Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым) 1- бөлім. Жалпы ережелер


Қағаздан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды жинақтаушы



жүктеу 2,77 Mb.
бет7/13
Дата18.12.2017
өлшемі2,77 Mb.
#4640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

65. Қағаздан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды жинақтаушы

Параграф 1. Қағаздан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды

жинақтаушы, 2-разряд
303. Жұмыс сипаттамасы:

тұсқағаздардың партияларын берілген түрлеріне, артикулдардың үлгілеріне, түстеріне және сұрыптарына қарай және құйылған қағаз бұйымдарды түрі бойынша жинақтау;

бұйымдарды есептеп қабылдау;

тұсқағаздарды түріне қарай бордюрларды, фриздарды іріктеу;

аралық қоймалардағы бөлшектердің жиынтықтарын сақтау және оларды жұмыс орындарын жіберу.

304. Білуге тиіс:

бөлшектерді жинақтау және сақтау ережесі;

өңдеудің техникалық шарттары;

бөлшектердің атауы және қызметі; тұсқағаздардың артикулдары мен сұрыптары;

тұсқағаздардың бордюрлары мен фриздарын есептеу және ара қатынасы;

желімдеу мөлшері мен алаңын есептеу.

66. Қағаздан жасалған бұйымдарды жылтыратушы

Параграф 1. Қағаздан жасалған бұйымдарды жылтыратушы,

1-разряд
305. Жұмыс сипаттамасы:

бұйым мен бөлшектердің бетін зімпара терімен жылтырату;

бұйымдарды айлабұйымға орнату және бетін парафин мен талькті пайдалана отырып немесе карборунд шеңберде жылтырату.

306. Білуге тиіс:

бұйымды жылтырату технологиясы;

зімпара тері мен карборунд шеңбердің нөмірлері;

жылтырату кезінде ақаулықтардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.

Параграф 2. Қағаздан жасалған бұйымдарды жылтыратушы,

2-разряд
307. Жұмыс сипаттамасы:

қағаздан жасалған бұйымдар мен бөлшектердің бетін жылтырату станоктарында жылтырату;

біліктің берілу жылдамдығын және пневмосорғыны реттеу;

жабдықты күту және оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

308. Білуге тиіс:

жылтырату станоктарының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

бұйымды жылтырату технологиясы;

жылтырату кезінде ақаулықтардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.



67. Қағазды жазушы-сұрыптаушы
Параграф 1. Қағазды жазушы-сұрыптаушы, 1-разряд
309. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары жазушы-сұрыптаушының басшылығымен пергаменттік, жарыққа сезімтал, миллиметрлік, диазотипті, көшірме жасайтын және техникалық және боялған қағаздың басқа да түрлерін қажетті форматты жаймаға жазу;

жазу кезінде ақаулы жерлерін алып тастау.

310. Білуге тиіс:

станоктың құрылысы;

қағаздың ақаулықтары;

жекелеген бұйымдарға арналған жайманың көлемі.

Параграф 2. Қағазды жазушы-сұрыптаушы, 3-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:

азотты қосылыстар эмульсиясы, анилин бояғыштар мен хром тұз сіңдірілген пергаменттік, жарыққа сезімтал, миллиметрлік, диазотипті, көшірме жасайтын және техникалық және боялған қағаздың басқа да түрлерін орама мен қажетті форматты жаймаға жазу;

жазу кезінде ақаулы жерлерін анықтау және алып тастау;

бумадағы қабат санын есептеу.

312. Білуге тиіс:

станоктың құрылысы;

техникалық шарттар;

қағаздың ақаулықтары;

жекелеген бұйымдарға және бұйымның бөлшектеріне арналған жайманың көлемі.

68. Қағазды, картон мен фибраны тегістеуші

Параграф 1. Қағазды, картон мен фибраны тегістеуші, 2-разряд
313. Жұмыс сипаттамасы:

картон орамадағы қағаздың жиектерін және фибра қабаттарының жиектерін тегістеу машинасында тегістеу немесе жиектелген бөлшектерді фаско-түсіру станогында тегістеу;

тегістеу тастарын орнату және реттеу;

қағаз бен картон жаймасының, шаң ұстағыштардың керілуін реттеу;

қағаз немесе картон орамасын ілу және оларды машинаға салу;

дөңгелек және түтік тәрізді фибраны әр түрлі жүйелі тегістеу станогында салу;

жайманың керілуі сапасын, ораманы орауды, шаң ұстағыштарды, қағаздың, картон мен фибраның тегістелуін бақылау, машинаны баптау.

314. Білуге тиіс:

тегістеу машинасының, шаң сорғыш және фаско-түсіргіш станоктың құрылысы мен баптау ережесі;

тегістелетін қағаз, картон мен фибраның түржиыны мен мақсаты;

машинаны баптау тәсілдері;

тегістеу сапасына қойылатын талаптар.



69. Қағазды өрнектеуші

Параграф 1. Қағазды өрнектеуші, 1-разряд
315. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары өрнектеушінің басшылығымен қағазды өрнектеу процессін жүргізу;

қағазды станокқа жеткізу, қағазды өлшеу және оны әкету;

біліктерді жуу;

станоктарды майлау.

316. Білуге тиіс:

станоктың құрылысы және өрнектеу қағазының сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Қағазды өрнектеуші, 3-разряд
317. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды станокта өрнектеу процессін жүргізу;

ағаш біліктерді және қағаздың дымқылдау дәрежесін реттеу;

қағаз таспаның біліктер арқылы өтуін бақылау.

318. Білуге тиіс:

станоктың құрылысы;

қағаздың физикалық-механикалық қасиеттері және дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

70. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптауға арналған

машинаның машинисі

Параграф 1. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптауға арналған

машинаның машинисі, 3-разряд
319. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жаймаға полиэтилен пленка мен басқа да қаптама материалдарды жабу үшін оны толтыру;

экструдерді полиэтиленмен және басқа да қаптама материалдармен толтыру;

қағаз орамасы мен тұсқағазды машина стенділеріне орнату;

қағаз және тұсқағаз жаймасының оралу сапасын, біліктерді салқындату үшін су жіберетін сорғының жұмысын бақылау.

320. Білуге тиіс:

көтеру механизмдерінің, толтыру стенділері мен су жіберетін сорғының құрылысы;

негіз қағаз бен тұсқағаздардың, полиэтилен мен басқа да қаптау материалдарының қасиеттері;

полиэтилен және басқа да пленкалармен қаптау технологиялық процессі.

Параграф 2. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптауға арналған

машинаның машинисі, 5-разряд
321. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды полиэтилен пленкамен қаптау;

экструдерде полиэтиленді еріту технологиялық процессін жүргізу;

полиэтиленнің, бу мен судың жұмсалуын, сондай-ақ әр түрлі аймақтарда полиэтиленді балқыту температурасын белгіленген температуралық режимге және аспаптардың көрсеткіштер бойынша технологиялық процесті реттеу;

пленка жасау және оны қағаз және тұсқағаз жаймаға жағу;

бақылау анализдерін алу;

машина жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою;

машинаның алмалы-салмалы біліктерін ауыстыруға басшылық жасау және қатысу.

322. Білуге тиіс:

машина мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы мен жұмыс қағидаты полиэтиленді еріту, пленка алу және оны қағаз және тұсқағаз жаймаға жағу технологиясы;

қызмет көрсетілетін машинаның жұмыс режимі;

полиэтилен мен басқа да қаптама материалдардың, негіз-қағаз бен тұсқағаздардың физикалық және химиялық қасиеттері.



71. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптау машинасының

ораушысы

Параграф 1. Қағазды полиэтилен пленкамен қаптау машинасының

ораушысы, 2-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы:

полиэтиленмен қапталған қағазды орауышқа орау процессін жүргізу:

қағаз жайманы орауышқа және жазғышқа салу;

экструдерге полиэтилен салу;

полиэтиленмен қапталған қағаз орамасын алу;

тамбурды орнату және әкету.

324. Білуге тиіс:

орауыштың, жазғыштың құрылысы және қағаз жаймасын орау ережесі.



72. Қалдықтарды престеуші

Параграф 1. Қалдықтарды престеуші, 2-разряд
325. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз және картон кесінділерді, ақауларды, ескі есептегі қағазды және Мембелгінің өнеркәсіптік қағаздарын, қағаз тозаңын бума етіп престеу;

топтар мен атаулар бойынша престеуді, нығыздалған тозаң мен ақаулықтарды бақылау;

буманы престен түсіру;

престеу режимін, электроконтактілі ауыстырып қосқыштарды, қалдықтардың берілу пневможүйесін бақылау;

престелген буманы тасымалдау және оларды қатарлап салу;

пресс жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету.

326. Білуге тиіс:

престің, контактілі ауыстырып қосқыштардың электр жүйесінің, пневмосепараторлардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

тасымалдауышты іске қосу және тоқтату ережесі;

престеу режимі;

буманың салмағы;

ақаулықтар мен тозаңның түрлері;

ақаулықтарды топтарға жіктеу.



73. Қатайту машинасының машинисі

Параграф 1. Қатайту машинасының машинисі, 2-разряд
327. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қағазды қатайту процессін жүргізу;

машинаны іске қосқан кезде, ораманы ауыстырған кезде және қағаз үзілген кезде қағаз жаймасын толтыру;

қағаз орамасын ораудан алу және шұғаны түзету;

цилиндрдегі будың қысымын бақылау.

328. Білуге тиіс:

қатайту машинасының құрылысы;

қағазды кептіру процессі;

қатайтылған қағазға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Қатайту машинасының машинисі, 3-разряд
329. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды қатайту, бояу және кептіру процессін жүргізу;

қағаз орамасы мен фольганы жеткізу және орнату;

қағаз жаймасы мен фольганы негізгі біліктер арқылы және астауды қатайту цилиндріне толтыру;

қағаздың орамаға оралуын және цилиндрдегі қысымды бақылау.

330. Білуге тиіс:

машина мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

кептірудің температуралық режимі;

ерітіндінің құрамы;

қағазды қатайту технологиясы.



74. Қорап үлгісін жасаушы

Параграф 1. Қорап үлгісін жасаушы, 5-разряд

331. Жұмыс сипаттамасы:

көркем қораптардың және күрделілігі мен пішіні әр түрлі басқа бұйымдардың үлгісін барлық бөлшектерін піше отырып кешенді жасау;

суретшінің суреті бойынша есеп жүргізу және сызбалар жасау;

бөлшектердің шаблонын жасау;

күрделілігі кез келген желімделген қораптардың сынама үлгілерін құрастыру.

332. Білуге тиіс:

шикізат түржиыны және қораптардың әр түрлі түрлерін жасау кезінде оның қасиеттері;

күрделілігі кез келген желімделген қораптарды жасау және көркем безендіру технологиясы.

75. Қоюландырушы

Параграф 1. Қоюландырушы, 2-разряд
333. Жұмыс сипаттамасы:

қоюландырғышқа түсетін целлюлозаның, жартылай целлюлозаның және ағаш массасының концентрациясы дәрежесін технологиялық режимге сәйкес реттеу;

торды бумен үрлеу;

қоюландырғыштың жұмысын бақылау;

жабдықты іске қосу, тоқтату және тазалау;

жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету.

334. Білуге тиіс:

қоюландырғыштың құрылысы және жұмыс қағидаты, целлюлозаның, жартылай целлюлозаның және ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.

Химиялық қайта өңделуге тиіс целлюлозаны қоюландыру жөніндегі құрылғыға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.

76. Құйма қағаз бұйымдарды құюшы

Параграф 1. Құйма қағаз бұйымдарды құюшы, 2-разряд
335. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары құюшының басшылығымен құйма қағаз бұйымдарды құю процессін жүргізу;

құю аппаратының қабылдау воронкаларына масса мен пресс-формаға минералды талшық толтыру;

машинаның қаптамасын ауыстыруға дайындау және қатысу;

пресс-форманы тазалау.

336. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және құюдың технологиялық процесс.

Параграф 2. Құйма қағаз бұйымдарды құюшы, 4-разряд
337. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымды құю және сығу аппаратында және пресс-қалыпта қалыптау процессін жүргізу;

жабдықтың жекелеген тораптарын жұмысқа дайындау;

түсетін массаның сапасын тексеру;

машинаның қаптамасын ауыстыру;

өңделетін бұйымның сапасын бақылау.

338. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс схемасы;

массаның композициясы мен концентрациясы, бұйымды құю технологиялық процессі;

өңделетін бұйымның сапасына қойылатын талаптар



77. Құйма қағаз бұйымдарды өңдеуші

Параграф 1. Құйма қағаз бұйымдарды өңдеуші, 2-разряд
339. Жұмыс сипаттамасы:

құйма қағаз бұйымдарды нитроэмальмен ішкі және сыртқы өңдеу (тазалау, бітеу, бояу);

бұйымдардың бетін өңдеуге дайындау.

340. Білуге тиіс:

құрылғылардың құрылысы және жұмыс қағидаты;

бұйымдарды өңдеу технологиясы;

бояудан кейін аралық операциялардың арасында ұстау мерзімі;

нитроэмальдің, еріткіштердің, олифа, бітеменің құрамы мен қасиеттері.



78. Құйма қағаз бұйымдарын престеуші

Параграф 1. Құйма қағаз бұйымдарын престеуші, 2-разряд
341. Жұмыс сипаттамасы:

құйма қағаз бұйымдарды әр түрлі типті аппараттарда престеу процессін жүргізу;

жабдықты жұмысқа дайындау. құюдан кейін түсетін бұйымдардың сапасын тексеру;

бұйымдарды өлшеу және олардың сапасын техникалық шарттары бойынша анықтау.

342. Білуге тиіс:

престеу машиналарының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

ауа және вакуум жүйелерін, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

престеу процессін реттеу тәсілдері;

өнімнің техникалық шарттары.

79. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы
Параграф 1. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы,

2-разряд
343. Жұмыс сипаттамасы:

қышқыл резервуарлардың: пісіру қазандықтарының, цистерналардың, бактардың, пештің және айналдыра қалануға және футерленуге тиіс басқа да жабдықтардың бетін тазалау және дайындау;

резервуарларды жөндеу, бетондау және қышқылға төзімді плиткалармен айналдыра қалау және футерлеу;

жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары айналдыра қалаушының басшылығымен орындау.

344. Білуге тиіс:

айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;

жабдықты айналдыра қалау және футерлеу технологиялық процессі;

айналдыра қалау және футерлеудің ақаулықтарын анықтау әдістері.



Параграф 2. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы,

3-разряд
345. Жұмыс сипаттамасы:

қышқыл резервуарлардың: пісіру қазандықтарының, цистерналардың, бактардың, пештің және айналдыра қалануға және футерленуге тиіс басқа да жабдықтардың бетін тазалау және дайындау;

пісіру қазандықтарындағы, қышқыл бактарындағы және турмалардағы плиткаларды шабу;

резервуарларды жөндеу, бетондау және қышқылға төзімді плиткалармен айналдыра қалау және футерлеуге қатысу;

дайындау, айналдыра қалау және футерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қосымша механизмдерді пайдалану;

жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары айналдыра қалаушының басшылығымен орындау.

346. Білуге тиіс:

айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;

жабдықты айналдыра қалау және футерлеу технологиялық процессі.

Параграф 3. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы, 4-разряд


347. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары айналдыра қалаушының басшылығымен резервуарларды жөндеу, бетондау, бетін қышқылға берік және термоберік плиткамен айналдыра қалау және футерлеу;

қышқыл резервуарлардың бетін тазалау және айналдыра қалауға және футерлеуге дайындау;

пісіру қазандықтарындағы, қышқыл бактарындағы, турмалардағы және қосымша жану камераларындағы плиткаларды шабу;

қажетті айналдыра қалау және футерлеу материалдарын таңдау;

дайындау, айналдыра қалау және футерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қосымша механизмдер мен құралдарды пайдалану.

348. Білуге тиіс:

беті қышқылға берік материалмен айналдыра қалануға және футерленуге тиіс резервуарлар мен аппаратураның құрылысы, жұмыс қағидалары мен шарттары;

айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;

айналдыра қалау және футерлеудің ақаулықтарын анықтау әдістері.



Параграф 4. Қышқыл резервуарларын айналдыра қалаушы,

5-разряд
349. Жұмыс сипаттамасы:

қышқыл резервуарлардың: пісіру қазандықтарының, цистерналардың, бактардың, пештің және айналдыра қалануға және футерленуге тиіс басқа да жабдықтардың бетін тазалау және дайындау;

қажетті айналдыра қалау және футерлеу материалдарын таңдау;

айналдыра қалаудың жай-күйін бақылау;

пісіру қазандықтарындағы, қышқыл бактарындағы, турмалардағы және қосымша жану камераларындағы плиткаларды шабу;

резервуарларды жөндеу, бетондау және қышқылға берік және термоберік плиткалармен айналдыра қалау және футерлеу;

дайындау, айналдыра қалау және футерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қосымша механизмдерді пайдалану.

350. Білуге тиіс:

беті қышқылға берік материалмен айналдыра қалануға және футерленуге тиіс резервуарлар мен аппаратураның мақсаты, құрылысы мен жұмыс шарттары;

айналдыра қалау және футерлеу материалдарының сорттары мен техникалық шарттары;

айналдыра қалау және футерлеудің ақаулықтарын анықтау әдіс-тәсілдері.

80. Қышқылдаушы

Параграф 1. Қышқылдаушы, 2-разряд
351. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қышқылдаушының басшылығымен сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

турмаларды дайындау және оларға әк тас немесе инертті ұштама салу;

жабдықтарды тазалау және бекітпелерді жою;

турмалардан түсетін қышқылдың мөлшері мен сапасын, еритін негіздерді, газдар шаятындар мен коммуникацияларды өңдеу жөніндегі күкірт, колчедан пештер мен аппараттардың жұмысын және жай-күйін қадағалау.

352. Білуге тиіс:

турмалар мен қышқыл цехы жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принципі;

коммуникациялардың тәсімдері;

пісірілетін қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.



Параграф 2. Қышқылдаушы, 3-разряд
353. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

турмаларды дайындау және оларға әк тас немесе инертті ұштама салу;

жабдықтарды тазалау және бекітпелерді жою;

турмалардан түсетін қышқылдың мөлшері мен сапасын, еритін негіздерді, газдар шаятындар мен коммуникацияларды өңдеу жөніндегі күкірт, колчедан пештер мен аппараттардың жұмысын және жай-күйін қадағалау;

анағұрлым жоғары білікті қышқылдаушының басшылығымен сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

түсетін күкірт немесе колчеданның және химикаттардың мөлшері мен сапасын қадағалау;

кесінділерді өлшеу;

күкірт пештерінде немесе колчедан пештердің қабаттарында ауаның жіберілуін, дұрыс жануын, еритін негіз жасау жөніндегі аппараттардың жұмысын реттеу;

селена жинау;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын қадағалау.

354. Білуге тиіс:

турмалар мен қышқыл цехы жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принципі; коммуникациялардың тәсімдері;

пісірілетін қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

Параграф 3. Қышқылдаушы, 4-разряд
355. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

турмалардан түсетін қышқылдың мөлшері мен сапасын, еритін негіздерді, газдар шаятындар мен коммуникацияларды өңдеу жөніндегі күкірт, колчедан пештер мен аппараттардың жұмысын және жай-күйін қадағалау;

түсетін күкірт немесе колчеданның және химикаттардың мөлшері мен сапасын қадағалау;

кесінділерді өлшеу;

күкірт пештерінде немесе колчедан пештердің қабаттарында ауаның жіберілуін, дұрыс жануын, еритін негіз жасау жөніндегі аппараттардың жұмысын реттеу;

селена жинау;

газ шайғыштың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын қадағалау;

сомалық өнімділігі тәулігіне 100 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

қышқыл бөлімінің барлық агрегаттарының: күкірт және колчедан пештердің, эксгаустерлердің, сорғылардың, жұтқыш камералардың, турмалардың, абсорберлердің, барботажды колонкалардың, еритін негіз жасауға арналған аппараттардың, газ тазалау және салқындату жөніндегі жабдықтардың жұмысын реттеу;

газ құбырларға түсетін күкірттің, колчеданның, химикаттардың мөлшері мен сапасын, қышқылдың күштілігін бақылау;

химикаттар мен электр энергиясының шекті шығу нормасын сақтау;

жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының, коммуникациялардың жай-күйін қадағалау.

356. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі;

химикаттың техникалық шарттары, химикаттардың, су, электр энергиясының шығу нормалары;

өңделетін қышқыл және негіздің сапалық көрсеткіштері.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

Параграф 4. Қышқылдаушы, 5-разряд
357. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

қышқыл бөлімінің барлық агрегаттарының: күкірт және колчедан пештердің, эксгаустерлердің, сорғылардың, жұтқыш камералардың, турмалардың, абсорберлердің, барботажды колонкалардың, еритін негіз жасауға арналған аппараттардың, газ тазалау және салқындату жөніндегі жабдықтардың жұмысын реттеу;

түсетін күкірттің, колчеданның, химикаттардың мөлшері мен сапасын, қышқылдың күштілігін бақылау;

химикаттар мен электр энергиясының шекті шығу нормасын сақтау.

358. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі;

шикізаттың, химикаттың техникалық шарттары, өңделетін қышқыл және негіздің сапалық көрсеткіштері.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлоза өңдейтін зауыттың қышқыл цехтарына қызмет көрсетуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.



Параграф 5. Қышқылдаушы, 6-разряд
359. Жұмыс сипаттамасы:

сомалық өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза және жартылай целлюлоза өндірісі жөніндегі зауыттың қышқыл цехтары қышқылдарын жасау процесін жүргізу;

қышқыл бөлімінің барлық агрегаттарының және пультпен басқарылатын жабдықтардың жұмысын реттеу;

жақын өндірістермен байланыс жасау;

үрлегіш газдардан қышқылды регенерациялау процесін жүргізу;

түсетін күкірттің, колчеданның, химикаттардың мөлшері мен сапасын, қышқылдың күштілігін бақылау;

химикаттар мен электр энергиясының шекті шығу нормасын сақтау;

жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының, коммуникациялардың жай-күйін қадағалау;

төмендеу білікті қышқылдаушыны басқару.

360. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қышқыл бөлімінің реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қышқыл және негіз жасаудың технологиялық режимі;

шикізаттың, химикаттың техникалық шарттары, өңделетін химикаттардың, су, электр энергиясының шекті нормалары;

қышқыл және негіздің сапалық көрсеткіштері.

361. Орта арнайы білім талап етіледі.


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау