Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым) 1- бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 2,77 Mb.
бет12/13
Дата18.12.2017
өлшемі2,77 Mb.
#4640
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

137. Фибраны егеуші

Параграф 1. Фибраны егеуші, 2-разряд
591. Жұмыс сипаттамасы:

қалың фибраның жиегін кесу, оны дайындамаларға егеу;

түтіктерді, кесектерді егеулеу және түтіктердің ақаулы бөліктерін кесу;

таспалы егеуді қайрау, тістерін ажырату, араны станокқа орнату.

592. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

фибра ақаулықтарының түрлері және дайын өнімнің техникалық шарттары;

фибраны егеулеу ережесі.



138. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы

Параграф 1. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы, 2-разряд
593. Жұмыс сипаттамасы:

түтікшелі және жайма фибраларды диффузорға салуға дайындау;

жайма фибраны пачкаларға қалау және оларды айылбастармен немесе қысқыштармен ілу;

түтікті фибраны кесік жерге орнату;

диффузорларға салу, хлорлы мырыш ерітінділерін айдау және сілтілеу процесінде фибраларды іріктеу;

диффузорларды босату.

594. Білуге тиіс:

түрлі маркадағы және қалыңдықтағы фибраларды салу нормасы мен шарттары;

фибра және ерітінділердің температуралық шарттары, жабысып қалуды болдырмау үшін фибраларды іріктеу режимі.

Параграф 2. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы, 4-разряд


595. Жұмыс сипаттамасы:

фибраны сілтілеу процесін жүргізу;

диффузорларды салуға дайындау;

диффузорларға хлорлы мырыш құрамына байланысты қышқылдарға құю;

фибрада көбіктің болмауы үшін диффузор батареяларда сілтілеу процесін, концентрацияны және ерітіндіні төмендету жылдамдығын бақылау;

жайма және түтіктерді желімдеудің алдын алу үшін және біркелкі сілтілеу үшін диффузорлардағы фибраның жай-күйін қадағалау;

хлорлы мырыш ерітінділерді айдау;

диффузорлардан концентрациялау ерітіндісін іріктеу және оны булауға жіберу;

диффузорларды толтыру және түсіруге қатысу.

596. Білуге тиіс:

қызмет көрсету жабдықтарының, коммуникация жай-күйінің құрылымы мен жұмыс принципі;

фибраны сілтілеу процесі, фибраға қойылатын талаптар;

диффузорлар дайындау ережесі.

139. Фибра түтіктерді біліктеуші

Параграф 1. Фибра түтіктерді біліктеуші, 3-разряд
597. Жұмыс сипаттамасы:

фибра түтіктерді біліктеу процесін жүргізу;

түтіктердің берілген партиясы үшін калибрлерді таңдай отырып илемдеу біліктері арқылы оларды бірнеше рет өткізіп түтіктерді өңдеу және калибрлеу;

түтіктердің мөлшеріне және сапасына қарай булау режимін таңдай отырып оларды булау жолымен түтіктерді пластификациялау;

түтіктерді калибрленген болат өзекшелерге кигізу;

біліктеу кезінде түтіктердің шығуына қарай илемдеу білігін реттеу және түтіктерден өзекшелерді алу;

біліктеу процесінде түтіктердің мөлшерін, формасын және сапасын бақылау.

598. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципі, түтіктердің мөлшері және сапалық көрсеткіштері;

фибраны бумен пластификациялаудың технологиялық процесі, өзекшелердегі түтіктерді біліктеу режимдері;

даяр түтіктердің техникалық шарттары.

140. Форма жасаушы

Параграф 1. Форма жасаушы, 4-разряд
599. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті жасаушының басшылығымен өрнекті және тегіс теңестіргіштер мен цилиндрлер жасау;

тор жиектерін белгілеу;

теңестіргіштер мен цилиндрлерге өрнекті және тегіс торларды тігу;

барлық нөмірдегі түрлі тігісті торларды жөндеу және тігу;

қағаз жасайтын үстелді және цилиндрлі машиналарда торларды жөндеу.

600. Білуге тиіс:

тегіс және өрнекті теңестіргіш цилиндрлер мен торларды тігу тәсілдері;

тор нөмірлері.

Параграф 2. Форма жасаушы, 5-разряд
601. Жұмыс сипаттамасы:

өрнекті және тегіс теңестіргіштер мен цилиндрлер жасау;

торларды, кесіктерді теңестіргіштер мен цилиндрлерде дәнекерлеу;

жалпы және жергілікті контрштампылар жасау;

торды жергілікті белгі бойынша белгілеу;

теңестіргіштер мен цилиндр негізіне тор тігу;

қағазды отырғызу және созғылау белгілері.

602. Білуге тиіс:

теңестіргіштер мен цилиндр, контрштампы жасау процесі, өрнек жасау тәсілдері.

Параграф 3. Форма жасаушы, 6-разряд
603. Жұмыс сипаттамасы:

дөңгелек тор машиналардың тегістегіштері мен цилиндрлері үшін су белгілері бар торларды штампылау;

даяр қағаз сызбасы бойынша штампылаудан алдын торларды белгілеу, күйдіру;

тегістегіш және цилиндр шеңберінің ұзындығын есепке ала отырып торларды өрнегі бойынша кесу;

тегістегіштер мен цилиндрлердегі тор жиектерін газбен дәнекерлеу тігісімен біріктіру;

контрштампыға гарт құю;

құйылатын қағаз форматын цилиндрге орнату.

604. Білуге тиіс: теңестіргіштер жасау процесі мен арнайы қағаз құю режимі, торларды белгілеу және күйдіру ережесі.

605. Орта арнайы білім талап етіледі.

141. Химикат жіберуші жұмысшы

Параграф 1. Химикат жіберуші жұмысшы, 2-разряд
606. Жұмыс сипаттамасы:

химикаттарды, сұйылтылған газ: хлор, аммиак, күкірт газы құйылған цистерналарды қабылдау;

химикатты қайта сору және оны өндіріске жіберу;

химиялық талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу.

607. Білуге тиіс:

цистернаның құрылысы, оларды іске қосу, сөндіру және қыздыру ережесі;

химиялық талдауға арналған сынамаларды іріктеу ережесі.

142. Химиялық ағаш масса қайнатушы

Параграф 1. Химиялық ағаш масса қайнатушы, 2-разряд
608. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен химиялық ағаш массасын пісіру;

қазандықтарға баланс салу;

ол сіңгеннен кейін қазандықтан алу және қазандықтарды келесі пісіруге дайындау;

сіңдіру ерітіндісін жасау және ерітіндіні қазандыққа тасымалдау.

609. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі, баланс салу және түсіру ережесі;

сіңдіру ерітіндісін жасау тәсілдері.



Параграф 2. Химиялық ағаш масса қайнатушы, 4-разряд
610. Жұмыс сипаттамасы:

балансты сіңдіру пісіру процесін жүргізу;

балансты вагоншаны сіңдіру қазандығына салу, сіңдіру ерітіндісін айдау;

сіңдіру сапасын айқындау;

қазандықтан балансты шығару;

қазандықты келесі пісіруге дайындау және байқау. өңделген ерітіндіні түсіру;

химиялық ағаш массаның шығуын қамтамасыз ету;

қазандықтарды келесі пісіруге дайындауға қарау.

611. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялардың құрылымы, сіңдіру ерітіндісінің химиялық құрамы, сіңдірілген баланстың сапалық көрсеткіштері, ағашқа сіңдіру процесіне әсер ететін факторлар, және химиялық ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.



143. Хлорлаушы

Параграф 1. Хлорлаушы, 2-разряд
612. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары хлорлаушының басшылығымен ақ сыр ерітіндісін дайындау;

ағарту ерітіндісін дайындаудың жекелеген операцияларын орындау;

цистернадан хлорды шығару;

жабдықты күтіп ұстау.

613. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты және коммуникация схемасы;

ақ сыр ерітіндісін дайындауға қажетті химикаттардың қасиеттері.



Параграф 2. Хлорлаушы, 3-разряд
614. Жұмыс сипаттамасы:

өнімділігі тәулігіне 250 т дейінгі целлюлоза зауыттарының ағарту бөлімдерінің ақ сыр ерітіндісін дайындау, сұйық хлордың хлораторға берілуін және әк сүтінің хлормен байытылуын реттеу;

цистернадан сұйық хлорды ыдыстарға түсіру және оның өндіріске берілуі жұмысына басшылық жасау;

ерітіндіні сақтау және өндіріске берілудің белгіленген режимін қамтамасыз ету;

әк сүті мен ақ сыр ерітіндісінің қаттылығын айқындау;

күкірт қышқылы мен натрий хлоратын езу және беру;

компрессорлық құрылғының сорғысының жұмысын реттеу;

реакторлар мен сору бағаналарындағы сұйылуды, ақ сырдық ағарту цехына берілуін бақылау;

химикатты, қысыңқы ауаны, суды, бу мен электр энергиясын жұмсау нормасын сақтау;

жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін және оның герметикалығын бақылау.

615. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты мен құрылысы;

коммуникацияның, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

ақ сыр ерітіндісінің сапалық көрсеткіштері мен химикатты, қысыңқы ауаны, суды, бу мен электр энергиясын жұмсау нормасы.

Өнімділігі тәулігіне 250 т астам целлюлоза зауыттарының жекелеген бөлімшелеріне қызмет көрсеткен кезде - 4-разряд.

Параграф 3. Хлорлаушы, 5-разряд
616. Жұмыс сипаттамасы:

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен хлор қос тотығының ақ сыр ерітіндісін дайындау процессін жүргізу;

натрий хлоратының, күкірт қышқылының, күкірттің газ тәрізді қос тотығының және реакторға түсетін және сіңіру бағанасына берілетін салқындатушы судың берілуін реттеу;

газ өткізгіштердегі қысымды бақылау;

ағарту ерітіндісін дайындау жөніндегі құрылғыларды іске қосу және тоқтату;

жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін, оның герметикалығын бақылау.

617. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және коммуникацияның, ақтау ерітіндісін дайындау жөніндегі реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

хлор қос тотығын және басқа да ағарту ерітінділерін дайындау технологиялық процессі;

ерітінді жасау үшін қолданылатын негізгі реагенттерді бақылау схемасы және талдау әдістері;

химикаттарды, суды, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы.

144. Целлюлоза диффузоршысы

Параграф 1. Целлюлоза диффузоршысы, 2-разряд
618. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен тәулігіне 250 т-ға дейін өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

массаны шаю құрылғысына салу;

массаны шаю және оны жуып шығару;

қара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды өнімдерді өңдеу цехына, ыстық суды шаюға және каустизациялау цехына булауға айдау;

коммуникациялардың, реттейтін аппаратураның, жабдықтардың жай-күйін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.

619. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының қызметі, коммуникациялардың мен сорғыларды блоктау тәсімі;

жабдықтарды іске қосу және тоқтату тәртібі;

шаю технологиясы, су, электр энергиясының шекті шығу нормасы.



Параграф 2. Целлюлоза диффузоршысы, 3-разряд
620. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен тәулігіне 250 т-дан асатын өнім беретін үздіксіз шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

массаны шаю құрылғысына салу;

массаны шаю және оны жуып шығару;

кара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды өнімдерді өңдеу цехына, ыстық суды шаюға және каустизациялау цехына булауға айдау;

осы бөлімдермен тұрақты байланысты жүзеге асыру;

коммуникациялардың, реттейтін аппаратураның, жабдықтардың жай-күйін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

тәулігіне 250 т-ға дейін өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

диффузорларды түсіру, шаю және жуып тазартуды, сілтілердің күштілігін, судың температурасын және торшалардың тазалығын бақылау;

бұтанақ ұстағыштарға, вакуум сүзгілерге, қысым сүзгілеріне массаның жіберілуін, масса концентрациясын және сілті тығыздығын саты бойынша көп сатылы үздіксіз құрылғыларда реттеу;

ыстық судың тазалығын, шайылатын және араластырылатын судың және сілтінің шығынын, торшалардың тазалығын, целлюлозаны тазалау сапасын қадағалау;

булау және қайнату цехтарын берілген тығыздық пен температурада қара сілтімен және тазалау цехының таза жуылған целлюлозамен қамтамасыз ету;

целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау арқылы шайып ыстықтай ұнтақтауды және оны сұрыптауды бақылау;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу.

621. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципі, берілген тәсімдер бойынша массаны ыстықтай ұнтақтау технологиялық тәсімі бойынша түрлі шаятын аппараттарда шаю технологиясы, массаның сапасы, сілті тығыздығын айқындау;

су, бу, массаның, электр энергиясының шекті шығу нормасы.

Параграф 3. Целлюлоза диффузоршысы, 4-разряд
622. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен алдын ала ыстықтай ұнтақтайтын, химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өңдеуде, қағаз және электр оқшаулау және сүзгі картон өңдеуде істейтін шаятын аппаратурада шаю процесін жүргізу;

массаны шаю құрылғысына салу;

массаны шаю және оны жуып шығару;

қара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды өнімдерді өңдеу цехына, ыстық суды шаюға және каустизациялау цехына булауға айдау;

осы бөлімдермен тұрақты байланысты жүзеге асыру;

коммуникациялардың, реттейтін аппаратураның, жабдықтардың жай-күйін және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

тәулігіне 250 т-ғдан жоғары өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;

диффузорларды түсіру, шаю және жуып тазартуды, сілтілердің күштілігін, судың температурасын және торшалардың тазалығын бақылау;

бұтанақ ұстағыштарға, вакуум сүзгілерге, қысым сүзгілеріне массаның жіберілуін, масса концентрациясын және сілті тығыздығын саты бойынша көп сатылы үздіксіз құрылғыларда реттеу;

ыстық судың тазалығын, шайылатын және араластырылатын судың және сілтінің шығынын, торшалардың тазалығын, целлюлозаны тазалау сапасын қадағалау;

булау және қайнату цехтарын берілген тығыздық пен температурада қара сілтімен және тазалау цехының таза жуылған целлюлозамен қамтамасыз ету;

целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау арқылы шайып ыстықтай ұнтақтауды және оны сұрыптауды бақылау;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу.

623. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципі, берілген тәсімдер бойынша массаны ыстықтай ұнтақтау технологиялық тәсімі бойынша түрлі шаятын аппараттарда шаю технологиясы, массаның сапасы, сілті тығыздығын айқындау;

су, бу, массаның, электр энергиясының шекті шығу нормасы.

Параграф 4. Целлюлоза диффузоршысы, 5-разряд
624. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен алдын ала ыстықтай ұнтақтайтын, химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өңдеуде, қағаз және электр оқшаулау және сүзгі картон өңдеуде істейтін шаятын аппаратурада шаю процесін жүргізу;

диффузорларды түсіру, шаю және жуып тазартуды, сілтілердің күштілігін, судың температурасын және торшалардың тазалығын бақылау;

бұтанақ ұстағыштарға, вакуум сүзгілерге, қысым сүзгілеріне массаның жіберілуін, масса концентрациясын және сілті тығыздығын саты бойынша көп сатылы үздіксіз құрылғыларда реттеу;

ыстық судың тазалығын, шайылатын және араластырылатын судың және сілтінің шығынын, торшалардың тазалығын, целлюлозаны тазалау сапасын қадағалау;

булау және қайнату цехтарын берілген тығыздық пен температурада қара сілтімен және тазалау цехының таза жуылған целлюлозамен қамтамасыз ету;

целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау арқылы шайып ыстықтай ұнтақтауды және оны сұрыптауды бақылау;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша процесті реттеу.

625. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципі, қызметі, құрылымы, берілген тәсімдер бойынша массаны ыстықтай ұнтақтау технологиялық тәсімі бойынша түрлі шаятын аппараттарда шаю технологиясы, массаның сапасы, сілті тығыздығын айқындау;

су, бу, массаның, электр энергиясының шекті шығу нормасы.

145. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы

Параграф 1. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 2-разряд
626. Жұмыс сипаттамасы:

сұрыпталған шүберек және макулатураны бақылау, қабылдау;

арнайы қағазды сынауға іріктеу және су сіңіру тобын айқындау;

өнімнің сапасын бақылау.

627. Білуге тиіс:

су сіңіруді есептеу тәртібі;

сіңіру тобы белгілерінің шарттары, қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен бақыланатын шикізаттың техникалық шарттары;

шикізатты сақтау ережесі.



Параграф 2. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 3-разряд
628. Жұмыс сипаттамасы:

шикізатты, химикаттар мен даяр өнімді (ағаш, қағаз, картон, фибра, картонажды және басқа да қағаздан, картоннан, фибрадан, құйылған қағаз бұйымнан, қағаз жіптен жасалған бұйымдар) бақылау, қабылдау және есептеу;

өнімнің сұрыптылығын белгілеу;

өндірістік қағаздың физикалық-механикалық көрсеткіштерін айқындау;

жасалатын қағаздың сапасы бойынша мәліметтер құрастыру;

қағаздың физикалық-механикалық көрсеткіштер бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкессіздігі жағдайы туралы белгі беру;

ақауы бар шикізатты, бөлшектерді және даяр өнімді іріктеу;

қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу;

тапсырыс берушіден кальканы қабылдау және ресімдеу, олардың сапасын және жай-күйін тексеру;

калькаларды тиражы, түрі және сұрыбы бойынша оларды аппараттарға жіберу үшін іріктей отырып бөлшектеу;

калькаларды өлшеу кестесі бойынша өлшеу.

629. Білуге тиіс:

даяр өнімге қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттары;

қағазды сынау әдістері;

калькаларды өлшеу ережесі мен сапалық көрсеткіштері, құжаттаманы ресімдеу тәртібі;

қоймалардағы даяр өнімді сақтау ережесі.



Параграф 3. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 4-разряд
630. Жұмыс сипаттамасы:

роликті қағаздың сапасын катушкаға орағанда сыртқы түріне қарай, жапсыру және қағазды орағанда катушканың форматының сапасына қарай бақылау;

қағаз және көркем картонаж қағаздың жауапты сұрыптарын қабылдап алу және бақылау. кесілген және құйылған қағаздың салмағын есептеу;

сынау үлгілерін іріктеу;

қатаң есептегі қағаз үлгілерін есептеу;

арнайы және ақшалай қағаздың сапасын физикалық-механикалық қасиетіне қарай бақылау;

қатаң есептегі сұрыпталған қағазды қолмен және парағын есептеу машинасында парақтап есептеу;

сұрыптағаннан кейін және есеп бақылаудан кейін қағаз есебін және сапасын тексеру;

қағазды тиісті сұрыбына дұрыс жатқызылуын тексеру;

арнайы мемлекеттік белгідегі қағазды құю және су белгілерінің оқылу бағытын тексеру;

ақшалай және арнайы қағаз парағының кемшілігін ақау түріне қарай бөлу.

631. Білуге тиіс:

аппаратура және парағын есептеу машинасының құрылымы мен жұмыс принципі;

ақаулар мен олардың пайда болу себептері;

қағаздың шектеулері мен сұрыптары;

даяр өнімнің қолданыстағы мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.



Параграф 4. Целлюлоза-қағаз өндірісінің бақылаушысы, 5-разряд
632. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жасау технологиялық процесін операциялар бойынша бақылау. мемлекеттік белгісі бар арнайы қағаздарды партияларға жинақтау және ресімдеу және партиялардың санын есептеу;

жергілікті және жалпы белгілері бар сұрыпталған қағазды қолмен және парағын есептеу машинасында парақтап есептеу;

сұрыптағаннан кейін және есеп бақылаудан кейін қағаз есебін және сапасын тексеру;

қосымша құжаттарды ресімдеу.

633. Білуге тиіс:

қағаз жасау технологиялық процесі, қағаздың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

146. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы

Параграф 1. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 2-разряд
634. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті каландрлаушының басшылығымен минутына 500 м-ге дейін жұмыс жылдамдығымен каландрда қағазды каландрлау;

қағаз орамын апару, орнату, түсіру;

қағаз жаймасын салуға қатысу;

тегістеу және тежегіш айлабұйымдардың жұмысын қадағалау;

ақауларды іріктеу.

635. Білуге тиіс:

каландрдың қолдану принципі, қағаздың қасиеті;

қағаз салу және орам шешу жүйесі;

қағазды глазирлеу және бөлу сапасы.




Параграф 2. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 3-разряд
636. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті каландрлаушының басшылығымен минутына 500 м-ге дейін жұмыс жылдамдығымен, сондай-ақ жоғары сұрыпты ақша, өрнекті, құжат, құрамында мақта бар жоғары сұрыпты қағазды, конденсаторлы, электр химиялық, фотокалька, табиғи қағаз калька және борланған қағазды глазирлеуде қағазды каландрлау;

жұмыс жылдамдығы минутына 280 м-ге дейінгі каландрларда екі жақты және бір жақты борланған және техникалық қағазды каландрлау;

қағаз орамын орнату және біліктер арасындағы жаймаға салу;

біліктерді қыздыруды, қысымын және ылғалдану деңгейін реттеу;

қағаз таспаны біліктер арқылы жіберілуін қадағалау;

біліктерді глазирлеу деңгейін және жай-күйін бақылау;

техникалық шарттарға сәйкес орамдарды жаймаға орау және орамды шешу.

637. Білуге тиіс:

каландр құрылымы, қағаздың қасиеті;

қағаз салу және орам шешу жүйесі;

қағазды глазирлеу және бөлу сапасы.



Параграф 3. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 4-разряд
638. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы минутына 280 м-ден 500м-ге дейінгі каландрларда, сондай-ақ жоғары сұрыпты ақша, өрнекті, құжат, құрамында мақта бар жоғары сұрыпты қағазды, конденсаторлы, электр химиялық, фотокалька, табиғи қағаз калька және борланған қағазды, екі жақты және бір жақты борланған және техникалық қағазды каландрлау;

қағаз орамын орнату және біліктер арасындағы жаймаға салу;

біліктерді қыздыруды, қысымын және ылғалдану деңгейін реттеу;

қағаз таспаны біліктер арқылы жіберілуін қадағалау;

біліктерді глазирлеу деңгейін және жай-күйін бақылау;

техникалық шарттарға сәйкес орамдарды жаймаға орау және орамды шешу.

639. Білуге тиіс:

каландр құрылымы, қағаздың қасиеті;

қағаздың ылғалдығының және басқа да шарттардың глазирлеу сапасына әсері, қағаз салу жүйесі;

каландрлеуге қажетті қысым;

өңдеу кемшіліктері мен оларды жою тәсілдері;

даяр өнімнің техникалық шарттары.

Параграф 4. Целлюлоза-қағаз өндірісінің каландрлаушысы, 5-разряд
640. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы минутына 500м-ден асатын каландрларда екі жақты және бір жақты борланған және техникалық қағазды каландрлау;

қағаз, картон және фибраны глазирлеу;

қағаз орамын орнату және біліктер арасындағы жаймаға салу;

біліктерді қыздыруды, қысымын және ылғалдану деңгейін реттеу;

қағаз таспаны біліктер арқылы жіберілуін қадағалау;

біліктерді глазирлеу деңгейін және жай-күйін бақылау;

техникалық шарттарға сәйкес орамдарды жаймаға орау және орамды шешу.

641. Білуге тиіс:

каландр құрылымы, қағаздың қасиеті;

қағаздың ылғалдығының және басқа да шарттардың глазирлеу сапасына әсері, қағаз салу жүйесі;

каландрлеуге қажетті қысым;

өңдеу кемшіліктері мен оларды жою тәсілдері;

даяр өнімнің техникалық шарттары.



147. Целлюлоза қайнатушы

Параграф 1. Целлюлоза қайнатушы, 3-разряд
642. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 100-ден 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың түсуін реттеу;

қайнату бөлімі коммуникацияларына қызмет көрсету, жабдықты күту;

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 100-т-ға дейін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтарына мен аппараттарына жоңқа, жарма салу және тығыздау;

қышқыл, сілті толтыру, бу жіберу;

циркуляциямен қамтамасыз ету, қысымды көтеру, ретімен қайнату процесін жүргізу, сынама алу және қазандықты үрлеу;

жабдықтың, коммуникациялардың, арматура және бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын қадағалау;

сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік стандартқа сәйкес сақталуы.

643. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қазандықтарды толтыру ережесі, жоңқа, жармалардың сапалық көрсеткіштері.


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау