49. Қағаз бұйымдарды ораушы
Параграф 1. Қағаз бұйымдарды ораушы, 2-разряд
213. Жұмыс сипаттамасы:
цилиндрлердің түптерін, қақпақтарын жабу немесе жоғарғы бөлігін орайтын жартылай автоматта жылжыту;
бекітілген техникалық шарттарға сәйкес таспалы шылапшынның ернеуіндегі металл сақинаның шеткі жағын орау;
қағазды немесе картонды гильзаға, патронға, цилиндрлерге жетектеу гильза орайтын станокта, машинада және арнайы айлабұйымда орау;
жартылай автоматтарды, гильза орайтын станокты, машинаны және айлабұйымдарды жұмысқа дайындау;
жұмыс орнына цилиндрлерді, түптерін немесе металл сақиналарды жеткізу;
оралатын қағазды, картонды немесе этикеткаларды гуммирлеу;
орайтын біліктерді, пышақтарды гильзаның, патронның, цилиндрдің немесе сақинаның мөлшеріне қарай іріктеу және орнату;
желім қабатының қалыңдығын реттеу;
гильзаларды, патрондарды дәл және таза сақиналап кесу;
желім жасау, оны қыздыру, желімделген дайындамаларды сығымдау, оларды кептіру;
гильзаларды, патрондарды, цилиндрлер мен сақиналарды біліктерден алу және оларды мөлшеріне қарай қалау;
машиналар мен айлабұйымдардың жұмысындағы ақаулықтарды жою, оларды тазалау және майлау;
шығарылатын бұйымдардың сапасына бақылау.
214. Білуге тиіс:
бұйым жасауда қолданылатын шикізат және материалдар туралы негізгі мәліметтер;
жартылай автоматтың, машинаның, гильза орайтын станокта және айлабұйымдарды пайдалану ережесі мен олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, өлшеу құралы; бұйымдардың түр-түрі мен мөлшерлері;
шығарылатын бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.
50. Қағаз бұйымдарды құрастырушы
Параграф 1. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 1-разряд
215. Жұмыс сипаттамасы:
бүрмеленген картоннан жасалған қораптар мен басқа да жұмсақ ыдыстарға арналған мұқаба мен төсемелерді белгіленген өлшемдер бойынша құрастыру;
дайындамаларды түсі мен баспа тәсілі бойынша таңдаусыз қағаз бұйымдарын жасау; дайындамаларды алу; қайшымен кесу, желімдеу, жабыстыру, қоса жапсыру, үлгіге сәйкес суретін салу;
аралық жапсырмаларды және басқа да жапсырма бөлшектерді дайындау, құрастыру, орай бұйымдарына салу;
картоннан жасалған қарапайым конфигурациялы орама бұйымдарды кешенді жасау.
216. Білуге тиіс:
шикізат, қораптар мен олардың бөлшектерінің түржиыны;
бұйымдардың түрлері;
аралық жапсырмалар мен төсемелерді құрастыру тәсілдері;
оларды жасау және құрастыру сапасына қойылатын талаптар;
қолданылатын материалдардың (қағаз, мата, жіп) қасиеттері.
Параграф 2. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 2-разряд
217. Жұмыс сипаттамасы:
құрамдалған қораптардың және қағаз, картон және металл бөлшектерден (түбі, қақпағы, қалпақша) жасалған басқа да бұйымдарды құрастыру;
дайындамаларды түсі мен баспа тәсілі бойынша таңдап қағаз-декоративтік бұйымдарды жасау; дайындамаларды алу, кесу, таңдау, желімдеу, жабыстыру, қоса жапсыру, үлгіге сәйкес суретін салу;
ішкі бетін үтіктеу үшін және қылауларын жою үшін қағаз корпусын машинада жиектеу;
үтіктеуші роликті реттеу;
фольгадан жасалған түбін, қақпағын, қалпақшасын қағаз цилиндрге қолмен жапсыру;
мойнын автоматта және жартылай автоматта жеткізу (бұйралау);
құрастыру жылжыту және жиектеу сапасын бақылау.
218. Білуге тиіс:
жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты мен реттеу тәсілдері;
құрама қораптардың және қағаз-декоративтік дайындамалардың түржиыны, олардың бөлшектерінің мөлшері мен формасы;
дайындамаларды түсі мен баспа тәсілдері бойынша таңдау ережесі;
үтіктеу, жылжыту және құрастыру сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 3-разряд
219. Жұмыс сипаттамасы:
макеттер мен күрделі қағаз-декоративтік бұйымдарды жасау;
дайындамалар мен жартылай дайын өнімдерді макетке сәйкес түсі, басу тәсілі мен бұйымның сипаты бойынша таңдау;
жартылай дайын өнімдерді желімдеу, қолмен немесе станокта тігу, бұйымды ресімдеу бойынша жекелеген операцияларды макетке сәйкес орындау;
металл бөлшектерді құйма қағаз бұйымдардың жекелеген тораптарына мата мен резинасын жабыстыра отырып, монтаждау, бекіту және бейімдеу;
бөлшектердің герметикалығын тексеру;
қол бұранда прессін пайдалана отырып, металл түпті құрастыру;
металл мойын, түбі, сақиналар мен манжет кешенін дайын шараның көлемі бойынша таңдау;
бөлшектердің сапасын тексеру, жіктері мен қылауларын тазалау, тойтармасын бедерлеп соғу;
мойнын зиг-заг машинада жаныштау;
ілмектеу станогына манжетті ілмектеу;
чемодан корпусының жиегін станокта қолмен құндақтау;
бұрыштарын бекіту;
ағаш рамаларды қайрай отырып, жасау және орнату. ілмегін қақпаққа қағу, қақпағын ілу;
корпусы мен қақпағын ішінен желімдеу;
құлыптардың жұмысын тексеру.
220. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және оны реттеу тәсілдері;
зиг-машинаның және ілмектеу станоктың құрылысы;
қағаз-декоративтік бұйымдардың технологиялық процессі;
қағаз-декоративтік бұйымдардың негізгі өлшемдері;
материалдарды пішудің ережесі;
чемоданды құрастыру ережесі; жасалатын шараның және дайын чемоданның техникалық шарттары, ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдері.
Параграф 4. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 4-разряд
221. Жұмыс сипаттамасы:
ағаш бөлшектер мен резина төсемелерді құрастыру және құма қағаз бұйымдарға желімдеу;
бөлшектерді құрастыру үшін қиыстыру;
бұйымдарды қиыстыру, пішу, түзету және желімдеу бойынша барлық операцияларды өндіру.
222. Білуге тиіс:
жекелеген тораптарды техникалық шарттарға сәйкес желімдеу операцияларының бірізділігі;
желімдердің түрлері.
51. Қағаз біліктерді теруші
Параграф 1. Қағаз біліктерді теруші, 3-разряд
223. Жұмыс сипаттамасы:
мөлшері бойынша дайындалған қағазды өзекке белгіленген техникалық шарттарға сәйкес білік толық терілгенге дейін теру;
көлемі әр түрлі біліктерді орау;
ескі қағаз біліктерді көлемі бойынша бөлшектеу;
білікті гидропреске орнату;
кейіннен жетілдіре отырып престеу.
224. Білуге тиіс:
престің құрылысы;
білікті жинақтау технологиясы және дайын біліктердің техникалық шарттары.
52. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы
Параграф 1. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы,
2-разряд
225. Жұмыс сипаттамасы:
ораманы жұмыс жылдамдығы 550 м/мин. қағаз жасайтын машинаның және торының ені 6 м дейінгі картон жасау машинасының орауышында орау процессін жүргізу;
қағаз жаймасының тоңазытқыш цилиндрлері, машина каландры, орауыш арқылы өтуін бақылау және орау сапасын бақылау;
қағазды, картонды орауышқа салу;
дайын қағаз орамасын алу және жаңа орама орау үшін білік орнату;
машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;
қағаз бен картонның сапасын сыртқы түріне қарап бақылау;
кептірушіге көмектесу және оның басшылығымен жұмыс орындау.
226. Білуге тиіс:
орауыштың, тоңазытқыш пен каландрдың құрылысы;
қағазды, картонды орау ережесі;
қағаз бен картонның мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы,
3-разряд
227. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс жылдамдығы 550-ден 700 м/мин. дейін қағаз жасайтын машинада қағаз орау процессін жүргізу, сондай-ақ конденсаторлық, кабельдік (жоғары және төменвольтті), филиграндық, офсеттік, шай орайтын, форзацтық, картографиялық, терең басуға арналған дәптерге, жазуға арналған, N 1, 2 және 3, типографиялық, қағаз-қалтаға, көшірме жасауға арналған, су сорғыш, калькаға, пергаментке, борлауға арналған негіз, эстамптық, перфокарта жасайтын, өнімдерді орауға арналған қағаздарды және қағаздың басқа да техникалық маңызды түрлерін жасайтын машинада қағаз жасау және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. картон жасайтын машинада картон жасау процессін жүргізу;
қағаз жаймасының тоңазытқыш цилиндрлері, машина каландры, орауыш арқылы өтуін бақылау және орау сапасын бақылау;
қағазды, картонды орауышқа салу;
дайын қағаз орамасын алу және жаңа орама орау үшін білік орнату;
машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;
қағаз бен картонның сапасын сыртқы түріне қарап бақылау;
кептірушіге көмектесу және оның басшылығымен жұмыс орындау;
кептіру жаймасын керу және түзету;
қағаз жайманың қозғалысын бақылау.
228. Білуге тиіс:
орауыштың, тоңазытқыш пен каландрдың құрылысы;
қағазды, картонды орау ережесі;
қағаз бен картонның мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Параграф 3. Қағаз (картон) жасайтын машинаның ораушысы,
4-разряд
229. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс жылдамдығы 700 м/мин. астам қағаз жасайтын машиналардың және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. астам картон жасайтын машинаның орауыштарында орама жасау процессін жүргізу;
қағаз жаймасының тоңазытқыш цилиндрлері, машина каландры, орауыш арқылы өтуін бақылау және орау сапасын бақылау;
қағазды, картонды орауышқа салу;
дайын қағаз орамасын алу және жаңа орама орау үшін білік орнату;
машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;
қағаз бен картонның сапасын сыртқы түріне қарап бақылау;
кептірушіге көмектесу және оның басшылығымен жұмыс орындау;
кептіру жаймасын керу және түзету;
қағаз жайманың қозғалысын бақылау.
230. Білуге тиіс:
орауыштың, тоңазытқыш пен каландрдың құрылысы;
қағазды, картонды орау ережесі;
қағаз бен картонның мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
53. Қағаз (картон) жасайтын машинаның кептірушісі
Параграф 1. Қағаз (картон) жасайтын машинаның кептірушісі,
3-разряд
231. Жұмыс сипаттамасы:
қағазды торының ені 4,5 м қағаз жасайтын машиналарда, торының ені 3,5 м дейінгі және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. дейінгі машиналарда кептіру, картонды жұмыс жылдамдығы 300 м/мин дейінгі картон жасайтын машинада кептіру, торының ені 4,5 м және жұмыс жылдамдығы 250 м/мин. дейінгі көп цилиндрлі, дөңгелек торлы машиналарда процессін жүргізу;
жайманы машинаның кептіру бөлігіне салу;
кептіру шұғасы мен картон жаймасын керу және түзету;
кептіру цилиндрлеріндегі температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау;
кептіру цилиндрлерінің, тоңазытқыштар мен каландрдың, қабаттың жұмысын реттеу;
қаптау процессін және қабаттау жұмысын бақылау;
будың цилиндрге берілуін реттеу;
жайманың ылғалдығын және конденсаттау және желдету құрылғыларының жұмысын бақылау;
машинаның қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу.
232. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, автоматизация схемасы, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасы; қ
ағаз бен картон кептірудің технологиялық процессі; ылғалдың қағаз бен картонды одан әрі өңдеуге тигізетін әсері.
Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның кептірушісі,
4-разряд
233. Жұмыс сипаттамасы:
қағазды торының ені 4,5 м астам машинада; торының ені 3,5 м астам жұмыс жылдамдығы 350-550 м/мин төрт және екі үстелді машинада; сондай-ақ ақша жасайтын, бедерлі, жоғары сортты құрамында мақта-матасы бар қағаз жасау кезінде, конденсаторлық, кабельдік (жоғары және төменвольтті), филиграндық, офсеттік, шай орайтын, форзацтық, картографиялық, терең басуға арналған, жазуға арналған, N 1, 2 және 3, типографиялық, қағаз-қалтаға, дәптерге, көшірме жасауға арналған, су сорғыш, калькаға, пергаментке, борлауға арналған негіз, эстамптық, перфокарта жасайтын, өнімдерді орауға арналған қағаздарды және қағаз бен картонның басқа да техникалық маңызды түрлерін жасайтын жұмыс жылдамдығы 300м/мин. картон жасайтын машинада, көп цилиндрлі, торының ені 4,5 м және жұмыс жылдамдығы 250м/мин. астам дөңгелек тор машинада кептіру процессін жүргізу;
жайманы машинаның кептіру камерасына салу;
кептіру шұғасы мен картон жаймасын керу және түзету;
кептіру цилиндрлеріндегі температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау;
кептіру цилиндрлерінің, тоңазытқыштар мен каландрдың, қабаттың жұмысын реттеу;
қаптау процессін және қабаттау жұмысын бақылау;
будың цилиндрге берілуін реттеу;
жайманың ылғалдығын және конденсаттау және желдету құрылғыларының жұмысын бақылау;
машинаның қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу;
торды, кептіру және престеу шұғасын ауыстыру.
234. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, автоматизация схемасы, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасы;
қағаз бен картон кептірудің технологиялық процессі;
ылғалдың қағаз бен картонды одан әрі өңдеуге тигізетін әсері.
Параграф 3. Қағаз (картон) жасайтын машинаның кептірушісі,
5-разряд
235. Жұмыс сипаттамасы:
қағазды жұмыс жылдамдығы 550-700 м/мин. газет және қалта жасайтын қағаз жасайтын машинада және картонды торының ені 6 м және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. картон жасайтын машинада кептіру процессін жүргізу;
майманы машинаның кептіру камерасына салу;
кептіру шұғасы мен картон жаймасын керу және түзету;
кептіру цилиндрлеріндегі температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау;
кептіру цилиндрлерінің, тоңазытқыштар мен каландрдың, қабаттың жұмысын реттеу;
қаптау процессін және қабаттау жұмысын бақылау;
будың цилиндрге берілуін реттеу;
жайманың ылғалдығын және конденсаттау және желдету құрылғыларының жұмысын бақылау;
машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;
торды, кептіру және престеу шұғасын ауыстыру;
машинаның қаптамасын жөндеу.
236. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, автоматизация схемасы, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасы;
қағаз бен картон кептірудің технологиялық процессі;
ылғалдың қағаз бен картонды одан әрі өңдеуге тигізетін әсері.
Параграф 4. Қағаз (картон) жасайтын машинаның кептірушісі,
6-разряд
237. Жұмыс сипаттамасы:
қағазды жұмыс жылдамдығы 700 м/мин. астам қағаз жасайтын машинада және картонды торының ені 6 м және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. астам картон жасайтын машинада кептіру процессін жүргізу;
жайманы машинаның кептіру камерасына салу;
кептіру шұғасы мен картон жаймасын керу және түзету;
кептіру цилиндрлеріндегі температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау;
кептіру цилиндрлерінің, тоңазытқыштар мен каландрдың, қабаттың жұмысын реттеу;
қаптау процессін және қабаттау жұмысын бақылау;
будың цилиндрге берілуін реттеу;
жайманың ылғалдығын және конденсаттау және желдету құрылғыларының жұмысын бақылау;
машинаның қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу.
238. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы, автоматизация схемасы, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасы;
қағаз бен картон кептірудің технологиялық процессі;
ылғалдың қағаз бен картонды одан әрі өңдеуге тигізетін әсері.
239. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
54. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі
(торшы)
Параграф 1. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі (торшы), 4-разряд
240. Жұмыс сипаттамасы:
торының ені 2,5 м дейінгі қағаз жасайтын машинада және торының ені 3 м астам қағаз жасайтын машинада ағартуға арналған құрылғымен қағазды құю процессін және құрамдалған картон жасайтын машинаның жоғарғы торына қызмет көрсету кезінде торының ені 3 м дейінгі картон жасайтын машинада картон құю процессін жүргізу. бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша торда қағаз (картон) бетін қалыптау барысын, сыртқы белгілері мен талдау нәтижелерін, беттің престе сығылуын, кептіру бөлігіндегі температурасын, кептіру цилиндрлері бетінің тазалығы мен конденсаттың бұрылуын бақылау;
қағаз жасау машинасының арнайы құрылғысында борлау процессін жүргізу;
машинаның барлық тораптарының жұмысын, өндірілетін өнімнің саны мен сапасын бақылау;
торға түсетін массаның концентрациясын, ұнтақталу дәрежесі мен басқа да сапалық көрсеткіштерін бақылау;
сору жәшіктері мен сору білігіндегі діріл режимі мен вакуумды реттеу;
машинаның барлық тораптары мен механизмдерін шикізаттың сапасы мен өңделетін өнімнің түржиынына байланысты белгіленген режимге баптау және реттеу;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;
каландрдың қалыпты жұмысы мен өңдеу сапасын, жазу жұмысы мен дайын өнімді орау сапасын бақылау.
241. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
коммуникация схемасы;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидасы;
оны басқару пультімен іске қосу және сөндіру ережесі;
бастапқы шикізат пен жартылай дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері;
жекелеген факторлардың өндіріс технологиясына тигізетін әсері;
жартылай дайын өнімдерді, толықтырушы және желімдеу материалдарын, суды, буды, электр энергиясы мен машина құралдарын жұмсаудың шекті нормасы;
дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары.
Параграф 2. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі (торшы), 5-разряд
242. Жұмыс сипаттамасы:
торының ені 2,5 м бастап 4,5 м дейінгі, жұмыс жылдамдығы 150 м/мин астам қағаз жасайтын машинада, қосымша құю құрылғысы бар машинада, сондай-ақ конденсаторлық, кабельдік (жоғары және төменвольтті), филиграндық, офсеттік, шай орайтын, форзацтық, картографиялық, терең басуға арналған, жазуға арналған, N 1, 2 және 3, типографиялық, қағаз-қалтаға, дәптерге, көшірме жасауға арналған, су сорғыш, калькаға, пергаментке, борлауға арналған негіз, эстамптық, перфокарта жасайтын, автоматтарда өнімдерді орауға арналған қағаздарды және қағаздың басқа да техникалық маңызды түрлерін жасайтын машинада қағаз жасау және картон жасайтын, көп цилиндрлі, торының ені 3 м астам және төсемінің еніне байланыссыз жеті және одан да көп цилиндрі бар дөңгелек тор машинада, сондай-ақ электр оқшаулағыш, матрицалық, төсеме, төбе жабыны және төсеуге арналған картон жасау кезінде картон құю процессін жүргізу;
машинаның барлық тораптарының жұмысын, өңделетін өнімнің саны мен сапасын бақылау;
сору жәшіктері мен сору біліктерінде діріл және вакуум режимдерін реттеу;
қағаз (картон) жаймасының қалыптасу барысын бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша, сыртқы түрі мен талдау қорытындысы бойынша бақылау, жайманың нығыздауышта нығыздалуын, кептіру бөлігіндегі температураны, кептіру цилиндрлері бетінің тазалығын және конденсаттың бұрылуын бақылау;
концентрацияны, ұнтақталу дәрежесі мен торға түсетін массаның сапалық көрсеткіштерін бақылау;
каландрдың қалыпты жұмысы мен өңдеу сапасын, дайын өнімді илеу жұмысы және орау сапасын бақылау;
жайманың үзілуін тоқтату;
жұмысқа басшылық жасау және машинаның керек-жарақтарын ауыстыру және жөндеуге қатысу;
машинаның жекелеген тораптарын іске қосу және тоқтату;
машинаның барлық тораптары мен механизмдерін шикізат сапасы мен өңделетін өнім түржиынына байланысты белгілі бір режимге баптау және реттеу;
реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
243. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
коммуникация схемасы;
реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;
басқару пультімен іске қосу және сөндіру ережесі;
бастапқы шикізат пен жартылай дайын өнімдердің сапалық көрсеткіштері;
жекелеген факторлардың өндіріс технологиясына тигізетін әсері;
жартылай дайын өнімдерді, толтырушы және желімдеуші материалдарды, суды, буды, электр энергиясы мен машинаның керек-жарақтарын жұмсаудың шекті нормасы;
дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.
Параграф 3. Қағаз жасайтын (картон жасайтын) машинаның машинисі (торшы), 6-разряд
244. Жұмыс сипаттамасы:
қағаз жаймасын жылдамдығына байланыссыз торының ені 4,5 м астам машинада, жұмыс жылдамдығы 300 м/мин;
астам торының ені 3,5 м астам екі-төрт торлы үстелдік машинада және жоғары сортты ақшаға арналған, бедерлі, құжатқа арналған және құрамында мақта-матасы бар қағазды құю кезінде, картон жасайтын, көп цилиндрлі торының ені 6 м астам машинада және екі және одан да көп қабатты картон жаймасын көп цилиндрлі торының ені 4,5 м астам, жұмыс жылдамдығы 200 м/мин. және 90 м/мин астам үстелді машинада құю процессін жүргізу;
машинаның барлық тораптарының жұмысын, өңделетін өнімнің саны мен сапасын бақылау;
сору жәшіктері мен сору біліктерінде діріл және вакуум режимдерін реттеу;
қағаз (картон) жаймасының қалыптасу барысын бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша, сыртқы түрі мен талдау қорытындысы бойынша бақылау, жайманың нығыздауышта нығыздалуын, кептіру бөлігіндегі температураны, кептіру цилиндрлері бетінің тазалығын және конденсаттың бұрылуын бақылау;
қағаз жасайтын машинаның арнайы құрылғысында борлау процессін жүргізу;
қағаз жайманың үзілуін тоқтату;
машинаның жекелеген тораптарын іске қосу және тоқтату;
каландрдың қалыпты жұмысы мен өңдеу сапасын, дайын өнімді илеу жұмысы және орау сапасын бақылау;
жұмысқа басшылық жасау және машинаның керек-жарақтарын ауыстыру және жөндеуге қатысу;
машинаның барлық тораптары мен механизмдерін шикізат сапасы мен өңделетін өнім түржиынына байланысты белгілі бір режимге баптау және реттеу;
реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
245. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
коммуникация схемасы;
реттеуші және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;
басқару пультімен іске қосу және сөндіру ережесі;
бастапқы шикізат пен жартылай дайын өнімдердің сапалық көрсеткіштері;
жекелеген факторлардың өндіріс технологиясына тигізетін әсері;
жартылай дайын өнімдерді, толтырушы және желімдеуші материалдарды, суды, буды, электр энергиясы мен машинаның керек-жарақтарын жұмсаудың шекті нормасы;
дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.
246. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.
55. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі
Параграф 1. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі,
2-разряд
247. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс жылдамдығы 300 м/мин. қағаз жасайтын машинаның және торының ені 6 м дейін және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. картон жасайтын машинаның нығыздау бөлігінде қағаз бен картонды құрғату процессін жүргізу;
қағаз жайманың престер арасында дұрыс керілуін бақылау;
пресс шұғаны керу және түзету;
шұғаны жуу және бүріккішті тазалау;
престің жұмысы мен жайманың өн бойындағы ылғалдықты бақылау.
248. Білуге тиіс:
машинаның пресс бөлігінің құрылысы және әрбір нығыздаудан кейінгі жайманың ылғалдық дәрежесі;
жайманы толтыру және шұғаның маркасы әдістері.
Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі,
3-разряд
249. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс жылдамдығы 300 м/мин. - 700 м/мин дейінгі қағаз жасайтын машинаның нығыздау бөлігінде, сондай-ақ конденсаторлық, кабельдік (жоғары және төменвольтті), филиграндық, офсеттік, шай орайтын, форзацтық, картографиялық, терең басуға арналған, жазуға арналған, N 1, 2 және 3, типографиялық, қағаз-қалтаға, дәптерге, көшірме жасауға арналған, су сорғыш, калькаға, пергаментке, борлауға арналған негіз, асбесттік қағаз жаймасы мен былғары картонға, эстамптық, перфокарта жасайтын, автоматтарда өнімдерді орауға арналған қағаздарды және қағаздың басқа да техникалық маңызды түрлерін жасайтын машинада және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. дөңгелек торлы картон жасайтын машинада қағаз бен картонды құрғату процессін жүргізу;
қағаз жайманың престер арасында дұрыс керілуін бақылау;
пресс шұғаны керу және түзету;
шұғаны жуу және бүріккішті тазалау;
престің жұмысы мен жайманың өн бойындағы ылғалдықты бақылау.
250. Білуге тиіс:
машинаның пресс бөлігінің құрылысы және әрбір нығыздаудан кейінгі жайманың ылғалдық дәрежесі;
жайманы толтыру және шұғаның маркасы әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |