Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым



жүктеу 4,95 Mb.
бет7/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


«ҚАНТ ӨНДІРІСІ» бөлімі

§ 1. УТФЕЛДІ ҚАЙНАТУ АППАРАТШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құмшекер немесе шақпақ қант өндірісінің вакуум-аппараттарында утфелді қайнату бойынша қосымша жұмыстар орындау. Сынамаларды іріктеу. Аппаратқа берер алдында шәрбат пен қойылтпаны қыздыруды бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Жоғары білікті утфел қайнату аппаратшысының басшылығымен күрделі жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: утфелдерді қайнату технологиясы мен режимі туралы жалпы мәліметтер; қызмет көрсететін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті, жұмыс істеу принципі, физикалық-химиялық қасиеті және утфелдерді қайнату кезінде қосалқы материалдардың шығындалу нормалары.

§ 2. УТФЕЛДІ ҚАЙНАТУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қант қызылшасы өндірісінде және шала өңделген қантты өңдеу кезінде сыйымдылығы әртүрлі вакуум-аппараттарда екінші және үшінші кристалданған утфелді қайнату процесін жүргізу. Аппаратқа қойылтпа мен будың берілуін реттеу. Аппаратты қосу және сұйылтуды ұстап тұру. Кристалдардың пайда болу және жетілдіру процесін жүргізу. Төгу алдында кристалл массасын қойылту. Утфелдің дайын болғанын айқындау. Утфелді аппараттан утфел араластырғыштарға құю. Утфелдің аппаратта қайнау процесін, жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының дұрыстығын бақылау.

Білуге тиіс: қант зауытының кристалдау бөлімшесінің технологиялық схемасы; қантты кристалдау және сірнені жасалу технологиясының негіздері; қайнату процесінде алынатын шикізаттың (қайнатуға келіп түсетін қант өнімдері) және дайын өнімнің физикалық және химиялық қасиеті; утфелді қайнату технологиясы; жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы; вакуум-аппараттардың жұмысындағы ақаулардың түрлері және оны жоюдың тәсілдері; шикізатқа, жартылай дайын өнімге және дайын өнімге қойылатын талаптар.


§ 3. УТФЕЛДІ ҚАЙНАТУ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құмшекер өндірісінде сыйымдылығы әртүрлі вакуум-аппараттарда алғаш кристалданған утфелді қайнату процесін жүргізу. өнімдер мен буды аппаратқа беру және келіп түсуін реттеу. Аппаратты қосу және сұйылтуды ұстап тұру. Кристалл арасындағы қойылтпаны жұқарта отырып, арту коэффициентін, қыздыру температурасын және сұйылту дәрежесін сақтай отырып, кристалдардың пайда болу және жетілдіру процесін реттеу. Құю алдында кристалл массасын қойылту. Аппараттардағы температураны реттеу. Утфельдің дайын болғанын айқындау. Утфелді аппараттан утфел араластырғыштарға құю. Вакуум-аппараттар жұмысының кестесін және жылу режимін сақтау. Жабдықтың жұмысын бақылау және оның жұмысындағы кінәраттарды жою. Вакуум-аппараттарды жұмысын есепке алу бақылау.

Білуге тиіс: қант өндірісінің технологиялық схемасы; қант зауытының кристалдау бөлімшесінің міндеті мен рөлі; вакуум-аппараттардың, қосалқы жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы; вакуум-аппаратқв қызмет көрсету кезінде жұмыс орнындағы еңбектің озат әдістері; вакуум-аппараттардың жұмыс кестесі; вакуум-аппараттардың жұмысын есепке алу және бақылау негіздері.

§ 4. УТФЕЛДІ ҚАЙНАТУ АППАРАТШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Процесті автоматтандырылған басқару жүйесімен құмшекер өндірісінде және шақпақ әрі азық утфелдерін өндіруде сыйымдылығы әртүрлі алғаш кристалданған утфелдерді қайнату процесін жүргізу. Автоматика мен бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен температуралық режимді реттеуді және аппараттарда қайнату процесін бақылауды қамтамасыз ету. Жабдықтың жұмысын тексеру және оны баптау. Технологиялық журналда есеп және жазбалар жүргізу.

Білуге тиіс: процесті автоматтандырылған басқару жүйесімен вакуум-аппараттарда утфельдерді қайнату технологиясы; вакуум-аппараттардың, қосалқы жабдықтардың және утфелд іқайнату процесін автоматтандырылған басқару жүйесінің құрылғысы және кинематикалық схемасы; вакуум-аппараттардың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою тәсілдері, оларды баптау тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 5. ДИФФУЗИЯ ШЫРЫНЫН ДЕФЕКОСАТУРАЦИЯЛАУ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Екінші сатурациялау аппараттарында диффузия шырынын сатурациялау процесін жүргізу. Шырынның сілтілерін, сатурациялық газда көмір қышқылының құрамын айқындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының көрсеткіштерін, сатурациялау қазандарына келіп түсетін шырын температурасын қадағалау. Жылу алмастырғыштардың жұмысын реттеу. Шырындардың фильтрациялы қабілетін қадағалау. Көмірқышқыл газының келіп түсуін реттеу. сорғылардың, сатурациялау аппараттарының торларын тазалау, олардағы шөгінділерді төгу.

Білуге тиіс: диффузия шырынын тазалау технологиялық процесінің негіздері; екінші сатурациялаудың міндеті мен маңызы; сатурациялауға химиялық-техникалық бақылау жүргізудің негіздері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулардың түрлері, оларды алдын алу және жою тәсілдері.

§ 6. ДИФФУЗИЯ ШЫРЫНЫН ДЕФЕКОСАТУРАЦИЯЛАУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 2,5 мың т дейін қызылша өңдейтін кәсіпорындардағы үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда диффузия шырынын дефекациялау және сатурациялау процесін жүргізу. Диффузия шырының аппараттарға бір қалыпты түсуін және дефекациялау алдында қайтарылуын қамтамасыз ету. Шырынды дефекациялауға және екінші сатурациялауға әкті мөлшерлеу. Бірінші және екінші сатурациялау аппараттарына шырын мен сатурациялық газдың келіп түсуін реттеу. Қыздырғыштарда шырынның қызуын қадағалау. Келіп түсетін шырын мен сатурациялық газдың сапасын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының көрсеткіштері бойынша дефекациялау және сатурациялау процесін реттеу және бақылау. Негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету және олардың жұмысындағы ақауларды жою. Ауысымды қабылдау кезінде шырынды дефекосатурациялау процесінің жағдайын тексеру.

Білуге тиіс: диффузия шырынын дефекосатурациялау процесінің технологиясы, физикалық-химиялық негіздері; қызылшаның және өңделетін шырындардың физикалық-химиялық, технологиялық қасиеттері; процесті реттеу ережесі; қызылша өндірісінің технологиялық схемасы; қызылшаны тазалау станциясының схемасы; қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика құралдарының құрылғысы; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулардың себептері, оларды алдын алу және жою тәсілдері.

§ 7. ДИФФУЗИЯ ШЫРЫНЫН ДЕФЕКОСАТУРАЦИЯЛАУ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 2,5 мыңнан 3 мың т дейін қызылша өңдейтін кәсіпорындардағы үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда және басқару пультінен басқарылатын автоматтандырылған процестегі үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда диффузия шырынын дефекациялау және сатурациялау процесін жүргізу. Процесті автоматтандырылған жүйемен басқару жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: шырын тазалайтын бөлімшелердің түрлі типтегі жабдықтарының конструктивтік ерекшеліктері; дефекосатурациялаудың автоматтандырылған процесі бар үздіксіз жұмыс істейтін аппараттардың құрылғысы; басқару пультінен дефекосатурациялаудың автоматтандырылған процесін жүргізу ережесі; электр техника негіздері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою тәсілдері.


§ 8. ДИФФУЗИЯ ШЫРЫНЫН ДЕФЕКОСАТУРАЦИЯЛАУ АППАРАТШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тәулігіне 3 мың т артық қызылша өңдейтін кәсіпорындарда шағын процессорлы бақылаушылардың негізінде автоматтандырылған басқару жүйесі бар үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарда және диффузия шырынын дефекациялау және сатурациялау процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу жүйелерінің көрсеткіштерін пайдалана отырып, диффузия шырынын дефекосатурациялау процесінің берілген технологиялық параметрлерін орындау. Қызмет көрсететін жабдықтың өнімділігінің төмендеу себебін анықтау және жою. Қажетіне қарай технологиялық процесті жартылай автоматты және қолмен жүргізу. Процесті автоматтандырылған жүйеде басқарудың жұмысын қадағалау. Автоматтандырылған процестің авариялық диагностикасы жүйесіндегі қателерді және авариялық хабарламаларды талдау. Қызмет көрсететін электрондық жабдықтарды реттеу және теңшеу.

Білуге тиіс: диффузия шырынын дефекациялау және сатурациялаудың технологиялық процесі; автоматты басқарылатын жабдықтардың құрылғысы және ережесі; қол, жартылай автоматты және автоматты режимде автоматты басқарылатын жүйенің жұмыста және автоматты блокировкасы; қызмет көрсететін жабдықтың өнімділігін төмендетудің себептерін анықтау және жою тәсілдері; электр техника негіздері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 9. Қант КЛЕРЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құмшекер өндірісінде клерлеу дайындау және шақпақ қант өндірісінде қайтармалардан клерс пен шәрбат дайындау процесін жүргізу. Клер араластырғыштарға қызылша шырының, судың, қойылтпаның және шақпақ қант өндірісінің шайындыларының келіп түсуін реттеу. Аффинациялы араластырғыштарға, торлар мен сорғыларға қызмет көрсету. Ағартқыш клесрті дайындау және салқындату әрі өлшегіштерді толтыру.

Білуге тиіс: клерлеу мен клерсті дайындау технологиясы; қызмет көрсететін учаскенің технологиялық тәсімі; клерсті және шәрбатты клерлеу сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс істеу принципі және техникалық пайдалану ережесі.

§ 10. Қант КЛЕРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес ақ клерлеуде шала өңделген қантты, құмшекерді жаю процесін жүргізу. Жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Шикізатты қабылдау және тапсыру, оның техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру. Жабдықтың берілген жұмыс режимін ұстап тұру. Жабдықты баптауға және жұмысындағы кінәраттарды жоюға қатысу. Ақ клерлеуді дайындау сапасын және жаю бөлімшесінің жұмысын бақылау. Құмшекерді жаюға тапсырған кезде белгіленген есеп пен есептеме жүргізу. Технолгиялық режиммен белгіленген тығыздық пен температураны сақтай отырып, шақпақ қант өндірісінде құмшекерден шәрбат пен клеср дайындаудың процесін жүргізу. Клер араластырғыштарға қанттың, судың, шақпақ қант өндірісінің шайындыларының және будың берілуін реттеу. Клер араластырғышына басқа қоспаларды араластырмау. Електердің, шпагат ұстағыштардың, сорттау қондырғылардың және торлардың қалыпты жұмысын, тиісті шәрбат пен клерс дайындау үшін құмшекердің сапасына қарай дұрыс берілуін қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: жаю бөлімшесінде ақ клер алудың технологиясы және өндіріс процесі; технологиялық режимнің параметрлерін реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы; құмшекерді жаюға берген кезде белгіленген есеп және есептеме жүргізу ережесі; шикізаттың сапасына қойылатын талаптар.

§ 11. ИОНИТТІ ҚОНДЫРҒЫ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құмшекер және шақпақ қант өндірісінің ионитті реакторларында екінші сатурациялаудың диффузия шырынын, шәрбат пен қойылтпаны ионитті тазалау процесін жүргізу. Реакторларға шырынның, шәрбат пен қойылтпаның берілуін, оларды мөлдірлеу және тазалау дәрежесін, мөлдірлеу процесінің аяқталуын қадағалау. Автоматиканы пайдалана отырып және бақылау-өлшеу аспаптары бойынша процестің технологиялық режимін сақтау және реттеу. рН өзгеруі бойынша иониттің жұқаруын қадағалау. Реакторларды шаю және шаятын суды мақсаты бойынша бағыттау. Ионитті регенерациялау және оларды тұздар мен қышқылдарды қолдана отырып жуу. Реакторлардағы процестің жағдайын, жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың дұрыстығын тексеру.

Білуге тиіс: физика мен химияның негіздері; екінші сатурациялаудың диффузия шырынын, шәрбаттарды, қойылтпаны ионитті тазалау, ионитті қондырғыда орындалатын қосалқы процестердің технологиясы; қызмет көрсететін автоматиканың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті және жұмыс істеу принципі; иониттердің, шырындардың, шәрбат пен қойылтпаның қасиеті; ионитті шайырларды регенерациялау тәсілі.


§ 12. СЫНАМА ІРІКТЕЙТІН

ҚОНДЫРҒЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нақты ластануын анықтау үшін автомашиналардан және теміржол вагондарынан механикаландырылған тәсілмен қызылша сынамаларын іріктеу. Сынама іріктейтін қондырғылардың негізгі және қосалқы механизмдеріне қызмет көрсету. Қызылша тиелген автомашина немесе теміржол вагондарын сынама іріктеу үшін дұрыс қойылуын қадағалау. Сынама іріктеу қондырғыларының қызмет көрсететін механизмдері жұмысындағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: сынама іріктейтін қондырғының қызмет көрсететін механизмдерінің жұмыс істеу принципі, басқару және реттеу; сынама іріктеу ережесі және қызылшаның сынамасын іріктеуге қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтардағы ақаулардың себептері және оны жою тәсілдері, электр техника мен слесарлық іс негіздері.

§ 13. ҚАНТ ӨНДІРІСІНДЕГІ БАСҚАРУ

ПУЛЬТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құмшекер немесе шақпақ қант өндірісі учаскесінің өндірістік станцияларының талаптары мен параметрлерін сақтай отырып, станцияның өзара әрекет ететін барлық агрегаттарының тоқтаусыз және нақты жұмысын қамтамасыз ету кезінде дистациялық автоматтық басқару пультіне қызмет көрсету. Аспаптардың (өлшегіш, реттегіш, атқарушы құрылғылардың және дистанциялық тапсырғыштардың) көрсеткіштерін қадағалау. Қызмет көрсететін агрегаттардың жұмысы туралы жазбалар жүргізу.

Білуге тиіс: электр техника, химия және физика негіздері; қызмет көрсететін агрегаттардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі; өндіріс процесінің технологиялық схемасы; өндіріс станцияларында технологиялық режимнің параметрлері.

§ 14. ҚАНТ ӨНДІРІСІНДЕГІ БАСҚАРУ

ПУЛЬТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құмшекер немесе шақпақ қант өндірісінің негізгі учаскелерінің өндірістік станцияларының талаптары мен параметрлерін сақтай отырып, станцияның өзара әрекет ететін барлық агрегаттарының тоқтаусыз және нақты жұмысын қамтамасыз ету кезінде дистанциялық автоматтық басқару пультіне қызмет көрсету. Аспаптардың (өлшегіш, реттегіш, атқарушы құрылғылардың және дистанциялық тапсырғыштардың) көрсеткіштерін қадағалау. Аппараттарды, агрегаттар мен аспаптарды шұғыл қосу, қайта қосу және сөндіру. Релелі қорғау, автоматика, сигнализация мен екінші коммутацияның жекелеген аспаптарын баптау және ақауларын жою.

Білуге тиіс: электроника, электр техника, химия және физика негіздері; қызмет көрсететін аппараттардың, агрегаттардың, автоматтық схемалардың, релелі қорғау аспаптарының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы; учаскенің өндірістік процесінің технологиялық схемасы және технологиялық режимінің параметрлері.

§ 15. ҚАНТ ӨНДІРІСІНДЕГІ БАСҚАРУ

ПУЛЬТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бас басқару пультінен құмшекер немесе шақпақ қант өндірісі учаскесінің өндірістік процестерін басқару. Агрегаттың, станциялардың, учаскелердің жұмысындағы технологиялық ақаулардың алдын алу, анықтау және жою. Релелі қорғау, автоматика, сигнализация мен екінші коммутацияның жекелеген аспаптары жұмысының ақауларын жою.

Білуге тиіс: автоматтың схеманы салу принципі; Релелі қорғау, автоматика, сигнализация мен екінші коммутация аспаптарының теңшеу параметрлері; өндірістік учаскелердің жұмыс істеу кестесі; учаскелердегі өндірістік процестердің технологиялық схемасы және технологиялық режимдерінің параметрлері.

§ 16. ҚАНТ ӨНДІРІСІНДЕГІ БАСҚАРУ

ПУЛЬТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Командалық-бағдарламалаушы панельдердің көмегімен қант өндірісінің өндірістік процестерін басқару. Бақылау-өлшеу жүйелері мен қосымша өлшегіш кешендердің көмегімен қажетті технологиялық режимді орындау және қанттың берілген физикалық және сапалы параметрлерін қамтамасыз ету. Технологиялық процестің барлық сатысын басқару және қант өндірісінің барлық учаскелерінің жұмысын үйлестіру. Қанттың шығымын, шикізат пен материалды шығындау нормаларының сақталуын бақылау.

Білуге тиіс: қант өндірісінің барлық учаскесіндегі өндірістік процестердің технологиялық схемасы мен технологиялық режимдерінің параметрлері; қант өндірісі учаскелерінде жұмыс станциялардың, терминалдар мен дистанциялық басқарылатын станциялардың қызмет көрсететін жабдықтарының құрылғысы; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, шағын процессорлы бақылаушылардың жұмыс істеу; қант өндірісін басқару жүйесін пайдалану ережесі, шағын процессорлы бақылаушылар арқылы түзеуші командалар мен ақпараттарды енгізу ережесі; бақылау-іздестіру жүйелері мен құрылғыларынан келетін хабарлардың тізімі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 17. ҚЫЗЫЛША КЕСУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті қызылша кесушінің басшылығымен қызылша жоңқаларын алу үшін қызылшаны қызылша кескіштерде кесу. Пышақ рамалары жиынтығын және құралдарды дайындау. Қызылша кескіштер мен жетекті механизмдердің жұмысын қадағалау. Қызылша кескіштер мен жетекті механизмдердің жоспарлы-алдын ала жөндеулерін жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: қызылша жоңқаларын алу технологиялық процесінің негіздері; жоңқа сапасына қойылатын талаптар; пышақ рамалары жиынтығын таңдау және оларды қызылша кескіштерге орнату ережесі; қызылша кескіштер мен жетекті механизмдердің жұмыс істеу принципі.

§ 18. ҚЫЗЫЛША КЕСУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызылша жоңқаларын алу үшін қызылшаны қызылша кескіште кесу. Қолданылатын пышақтардың сапасын тексеру, пышақтарды рамаларға жинақтау және оларды аспаптар мен шаблондар бойынша қызылша кескіштерге орнату. Өңдеуге келіп түсетін қызылшаның сапасына қарай пышақтарды көтеруді реттеу. Қызылшаны кесудің режимін таңдау. Қызылша жоңқаларының диффузия аппаратына келіп түсуін реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою. Қызылша кескіштер мен жетекті механизмдердің жоспарлы-алдын ала жөндеулерін жүргізу.

Білуге тиіс: қызылша жоңқаларын алу технологиясы; пышақ сапасына қойылатын талаптар, оларды қайрау ережесі; әр түрлі сапалы қызылшадан қызылша жоңқаларын алу шарттары; қызылша жоңқаларын қантты ажырату технологиясының негіздері; қызылша кескішке қосылып кеткен бөгде заттарды алып тастау; қызылшаны қызылша кескіште кесу режимін қолмен және автоматты реттеу.

2004 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген,

осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі


Р/с№

Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Разряд

тар диапазоны



2004 жылы шығарылған

БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар



Раз

ряд


тар диапазоны

БТ

БА

шығарылым






Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Утфелді қайнату аппаратшысы

2;

4-6


Утфелді қайнату аппаратшысы

2;

4-6


51

Қант

2.

Диффузия шырынын дефекосатурациялау аппаратшысы

3-6

Диффузия шырынын дефекосатурациялау аппаратшысы

3-6

51

-"-

3.
Қант клерлеуші

2-3
Қант клерлеуші

2-3

51

-"-

4.

Ионитті қондырғы операторы

4

Ионитті қондырғы операторы

4

51

-"-

5.

Сынама іріктейтін қондырғының операторы

3

Сынама іріктейтін қондырғының операторы

3

51

-"-

6.

Қант өндірісіндегі басқару пультінің операторы

3-6

Қант өндірісіндегі басқару пультінің операторы

3-6

51

-"-

7.

Қызылша кесуші

2;4

Қызылша кесуші

2;4

51

-"-

жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау