Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым) 1- бөлім. Жалпы ережелер


Параграф 3. Картонаждық бұйымдарды престеуші, 3-разряд



жүктеу 2,77 Mb.
бет4/13
Дата18.12.2017
өлшемі2,77 Mb.
#4640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Параграф 3. Картонаждық бұйымдарды престеуші, 3-разряд
159. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі бөлшектерді, жиналмалы сауытты тигельді, конгрев престерде, жинау және бүру қалыптарымен қалыптау әдісімен пішу процессін жүргізу;

дайындамалардың сфералық бетіндегі үйіндіні желімделген қалыпты декоративті өңдеу үшін престе ірі рельефті өрнектеу әдісімен қалыптау;

контуры бойынша кесу, рельефті сурет пен бүгу сызығын, тілік пен бұрыш ойығын салу;

алдын ала басылған материалдан пішім жасау кезінде – ойма мен бедерді баспа суреті бойынша дәлме-дәл қиыстырып келтіру;

преске қағаз, картон қабатын, баспа этикеткасын, жиналмалы буманың дайындамасын және тағы басқа салу;

қалыпты пресс тақташасына бекіту;

қалыптың бүктегіш және кесу пластиналарын қысым мен тілік тереңдігіне реттеу;

матрицаны қалыптың суретіне дәлме-дәл сәйкес келетіндей жасау және баптау;

қабаттарды өздігінен салу кезінде – жеткізуші механизмдерді реттеу;

қалыңдығы әртүрлі материалдармен жұмыс кезінде престі реттеу;

дайындаманы престеу сапасын бақылау.

160. Білуге тиіс:

әр түрлі материалдармен жұмыс жүргізу кезінде қағаздың берілу механизмін реттеу тәсілдері, пресс пен қалыптың құрылысы;

матрицаны желімдеу техникасы;

пішілетін материалдардың қасиеттері;

қалыпталған бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар.

37. Картонажшы

Параграф 1. Картонажшы, 1-разряд
161. Жұмыс сипаттамасы:

картоннан, қағаздан және басқа да материалдардан жасалған қарапайым конфигурациялы бұйымдар жасау;

дайындамаларды тігісінен және бүктейтін жерінен бүгу, қолмен релелеу, жапсырмалар мен бөлгіштерді қою, гофрланған картоннан жасалған жәшіктерді қағазбен желімдеу;

парақтарды инемен белгілері бойынша түйреу және түйрелген парақтарды кейіннен кесу үшін жапсыру;

суреттер басылған этикеткалары бар парақтарды іріктеу;

түйреген және жапсырған кезде суреттердің жылжып кетуін болдырмау;

бөлшектерді майлау;

этикеткаларды қораптарға жапсыру;

жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау;

қорап дайындамаларын белгілері бойынша бүктеу;

дайындамаларды жылжыту, қалау.

162. Білуге тиіс:

бөлшектердің қызметі және қолданылатын шикізат түрлері;

жасалатын бұйымдар мен бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар;

бүктеу техникасы;

бүктеу сапсына қойылатын талаптар.



Параграф 2. Картонажшы, 2-разряд
163. Жұмыс сипаттамасы:

борланған қағазбен, бір немесе екі плинтусты көркем этикеткамен бөлінген орташа күрделіктегі жаппай өндірілетін қораптарды, футлярларды, пеналдар мен басқа да картонажды бұйымдарды кешенді жасау немесе желім қораптар мен басқа да бұйымдар жасауда жекелеген операцияларды орындау;

қарапайым бөлшектерді станокта формалау;

картонажды бұйымдар жасау сапасын бақылау.

164. Білуге тиіс:

бөлшектердің қызметі;

қолданылатын материалдардың түрлері, операцияларды орындау техникасы;

картонажды бұйымдар жасау сапасына қойылатын талаптар.



Параграф 3. Картонажшы, 3-разряд
165. Жұмыс сипаттамасы:

борланған, түсті, қола қағазбен және басқа да материалдармен, бір немесе екі плинтусты блондамен желімделген орташа күрделіктегі күрделі көркем қораптарды, футлярларды, пеналдар мен басқа да жаппай өндірілетін қағаз, картонажды бұйымдарды кешенді жасау;

бөлшектерді құрастыру және безендіруде, суретін қиыстырып дәл тықсыруды талап ететін түрлі конфигурациядағы желім қораптар жасауда жекелеген операцияларды орындау;

конвейерлерде қораптар жасау;

жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау.

166. Білуге тиіс:

картонажды бұйымдарды безендіру ережесі, қолданылатын материалдардың түрлері, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Картонажшы, 4-разряд
167. Жұмыс сипаттамасы:

конвейерде қымбат тұратын материалдарды жапсырып көркем ерекше күрделі қораптар, түрлі конфигурациялы картондарды кешенді жасау;

ерекше тапсырыс бойынша, экспортқа және көрмелерге түрлі конфигурациялы және күрделіктегі бұйымдар жасау;

жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау.

168. Білуге тиіс:

қолданылатын материалдар мен бұйымдардың түрлері, сызбалар бойынша бұйымдардың жаңа түрлерін жасау әдістері, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.



38. Клапан дайындаушы

Параграф 1. Клапан дайындаушы, 1-разряд
169. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз қаптардың клапандарын дайындау;

талап етілетін мөлшердегі тоқыма бауды орау, кесу;

тоқыма баудың белгілі бір мөлшерін орамдарға байлау;

балқымаларды клапандарға біркелкі жағу және оларды сіңдіру;

түтіктерді игіш станоктарға апару, станокқа салу, клапанды кесу және оны ию;

станоктың жұмысын реттеу.

170. Білуге тиіс:

станоктың құрылымы мен жасалатын бұйымның техникалық шарттары.

39. Колчедан, күкірт пештеріне және турмаларға салушы

Параграф 1. Колчедан, күкірт пештеріне және турмаларға

салушы, 2-разряд
171. Жұмыс сипаттамасы:

колчедан мен күкіртті пештерге салу;

турмаларға әк тасты, колчедан және күкіртті жіберу;

турмаларға салу, оларды тазалау;

күкірт пен колчеданды пештерге, әктің турмаға біркелкі түсуін қадағалау;

колчедан тұқылын арбаларға және вагоншаларға салу;

оларды белгіленген жерлерге апару және түсіру.

172. Білуге тиіс:

күкірт, колчедан және әк тастың сапалық көрсеткіштері;

күкірт және колчедан пештер мен турмаларға салу және тазалау ережесі;

тұқылдарды тастайтын жерлер;

от қауіпті жүктерді салу және түсіру тәсілдері.



40. Колчедан уатушы

Параграф 1. Колчедан уатушы, 2-разряд
173. Жұмыс сипаттамасы:

уатқышта колчеданды уату;

колчеданды құйғышқа апару және салу;

уатқышқа, елегішке, біліктеу диірмендеріне түсетін колчеданның ағынын бағыттау және реттеу;

берілген шикіқұрамның құрамын бақылау.

174. Білуге тиіс:

уатқышты қолдану принципі, колчеданды салу ережесі.

41. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы

Параграф 1. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы,

3-разряд
175. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен күкірт қышқылын және нефелинді алюминий тотығын өндіру процесін жүргізу;

гидратты ұсақтау;

күкірт қышқылын және алюминий гидрат тотығын жеткізу және мөлшерлеу;

шикіқұрамды қазандыққа салу;

сынама алу;

алюминий тотығын лотоктарға жіберу, суытылған алюминий тотығын бөлу және оны тасымалдау.

176. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, алюминий тотығын жасаудың технологиялық процесі;

шикізат және химикаттардың шығу нормасы;

алюминий тотығының сапалық көрсеткіштері, күкірт қышқыл алюминий тотығын қатайту шарттары.

Параграф 2. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы,

4-разряд
177. Жұмыс сипаттамасы:

күкірт қышқылын және нефелинді алюминий тотығын өндіру процесін жүргізу. ерітінді және қышқыл концентрациясын айқындау;

процестің температуралық режимін қадағалау;

алюминий тотығын кристалдау реакциясының аяқталуын айқындау;

жабдықтың жұмысын жөндеуге қатысу;

шикізат, химикат және даяр өнім шығарылымын есептеуді жүргізу.

178. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, коммуникация тәсімін;

алюминий тотығын жасаудың технологиялық режимі;

шикізат және химикаттардың шығу нормасы;

күкірт қышқылының, алюминий тотығы гидраты мен даяр өнімнің негізгі қасиеттері мен сапасына қойылатын талаптар.

42. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші

Параграф 1. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші, 2-разряд
179. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары қалпына келтірушінің басшылығымен күкірт қышқылын қалпына келтіру процессін жүргізу;

қышқылды құюды бақылау;

сульфит сілтісін таңдау және сору;

қышқыл құятын цистерналарды тексеру, цимол тұндырғышта цимол жинақтау;

жабдықты іске қосу және тоқтату;

жабдықтар мен коммуникацияны тазалаушы.

180. Білуге тиіс:

жабдықтар мен коммуникацияның мақсаты мен құрылысы;

қалпына келтірудің технологиялық процессі.



Параграф 2. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші, 3-разряд
181. Жұмыс сипаттамасы:

қысым түсетін ыдыстан күкірт ангидридін сору арқылы ыстық күйде қалпына келтіру технологиялық процессін жүргізу;

күкірт ангидридін сұйылта отырып қалпына келтіру;

қалпына келтіру жүйесіне мұнара қышқылының түсуін және пісіру қышқылының жұмсалуын бақылау;

цимол тұндырғышта цимол жинақтау;

қышқыл цистерналарын тексеру;

жабдықты іске қосу және тоқтату;

жабдықтың, коммуникацияның, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау;

жабдық пен коммуникацияны тазалау.

182. Білуге тиіс:

қысыммен жұмыс істейтін қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, тығын арматурасы мен бақылау-өлшеу аппаратурасының мақсаты, құрылысы;

қышқылды қалпына келтіру технологиялық процессі;қышқылдың сапалық көрсеткіштері.



43. Қабаттау машинасының машинисі

Параграф 1. Қабаттау машинасының машинисі, 3-разряд
183. Жұмыс сипаттамасы:

көп қабатты қатайтылған қағазды қабаттау машинасында жасау;

қағазды дайындау, машинаға орнату және салу;

машинаның жылдамдығын реттеу;

кесу тазалығын бақылау, қабаттардың саны мен қабатталған қағаздың енін бақылау;

қағаз кесуге арналған пышақтарды қайрау;

қызмет көрсетілетін машинаны баптау;

өндірілетін өнімнің сапасын бақылау.

184. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы мен баптау ережесі;

өндірілетін өнімнің сапасына қойылатын талаптар;

көп қабатты қатайтылған қағазды жасау технологиясы;

ақаулықтың түрлері және оның алдын алу және жою шаралары.

44. Қабықты престеуші

Параграф 1. Қабықты престеуші, 2-разряд
185. Жұмыс сипаттамасы:

қабықты сығу процессін жүргізу;

шикі қабықты преске жіберу;

престе ұнтақтау және сығу үшін қабықты салу;

гидропрестің барлық тораптарының жұмысын, қабықтың преске берілуі біркелкілігін және престелген қабықтың шығуын бақылау;

престелген қабықты түсіру;

престің жұмысын реттеу және шағын ақаулықтарды жою.

186. Білуге тиіс:

престің құрылысы мен жұмыс қағидаты;

престелген қабықтың ылғалдығы.



45. Қағаз бен картонды дымқылдаушы

Параграф 1. Қағаз бен картонды дымқылдаушы, 1-разряд
187. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары дымқылдаушының басшылығымен қағаз бен картонды дымқылдау;

қағаз немесе картон орамасын машинаға жеткізу және орнату;

жайманы салу;

дымқылдауды реттеу;

дымқыл ораманы алу және оларды жеткізу;

қағаздың тұтас бетінің тегістігін сақтау.

188. Білуге тиіс:

дымқылдау станогының құрылысы;

оны пайдалану ережесі;

негіз сапасы мен дымқылдау дәрежесі;

қағазды желімдеу ережесі.



Параграф 2. Қағаз бен картонды дымқылдаушы, 2-разряд
189. Жұмыс сипаттамасы:

металлографикалық баспаға арналған қағаз бен бедерді дымқылдау;

қағазды дайындау және өздігінен жазуға салу;

қағазды тасымалдау жүйесіне салу;

қағазды машинаның қабылдау үстеліне қабылдау, балқыту, итеру;

біліктілігі анағұрлым жоғары дымқылдаушының нұсқаулығымен қосымша жұмыстарды орындау;

жайма мен жіпті ауыстыру;

машинаны майлау.

190. Білуге тиіс:

баспаның дымқылдау процессіне қоятын талаптары;

есепті қабылдау; машинаның іске қосу және тоқтату құрылғысы; қабаттарды қолмен жазуды қабылдау.

Параграф 3. Қағаз бен картонды дымқылдаушы, 4-разряд
191. Жұмыс сипаттамасы:

ақша бұйымдарын металлографиялық басуға арналған қағазды белгіленген режимге сәйкес дәлме-дәл дымқылдау;

қағаздың ылғалдығы мен деформациясының белгіленген салмағын қамтамасыз ету;

ерітіндіні дымқылдайтын су температурасын және өздігінен жазу жұмысын реттеу;

шұғаны толтыру және ауыстыру;

жайманың ылғалдығын бақылау.

192. Білуге тиіс:

металлографиялық баспа операциясы;

сіңірудің әр түрлі топтарына арналған қағазды дымқылдау режимі;

дымқылдау процессінің баспа мен престеу сапасына тигізетін әсері.



46. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші

Параграф 1. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші, 2-разряд
193. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз орамасына, қағаз стакандарға, құйма және басқа да бұйымдарға әр түрлі жүйелі сіңдіру машиналарында парафин, лак пен май сіңдіру технологиялық процессін;

картон орауыштар мен папье-машеден жасалған дайындамаларға батыру арқылы май сіңдіру;

қағаз орамасын, жібек қағазды салу және алу;

аспаның сыртқы қабатын реттеу;

стаканды климерге қолмен ілу немесе конвейер формасы;

тегіс бөлшектерді жаншыма арқылы өткізу және оларды сіңдіру;

жібек қағазға балауыз массаны біркелкі жағуды және балауыз қабатының конвейерде өтуін бақылау;

сіңдіру білігін, астау мен эмульсияны қажетті температураға дейін қыздыру үшін астау мен бакқа ыстық су құю және жұмыстан кейін оны ағызу;

аспалы қабатты рейкаларды стеллаждар бойынша жылжыту;

фибраны дайындау, ашу және вакуум-резервуарға салу;

фибраны сүрту және өлшеу;

сіңдіру ерітінділерін дайындау;

фибраны престе желімдеу;

бұйымға парафин мен май жағу сапасын, балқыту температурасын кептіру камерасындағы температураны бақылау;

арнайы бекітілген нұсқаулық бойынша ротопленканы кептіру процессін бақылау;

жібек қағазға балауыз масса қабатын тегіс жағылуын және балауыз қабатының конвейерге өтуін, кептірудің температуралық режимін бақылау;

сіңдіру машинасы мен машинаға белгіленген барлық айлабұйымдарды ыстық сумен жуу;

желімделген фибраны кесуге жеткізу.

194. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

ротопленканы, фибра мен бұйымды сіңдіру өндірістік процессінің технологиясы;

май, қағаз, парафиннің түрлері;

ұзын талшықты негіз қағаздың қасиеттері;

сілті қағаз бен балауыздың техникалық шарттар;

бұйымның сіңдірілуіне қойылатын талаптар;

эмульсияның құрамына кіретін химикаттар;

технологиялық желдеткіштің жұмыс схемасы.



Параграф 2. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші, 3-разряд
195. Жұмыс сипаттамасы:

құйма қағаз бұйымдарға машинада қысыммен және вакуумда сіңдіру процессін жүргізу;

арнайы техникалық қағазға эмульсия мен ұзын талшықты қағаз негізін сіңдіру;

сіңдіру ерітіндісін дайындау;

эмульсияны, астауды және сіңдіру білігін ыстық сумен қажетті температураға дейін қыздыру;

эмульсияны бөшкеге құю;

эмульсияның астаудағы белгілі бір деңгейін сақтау;

ерітіндіні сіңдіру және бұйымның сіңдірілу процессін реттеу;

эмульсияның температурасы мен бөлменің ылғалдығын бақылау;

негізге жағылған массаның салмағын үнемі анықтап отыру;

сіңдірудің аяқталғанын анықтау. өндірістік журнал жүргізу.

196. Білуге тиіс:

сіңдіру аппаратының құрылысы мен схемасы;

машинаның құрылысы;

сіңдіруге арналған ерітіндіні дайындаудың технологиялық процессі;

ротопленканы сіңдіру өндірістік процестің технологиясы;

ұзын талшықты негіз қағаздың қасиеттері;

эмульсияның құрамы;

сіңдірілген бұйымның техникалық шарттары.

Параграф 3. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші, 4-разряд
197. Жұмыс сипаттамасы:

жарыққа сезімтал, диазотипті және көшірме қағазды сіңдіру процессін жүргізу;

фибраны вакуум астында және қысыммен сіңдіру;

сіңдіруге арналған таспа орамасын салу және сіңдірілген ораманы алу;

бояу білікшелерінің басын қысу механизмдерімен реттеу;

эмульсия немесе бояудың біркелкі жағылуын бақылау және жиектеу мөлшерін сақтау;

кептіру пешіндегі температураны және қағаздың кептірілу дәрежесін бақылау;

фибраны қалыңдығы мен бетінің сапасы бойынша іріктеу;

сіңдіру үшін фибраны көлемі бойынша дайындау;

сіңдіруге арналған негіз фибраның жасалуын бақылау;

сіңетін ерітіндіні дайындау;

фибраны глицерин ерітіндісімен ылғалдату;

фибраны кептіру және каландрлеу;

фибраны сортимент бойынша кесу;

талдауға сынама іріктеу.

198. Білуге тиіс:

машина мен престің құрылысы; таспа матаның қасиеттері;

жарыққа сезімтал, диазотипті және көшірме қағаз бен фибраның, сондай-ақ қолданылатын бояғыштар мен химикаттардың негізі;

сіңдіру операциясының жүйелілігі; желімдеу технологиялық процессі;

сіңдіру заттарының қасиеттері;

мемлекеттік стандарт бойынша дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері;

қағаз бен химикаттарды жұмсау нормасы.



47. Қағаз бен қағаз жіпті ораушы

Параграф 1. Қағаз бен қағаз жіпті ораушы, 1-разряд
199. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды орау, сорты бойынша сұрыптау және қатарлап салу;

штангадағы тығынды немесе ораманы нығайту;

барабанды орнату және мөлшерін тарқатылатын қағаздың көлеміне сәйкес тексеру.

200. Білуге тиіс:

қағаздың сорты мен стандарты және оған сәйкес келетін барабан диаметрі.



Параграф 2. Қағаз бен қағаз жіпті ораушы, 2-разряд
201. Жұмыс сипаттамасы:

қажетті диаметрі тығырыққа машинада жіпті орау процессін басқару;

жіпті жұмыс орнына жеткізу және патрондарды жеткізу;

машинаға салу және оны іске қосу;

жіптің оралуын, оралған тығырықтың көлемін бақылау;

собығын ауыстыру, кесілген жерлерін ауыстыру және оралған өнімді тапсыру.

202. Білуге тиіс:

машинаны іске қосу және тоқтату ережесі;

жіптің сапалық көрсеткіштері.

48. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы)

Параграф 1. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 2-разряд
203. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жаймасын бір жақты қаптау машинасына және екі жақты қаптау машинасының климаттық арнасына салу;

қағаз жаймасын ылғалдату процессін жүргізу;

щетка мен шұғаны салу;

қағаз бумасының кептіру камерасына керілуін, қабатталуы мен орау процессінің жылдамдығын реттеу;

дайын өнімді алу;

кесілген жерлерін жоюға қатысу.

204. Білуге тиіс:

бояу машиналарының құрылысы;

қағаз-негіздің құрылысы; қаптау құрылысы;

орау ережесі;

бояудың сорты.



Параграф 2. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 3-разряд
205. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз жаймасын екі жақты қаптау машинасының жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. астам және термореактивті және қорғаныш эмульсиямен біржақты бес-алты қабат қапталған кептіру бөлігіне біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен салу;

ауаның үстіңгі және төменгі ауа арнасы арқылы берілуін, вакуумды, сору үстелінің жұмысын, дөңгелекті тізбектің қозғалысын, бұру біліктерін, алдын ала және соңғы кептіру бөлігінің желдеткіштерін дроссельдеуші механизмдермен реттеу;

қағазды көркемдік өнім баспасы ретінде қағаз бояу машинасында бояу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

206. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.



Параграф 3. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 4-разряд
207. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. дейінгі екі жақты қаптау машинасында және бір жағы қапталған борланған қағаз, термореактивті және техникалық қағаздың басқа да түрлерін жасайтын машинада бояу процессін жүргізу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

208. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.



Параграф 4. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 5-разряд
209. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 100 м/мин. астам 500 м/мин. дейінгі екі жақты қаптау машинасында және термореактивті және қорғаныш эмульсиямен біржақты бес-алты қабат қапталған қағазды бояу процессін жүргізу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

210. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.



Параграф 5. Қағаз бояу машинасының машинисі (бояушы), 6-разряд
211. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 500 м/мин. астам екі жақты қаптау машинасында бояу процессін жүргізу;

щетка, шұға, қағаз жайманы керу біліктерінің жұмысын және бояу аппаратының алдындағы тежеу құрылғысын және бояу құрамын жазу қабатын реттеу;

қағаз жайманың екі жағына да жамылғыны тегістеп жағу;

температураны реттеу;

қағаз-негізді жұмсаудың белгіленген нормасын сақтау;

машина жұмыс істеп тұрған кезде кезекті қағаз орамасын жабыстыру және қағаз жаймасының кесілген жерін тоқтату;

дайын өнімнің сапасын, жабдықтың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

212. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

қағазды бояу кезінде қолданылатын суспензияны дайындау тәсілдері, құрамы мен сапасы, қағаз-негіздің, суспензияның құрамдас компоненттерінің қасиеттері және оларды бекіту дәрежесі;

дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.



жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау