Параграф 2. Желім қайнатушы, 3-разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:
бетін жапсыру және қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар массасын жапсыру үшін су және сілті клейстерлеу крахмалды желімді қайнату;
топырақ ерітінділерін, каолинді суспензия және пасталар жасау;
химикаттарды араластырғыштар мен еріткіштерге жеткізу;
жасалған ерітінділерді өндіріске айдау.
108. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципі;
желім қайнату және топырақ және квасц ерітінділерін жасау тәсілдері;
желім рецептурасы.
Параграф 3. Желім қайнатушы, 4-разряд
109. Жұмыс сипаттамасы:
картографиялық желімдеу, фото салу, литографиялық және басқа да жауапты техникалық қағаз түрлерін желімдеуге арналған тұзды қышқыл және желімдердегі меламинді формальдегин шайыр ерітінділерін, сондай-ақ баритаждау және арнайы қағаздың бетін желімдеуге арналған желім ерітінділерін жасау;
берілген технология және рецептура бойынша қайнату режимін реттеу;
канифоль, сода, казеин, парафин, сұйық шыны жасау.
110. Білуге тиіс:
желім қайнататын қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы мен жұмыс істеу принципі, желім жасау өндірісінің тәсімі;
жасалатын желімнің сапалық көрсеткіштері, желімнің түрлерінің рецептурасы мен бұйымның түрлерін жасау технологиясы.
Параграф 4. Желім қайнатушы, 5-разряд
111. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары шайырлы желімді қайнату процесін жүргізу. парафинді коалин және парафинді стеарин эмульсиясын, желатин ерітіндісін, арнайы ерітінді жасау;
ерітінді концентрациясын айқындау жөніндегі есептеулерді орындау;
ерітінді сапасын айқындау жөніндегі талдауларды орындау.
112. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;
құбыржолдардың тәсімдері;
қағаз желімдеу процесі мен стандартты концентрацияның желімдейтін және толтыратын ерітінділерін жасаудың технологиялық режимі.
24. Желімдеу-ию машинасының машинисі
Параграф 1. Желімдеу-ию машинасының машинисі, 3-разряд
113. Жұмыс сипаттамасы:
таспаның жиегін ию және желімдеу, машинада майлау;
машинаға қағаз тығырық салу;
машинаның жұмысы мен таспаның майлану және иілу сапасын бақылау;
машинаның ақаулығын жою және оны майлау.
114. Білуге тиіс:
таспаны желімдеу, майлау және июдің технологиялық схемасы;
машинаның құрылысы және оның жұмыс қағидаты.
25. Желімдеу-кептіру машинасының кептірушісі
Параграф 1. Желімдеу-кептіру машинасының кептірушісі, 3-разряд
115. Жұмыс сипаттамасы:
қағазды кептіру процессін жүргізу;
машинаның кептіру бөлігіне түскен ауа температурасын реттеу;
оралатын қағаздың сапасын бақылау;
жайманың қабатқа жазылуын реттеу;
қағаз білігін орнату және алуға, желім астауын жууға және машина қаптамасын ауыстыруға қатысу.
116. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы;
қағазды желімдеу және баритаждау технологиялық режимі;
ылғалдың жазуға тигізетін әсері.
26. Желімдеу-кептіру машинасының машинисі (желімдеуші)
Параграф 1. Желімдеу-кептіру машинасының машинисі
(желімдеуші), 5-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:
баритаждау, гуммирлеу, қағаздың бетін желімдеу процестерін жүргізу;
технологиялық режимнің сақталуын, өңделетін қағаздың сапасын, желімнің, бояудың, электр энергиясы мен будың жұмсалуын бақылау;
қағаздың біркелкі кептірілуін, жайманың керілуі мен жабдықтың жұмысқа жарамды күйін бақылау;
қағазды кептіру процессін реттеу;
машинаның керек-жарақтарын ауыстыру;
машинаны жуу. өнімді есепке алу.
118. Білуге тиіс:
машинаның құрылысы; қапталатын және дайын қағазға, желім мен бояуға қойылатын техникалық талаптар;
қағазды желімдеу режимі;
ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері.
27. Желімдеу-кептіру машинасының ораушысы
Параграф 1. Желімдеу-кептіру машинасының ораушысы, 2-разряд
119. Жұмыс сипаттамасы:
қағаз жайманы орауышқа салу;
орауды реттеу және қағаз жайманы керу;
өтпелі ақаулықтарды белгілеу және шартты белгілермен үзу;
дайын өнімді орау, орауыштан алу және өлшеу;
қағазды, желім ерітіндісін, бояуды жеткізу және әкету;
машинаны, щетка мен шұғаны жууға қатысу.
120. Білуге тиіс:
орауыштың құрылысы;
желімдеудің және қағаз баритажының технологиялық режимі;
ақаулықтарды жою тәсілдері.
28. Желімдеу-кептіру машинасының престеушісі
Параграф 1. Желімдеу-кептіру машинасының престеушісі, 2-разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:
престе қағаз желімдеу процессін жүргізу;
престердің жұмысы мен пресс шұғаны реттеу;
қағаз білігін жазғышқа салу және қағаз салу;
астаудағы желімнің деңгейі мен температурасын бақылау және астауға желім ерітіндісін салу;
ақаулығын түзету;
қағаз жасайтын білік пен рейкаларды тазалау;
желімдеу астамын жуу;
машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу.
122. Білуге тиіс:
қағазды желімдеу режимі.
29. Желімдеуші
Параграф 1. Желімдеуші,, 1-разряд
123. Жұмыс сипаттамасы:
бұйымдарды жинақтау үшін жекелеген бөлшектерді дайындау және желімдеу;
бұйымдарды электр үтікпен үтіктеу, балқыманы сіңдіру және даяр өнімді ілгіштерге ілу.
124. Білуге тиіс:
бөлшектерді желімдеу ережесі мен даяр бұйымдардың техникалық шарттары.
арнайы бұйымдардың бөлшектерін желімдеуде 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.
30. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің операторы
Параграф 1. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 3-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жоңқаны жуу процессін жүргізу;
жоңқаны бөтен қоспалардан тазалау, жуу және ұнтақтау аппаратурасына жіберу, жоңқаны жууға арналған суды, бу мен химикаттарды жіберу жөніндегі жабдыққа қызмет көрсету;
шығын бункеріне шнек тасымалдауышпен жоңқа толтыруды бақылау;
қызмет көрсетілетін учаскеде бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының жұмысын бақылау;
жоңқаны жуу жабдығын нұсқаулыққа сәйкес іске қосу және тоқтату;
жұмыс орнын тазалау.
126. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты, құрылысы мен пайдалану ережесі;
жоңқаны жуудың технологиялық схемасы;
жоңқаны жуу технологиялық режимінен ауытқу себептері және оларды жою тәсілдері;
жоңқаның сапасын бақылау әдістері;
суды, буды және химикаттарды жұмсаудың шекті нормасы;
мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің сапалық көрсеткіштері.
Параграф 2. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 4-разряд
127. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен термомеханикалық ағаш массаны екі сатылы ағарту процессін жүргізу;
ағаш массаны, химикаты бар шығын ыдысы мен мөлшерлеу агрегаттарын ағарту жабдығына қызмет көрсету;
ыдыстарға химикат толтыруды бақылау;
жабдықтар мен ыдысты кірден тазарту, жабдықты сырттай тексеру;
бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының жұмысын бақылау;
ЭЕМ-нің көмегімен ағарту технологиялық процессін реттеу;
термомеханикалық ағаш массасының сапасын бақылау;
жұмыс орнын тазалау.
128. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты, құрылысы мен пайдалану ережесі;
ағаш массасын ағарту, тазалау және қоюлату процессін автоматты реттеу және бақылау схемасы және суды, химикаттарды өткізу схемасы, қызмет көрсетілетін учаскенің бұрандасы, сақтандыру клапандарының схемасы;
термомеханикалық ағаш массасын ағартудың технологиялық режимі;
ағарту, тазалау және қоюлатудың технологиялық режимнен ауытқу себептері және оларды түзету тәсілдері;
ағаш массасын ағарту, тазалау және қоюлатуды бақылау әдістері;
химикатты, су мен буды жұмсаудың шекті нормасы, мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің сапалық көрсеткіштері.
Параграф 3. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 5-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жоңқадан термомеханикалық және химиялық-термомеханикалық ағаш массасын жасау процессін жүргізу;
екі сатылы ұнтақталған жоңқаға, рафинерге арналған агрегаттарға, массаны сұрыптау, тазалау, қоюлату және сақтау жабдықтарына, қалдықтарды қайта өңдеу, қалыптасатын буды жылу рекуперациялау жабдықтарына қызмет көрсету;
ЭЕМ-нің көмегімен технологиялық параметрлерді реттеу;
массаның концентрациясын ұнтақталу дәрежесін, ақтығын, костриктілігін сыртқы белгілері бойынша және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау;
жабдық пен ыдысты массаның қалдығынан жуу;
ұнтақталу тізбегін бумен қыздыру;
майлау гидравликалық жүйесін қыздыру;
жұмыс орнын тазалау.
130. Білуге тиіс:
термомеханикалық ағаш массасы цехының жабдықтарының мақсаты, құрылысы мен пайдалану ережесі;
ағаш массасын автоматты реттеу және өндіру процессін кезеңдері бойынша бақылау схемасы;
ағаш массасын жоңқадан жасау технологиялық режимі;
технологиялық режимдердің ауытқу себептері және оларды түзету тәсілдері;
жоңқаны, химикаттарды, бу мен суды жұмсаудың шекті нормасы;
ағаш массасының сапасын өндіріс кезеңдері бойынша бақылау әдістері;
өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
Параграф 4. Жоңқадан жасалған ағаш масса өндірісінің
операторы, 6-разряд
131. Жұмыс сипаттамасы:
жоңқадан термомеханикалық және химиялық-термомеханикалық ағаш массасын жасау процессін жүргізу;
жоңқаны, суды, буды және химикаттарды мөлшерлеу;
ЭЕМ-нің көмегімен ұнтақтың концентрациясы мен массаның ақтығын реттеу;
реттеуші аппаратураның жұмысын бақылау және ағаш массасының ұнтақталуын, ағартылуын, сұрыпталуын, тазалануы мен қоюлатылуын бақылау;
берілетін жоңқаның сапасын, судың ұнтақтауға жіберілуін, химикаттың жұмсалуын есептеу;
жоңқаны ұнтақтау, ағаш массасын ағарту және сұрыптау режимінің барлық басқа көрсеткіштерін сақтау;
ағаш массасын айдау және қабылдау және жұмсау ыдыстарындағы деңгейін бақылау;
жабдық жұмысындағы технологиялық ақаулықтарды анықтау және жою;
жабдықтың, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының жай-күйін бақылау;
жабдықты басқару пультінен қосу;
жоспарланатын өнімді мемлекеттік стандарт бойынша шығуын қамтамасыз ету.
132. Білуге тиіс:
жабдықтың мақсаты, құрылысы мен басқару пультінен іске қосу ережесі;
ағаш массасы өндірісін өндіріс кезеңдері бойынша автоматты реттеу және бақылау схемасы және су, бу, химикат, сорғы, сақтандыру клапандарының бұрандаларын өткізу схемасы;
өндірістің технологиялы режимі;
технологиялық режимдердің ауытқу себептері және оларды түзету тәсілдері;
жоңқаны, химикаттарды, бу мен суды жұмсаудың шекті нормасы;
ағаш массасының сапасын, жоңқаның ұнтақталуын бақылау әдістері;
өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.
31. Картон және қағаз орамдарын жинаушы
Параграф 1. Картон және қағаз орамдарын жинаушы, 2-разряд
133. Жұмыс сипаттамасы:
конус және қысқыш гайка орната отырып картон немесе қағаз орамын штангіге жинау;
штангіге бекіту және жинау стендісіне гофрленген қақпақтарды және желімдейтін машинаны көтергіш механизм арқылы бекіту;
штангісіз жинауда – орамдарды конустармен бекіту және олардың орналасуын реттеу;
картон немесе қағаз орамдарын жинайтын жерге жақындату және оларды ашу;
жинау стенділерін және автотиегіштерді тазарту;
кесінділерді жинап тастау.
134. Білуге тиіс:
жинағыш стенділердің көтергіш механизмдерінің құрылымы мен өзара іс-әрекеті, авто немесе электр тиегіштерді жүргізу ережесі;
өңделетін картон мен қағаздың сұрыптылығы;
штангісіз жинауда – механикалық конустардың, тежегіш айлабұйымдардың құрылымы;
осьтік және көлденең бағыттарды реттеу, жылжыту ережесі.
32. Картон мен фибраны бояушы
Параграф 1. Картон мен фибраны бояушы, 2-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:
картон мен фибраның қабаттарын бояу, тазалау және қаттау;
картон мен фибраның қабаттарын жеткізу, оларды бояуға дайындау. бояу дайындау;
жабдықты жуу және тазалау.
136. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
бояуға қойылатын талаптар және оларды дайындау тәсілдері;
картон мен фибраны бояу режимі.
Чемоданға арналған дайындаманы бояу кезінде - 3-разряд.
33. Картон мен фибраны престеуші
Параграф 1. Картон мен фибраны престеуші, 2-разряд
137. Жұмыс сипаттамасы:
картонды гидравликалық немесе механикалық престе престеу процессін жүргізу;
картонды жіберу және оны преске салу;
фибраны жеткізу, салу және түсіру;
гидравликалық немесе механикалық престе престеу;
төсеменің жай-күйін бақылау, оларды тазалау және картон қабаттарын тазалау;
престеуден кейін буманы түсіру және салу;
сорғының жұмысын, қысым мен температураны бақылау.
138. Білуге тиіс:
престің құрылысы;
бақылау-өлшеу аппаратурасы;
престелген картонның сапалық көрсеткіштері (ылғалдық пайызы);
фибраны престеу мен сулаудың технологиялық режимі.
Параграф 2. Картон мен фибраны престеуші, 3-разряд
139. Жұмыс сипаттамасы:
фибраны престеу процессін жүргізу;
қысым мен температураны реттеу;
престің жұмысы мен жай-күйін бақылау;
фибраны престерге таратып бөлу;
престеу режимін фибраның маркасы мен ылғалдығына байланысты белгілеу;
фибраны жібіту процессін бақылау.
140. Білуге тиіс:
сорғы, аккумулятор және пресс құрылғысының құрылысы;
фибраны жібіту.
34. Картон, фибра және басқа да материалдарды пішуші
Параграф 1. Картон, фибра және басқа да материалдарды
пішуші, 2-разряд
141. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті ораушының басшылығымен қорап, папка, блокнот, дәптер, альбом және басқа да бұйым бөлшектерінің даяр шаблондарын бір уақытта ию сызығын сыза отырып қағаз кесетін, роликті, сызатын машиналарда, циркульды арамен пішу;
пішім сапасы мен дәлдігін бақылау;
дайындамалар мен бұйымдарды қалау және орау.
142. Білуге тиіс:
пішу машиналары мен олардың арнайы айлабұйымдарының құрылымы;
шикізат түрлері мен оның қасиеттері, талшықты картонға жіберілуін айқындау тәсілдері;
пішу технологиясы.
Параграф 2. Картон, фибра және басқа да материалдарды
пішуші, 3-разряд
143. Жұмыс сипаттамасы:
жайма кесетін, бума кесетін, ролик пішетін, сызатын, қағаз кесетін, роликті (арнайы бояуы немесе релелі аппараттары бар) және релелі кесетін машиналарда қораптардың, бұйымдардың берілген бөлшектеріне дәл тықсырып даяр шаблондар бойынша барлық ықтимал материалдарды пішу;
шабадандар мен шылапшындардың берілген мөлшері бойынша фибраны белгілеу және пішу;
картонның, қағаз және басқа да материалдардың тығыздығына қарай және берілген мөлшеріне сәйкес пышақтарды, қосымша айлабұйымдар мен шектеуліктерді орнату және реттеу;
материалдарды кесу, ию сызығының тереңдігі бойынша сызбалар мен релелі аппараттарды тексеру;
кесілген фибраны есептеу және өлшеу;
бөлшектердің үлгілерін сұрыптау, бөлшектермен қалдықтарды жинау;
қораптардың бөлшектерінің жібек және барқыт маталарын қолмен немесе электр пышақпен пішу;
машинада кесуге матаны дайындау;
маталарды төсеу және бөлшектерді шаблондар бойынша белгілеу;
материалдарды барынша үнемді пішуді, бөлшектердің берілген санын қамтамасыз ету үшін материалдардың қажеттігін есептеу;
бөлшектерді пішу сапасын бақылау.
144. Білуге тиіс:
пішу машиналары мен олардың арнайы айлабұйымдарының құрылымы мен реттеу тәсілдері;
шикізат түрлері мен оның қасиеттері, талшықты картонға және қағазға жіберілуін айқындау тәсілдері;
фибра және дайындамалардың маркалары;
пішудің оңтайлы жолдары, фибраның техникалық шарттары.
Параграф 3. Картон, фибра және басқа да материалдарды
пішуші, 4-разряд
145. Жұмыс сипаттамасы:
жайма кесетін, бума кесетін, ролик пішетін, сызатын, қағаз кесетін, роликті (арнайы бояуы немесе релелі аппараттары бар) және релелі кесетін машиналарда қораптардың, бұйымдардың екі-үш және одан да көп берілген бөлшектеріне дәл тықсырып картонажды бұйымдардың бөлшектеріне барлық ықтимал материалдарды (картон, қағаз, әшекейлеп басылған, таспалы, жібек және барқыт мата және олардың орнын алмастырғыштарды) пішу;
берілген мөлшерлерге сәйкес және материалдардың тығыздығына қарай сызба, релелі аппараттарды орнату;
пішілген бөлшектерден түрлі күрделіктегі бұйым үлгілерін жинақтау;
картоннан жасалған бұйым бөлшектерінен матаны пішу үшін шаблондар жасау;
бұйымның түсіне және түріне қарай материалдарды таңдау;
бөлшектерді барынша үнемді пішуді, бөлшектердің берілген санын қамтамасыз ету үшін материалдың қажеттілігін есептеу;
таспа жиектерінің бөлшектерін, бұйымдарды пішу сапасын бақылау.
146. Білуге тиіс:
пішу машиналары мен олардың арнайы айлабұйымдарының құрылымы мен қолдану принципі;
пішу және түрлі күрделіктегі картон қорап жасау технологиясы;
шикізат, шаблон түрлері мен оның құрылымдары, пішу сапасына қойылатын талаптар.
2- бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру
35. Картонажды өндіріс автоматшысы
Параграф 1. Картонажды өндіріс автоматшысы, 1-разряд
147. Жұмыс сипаттамасы:
агрегатқа (машинаға) қызмет көрсету кезінде анағұрлым қарапайым операцияларды орындау;
материалдарды картонаж өндірісі автоматтарына салу, қалау;
қораптарды пішу, парақтардың шетін ию, этикеткаларды желімдеу;
жасалатын бұйымдарды алу және ақауларын шығару;
даяр өнімді қалау.
148. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жекелеген тораптардың құрылымы, материалдарды салу және даяр өнімді қалау ережесі;
жасалатын бөлшектер мен бұйымдардың мөлшері;
дайындамалар мен бұйымдардың түрлері.
Параграф 2. Картонажды өндіріс автоматшысы, 2-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі жүйедегі автоматтар мен жартылай автоматтарда ішкі пакеттерін жасау, манжетін, түбін құрастыру және оларды орау;
манжеттер мен түптерін формаларға қолмен ілу;
картоп қораптар мен қорап кесетін машиналар жасау жөніндегі агрегаттарға қызмет көрсету;
картон орамын жайма пішетін машинаға салу, июге, формалауға және қақпағы бар қораптарды желімдеуге арналған жаймаларды кейіннен толтыру;
даяр өнімдерді жәшіктерден алу, қоймалау;
гофрленген картоннан жасалған жәшіктерді тігетін автоматтарда тігу;
гильза кесетін автоматқа қызмет көрсету;
шикізаттың тығыздығына және сымның кесілуіне қарай сымның созылуын, тігу аппараттарын реттеу;
жетек станогында жинамалы қораптарды орау;
даярланатын бұйымдардың сапасын қадағалау;
даяр бұйымдардың сапасын бақылау.
150. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
агрегат және машина бөлшектері мен тораптарының қызметі және өзара іс-әрекеті, жасалатын қораптардың өлшемі;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;
жасалатын бұйымның түр-түрі;
даяр бұйымның сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Картонажды өндіріс автоматшысы, 3-разряд
151. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі жүйедегі автоматтарда көркем қораптар, қаттамалы футляр, сыртқы пакет кешенін жасау;
қағаз ұстағандарды және бөтелкелерді түбімен және корпусын құрастыру;
қақпақтың немесе түбінің қабырғаларын бүктеу және желімдеу;
қағаз корпустан жасалған құрастырмалы қораптарды және металл бөлшектерді түрлі жүйедегі автоматтарда және жартылай автоматтарда орау;
орама қағаздан жағатын-орайтын және кесетін агрегатта гильза жасау;
көркем қорап жасау жөніндегі автоматты желіге қызмет көрсету: қораптарды этикеткалау, құрастыру және кептіру;
қағаз жайманың созылуын, дайындамалар мен бұйымдарды жіберу жылдамдығын, кептіру камерасының температурасын, кесу тазалығын реттеу;
баспа формасының суретін салу;
бояу, желім, поливинил-ацетатты эмульсия құрастыру және жасау;
біліктер мен пышақтарды орнату;
автоматтар мен жартылай автоматты баптау және реттеу.
152. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, баптау және реттеу тәсілі;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті және түр-түрі, бояу, желім, эмульсия жасау және құрастыру тәсілдері, жасалатын бұйымның сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 4. Картонажды өндіріс автоматшысы, 4-разряд
153. Жұмыс сипаттамасы:
бір немесе екі плинтусты қораптар жасау;
плинтусты түбіне немесе қақпағына жапсыру;
түрлі күрделіктегі жайылмалы плинтус қораптардың түбін немесе қақпағын автоматтарда құрастыру;
автоматы агрегатта қағаз гильзаларды кешенді жасау: жағу, кесу, этикеткалау және кептіру;
кептіру камерасының температуралық режимін, кесу тазалығын, өзі орағышқа ауа жіберу, желім немесе эмульсия дайындамалары мен бөлшектеріне жағу қабатының қалыңдығын, дайындамаларды жіберу жылдамдығын реттеу;
тайындамаларды жіберетін дүкендерді, тізбектерді олардың мөлшеріне қарай есептеу және орнату;
поливинилацетатты эмульсияны рецептура бойынша жасау;
дайындалатын бұйымдардың сапасын қадағалау;
автомат жұмыстарын баптау және реттеу.
154. Білуге тиіс:
автоматтардың құрылысы, баптау және реттеу тәсілдері;
біліктер мен пышақтардың мөлшері;
жасалатын бұйымдардың түр-түрі;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті, ақаулық себептері мен оларды жою шаралары;
жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.
36. Картонаждық бұйымдарды престеуші
Параграф 1. Картонаждық бұйымдарды престеуші, 1-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:
қағаз және пергамент дайындамадан капсюльдік престе бүрме капсюль жасау;
қолмен түзету қалыптарында қағаз сақиналарды фасондау;
қалыпты қыздыру температурасын реттеу;
қалыпқа немесе пресс ұяшығына орналастырған кезде сақина суретінің дұрыс орналасуын бақылау;
револьвер дискінің ұяшығына дайындама бумасын салу;
жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау.
156. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
капсюл материалдарының түржиыны;
қалыпты қыздыру температурасын реттеу тәсілдері.
Параграф 2. Картонаждық бұйымдарды престеуші, 2-разряд
157. Жұмыс сипаттамасы:
құрастырмалы қалыпталған қораптарды түбінің құрсауынан және этикеткадан жартылай автомат карусель престерде жасау;
баспа суретіне сәйкес құрсауды түбімен қосу, құрсауды жапсырма түбіне сәйкес пресс-қалыптың ұяшықтарына толтыру;
өздігінен салу құндағына этикетка салу;
престің, өздігінен салудың жұмысын, сотанды қыздыру температурасын реттеу;
металл қақпақтарды құрастыру және жартылай автоматта қалыптау;
гуммирленген этикетканы дәлме-дәл орталықтай отырып, қораптың ішінара нығыздалған бөлшегіне престе салу (механикалық өздігінен салусыз және өздігінен түсірусіз) және қалыпталған қораптарды пресс-қалыптан түсіру;
қажет болған жағдайда – этикетканың үстіне сақтандыру қағаз төсемесін салу;
штамптың жай-күйін және штамптау сапасын бақылау.
158. Білуге тиіс:
пресс пен айлабұйымдардың құрылысы, реттеу тәсілдері;
сотанды қыздыру температурасы;
қорап, этикетканың түржиыны және престелген қорап жасау сапасына қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |