Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым) 1- бөлім. Жалпы ережелер


Параграф 3. Пресспат машинисі (торшы), 5-разряд



жүктеу 2,77 Mb.
бет9/13
Дата18.12.2017
өлшемі2,77 Mb.
#4640
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Параграф 3. Пресспат машинисі (торшы), 5-разряд
419. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін кептіру бөлігі бар, техникалық картонның арнайы түрлерін шығаратын жалпы өнімділігі тәулігіне 100-300 т дейінгі пресспатта және құю және кептіру процессін жүргізу;

пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;

алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;

пресспатты баптау;

машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге басшылық жасау және қатысу;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;

талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

420. Білуге тиіс:

пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі;

талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;

мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.



Параграф 4. Пресспат машинисі (торшы), 6-разряд
421. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам пресспатта құю және кептіру процессін жүргізу;

пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;

алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;

пресспатты баптау;

машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге басшылық жасау және қатысу;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;

талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

422. Білуге тиіс:

пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі; талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;

мемлекеттік стандарт бойынша целлюлозаның сапалық көрсеткіштері.

95. Пресспат престеушісі

Параграф 1. Пресспат престеушісі, 2-разряд
423. Жұмыс сипаттамасы:

бір-екі престі және қыздырушы кептіргіш цилиндрлі пресспаттарға қызмет көрсету;

целлюлоза жаймасы мен басқа да жартылай дайын өнімдерді преске салу;

біркелкі сығуды реттеу;

тор мен шұғаны түзету;

құм сауыт пен сұрыптау барабанындағы массаның қозғалу барысын бақылау;

пресспат қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу;

пресспаттың ылғал бөлігінің бақылау-өлшеу аппаратурасын бақылау.

424. Білуге тиіс:

машинаның пресс бөлігінің құрылысы;

массаны торға жіберу тәсілдері;

тор мен престеу шұғасын реттеу ережесі мен тәсілдері.

Үш және одан да көп престі және кептіргіш цилиндрлерінің қыздырушы топтарының пресспаттарына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.

96. Пресспатты кептіруші

Параграф 1. Пресспатты кептіруші, 2-разряд
425. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары кептірушінің басшылығымен целлюлоза жаймасын кептіру процессін жүргізу;

целлюлоза жаймасы мен басқа да жартылай дайын өнімдерді кептіру шкафтары мен цилиндрге салу;

жайманы қабаттарға кесілуін реттеу;

машинаны тазалау және ақаулықтарын түзету;

целлюлоза жаймасын және басқа да жартылай дайын өнімдерді жалпы өнімділігі тәулігіне 100 т кептіру бөлігі бар пресспатта кептіру;

слюдинит өндіру;

алдын ала кептіру жұмысын, ыстық престеу және салқындату құрылғысын бақылау;

будың кептіру шкафына немесе цилиндрге берілуін реттеу;

машинаның қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу. қабаттың кептіру бөлігінің қалыпты жағдайын, желдеткіш және конденсаттық құрылғылардың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;

буды жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

426. Білуге тиіс:

пресспаттың кептіру бөлігінің құрылысы; кептіру топтары мен цилиндрлердің арасында бөлу және конденсатты іріктеу схемасы;

жазу прессі мен салқындату құрылғысы жұмысының целлюлозаның сапасы мен оның одан әрі өңделуіне тигізетін әсері;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

целлюлозаны кептірудің технологиялық процессі, оның сапалық көрсеткіштері;

ылғалдығын айқындау және оның целлюлозаны кейіннен өңдеуге тигізетін әдістері.

Параграф 2. Пресспатты кептіруші, 3-разряд
427. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза жаймасын және басқа да жартылай дайын өнімдерді жалпы өнімділігі тәулігіне 100-300 т кептіру шкафы бар пресспатта кептіру;

алдын ала кептіру жұмысын, ыстық престеу және салқындату құрылғысын бақылау;

будың кептіру шкафына немесе цилиндрге берілуін реттеу;

машинаның қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу. қабаттың кептіру бөлігінің қалыпты жағдайын, желдеткіш және конденсаттық құрылғылардың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;

буды жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

428. Білуге тиіс:

пресспаттың кептіру бөлігінің құрылысы;

кептіру топтары мен цилиндрлердің арасында бөлу және конденсатты іріктеу схемасы;

жазу прессі мен салқындату құрылғысы жұмысының целлюлозаның сапасы мен оның одан әрі өңделуіне тигізетін әсері;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

целлюлозаны кептірудің технологиялық процессі, оның сапалық көрсеткіштері;

ылғалдығын айқындау және оның целлюлозаны кейіннен өңдеуге тигізетін әдістері.

Параграф 3. Пресспатты кептіруші, 4-разряд
429. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза жаймасын және басқа да жартылай дайын өнімдерді жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам кептіру шкафы бар кептіру цилиндрлерінің саны он топқа дейінгі пресспатта кептіру процессін жүргізу;

алдын ала кептіру жұмысын, ыстық престеу және салқындату құрылғысын бақылау;

будың кептіру шкафына немесе цилиндрге берілуін реттеу;

машинаның қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу;

қабаттың кептіру бөлігінің қалыпты жағдайын, желдеткіш және конденсаттық құрылғылардың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;

буды жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

430. Білуге тиіс:

пресспаттың кептіру бөлігінің құрылысы;

кептіру топтары мен цилиндрлердің арасында бөлу және конденсатты іріктеу схемасы;

жазу прессі мен салқындату құрылғысы жұмысының целлюлозаның сапасы мен оның одан әрі өңделуіне тигізетін әсері;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

целлюлозаны кептірудің технологиялық процессі, оның сапалық көрсеткіштері;

ылғалдығын айқындау және оның целлюлозаны кейіннен өңдеуге тигізетін әдістері.

Целлюлоза жаймасын және басқа да жартылай дайын өнімдерді жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам кептіру цилиндрлерінің саны он топқа дейінгі пресспатта кептіру кезінде - 5-разряд.

97. Пресспаттың ораушысы

Параграф 1. Пресспаттың ораушысы, 2-разряд
431. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлозаны орауышқа орау;

біліктерді алу және оларды стеллажға салу;

үзілген кезде папканы пресске салу;

пресспаттың қаптамасын ауыстыруға қатысу;

пресспатты жуу және тазалау.

432. Білуге тиіс:

пресспат орауышының құрылысы;

целлюлозаның сапалық көрсеткіштері.

98. Пішіп кесуші

Параграф 1. Пішіп кесуші, 2-разряд
433. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз тығыздығын белгілі бір бөлшектерге орау және пішу;

бөлшектерді таңбалау және сұрыптау, штампылау, бөлшектерді есептеу және оларды орамдар бойынша бөлу.

434. Білуге тиіс:

электр пышақтың құрылымы;

бөлшектердің түрлері, жасалатын бұйымдардың техникалық шарттары мен сыртқы түріне қарай айқындалатын ақаулар.



99. Релелеу машинасының машинисі
Параграф 1. Релелеу машинасының машинисі, 3-разряд
435. Жұмыс сипаттамасы:

картоннан жасалған бөлшектерге релевка жағу;

пышақтың, релелеу муфтілерінің жұмысын белгіленген өлшем бойынша орнату және реттеу;

дайындаманы машинаға қолмен жеткізу;

релевканың сапасы мен тереңдігін бақылау;

мөлшерін белгілеу кезінде және машина жұмысы процессінде пышақ механизмін қайта баптау және реттеу;

дайындаманың стандарт емес пішімін жарамсыз деп тану;

машина жұмысында ақаулықтарды жою.

436. Білуге тиіс:

релелеу машинасының құрылысы;

бөлшектер мен тораптардың өзара әрекеттесуі, олардың мақсаты мен реттеу тәсілдері;

дайындамалардың барлық түрлеріне арналған қайта баптау және реттеу ережесі;

релевка сапасына қойылатын талаптар.

100. Рекордерлік машинаның машинисі

Параграф 1. Рекордерлік машинаның машинисі, 3-разряд
437. Жұмыс сипаттамасы:

рекордерлік қағаз жасау процессін жүргізу. қағаз орамасын орнату және ерітінді дайындау;

қағазды білік пен арнайы ерітінді құйылған астау арқылы өткізу;

қағаздың ылғалдығын реттеу;

ораудың дұрыстығын, рекордерге жазудың ылғалдығы мен сапасын бақылау.

438. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

негіз-қағаз бен қолданылатын ерітіндінің қасиеттері;

дайын өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.

101. Серпантин ораушы

Параграф 1. Серпантин ораушы, 2-разряд
439. Жұмыс сипаттамасы:

серпантинді станокта орау процессін жүргізу;

таспаның боялған шеңберлерін жеткізуші;

түсі бойынша таңдау және оларды тығырыққа бекіту;

жазуға орнату, тығырықты орауышта салу;

серпантинді көлемі бойынша орау;

серпантинді орау режимінің жылдамдығын реттеу;

серпантиннің тығырықтарын сұрыптау. таспаның қайта оралуын, серпантиннің оралатын тығырығының көлемі мен сапасын бақылау.

440. Білуге тиіс:

серпантин жасау жөніндегі станоктың құрылысы, жұмыс қағидаты;

бұйымның техникалық шарттары;

өнімнің сыртқы түрі бойынша сапасы;

дайын өнімнің ақаулықтарының пайда болу себептері және жою тәсілдері.

102. Силикон жасайтын машинаның машинисі

Параграф 1. Силикон жасайтын машинаның машинисі, 3-разряд
441. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қағазға борлау құрылғысында ерітінді жағу процессін жүргізу;

қағаз орамасын дайындау және оны жазуға орнату;

желімді қағаз жаймаға жағу;

білікті гильзаны қабатқа орнату;

ерітіндіні арнайы технология бойынша дайындау;

қоспаны машинаға жеткізу;

қабатталған дайын ораманы алу;

қағаз жайманың ауа баптағышта қозғалу барысын және орауышта оралуын бақылау.

442. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

қағазды ерітіндімен қаптаудың технологиялық процессі;

қағаз бен дайын өнімді алу және орнату ережесі.

Параграф 2. Силикон жасайтын машинаның машинисі, 4-разряд
443. Жұмыс сипаттамасы:

қағазға борлау құрылғысында ерітінді жағу процессін жүргізу;

қағаз орамасын машинаға салу;

керу белдігінің көмегімен қағаз жаймасын керу;

борлау құрылғысы мен ылғалдау құрылғысын тексеру және іске қосу;

қағаз жаймасының керілуін, машинаның жылдамдығын, жылытушы будың қысымы мен температурасын, қағаздың ылғалдануын реттеу;

қағазды ерітіндімен қаптау сапасын бақылау;

қоспаның қағаз жаймаға жағылуын реттеу;

машинаның жұмысын бақылау.

444. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

қағазды ерітіндімен қаптаудың технологиялық процессі;

машинаны реттеу ережесі;

қағаздың сапалық көрсеткіштері.



103. Скипидар құрылғысы аппаратшысы

Параграф 1. Скипидар құрылғысы аппаратшысы, 2-разряд
445. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен скипидарды ректификациялау процесін жүргізу;

флорентиналарға бак тұндырғышқа және бөлгішке қызмет көрсету;

ректификациялау жолымен немесе басқа да тәсілмен скипидарды тазалау;

шикі скипидарды ыдысқа құю;

өңделген скипидарды есептеу;

скипидардың сапасын, түсін, ара салмағын бақылау;

пісіру бөлімінен шикі скипидарды қабылдау, шикі скипидарды түсіру, цистерналардағы скипидарды шаю, сүзгілеу және қайта сығу.

446. Білуге тиіс:

скипидар құрылғыларды қолдану принципі, шикі скипидарға қойылатын талаптар мен скипидарды тазарту процесі.



Параграф 2. Скипидар құрылғысы аппаратшысы, 3-разряд
447. Жұмыс сипаттамасы:

үздіксіз істейтін ректификациялау құрылғысында скипидарды ректификациялау процесін жүргізу;

иіссіздендірілген скипидардың түсуін бақылау;

құрылғыға скипидарды жіберу;

өңделетін өнімнің: пинен, карен немесе иіссіздендірілген скипидардың сапасын бақылау;

химиялық талдау жүргізу.

448. Білуге тиіс:

құрылғының, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

ректификациялау процесі;

тазаланған скипидарға, пиненге, Каренге қойылатын талаптар;

химиялық талдау жүргізу әдістері.

104. Содашы

Параграф 1. Содашы, 2-разряд
449. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары содашының басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 100-250 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіру зауыттарының соданы қалпына келтіру агрегаттары мен сода пештерінде қара сілтішені күйдіру процессін жүргізу;

сульфат пен отынды пешке салу;

сілтішенің біркелкі түсуін және оның тұрақты деңгейін, газ құбырларында газдың сұйылтылуын бақылау;

сілтішені өткізуе арналған сорғыны және су сорғысын, ағынөзек пен пешті үнемі тексеру;

балқыманың еріткіштерінен жасыл сілтішені сору титрінің көлемін айқындау;

күл камераларын жеп қоюдан үнемі тазалау;

жабдықтың жай-күйі мен қалыпты жұмысын бақылау.

450. Білуге тиіс:

сілтіше мен су сорғыларды жіберуге арналған құрылғылардың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;

жабдықты іске қосу және тазалау тәсілдері;

сілтішені қалпына келтіру процессі.

Біліктілігі анағұрлым жоғары содашының басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіру зауыттарының соданы қалпына келтіру агрегаттары мен сода пештерінде қара сілтішені күйдіру кезінде - 3-разряд.

Параграф 2. Содашы, 4-разряд
451. Жұмыс сипаттамасы:

жалпы өнімділігі тәулігіне 100 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіру зауыттарының соданы қалпына келтіру агрегаттары мен сода пештерінде қара сілтішені күйдіру процессін жүргізу;

күйдіру режимінің дұрыстығын, ауыз судың сапасы мен мөлшерін, га құбырларының температурасын, балқыма мен жасыл сілтіше алуды, будың өндірілуін, сульфат шығынының қалпына келу пайызын, механизмнің, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау;

агрегаттың барлық бөліктерін іске қосуға дайындауға басшылық жасау.

452. Білуге тиіс:

соданы қалпына келтіру агрегаттарының, пеш пен жалпы қосымша жабдықтардың жұмыс қағидаты;

жабдықты басқару тәсілдері: автоматты, қашықтықтан және қолмен басқару;

соданы қалпына келтіру бөлімінің барлық жабдықтарын іске қосу және тоқтату ережесі;

сілтішені қалпына келтірудің технологиялық процесс.

Параграф 3. Содашы, 5-разряд
453. Жұмыс сипаттамасы:

жалпы өнімділігі тәулігіне 100-250 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіру зауыттарының соданы қалпына келтіру агрегаттары мен сода пештерінде қара сілтішені күйдіру процессін жүргізу;

күйдіру режимінің дұрыстығын, ауыз судың сапасы мен мөлшерін, га құбырларының температурасын, балқыма мен жасыл сілтіше алуды, будың өндірілуін, сульфат шығынының қалпына келу пайызын, механизмнің, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

454. Білуге тиіс:

соданы қалпына келтіру агрегаттарының, пеш пен жалпы қосымша жабдықтардың жұмыс қағидаты;

жабдықты басқару тәсілдері: автоматты, қашықтықтан және қолмен басқару;

соданы қалпына келтіру бөлімінің барлық жабдықтарын іске қосу және тоқтату ережесі;

сілтішені қалпына келтірудің технологиялық процесс.



Параграф 4. Содашы, 6-разряд
455. Жұмыс сипаттамасы:

жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіру зауыттарының соданы қалпына келтіру агрегаттары мен сода пештерінде қара сілтішені күйдіру процессін жүргізу;

күйдіру режимінің дұрыстығын, ауыз судың сапасы мен мөлшерін, га құбырларының температурасын, балқыма мен жасыл сілтіше алуды, будың өндірілуін, сульфат шығынының қалпына келу пайызын, механизмнің, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

456. Білуге тиіс:

соданы қалпына келтіру агрегаттарының, пеш пен жалпы қосымша жабдықтардың жұмыс қағидаты;

жабдықты басқару тәсілдері: автоматты, қашықтықтан және қолмен басқару;

соданы қалпына келтіру бөлімінің барлық жабдықтарын іске қосу және тоқтату ережесі;

сілтішені қалпына келтірудің технологиялық процесс

457. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.

105. Сульфат салушы

Параграф 1. Сульфат салушы, 2-разряд
458. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті салушының басшылығымен пешке сульфат салу;

сульфат уату процесін жүргізу;

шикіқұрам құрамын дайындау;

сульфат кептіру процесін жүргізу;

сульфатты бункерлерге апару;

жабдықтарды тазалау.

459.Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

сульфаттың сапасына қойылатын талаптар.



Параграф 2. Сульфат салушы, 3-разряд
460. Жұмыс сипаттамасы:

элеваторға сульфат салу;

шикіқұрам құрамын дайындау;

сульфат уату және кептіру жабдықтарының жарамдылығын қадағалау.

461. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен қолдану принципі;

сульфаттың және шикіқұрамның құрамына қойылатын техникалық талаптар.

106. Суретті біліктерді теруші

Параграф 1. Суретті біліктерді теруші, 4-разряд
462. Жұмыс сипаттамасы:

үш бояумен боялатын сурет, жолақ және штрихті тор және сурет салған кезде біліктегі суреті қопарындының контуры бойынша теру;

теру үшін немесе біліктегі сурет үшін жекелеген бөлшектер мен фигураларды станокта немесе қолмен жасау;

суретке арналған ағаш білікті дайындау және әрбір диаметрін келтіріп қайрау;

сурет контурының әрбір білігін калькадан ағашқа салу;

шляпа жасайтын шұғаны (фетрді) фигураға салу, білікті тегістеу станогында тегістеу, сілтілендіру және түпнұсқамен салыстыру.

463. Білуге тиіс:

фигура дайындамасының, токарлық, бұрғылау және тегістеу станоктарында жұмыс істеу техникасы;

ағаштың, жездің қасиеттері және оларды өңдеу технологиясы;

тесу, жоңғылау, күйдіру ережесі.



Параграф 2. Суретті біліктерді теруші, 5-разряд
464. Жұмыс сипаттамасы:

3-5 бояумен боялатын сурет, қарапайым штрихті контур мен күрделі тор салған кезде біліктегі суреті қопарындының контуры бойынша теру;

теру үшін немесе біліктегі сурет үшін жекелеген бөлшектер мен фигураларды станокта немесе қолмен жасау;

суретке арналған ағаш білікті дайындау және әрбір диаметрін келтіріп қайрау;

сурет контурының әрбір білігін калькадан ағашқа салу;

шляпа жасайтын шұғаны (фетрді) фигураға салу, білікті тегістеу станогында тегістеу, сілтілендіру және түпнұсқамен салыстыру

465. Білуге тиіс:

фигура дайындамасының, токарлық, бұрғылау және тегістеу станоктарында жұмыс істеу техникасы;

ағаштың, жездің қасиеттері және оларды өңдеу технологиясы;

тесу, жоңғылау, күйдіру ережесі



Параграф 3. Суретті біліктерді теруші, 6-разряд
466. Жұмыс сипаттамасы:

контурлық орындаумен және фигураны қоршай отырып, жапсырмалармен және жарты тонмен, кейіннен құрғақ және май бүрмеде өңдей отырып немесе көшіру машинасында пленка сала отырып, бестен астам бояумен боялатын сурет салған кезде біліктегі суреті қопарындының контуры бойынша теру;

суретке арналған ағаш білікті дайындау және әрбір диаметрін келтіріп қайрау;

біліктегі суретті теру үшін жекелеген бөлшектер мен фигураларды станокта жасау;

сурет контурының әрбір білігін калькадан ағашқа салу;

шляпа жасайтын шұғаны (фетрді) фигураға салу, білікті тегістеу станогында тегістеу, сілтілендіру және түпнұсқамен салыстыру.

467. Білуге тиіс:

фигура дайындамасының, токарлық, бұрғылау және тегістеу станоктарында жұмыс істеу техникасы;

ағаштың, жездің қасиеттері және оларды өңдеу технологиясы;

тесу, жоңғылау, күйдіру ережесі



107. Сығу машинасының кесушісі

Параграф 1. Сығу машинасының кесушісі, 2-разряд
468. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз массаны белгіленген форматтағы қабатқа көлденең және тік кесу;

жайманы машинаға салу;

көлденең және тік кесу пышағының және қабаттау барабанының жұмысын бақылау;

пышақ жұмысын реттеу;

кесудің дәлдігін бақылау.

469. Білуге тиіс:

машинаның көлденең-тік кесу торабының құрылысы;

пышақ пен өздігінен салғыштың орналасуын реттеу ережесі;

жайманы кесудің ақаулықтарын жою тәсілдері.



108. Сығу машинасының машинисі

Параграф 1. Сығу машинасының машинисі, 4-разряд
470. Жұмыс сипаттамасы:

массаны құрғату процессін жүргізу;

папканы ағаш массадан кесу;

машинаның автоматикасы мен пневматикасын баптау және реттеу;

машинаның барлық бөліктерінің жұмысын бақылау;

торға түсетін массаның концентрациясын бақылау;

жайманың құрғауын бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері, сыртқы түрі және талдау қорытындысы бойынша бақылау;

талшық пен машинаның керек-жабдықтарын жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеу.

471. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы;

машинаны басқарудың пневматикалық және автоматикалық жүйесін баптау және реттеу ережесі;

ағаш массасы өндірісінің технологиялық режимі;

осы машинада өндірілетін ағаш массасының барлық маркаларының сапалық көрсеткіштері.



109. Сығу машинасының престеушісі

Параграф 1. Сығу машинасының престеушісі, 2-разряд
472. Жұмыс сипаттамасы:

ағаш массасының жаймасын престе құрғату;

жайманы преске және кесу торабына толтыру;

ағаш массасының жаймасының құрамындағы құрғақ заттарды және жайманың өн бойындағы біркелкі ылғалдылықты бақылау;

білікті престе нығыздауды реттеу;

престі іске қосу және тоқтату;

машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу.

473. Білуге тиіс:

машинаның ылғал және құрғақ бөлігінің құрылысы;

ағаш массасының әр түрлі маркаларының сапалық көрсеткіштері.



110. Сілті булаушы

Параграф 1. Сілті булаушы,2-разряд
474. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті булаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне 100 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;

сорғыларды, коммуникацияларды, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

сілтіні айдау процесін қадағалау;

сілті деңгейін реттеу.

475. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

булау құрылғысының технологиялық режимі.



жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау