|
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017жылғы «__» ________
№ _______ қаулысымен бекітілген
|
Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебіненсалынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі пайдалану қағидасы
Осы Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі пайдалану тәртібін белгілейді.
Қағида Маңғыстау облысының облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, коммуналдық заңды тұлғаларға, Маңғыстау облысы әкімдігінің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге таралады.
Қағиданың орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы – «Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы басқармасы) жүктеледі.
2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі - бюджетті орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын және Маңғыстау облысының коммуналдық мүлкін иеленуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті мемлекеттік мекеме;
2) бюджеттік бағдарлама әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжат – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрын жүргізу мақсаты үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамасынан тұратын құжат;
4) жылжымайтын мүлік – жермен тығыз байланысты жер учаскелері, ғимараттар, үй-жайлар мен басқа да мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
5) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі Маңғыстау облысының коммуналдық меншігінде болып табылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
6) коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
7) қабылдаушы тарап – мүлікті Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне өзінің меншікті теңгеріміне шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға өз теңгеріміне қабылдайтын тарап;
8) құқықтық кадастрдан мәліметтер - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;
9) мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі - мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен салынған, құрылысы аяқталған объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдау актісі;
10) тапсырушы тарап – Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне мүлікті тапсыратын заңды тұлға;
11) теңгерімдік құны – актив немесе міндеттеме бухгалтерлік теңгерімде танылатын сома;
12) техникалық паспорт – құқықтық кадастр жүргізу үшін қажетті бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамасынан тұратын, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша жасалған белгіленген нысандағы құжат;
2. Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдаутәртібі
3. Салынған объектіні пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы толық дайын болғанда жүргізеді.
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі дайын құрылыс өніміне арналған мүліктік құқықты тіркеудегі бастапқы ерекше құжат болып табылады.
Бюджет қаражаты есебінен салынған жылжымайтын мүлік құқығын тіркеген соң коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану үшін коммуналдық меншікке беріледі.
4. Сатып алынған мүлік коммуналдық заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы, оралымды басқару) теңгеріміне бекітілген, сондай-ақ Әкімдік қаулысының, Қаржы басқармасы басшысының теңгерімге беру туралы бұйрығының, қабылдау-беру актісінің негізінде одан әрі пайдалану үшін Әкімдіктің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталын төлеуге берілгеннен бастап коммуналдық меншікке түскен болып саналады.
5. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған жылжымайтын мүлік пайдалануға енгізілген сәттен бастап мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің негізінде жылжымайтын мүліктің меншік және тұрақты жер пайдалану құқығын тіркейді.
6. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері мүлік тіркелген сәттен 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданатын жылжымайтын мүліктің теңгерім ұстаушысын анықтайды және осы Қағиданың 3-бөлімінде көрсетілген құжаттар тізбесін Қаржы басқармасына объектіні коммуналдық меншікке қабылдау және оны әрі қарай пайдалану туралы бұйрық әзірлеу және қабылдаушы және беруші тараптар қол қойған мүлікті қабылдау-тапсыру актісін бекіту үшін жолдайды.
7. Объектіні коммуналдық меншікке беру кезінде құжаттарды рәсімдеуге қатысты барлық шығындар бюджет қаражат есебінен іске асырылатын, объект құрылысына қатысатын бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жүктеледі.
8. Барлық талап етілетін құжаттар болған жағдайда Қаржы басқармасы 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікті Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне қабылдау туралы бұйрықты ресімдейді және мүлікті қабылдау-беру актісін мемлекеттік және орыс тілдерінде, ресімдеуге қатысатын, қабылдаушы, беруші тараптар үшін және Қаржы басқармасы үшін бір-бір данадан, үш данада бекітеді.
Ақтау және Жаңаөзен қалаларының және аудандардың коммуналдық меншіктеріне беру кезінде сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органдармен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде кешіктірмей қаулы дайындалады.
9. Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне мүлікті қабылдағаннан кейін, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығын тіркеуді теңгерім ұстаушы (қабылдаушы тарап) жүзеге асырады.
3. Қаржы басқармасына берілетін Маңғыстау облысының коммуналдықменшігіне мүлік қабылдау кезіндегі құжаттар тізбесі
1) тіркеу органында тіркелген, салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда жұмыс комиссиясының қорытындысы ұсынылады;
2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;
4) жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрынан мәліметтер;
5) бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған, қосымшаға сәйкес беруші органның мөрі басылған шығындарының толық талдамасымен берілген объектінің теңгерімдік құны туралы анықтама;
6) беруші, қабылдаушы тараптардың қолдары қойылған мүлікті қабылдау-беру актілері.
4. Қорытынды және өтпелі ережелер
13. Осы Қағидада қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
|
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы «__» ____________
№ ____ қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының коммуналдық
меншігіне бюджет қаражаты
есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі пайдалану қағидасына қосымша
|
Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне кабылданатын объектініңтеңгерімдік құны туралы анықтама
Объектініңатауы: _____________________________________________
Р/с №
|
Объект салу кезінде орындалған шығындар атауы
|
Құны (теңге)
|
1.
|
Ғимарат (орын-жай, трансформаторлық қосалқы станция, таратып тұратын қосалқы станция)
|
|
2.
|
Жабдық
|
|
3.
|
Инженерлік желілер
|
|
4.
|
Абаттандыру (көгалдандыру, жол, жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар, телефондандыру)
|
|
5.
|
Құрылыс-монтаж жұмыстары (объект бойынша)
|
|
6.
|
Шағынсәулеттiкнысандар (орындықтар, сауыттар)
|
|
7.
|
Объектіні салу кезінде орындалған өзге де шығындар
|
|
Жиыны:
|
|
Бюджет қаражаты есебінен іскеасырылатын, объектіні салуғақатысатын бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы _____________________
Бас бухгалтер _________________ МО
Достарыңызбен бөлісу: |