жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және пайдалану ережесі.
§ 11. Құрғақ ЖЕМ-Азық алУ аппаратшыСЫ
4- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрғақ жем-азықтарын алудың технологиялық процесін жүргізу: ірі және ұсақ езінділерді, глютендерді сүзгі-престерде, вакуум-сүзгілерде, тұндырғыш центрифугаларда (декантерлерде) және шнекті престерде сусыздандыру; кептірілген жем-азықтарын үгіту; түрлі типтегі кептіргіштерде жем-азықтарын толықтай кептіру; құрғақ жем-азықтарын елегіш машиналарда елеу; ферроқоспаларды құрғақ жем-азықтардан ажырату, оларды сақтау үшін қоймаларға тапсыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштер, химиялық талдаулардың нәтижелері және көзбен шолу әдісі бойынша берілген технологиялық процесті реттеу және ұстап тұру. Өндірістегі нормадан тыс шығындарсыз құрғақ жем-азықтардың берілген сапасын және шығуын қамтамасыз ету. Негізгі және қосалқы жабдықтардың технологиялық режимі мен жұмысын баптау. Жабдықтың және коммуникацияның күрделі емес жөндеулерін орындау. Шикізаттарды, қосалқы материалдарды қабылдау және есепке алу және дайын өнімді тапсыру.
Білуге тиіс: құрғақ жем-азықтары өндірісінің технологиялық схемасы; шикізаттың, қосалқы материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті; шикізаттың және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; шикізат пен қосалқы материалдарды шығындау нормалары.
§ 12. ҚҰРҒАҚ КРАХМАЛ АЛУ АППАРАТШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Картоп-жүгері өндіретін кәсіпорындарда құрғақ және модифицирленген крахмал алудың технологиялық процесін жүргізу. Крахмалдарды реагенттермен өңдеу, крахмалды жуу, кептіргіш центрифугаларда немесе вакуум-сүзгілерде сусыздандыру. Крахмалды түрлі жүйедегі кептіргіштерде кептіру, крахмалды елеу және өнімдерді буып-түю. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштер, химиялық талдаулардың нәтижелері және көзбен шолу әдісі бойынша берілген технологиялық процесті реттеу және ұстап тұру. Құрғақ крахмал өндіріс бойынша қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын баптау, қосу және тоқтату. Қажетті шикізат және қосалқы материалдар санын есептеу. Шикізатты қабылдау және дайын өнімді тапсыру. өндірісті бақылау үшін сынамаларды іріктеу, химиялық талдаулар жүргізу.
Білуге тиіс: құрғақ және модифицирленген крахмалдарды өндірудің технологиялық схемасы; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және оны пайдалану ережесі; шикізаттың, қосалқы материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті; химиялық реагенттермен жұмыс істеу ережесі; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар; шикізат пен қосалқы материалдарды шығындау нормалары; технологиялық режимді бақылау және реттеу әдістері; есеп жүргізу ережесі.
§ 13. ДЫМҚЫЛ крахмал алУ АППАРАТШЫСЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 100 т дейін картоп немесе 30 т дейін бидай өндіретін кәсіпорындарда картоп немесе жүгері дымқыл крахмалдарын алудың технологиялық процесін жүргізу. Картоп крахмалын алған кезде: картопты тасымалдау, жуу, үгіткіш машиналарда үгіту; ботқадан картоп шырынын ажыратып алу, крахмалды ботқадан жуу және електерде крахмал суспензияларын тазарт;крахмалды гидроциклондарда жуу, крахмалды цетнтрифугала мен вакуум-сүзгілерде сусыздандыру. Жүгері крахмалын алған кезде: сулау чандарында жүгері дақылдарын сулау, суландырған дақылды уатқыштарда ірілеп үгіту; гидроциклондарда дәндерді ажырату, үгіткіш машиналарда ботқаны жұқалап үгіту, крахмалды дәндерден және езіндіден елек арқылы ажырату. Орталықтан тепкіш сеператорларда, флотациялы машиналар мен камераларда, электр флотаторларда крахмал сүтін айыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштер, химиялық талдаулардың нәтижелері және көзбен шолу әдісі бойынша берілген технологиялық процесті реттеу және ұстап тұру. Картоп пен жүгері өңдеу жөнінде негізгі және қосалқы жабдықтардың технологиялық режимі мен жұмысын баптау. Өңделетін өнімнің берілген сапасы мен шығымын қамтамасыз ету. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Жабдық пен коммуникацияның күрделі емес жөндеулерін жүргізу. Шикізатты, қосалқы материалдарды қабылдау және есепке алу, дайын өнімді тапсыру. Қолының астындағы персоналға басшылық ету, технологиялық процестің тоқтаусыздығын қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: картоптың немесе жүгерінің дымқыл крахмалын өндіру технологиясының схемасы; шикізаттың, қосалқы материалдар мен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті; технологиялық режимді бақылау және реттеу әдісі; шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; шикізат пен қосалқы материалдарды шығындау нормалары; қызмет көрсететін технологиялық жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және пайдалану ережесі; есеп жүргізу ережесі.
§ 14. Қышқылдандырылған крахмал
дайындаУ аппаратшыСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қышқылдандырылған крахмал дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Мөлшерлеу және крахмал суспензияларының реакторларын толтыру. Қышқылдандыру, қышқылдар, сілтілер, содалар ерітінділерін дайындау, мөлшерлеу, оларды реакторларға бағыттау. Берілген температураға дейін суспензияларды қыздыру. Химиялық талдаулардың нәтижелері және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша крахмал суспензиясын қышқылдандыру процессін реттеу. Реактивтердің жұмыс істеу кестесін сақтау. Реакторлардың, мөлшерлегіштердің, адсорберлердің, араластырғыш механизмдердің, желдеткіш құрылғылардың жұмысын бақылау және реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату, оның жұмысындағы кінәраттарды жою. Сынамаларды іріктеу және күрделі емес талдаулар жүргізу. Белгіленген есепті жүргізу.
Білуге тиіс: крахмалды қышқылдандыру технологиясы; шикізат пен қосалқы материалдардың қасиеті; химиялық заттармен жұмыс істеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және пайдалану ережесі; қышқылдандырылған крахмалдың сапасына қойылатын талаптар; сынамаларды іріктеу және күрделі емес талдаулар жүргізу ережесі; есеп жүргізу тәртібі.
§ 15. КРАХМАЛДЫ ТАЗАРТУ АППАРАТШЫСЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті аппаратшының басшылығымен крахмалды ботқадан ажырату (шаю), крахмал суспензиясын тазарту, елек аппараттарында ірі және ұсақ езінді мен дәндерді ажырату, жуу процесін жүргізу. Елекке су мен ботқаның бірқалыпты түсуін және езіндіден немесе дәннен крахмалдың жуылуын қадағалау. Аппараттарды бөлшектеуге және құрастыруға, елек маталарын ауыстыруға, електерді жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: крахмалды ажырату және тазарту технологиясының негіздері; елек аппараттарының жұмыс істеу принциптері және пайдалану ережесі; електерде дымқыл крахмалды өңдеу сапасына қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету тәсілдері.
§ 16. КРАХМАЛДЫ ТАЗАРТУ АППАРАТШЫСЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Крахмалды тазарту процесін жүргізу: тәулігіне 100 т дейін картоп өңдейтін кәсіпорындарда крахмалды ботқадан ажырату (шаю), крахмал суспензияларын тазарту, түрлі жүйедегі елек аппараттарында ірі және ұсақ езінді мен дәндерді ажырату және шаю. Аппараттарда шикізатпен, сумен бірқалыпты болуын бақылау және реттеу. електердің дұрыстығын тексеру, олардың жұмыс беттерін жуу. Аппараттарды бөлшектеу және құрастыру, елек маталарын ауыстыру, ішкі бөліктерін жуу, електерді жөндеу. Крахмалдың езінді мен дәннен толық шайылуын және крахмал суспензиясын тазарту сапасын бақылау.
Білуге тиіс: крахмалды ажырату және тазарту технологиясы; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен пайдалану ережесі; крахмалды аз шығындай отырып, өнімнің көп шығарылуын және жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін аппараттардың жұмысын реттеу тәсілдері; елек маталарын ауыстыру және жөндеу тәртібі; өңделген дымқыл крахмалдың сапасына қойылатын талаптар; шығындардың жіберілетін нормалары.
Тәулігіне 100 т және одан артық картоп өңдейтін кәсіпорындарда крахмалды тазарту процесін жүргізген кезде – 4-разряд.
§ 17. БЕЛОК ЗАТТАРЫН ТЕРМИялық
КОАГУЛЯЦИялау АППАРАТШЫСЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термиялық өңдеудің екі сатысы бар коагуляторда белок заттарын коагуляциялау процесін жүргізу. Картоп шырынын коагуляция станциясына беруді, процестің температуралық режимін, өнімнің аппараттарда болу уақытын реттеу. Белок суспензияларының сынамаларын іріктеу, олардағы таразыланған заттардың құрамын реттеу. Коагуляторлар мен коммуникацияларға қызмет көрсету. Жабдықты қосу, тоқтату және тазалау. Технолгиялық режимнің нормалардан ауытқу себептерін анықтау және жою, қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою.
Білуге тиіс: термиялық өңдеудің бірінші және екінші сатысында коагуляция процесінің технологиясы мен ерекшеліктері; коагуляторлардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, коммуникациялардың құрылғысы; сынамаларды іріктеу ережесі; шикізаттың, аралық өнімдердің және дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті.
§ 18. ГИДРОЦИКЛОНШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Уатылған түйірден жүгері дәндерін немесе құмды және басқа ауыр қоспаларды гидроциклондарда ажырату процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен талдаулар нәтижелері бойынша гидроциклонға өнімдердің түсуін реттеу. Гидроциклондардың жұмысын реттеу. Жинағыштардың, электр сорғылардың, электр қозғалтқыштардың жұмысын бақылау. Сынамаларды іріктеу және күрделі емес талдаулар жүргізу. Жабдықтарды қосу және тоқтату, оның жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою. Ботқа мен дәннің сапасын қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: уатылған түйірден дәнді ажыратудың технологиялық схемасы; гидроциклондардың құрылғысы және ережесі; өнімдердің сапасына қойылатын талаптар; сынамаларды іріктеу және талдаулар жүргізу ережесі.
§ 19. ГИДРОЦИКЛОНШЫ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мультициклон станцияларында крахмалды суспензиядан белок пен еріткіш заттарды ажыратудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен талдаудың көрсеткіштері бойынша крахмал суспензиясының мультициклон станцияларына түсуін және өнімдердің қайтып келуін реттеу. Келіп түсетін өнімнің сапсы мен концентрациясына қарай мультициклон станцияларының жұмысын реттеу. Жинағыштардың, электр сорғылардың, электр қозғалтқыштардың жұмысын бақылау. Батареяның ластанған және бұзылған элементтерін ауыстыру.
Білуге тиіс: крахмалды суспензиядан белок пен еріткіш заттарды ажыратудың технологиялық схемасы; мультициклон станцияларының құрылғысы, жұмыс істеу режимінің параметрлері және пайдалану ережесі; өнім сапасына қойылатын талаптар; сынамаларды іріктеу және талдаулар жүргізу ережесі.
§ 20. ГИДРОЦИКЛОНШЫ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Он және одан артық бөлу сатылары бар гидроциклон қондырғыларда картоп ботқасын крахмал суспензиясына және картоп шырынымен езінді қоспасына бөлудің технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары мен талдаудың көрсеткіштері бойынша Картоп ботқасының гидроциклон қондырғысына түсуін және өнімдердің қайтып келуін реттеу. Келіп түсетін және соңғы өнімнің сапасына және концентрациясына қарай гидроциклон қондырғыларының жұмысын реттеу.
Білуге тиіс: он және одан артық бөлу сатылары бар гидроциклон қондырғыларда картоп ботқасын крахмал суспензиясына және картоп шырынымен езінді қоспасына бөлудің технологиялық схемасы; он және одан артық бөлу сатылары бар гидроциклон қондырғыларының құрылғысы, жұмыс істеу режимінің параметрлері, пайдалану және реттеу ережесі.
§ 21. САГО ЖАРМАСЫН ЖАСАУШЫ
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы домалатқыш барабандарда дымқылданған крахмалды домалату жолымен шар тәрізді формада саго түйірін (саго жармасы) жасау процесін жүргізу. крахмалды дымқылдау, оны барабанға салу. Бақылау-өлшеу аспаптарының және көзбен шолу әдісі бойынша барабанның жұмысын реттеу. Електерді ауыстыру. кезеңді және үздіксіз жұмыс істейтін булау аппараттарында дымқыл саго жармасын өткір бумен булаудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының және көзбен шолу әдісі бойынша саго жармасының лентаға бірқалыпты түсуін және бу камерасына немесе құбырға берілуін реттеу. қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Лентаның дұрыстығын және оның қалыпты тартылғанын кезеңмен тексеру. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою. Сынамаларды іріктеу.
Білуге тиіс: саго жармасын жасаудың технологиясы; саго жармасын булау технологиялық режимінің параметрлері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі; саго жармасының сапасына қойылатын талаптар; сынамаларды іріктеу ережесі.
§ 22. ҮККІШ МАШИНАНЫҢ МАШИНИСІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 100 т картоп өңдейтін түрлі конструкциялы үккіш машиналарда картопты үгітудің технологиялық процесін жүргізу. Картопты жуу сапасын тексеру. Картопты сапалы үгіту мақсатында үккіш машинаның бункеріне картоптың бірқалыпты түсуін реттеу. қоспаларды алып тастау. Ботқаның (езінді) сапасын тексеру. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында – крахмал сүтін тұндырғыш чандарға айдау, шырын суын төгу, крахмалды шаю, қоспаларды алып тастау және шайылған крахмалды түсіру, оның сапасын анықтау. Үккіш машинаға, араластырғыш механизмдер мен сорғыларға қызмет көрсету, олардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықтарды қосу және тоқтату, жұмысындағы ақауларды жою.
Білуге тиіс: дымқыл крахмал өндірудің технологиялық схемасы, үккіш машиналарда картопты үгіту режимінің параметрлері; крахмал жасауға арналған шикізат түрлері; картопты жуу сапасына, оны үгітуге қойылатын талаптар; қызмет көрсететін үккіш машиналардың, механизмдердің, сорғылардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі.
Тәулігіне 100 т және одан артық картоп өңдейтін үккіш машиналарда картопты үгіту процесін жүргізу кезінде немесе картопты жуу және үгіту бойынша кешенді жұмыстарды жүргізген кезде - 4-разряд_.__§_23._КРАХМАЛ_СҮТІН_ДАЙЫНДАУШЫ__3-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>4-разряд.
§ 23. КРАХМАЛ СҮТІН ДАЙЫНДАУШЫ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Крахмал сүтін гидролиздеуге дайындаудың технолгиялық процесін жүргізу. Крахмалды пурификаторларда, тұндыру-шаю центрифугаларында және гидроциклондарда шаю. Арнайы өлшегіштерде тұзды қышқыл ерітіндісін дайындау және оны крахмал сүтінің өлшегіштеріне және конвертерге қосу. Крахмал сүтінің концентрациясын және тұзды қышқыл ерітіндісін бақылау. Крахмал сүті мен тұзды қышқыл ерітіндісін қанттандыру станциясына тапсыру. Крахмал сүтін айдау үшін механизмдер мен сорғыларға қызмет көрсету.
Білуге тиіс: крахмалды шаю технологиясы; шайылған крахмалдың сапасына қойылатын талаптар; қышқылдарды пайдалану ережесі.
Вакуум-сүзгілерде крахмалды шаюдың технологиялық процесін жүргізу кезінде – 4-разряд.
§ 24. ФЛОТАТОРШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Флотациялы машиналарда глютенді суды мөлдірлеу және крахмалды суспензиядан белокты ажыратудың технологиялық процесін жүргізу. Флотациялы машиналарда суспензияның түсуін, үстіңгі және астыңғы жиындардың саны мен сапасын реттеу. Нормативтік технологиялық көрсеткіштерді сақтау. Флотация станциясының диірменді-елек және сепаратор бөлімшесімен өзара жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сынамаларды іріктеу, құрғақ заттардың концентрациясын және суспензия температурасын айқындау. Талдаулардың нәтижесі бойынша флотациялау процесін бақылау.
Білуге тиіс: флотациялау технологиясы және режимінің параметрлері; флотациялы машиналардың жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі; сынамаларды іріктеу және талдаулар жүргізу ережесі; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.
2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,
осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі
Р/с№
|
Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы
|
Раз
ряд
тар диапазоны
|
2004 жылы шығарылған
БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар
|
Раз
ряд
тар диапазоны
|
БТ
БА
шығарылым
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Крахмал сүтін гидролиздеу аппаратшысы
|
4-5
|
Крахмал сүтін гидролиздеу аппаратшысы
|
4-5
|
51
|
Крахмал-сірне
|
2.
|
Крахмал агрегатының аппаратшысы
|
3-4
|
Крахмал агрегатының аппаратшысы
|
3-4
|
51
|
-"-
|
3.
|
Шәрбаттарды майсыздандыру аппаратшысы
|
2
|
Шәрбаттарды майсыздандыру аппаратшысы
|
2
|
51
|
-"-
|
4.
|
Глютенді тұндыру аппаратшысы
|
2
|
Глютенді тұндыру аппаратшысы
|
2
|
51
|
-"-
|
5.
|
Декстрин алу аппаратшысы
|
2;
4-5
|
Декстрин алу аппаратшысы
|
2;
4-5
|
51
|
-"-
|
6.
|
Жүгері майын алу аппаратшысы
|
5
|
Жүгері майын алу аппаратшысы
|
5
|
51
|
-"-
|
7.
|
Шәрбаттарды алу аппаратшысы
|
5
|
Шәрбаттарды алу аппаратшысы
|
5
|
51
|
-"-
|
8.
|
Құрғақ жем-азық алу аппаратшысы
|
4
|
Құрғақ жем-азық алу аппаратшысы
|
4
|
51
|
-"-
|
9.
|
Құрғақ крахмал алу аппаратшысы
|
5
|
Құрғақ крахмал алу аппаратшысы
|
5
|
51
|
-"-
|
10
|
Дымқыл крахмал алу аппаратшысы
|
5
|
Дымқыл крахмал алу аппаратшысы
|
5
|
51
|
-"-
|
11
|
Қышқылдандырыл-ған крахмал алу аппаратшысы
|
3
|
Қышқылдандырыл-ған крахмал алу аппаратшысы
|
3
|
51
|
-"-
|
12
|
Крахмалды тазарту аппаратшысы
|
2-4
|
Крахмалды тазарту аппаратшысы
|
2-4
|
51
|
-"-
|
13
|
Белок заттарын термиялық коагуляциялау аппаратшысы
|
4
|
Белок заттарын термиялық коагуляциялау аппаратшысы
|
4
|
51
|
-"-
|
14
|
Гидроциклоншы
|
3-5
|
Гидроциклоншы
|
3-5
|
51
|
-"-
|
15
|
Саго жармасын жасаушы
|
3
|
Саго жармасын жасаушы
|
3
|
51
|
-"-
|
16
|
Үккіш машинаның машинисі
|
3-4
|
Үккіш машинаның машинисі
|
3-4
|
51
|
-"-
|
17
|
Крахмал сүтін дайындаушы
|
3-4
|
Крахмал сүтін дайындаушы
|
3-4
|
51
|
-"-
|
18
|
Флотаторшы
|
2
|
Флотаторшы
|
2
|
51
|
-"-
|
Достарыңызбен бөлісу: |