Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (29 шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 2,26 Mb.
бет2/8
Дата21.02.2018
өлшемі2,26 Mb.
#10359
1   2   3   4   5   6   7   8

3-бөлім. Ацетон-бутил өндірісі
17. Бекіткішті ферменттеу аппаратшысы
1-параграф. Бекіткішті ферменттеу аппаратшысы, 4-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен бекіткішті үздіксіз ферменттеудің технологиялық процесін жүргізу;

коректендіру ортасының ашыту күбісіне біркелкі жіберілуін және ректификациялау бөлімшесіне даяр бражканың жіберілуін қадағалау;

ашыту күбілеріне салуға даярлау: шаю, үрлеу, стерилдеу және салқындату;

инертті газдармен ашыту газдарын біртіндеп ығыстырып күбіні босату;

стерилдеу шарттарын сақтау;

ашыту күбілерінде культуральды сұйықтық температурасын, қысымын және деңгейін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесс параметрлерін қадағалау;

кестеге сәйкес жабдықтарды тазалау;

өндірісті бақылау және технологиялық нұсқаулықта көзделген талдауларды жүргізу үшін сынама алу.

83. Білуге тиіс:

ферментациялау технологиялық процесінің маңызы, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі, сынама алу ережесі.
2-параграф. Бекіткішті ферменттеу аппаратшысы, 5-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:

піскен бражка алу үшін бекіткішті үздіксіз ферментациялау технологиялық процесін жүргізу;

бекітпені мөлшерлеу, бу-ауа қоспасын, температураны, қысымды өлшеу технологиялық процесі параметрлерін реттеу;

ферментациялау, аэрациялау және рН орта процесінде газдың бөліну қарқынын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша өлшеу;

ферментациялау кезінде көбікті іріктеудің басталуын және аяқталуын белгілеу, көбікті іріктеу және оны көбік тұтқышқа жіберу;

піскен бражканы айдауға жіберу;

көбікпен, газ және ауа коммуникациясымен стерилдеу;

технологиялық журналдағы жазбаны жүргізу. қызмет көрсететін жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және жою;

бөлімшенің негізгі және қосалқы жабдықтары мен бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету;

төмендеу білікті аппаратшыны басқару.

85. Білуге тиісті:

ферментациялауды технологиялық процесі мен қызмет көрсететін учаскенің технологиялық тәсімі;

қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы;

шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, даяр өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті;

технологиялық режим параметрлері мен процессті реттеу ережесі.

18. Инокуляторшы


1-параграф. Инокуляторшы, 3-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары разрядты инокуляторшының басшылығымен технологиялық режимге мәйкес ацетон-бутилді бактерия дақылдарын өсіру процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

аппараттарды жұмысқа дайындау: дезинфекциялау және аппараттарды жуу;

коммуникацияларда қажетті қысымдарды қолдау;

ацетон-бутилді бактериялардың таза дақылдарын өсірудің технологиялық процесінің барысын қадағалау;

сынама алу.

87. Білуге тиіс:

таза дақылдарды өсірудің технологиялық процесі;

қызмет көрсететін учаскеде негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс істеу принципі;

жабдықтар мен коммуникацияларды дезинфекциялау және стерилдеу тәсілдері.


2-параграф. Инокуляторшы, 4-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге мәйкес ацетон-бутилді бактерия дақылдарын өсіру процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

инокуляторларды тиеуге дайындау: инокуляторларды бумен үрлеу және конденсат және сумен оларды шаю;

инокуляторларды бумен стерилдеу және оларды стерилді бекіткішпен белгілі температурада толтыру;

бекіткішті араластыру, берілген температураға дейін оны салқындату;

таза дақыл аппаратынан ацетонды-бутилді бактерияларды инокуляторларға себу;

себетін дақылдардың, судың, стерилді газдың, қатты будың жіберілуін реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының көмегімен процесс параметрлерінің (қышқылдығын, ортаның температурасын, қысымы мен тағы баска) тұрақтылығын қамтамасыз ету;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою;

төмендеу білікті инокуляторшыны басқару.

89. Білуге тиіс:

таз дақылдарды өсірудің технологиялық процесі тәсімі;

қолданылатын орта мен химикаттардың физикалық-химиялық қасиетінің стерилді жағдайларда жұмыс ережесі;

ацетонды-бутилді бактериялардың таза дақылдарын өсіру технологиялық процесінің маңызы мен режимі.

19. Бекітпе жасау операторы
1-параграф. Бекітпе жасау операторы, 2-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен бекітпе жасау технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

бекіткіш күбілерді жұмысқа дайындау: жабдықты стерилдеу, тазалау, жуу, дезинфекциялау;

бекітпе жасау бөлімшесінің қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету.

91. Білуге тиіс:

бекітпе жасау технологиялық процесі;

қосалқы жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі;

жабдықтарды дезинфекциялау және стерилдеу ережесі.


2-параграф. Бекітпе жасау операторы, 3-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:

бекітпе жасау технологиялық процесін жүргізу. суды, сірнені, бардыларды, гидролизатты мөлшерлеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бекітпе жасау технологиялық процесінің параметрлерін: бекітпенің температурасын, қысымын, деңгейін реттеу;

өндіруді бақылау үшін сынама алу және технологиялық нұсқаулықта көзделген талдауларды жүргізу;

су мен ұнды өндіріске жіберілуін есептеу;

технологиялық журналдағы жазбаны жүргізу;

төмендеу білікті операторларды басқару.

93. Білуге тиіс:

бекітпе жасау технологиялық тәсімі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматура және коммуникациялардың құрылысы;

шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

оларға қойылатын талаптар;

бекітпе жасау процесінің технологиялық режимі және оны реттеу тәсілдері;

бақылау талдау жүргізу әдістемесі.

20. Қоректендіру ортасын стерилдеуші
1-параграф. Қоректендіру ортасын стерилдеуші, 3-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:

қысыммен істейтін автоклавтардағы бекітпелі таза дақыл аппараттарын стерилдеу процесін жүргізу. автоклавтарды толтыру және босату;

технологиялық нұсқаулыққа сәйкес ферменттеу процесін жүргізу үшін қоректендіру ортасын дайындау;

қызмет көрсетілетін учаскедегі жабдықтарды стерилдеу.

95. Білуге тиіс:

автоклавтардың құрылысы, жұмыс принципі, бекітпе және қоректендіру ортасын жасау процесінің маңызы;

стерилдеу процесін жүргізуде стерилдеуді сақтау ережесі;

бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен оларды пайдалану ережесі;

талдау жүргізу әдістемесі.

4-бөлім. Лимон және шарап тасты қышқыл өндірісі
21. Автоклавшы
1-параграф. Автоклавшы, 3-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:

көбейту және микробиологиялық, биохимиялық бақылау үшін негізгі қоректендіру ортасын: сусло, сұйық және қатты қоректендіру ортасын жасау технологиялық процесін жүргізу;

сусло құю, автоклавта стерилдеу;

орынжайды және ыдысты сепкеннен кейін (формалинмен, аммиакпен және бактерицидті шырақпен) стерилдеу;

пакеттерді және басқа да автоклавтағы материалдарды стерилдеу;

даяр пленкаларды байқау және спорларды жинау;

автоклавтағы температуралық режимді реттеу;

автоклав жұмысындағы кемшілікті жою.

97. Білуге тиіс:

автоклавтың жұмыс істеу принципі, құрылысы;

бу конденсациялық желілердегі вентильдердің орналасуы;

стерилдеу режимі; қарапайым микробиологиялық және биохимиялық талдау жүргізу әдістемесі;

дезинфекцияланатын заттарды дайындау және оларды пайдалану ережесі;

жеке гигиена ережесі.


2-параграф. Автоклавшы, 4-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:

алдын ала өңдеу аппараттарына шикізаттар мен реактивтерді салу, массаны орналастыру және қыздыру, алынған жартылай фабрикаттарды автоклавтарды босату;

алдын ала өңдеу аппараттарындағы реакциялар барысын реттеу;

изотермия көріністерін жою;

реакцияның аяқталуын және қышқылдықты айқындау;

реакцияның аяқталуына арналған қоспаларды есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша регламентте көзделген автоклавтардағы технологиялық процесс параметрлерін (температура, қысым, концентрация, орналасуы, ағарту) бақылау;

талдау үшін сынама алу және экспресс әдісімен талдау;

іске қосардан алдын жабдықтарды тексеру;

автоклавтардың, тұндырғыш, сорғылардың жұмысын қадағалау, жабдықтарды іске қосу және тоқтату;

жабдықтардың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау, жою және жабдықтар мен коммуникацияларды жөндеуге дайындау.

99. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық тәсімі және изотермия, автоклавтау, ағарту процестерінің маңызы;

жабдықтардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі;

сынама алу ережесі және талдау өндірісі;

шикізат және жартылай фабрикаттардың мемлекеттік стандарттары, техникалық шарттары.

22. Кептіруші
1-параграф. Кептіруші, 3-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті кептірушінің басшылығымен қатты сусымалы заттарды кептіру технологиялық процесін жүргізу;

өнімді кептіргішке дайындау және салу;

даяр өнімді түсіру, тасымалдау және орау;

сынама алу;

жабдықтарды тазалау.

101. Білуге тиіс:

кептіру технологиялық процесінің маңызы;

негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, қолдану принципі;

сынама алу ережесі.


2-параграф. Кептіруші, 4-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі құрылымдағы (туннельді, тозаңдату, турбиналық, вакуум кептіргіш) кептіру аппараттарындағы технологиялық режимнің сақталуын талап ететін қатты сусымалы заттарды (жарылғыш және отқа қауіпті, улы және қымбат тұратын заттар) кептіру технологиялық процесін жүргізу. тозаңды араластыру, уату, тұту;

ылғалы, қысым, вакуум, кіретін және шығатын газдардың температурасын, өнімнің елек құрамын, отынның шығу нормасы технологиялық режим параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптары және талдау нәтижелері бойынша реттеу;

сынама алу және қызмет көрсетілетін учаскенің барлық сатысында талдау жүргізу;

технологиялық режим нормаларына ауытқу себептерінің алдын алу және жою;

кептіру аппараттарына, желдеткіштерге, шнектерге, циклондар мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алуға қатысу;

өндірістік журналдағы жазбаны жүргізу;

төмендеу білікті кептірушіні басшылыққа алу.

103 .Білуге тиіс:

кептірудің технологиялық тәсімі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, арматура және коммуникациялардың тәсімдері;

шикізат пен даяр өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті; процестің технологиялық режимі мен реттеу ережесі;

талдау жүргізу әдістемесі, мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың шикізат және даяр өнімдерге қоятын талаптары.

23. Центрифугалаушы


1-параграф. Центрифугалаушы, 3-разряд
104. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым білікті центрифугалаушының басшылығымен центрифугалау технологиялық процесін жүргізу;

суспензия толтыру, шаю, булау, үрлеу және босату;

сынама алу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау.

105. Білуге тиіс:

технологиялық процестің, центрифугалаудың маңызы;

центрифугалау мен бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану принципі;

сынама алу ережесі;

шикізатқа қойылатын талаптар.


2-параграф. Центрифугалаушы, 4-разряд
106. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше таза заттарды алуға арналған көлденең және тікелей автоматты центрифугаларда қатты фазалы төмен концентрациясы бар суспензияларды бөлу жөніндегі центрифугалау технологиялық процесін жүргізу;

берілген параметрлерді, температураны, ылғалдықты, жылдамдық және қысымды бақылау. өнімді кептіруге жіберу;

центрифугалау процестерін бақылау-өлшеу аспаптарының немесе талдау нәтижелері бойынша реттеу;

сығылған қалдықтарды есептеу үшін шаю;

центрифугаларды, реостаттарды, бактарды, қабылдағыш маточниктерді, бойлерлер мен арматуралы коммуникацияларға қызмет көрсету;

бақылау талдамаларын жүргізу, центрифугалау процесінің аяқталуын айқындау;

центрифугаларды берілген режимге баптау;

қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы кемшіліктерді жою;

жабдықтарды ұсақ жөндеу;

шикізат және даяр өнімді өндірістік журналда немесе операциялық парақта есептеу;

төмендеу білікті центрифугалаушыны басшылыққа алу.

107. Білуге тиіс:

центрифугалаудың технологиялық процесі, параметрлері мен режимі, суспензияларды бөлу тәсілдері, бөлетін эмульсиялардың, сұйық біркелкі емес қоспалардың физикалық-химиялық қасиеттері;

центрифугалардың, қосалқы жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, ерітіндінің ара салмағына байланысты шаюды есептеу әдістемесі;

бақылау талдамаларды жүргізу әдістемесі;

шикізат және даяр өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

слесарлық іс.



5-бөлім. Ашытқы өндіру
24. Ашытқы жетілдіру операторы
1-параграф. Ашытқы жетілдіру операторы, 3-разряд
108. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен ашытқы жетілдіру технологиялық процестердің жекелеген операцияларды жүргізу;

жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

ашытқы өсіру бөлімшесінің қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету.

109. Білуге тиіс:

ашытқы жетілдіру технологиялық процесінің маңызы, қоректендіру ортасының құрамы мен қызметі, қосалқы жабдықтардың жұмыс принципі.


2-параграф. Ашытқы жетілдіру операторы, 4-разряд
110. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен ашытқы жетілдіру технологиялық процестердің жекелеген операцияларды жүргізу;

ашытқы жетілдіру аппараттарының, жабдықтар мен коммуникациялардың жарамдылығын тексеру;

көбікті басуға арналған эмульсия жасау, көбіктің пайда болуын және уақытында басуды бақылау;

дезинфекциялайтын ерітіндіні әзірлеу;

ашықты жетілдіретін аппараттарға шикізатты, қоректендіру тұздарын, микроэлементтері мен суларды автоматика құралдарының көмегімен технологиялық режимге сәйкес мөлшерлеу;

сынама алу, жабдықтарды жуу, тазалау және дезинфекциялау;

бу, ауаның жіберілуін реттеу.

111. Білуге тиіс:

ашытқы жетілдіру технологиялық процесі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс принципі;

аппараттарды, дезинфекциялайтын ерітінділер жасау және жабдықтар мен коммуникацияларды санитарлық өңдеу ережесі, көбік басқыш жасау ережесі, сынама алу әдістері.


3-параграф. Ашытқы жетілдіру операторы, 5-разряд
112. Жұмыс сипаттамасы:

ашытқы жетілдіру технологиялық процестерді жүргізу;

ашытқы жетілдіру аппараттарының технологиялық процесінің параметрлерін бақылау және реттеу. ашықты массасының жиналуын бақылау;

ашытқының (дестиобиотин, жүгері экстракты және басқалар) өсуін қамтамасыз ететін аппараттарға мөлшерлеу;

себетін ашытқыны меласса және фосфор тұздарымен жаңартып отыру және жандандыру;

дақыл ортасы құрғақ заттарының процентін реттеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқуының алдын алу және себептерін жою;

бақылау талдауларын орындау;

бақылау талдауларының деректері бойынша технологиялық процесті реттеу. технологиялық журналдағы процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

113. Білуге тиіс:

ашытқы жетілдіру технологиялық процесінің маңызы, қоректендіру ортасының құрамы мен қызметі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысы, шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың қасиеті, оларға қойылатын талаптар;

стерилді жұмыс шарттары;

талдау жүргізу әдістемесі, ашытқы жаңарту әдістері;

микробиология негіздері.


4-параграф. Ашытқы жетілдіру операторы, 6-разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:

орталық басқару пультынан ашытқыны жетілдіру технологиялық процесін жүргізу;

қашықтықтан автоматты басқару жүйесінің жұмысын басқару;

автоматты көбік басатын ультрадыбыс құрылғылары мен басқа да жүйелерге қызмет көрсету;

антибиотиктердің, сүт және бор қышқылдары арқылы себетін ашытқыны тазарту;

төмендеу білікті операторды басқару.

115. Білуге тиіс:

ашытқы өндіру технологиясы;

жабдықтар мен автоматика жүйесінің құрылымы мен пайдалану ережесі, себетін ашытқыны бөгде микроорганизмдерден антибиотиктермен, сүт және бор қышқылымен тазарту әдістері;

ашытқы, шикізат және қосалқы материалдардың мемлекеттік стандарттары;

микробиология негіздері.

25. Таза ашытқы дақылын жетілдіру операторы


1-параграф. Таза ашытқы дақылын жетілдіру операторы, 3-разряд
116. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен таза ашытқы дақылын жетілдіру технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

жабдықтарды жұмысқа дайындау: жабдықтарды өңдеу, стерилдеу;

дезинфекциялайтын ерітінділерді жасау;

жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

таза дақылды, шикізатты, қоректендіру тұздарын, микроэлементтерді, су, ауаны жетілдіру аппараттарына мөлшерлеу;

таза ашытқы дақылдарын жетілдіру бөлімшесі қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету.

117. Білуге тиіс:

таза ашытқы дақылдарын жетілдіру технологиялық процестің маңызы;

таза ашытқы дақылын жетілдіруге арналған қоректендіру құрамы мен қызметі;

қосалқы жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі;

дезинфекциялайтын ерітінділер жасау ережесі.


2-параграф. Таза ашытқы дақылын жетілдіру операторы, 4-разряд
118. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен таза ашытқы дақылын жетілдіру технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

мия және меласса суслоларын, қоректендіру тұздары ерітінділерін, дәруменді жетілдіруші кешендер әзірлеу;

таза ашытқы дақылын көбейтуге дайындау;

таза ашытқы дақылын көбейту және жетілдіру процесін қадағалау;

сынама алу;

себетін ашытқыларды бактериалды инфекциялардан тазарту;

синтетикалық жуатын құралдармен, параформалин қоспасымен және антиформалинмен аппаратураны өңдеу.

119. Білуге тиіс:

таза ашытқы дақылын жетілдіру технологиялық процесін;

таза ашытқы дақылын жетілдіру қоректендіру ортасының құрамы мен қызметі;

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс принципі;

инфекцияның алдын алу және басу әдістері;

ашытқы жасушыларының белсенділігін айқындау әдістері, сынама алу әдістері.


3-параграф. Таза ашытқы дақылын жетілдіру операторы, 5-разряд
120. Жұмыс сипаттамасы:

таза ашытқы дақылын жетілдіру технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу.қашықтықтан басқару пультынан қоректендіру ерітінділері мен технологиялық ауаны мөлшерлеу;

процесс параметрлерін: температурасын, қысымын, аэрациясын, РН ортасын, құрғақ заттар процентін, биомассаның жинақталуын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау және реттеу;

инфекцияның алдын алу және таза ашытқы дақылдарын жетілдіру процесінде оның дамуын тоқтату іс-шараларын жүзеге асыру;

жоғары генеративтік ашытқы дақылын табиғи сұрыптаудың жағдайын жасау;

бақылау талдауларын жүргізу. таза ашытқы дақылдарын өндіріске жіберу;

технологиялық журналдағы жазбаны жүргізу;

жабдықтарды жөндеуге жіберу, жөндеуден қабылдап алу;

жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

121. Білуге тиіс:

таза ашытқы дақылдарын жетілдірудің технологиялық тәсімі, негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысы, инфекция енгізудің алдын алу және оның дамуын тоқтату шаралары, ашытқы жасушаларының белсенділігін айқындау ережесі;

талдау жүргізу әдістері;

стерилді жұмыс ережесі; ,

жабдықтардың стерилділігін микробиологиялық бақылау;

шикізаттың, қосалқы материалдардың және даяр өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері және оларға қойылатын талаптар;

микробиологиялық негіздері.

26. Қоректендіру ортасы және тұз ерітінділерін әзірлеу

операторы


1-параграф. Қоректендіру ортасы және тұз ерітінділерін әзірлеу

операторы, 2-разряд


122. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен еріткіш аппараттарда қоректендіру тұздары ерітінділерін әзірлеу процесін жүргізу;

тұнбаларды шайып, тазалау;

тұздарды аппараттарға тасымалдау және салу;

аппараттарды, қосалқы жабдықтар мен құбыржолдарды тазалау, жуу және дезинфекциялау.

123. Білуге тиіс:

тұз ерітінділерін әзірлеу технологиялық процесі, қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен пайдалану ережесі, мелассаны хлорлау жөніндегі нұсқаулық;

дезинфекциялайтын ерітінділер әзірлеу әдістері, қызмет көрсетілетін жабдықтарды пайдалану ережесі.


2-параграф. Қоректендіру ортасы және тұз ерітінділерін әзірлеу

операторы, 3-разряд


124. Жұмыс сипаттамасы:

еріткіш аппараттарда қоректендіру тұздары ерітінділерін әзірлеу процесін жүргізу;

негізгі өнімнің берілген концентрациясы, құрғақ заттардың және РН құрамымен суықтай-қышқыл тәсілі бойынша меласса ерітіндісін әзірлеу;

сорғылардың, тельферлер, таспалы транспортерлердің, элеваторлардың көмегімен қоректендіру ортасын әзірлейтін жерге шикізатты тасымалдау;

ерітінді партияларын әзірлеуге қоректендіру өнімін, су, күкірт қышқылын, хлор әгінің қажетті мөлшерін өлшеу және тарту. ерітінділерді араластырғыш немесе сығылған ауамен араластыру;

ерітіндіні тұндыру;

ерітінділерді жинағыштар мен өлшегіштерге айдау.

125. Білуге тиіс:

меласса және тұз ерітінділерін әзірлеу технологиялық процесін;

даяр ерітінділердің технологиялық параметрлері, меласса және қолданылатын химикаттардың мемлекеттік стандарттары және техникалық шарттары;

жабдықтарға қызмет көрсету ережесі.
3-параграф. Қоректендіру ортасы және тұз ерітінділерін әзірлеу

операторы, 4-разряд


126. Жұмыс сипаттамасы:

қоректендіру ортасы мен тұз ерітінділерін әзірлеу технологиялық процесін жүргізу;

тығыздағыш мен РН метрді қолдана отырып кларификаторда ерітінділерді механикалық тазалау;

инфецирленген мелассаны пастерлеу;

кларификаторлардың салмағын және машина жұмысы режимін реттеу. зертханалық деректер бойынша технологиялық процесс параметрлерін бақылауды жүргізу. даяр ерітінділердегі берілген көрсеткіштерден ауытқуын жөндеу;

таза ашытқы дақылдарын көбейтуге арналған қоректендіру ортасын стерилдеу;

инфецирленген қоректендіру ортасын антибиотиктермен өңдеу;

негізгі және қосалқы бөлімше жабдықтарына қызмет көрсету;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою;

құбыржолдар мен жабдықтарды жуу, тазалау және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылау;

сынама алу және жұмыс нұсқаулығында көзделген күрделі емес талдауларды жүргізу;

технологиялық журналдағы жазбаларды жүргізу.

127. Білуге тиіс:

ашытқыны көбейтудің барлық сатыларына арналған қоректендіру ерітінділерін әзірлеудің технологиялық режимі;

шикізат және химикаттардың сапасына қойылатын технологиялық талаптар;

кларификаторлар мен қосалқы жабдықтардың құрылымы мен пайдалану ережесі;

инфецирленген мелассаны өңдеуге арналған антибиотиктің қасиеті мен қолдану әдістері;

сынама алу әдістері мен күрделі емес талдауларды орындау әдістері;

жабдықтарды профилактикалық жөндеуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар.

27. Ашытқыны дәрумендеу құрылғысының операторы


1-параграф. Ашытқыны дәрумендеу құрылғысының операторы,

3-разряд


128. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен ашытқыны дәрумендеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

ашытқы суспензиясын дәрумендеуге дайындау;

дәрумендеу құрылғысының жарамдылығын тексеру;

жабдықтарды жұмысқа дайындау;

жабдықтар мен коммуникацияларды жуу және стерилдеу;

дәрумендегішті толтыру;

орау учаскесіне ашытқыларды түсіру және тасымалдау.

129. Білуге тиіс:

ашытқыны дәрумендеу технологиялық процесі, жабдықтар мен коммуникацияларды стерилдеу ережесі;

негізгі және қосалқы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын стерилдеу ережесі;

сынама алу әдістері.


2-параграф. Ашытқыны дәрумендеу құрылғысының операторы,

4-разряд
130. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық регламент талаптарына сәйкес ашытқыны дәрумендеу технологиялық процесін жүргізу. дәрумендеу бөлімшесінің негізгі және қосалқы жабдықтарын баптау және қызмет көрсету;

ашытқы суспензиясын немесе құрғақ ашытқыны дәрумендегішке жіберу;

ашытқы суспензиясының белгілі бір температурасын және дәрумендегіштегі қысымды ұстап отыру;

ашытқы суспензиясы концентратын немесе құрғақ ашытқыларды дәрумендегішке жіберу жылдамдығын реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесс параметрлерін бақылау және реттеу;

ашытқы суспензиясы концентратының немесе дәрумендегішке жіберілетін құрғақ ашытқының шығуын есептеу және бақылау, сәулеленген ашытқылардың мөлшерін есептеу, бақылау талдамаларын жүргізу;

технологиялық журналдағы жазбаны жүргізу. жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою;

төмендеу білікті операторды басшылыққа алу.

131. Білуге тиіс:

дәруменделген ашытқы өндіру технологиялық тәсімі, дәрумендеу процесінің технологиялық режимі және реттеу ережесі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылымы мен пайдалану ережесі, ашытқыны сәулелендіру процесінен туындайтын физикалық-химиялық процестер;

режимді бұзудың түрлері мен оларды жоюдың тәсілдері;

талдау жүргізу әдістемесі;

шикізат, қосалқы материалдар мен даяр өнімнің мемлекеттік стандартары мен техникалық шарттары.

28. Биомасса сепараторшысы


1-параграф. Биомасса сепараторшысы, 3-разряд

132. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым білікті сепараторшының басшылығымен ашытқы суспензиясы технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

бөлім жабдығын сепарациялау жұмысына дайындау; жабдықтар мен өнім құбыржолдарын тазалау, жуу және дезинфекциялау;

арнайы механизмдер мен көтергіш-көлік құрылғылары арқылы сепараторларды бөлшектеу және құрастыру;

сепарация бөлімінің қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету;

сынама алу.

133. Білуге тиіс:

ашытқы суспензиясын сепараттау технологиялық процесі;

сепараттау бөлімі жабдықтарының жұмыс істеу принципі, көтергіш-көлік құрылғыларының жұмыс істеу принципі;

жабдықтарды дезинфекциялау және стерилдеу, дезинфекциялайтын ерітінділер әзірлеу ережесі;

бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципі;

сынама алу әдістері.
2-параграф. Биомасса сепараторшысы, 4-разряд

134. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі сепараторларда ашытқы суспензиясын немесе сағатына өнімділігі 35 м3-ке дейінгі сепараторларда нан ашытатын ашытқыларды сепараттау технологиялық процесін жүргізу. ашытқыны бражкадан бөлу, ашытқыларды берілген концентрацияға дейін шаю және қоюлату;

сепараторлардағы жүктемені реттеу;

сепаратор батареяларына қызмет көрсету;

ашытқыны сепараттау ұзақтығын, шаю және қоюлату сапасын айқындау;

ашытқы жасушаларының өткізуін, шаю сапасын талдауды жүргізу, ашытқы суспензиясын, ашытқы сүтінің концентрациясын айқындау;

сепараттау технологиялық режимі нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу және жою;

бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша сепараттау процесі параметрлерін бақылау және реттеу;

технологиялық журнал процестері параметрлерін тіркеу;

жабдық жұмыстарындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

төмендеу білікті сепараторшыны басқару.

135. Білуге тиіс:

ашытқы өндірудің технологиялық процесі мен тәсімі, сепараттау бөлімінің негізгі жабдықтары мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы;

шикізат, жартылай фабрикаттар мен даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, сепараттау сапасы мен ашытқы шығынын айқындау әдістері, технологиялық нормадан ауытқу нормаларының алдын алу және жою ережесі;

жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою ережесі.
3-параграф. Биомасса сепараторшысы, 5-разряд

136. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі сепараторларда ашытқы суспензиясын немесе сағатына өнімділігі 35 м3 және одан да көп сепараторларда нан ашытатын ашытқыларды сепараттау технологиялық процесін жүргізу;

сепараторлардың, сорғыларды сепараттау сатылары бойынша тоқтатылатын мен олардың жүктемесінің мөлшерін бөлу;

сепаратор барабандарының мундштуктарының саны және диаметрін кесте бойынша және оларды орнатуды айқындау;

сепаратордағы құрылғы арқылы сепараттаудан кейінгі бражканың мөлшерін реттеу;

ашытқының нормативтен жоғары шығынын сепараттау процесінде және тым көп көбіктің пайда болуының алдын алу;

жоғары өндіру сепараттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сүзгілерді, сорғыларды, сепараттарды механикалық жинау және бөлшектеуге арналған айлабұйымдарды өлшеу, автоматтау құралдарына қызмет көрсету.

137. Білуге тиіс:

ашытқы өндірудің технологиялық процесі;

сепараторларды, басқа да қызмет көрсетілетін жабдықтарды, аспаптар мен автоматика құралдарының құрылымы мен пайдалану ерекшеліктері, сепараттауға түсетін ашытқы суспензиясының сапасына қойылатын талаптар;

ашытқы сүтінің техникалық шарттары, сепараттардың өнімділігін, ашытқыны қоюлату және қысқарту деңгейін арттыру әдістері.

29. Ашытқы кептіруші
1-параграф. Ашытқы кептіруші, 2-разряд
138. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті кептірушінің басшылығымен ашытқы суспензияларын кептірудің технологиялық процесінің жекелеген операцияларын орындау;

бөлімше жабдықтарын жұмысқа дайындау: жабдықтарды жуу, тазалау, дезинфекциялау және стерилдеу;

дезинфекциялайтын ерітінділерді әзірлеу.

139. Білуге тиіс:

ашытқы суспензияларын кептірудің технологиялық процесі, жабдықтарды стерилдеу және дезинфекциялау ережесі;

қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс істеу принципі;

дезинфекциялайтын ерітінділер жасау ережесі.

2-параграф. Ашытқы кептіруші, 3-разряд
140. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті кептірушінің басшылығымен ашытқы суспензияларын кептірудің технологиялық процесінің жекелеген операцияларын орындау;

жабдықтар мен коммуникациялардың жарамдылығын тексеру;

кептіру бөлімшесінің қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету;

көтергіш-көлік құрылғыларының көмегімен кептіргіштерді бөлшектеу және құрастыру;

сынама алу.

141. Білуге тиіс:

кептірудің технологиялық процесі, кептіру бөлімшесінің негізгі және қосалқы жабдықтарының құрылысы;

бақылау-өлшеу аспаптарының, көтергіш-көлік құрылғыларының жұмыс істеу принципі;

сынама алу мен талдау жасау әдістері.


3-параграф. Ашытқы кептіруші, 4-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі кептіргіштерде технологиялық регламентке сәйкес ашытқы суспензиясын немесе барабанды үлгідегі кептіргіштерде ыстық ауамен нан ашытатын ашытқыларды кептірудің технологиялық процесін жүргізу;

кептіру камерасындағы ашытқы суспензиясын және буды немесе ысытылған ауаны жіберу;

кептіру құрылғыларын баптау және қызмет көрсету;

кептірудің технологиялық режимі нормасынан ауытқудың алдын алу және себептерін жою;

кептіру камераларында белгілі бір температураны, қысым немесе вакуумды; кептіру камерасына кіретін және шығатын жылу агенті температурасын ұстап отыру;

бақылау-өлшеу аспаптары мен талдау нәтижелері бойынша кептіру процесінің параметрлерін бақылау және реттеу;

кептірілген ашытқының ылғалы сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

технологиялық журналға кептіру процесінің параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау;

жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

төмендеу білікті кептірушіні басқару.

143. Білуге тиіс:

ашытқы өндірудің технологиялық тәсімі;

кептіру процесінің технологиялық режимі мен параметрлерін реттеу ережесі;

шикізат, жартылай фабрикаттар мен даяр өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

қойылатын талаптар;

технологиялық режим нормаларынан ауытқудың алдын алу және жою ережесі;

кептіру құрылғылары барлық тораптары мен механизмдерінің құрылысы;

кептіру бөлімшелері жабдықтарының жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою ережесі;

өнімді кептіруде туындайтын физикалық-химиялық процестерінің маңызы.
4-параграф. Ашытқы кептіруші, 5-разряд
144. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі құрылымды (виброфлюизидті) үздіксіз істейтін кептіргіштерде олардың ферментативтік белсенділігін сақтай отырып нан ашыту ашытқыларын кептірудің технологиялық процесін жүргізу;

екі шнекті түйіршіктегіш, вариатор және түйіршіктегішке арналған түрлі матрицаларды іріктеу арқылы түрлі мөлшердегі ашытқы алу және кептіргішке ашытқы жіберу жылдамдығын реттеу. температуралық және ылғал режимді, кептіру және ұсақ бөлшектердің циклонды-тұтқыш аймағы бойынша ауаның толуын реттеу. ашытқы тозаңын тозаң тұтқыштарда жинау және оны шығынды болдырмауға арналған вакуум сүзгілерге қайтару;

бастапқы сығымдалған ашытқыларды ылғалдығына, консистенциясына және басқа да параметрлеріне қарай кептіру режимін өлшеу;

даяр кептірілген өнімнің ылғалдығын төмендетуге арналған тұзбен қажетінше ашытқы сүтті өңдеу;

пневмокөлік көмегімен кептіргіштерді үздіксіз босатып отыру;

автоматты желіде кептірілген ашытқыларды аршу.

145. Білуге тиіс:

виброфлюизидті кептіргіштерде ашытқы өндіру технологиясы;

орайтын және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері мен пайдалану ережесі;

кептірілген ашытқының сапасына әсер ететін стандарттарда көзделген сығымдалған ашытқы сапасының көрсеткіштері;

даяр кептірілген өнімдегі құрғақ заттардың құрамын арттыруға арналған сығымдалған ашытқыны өңдеу әдістері.



жүктеу 2,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау