Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (29 шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 2,26 Mb.
бет1/8
Дата21.02.2018
өлшемі2,26 Mb.
#10359
  1   2   3   4   5   6   7   8



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

20__ жылғы « __ »__________

№ _____ бұйрығымен бектілген


Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (29 шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) 29 шығарылымы: «Гидролиз өндірісі және сульфитті сілтілерді өңдеу», «Ацетон-бутил өндірісі», «Лимон және шарап тасты қышқыл өндірісі», «Ашытқы өндірісі», «Дәрілік заттар, дәрумендер, медициналық, бактериялық және биологиялық дәрі-дәрмектер мен материалдар өндірісі» бөлімдерінен тұрады.

2. Оны әзірлеу өндіріс технологиясының өзгеруімен, өндірістік салада ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуымен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

3. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.

4. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

5. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

6. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

7. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

8. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

9. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

10. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

11. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының жалпы ережелері БТБА-ның «Экономика салаларының барлығына ортақ жұмысшы кәсіптері» 1 шығарылымында жазылған.

12. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

13. «Гидролиз өндірісі және сульфитті сілтілерді өңдеу», «Ацетон-бутил өндірісі», «Лимон және шарап тасты қышқыл өндірісі», «Ашытқы өндірісі», «Дәрілік заттар, дәрумендер, медициналық, бактериялық және биологиялық дәрі-дәрмектер мен материалдар өндірісі» бөлімдерінен қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2010 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. «Гидролиз өндірісі және сульфитті сілтілерді өңдеу»
1. Ванилинді бисульфиттеу аппаратшысы
1-параграф. Ванилинді бисульфиттеу аппаратшысы, 3-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен жартылай өнімді бисульфиттеу және күкірт қышқылы ванилин-бисульфитті қоспаны ажыратудың екі сатылы жолымен шайыр заттардан ванилинді тазартудың технологиялық процесін жүргізу;

бисульфитаторлардың герметикалығын және араластырғыш және термореттегіш құрылғыларды ажырату және жөндеу аппараттарын тексеру;

бисульфитаторларды жұмысқа дайындау;

орағышты ащы натрмен бейтараптандыру;

аппараттарға жартылай өнімді, бисульфит натрийді салу, араластырғыш құрылғыны іске қосу;

компоненттерді бірнеше рет қайта араластыруды, тұнған өнімді белсенді көмірмен тұндыру, ағарту және ерітіндіні вакуумды НУТЧ-сүзгіде сүзгілеу процестерін жүргізу;

ерітіндіні бөлу аппаратына жіберу, күкірт қышқылын өлшегіш, қыздыратын бу, ауа арқылы барбатерге жіберу;

үнемі араластыра отырып бөлу процесін жүргізу;

сусыз шикізатты вакуумға жіберу және центрифугалау;

жабдықтарды жуу, кезеңімен тазартып отыру;

центрифугалардағы сүзгілерді ауыстыру;

барбатерлердің тазалығын бақылау, коммуникацияларды бөлшектеу және оларды сульфаттан тазарту, центрифуганы маточникпен шаю.

15. Білуге тиіс:

ванилин бисульфит қоспаларды бисульфиттеу және бөлудің технологиялық процесі;

жартылай өнімдерді, химикаттар мен ванилин шикізаттың физикалық-химиялық қасиеті, негізгі және қосалқы жабдықтардың және бөлу бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, жұмыс принципі;

сынама алу әдістері;

химикаттарды ұстау ережесі.


2-параграф. Ванилинді бисульфиттеу аппаратшысы, 4-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай өнімді бисульфиттеу және күкірт қышқылы ванилин-бисульфитті қоспаны ажыратудың екі сатылы жолымен шайыр заттардан ванилинді тазартудың технологиялық процесін жүргізу. ерітінді көлемін өлшегіштерде, сондай-ақ жинағыштар мен аппараттарда айқындау;

бөлу аппараттарына жіберілетін будың санын және каустикалық соданы берілген қышқылдыққа дейін маточникті бейтараптандыру операциясына санын есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ванилин шикізат алу процесін бақылау;

өндірістік журналда жазба жүргізу;

талдау жүргізу;

бөлімшенің негізгі және қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету;

жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

төменірек білікті аппаратшыны басқару.

17. Білуге тиіс:

ванилин өндірудің технологиялық тәсімі;

шайыр заттан ванилинді тазарту әдістері, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптардың құрылысы;

талдау жүргізу әдістері.

2. Кристалдау және центрифугалау аппаратшысы
1-параграф. Кристалдау және центрифугалау аппаратшысы, 3-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен ксилитті кристалдау және центрифугалау технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесті қадағалау;

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу;

сынама алу;

жабдықтар мен коммуникацияларды күрделі емес жөндеуден өткізу.

19. Білуге тиіс:

ксилитті кристалдау және центрифугалаудың технологиялық процесі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс принципі;

жартылай өнімнің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеті, даяр өнімнің техникалық шарттары;

сынама алу әдістері.
2-параграф. Кристалдау және центрифугалау аппаратшысы, 4-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:

ксилитті кристалдау және центрифугалау технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша кристалдау және центрифугалау процесінің параметрлерін бақылау және реттеу;

стандартты өнімнің шығуын қамтамасыз ету;

негізгі және қосалқы жабдыққа қызмет көрсету;

жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және жою. өндірістік журналда жазба жүргізу;

төменірек білікті аппаратшыны басқару.

21. Білуге тиіс:

өндірістің технологиялық тәсімі;

негізгі және қосалқы жабдықтың, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы;

режим бұзудың түрі және оларды жоюдың тәсілдері.

3. Нитролигнин алу аппаратшысы
1-параграф. Нитролигнин алу аппаратшысы, 4-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен технологиялық режимге сәйкес гидролизді лигнинді нитрлеу және қышқылдандыру технологиялық процесін жүргізу;

цех жабдығының жұмыс жағдайын тексеру;

оны жұмысқа дайындау (байқау және шаю);

шикізатты салу тәртібін қадағалау;

лигнин, қышқыл және суды реакторға, реактор тысына бу мен су жіберу;

технологиялық процесс параметрлерін қадағалау;

ерітіндіні декантациялау, шаю, сүзгілеуге қатысу және оны реакторға қайтару;

негізгі және қосалқы цех жабдықтарына қызмет көрсету;

сынама алу.

23. Білуге тиіс:

нитролигнин алудың технологиялық процесі;

реакторда болып жатқан физикалық-химиялық процестердің қасиеті;

шикізатқа, химикатқа қойылатын талаптар;

түсіру және салу тәртібі;

сынама алу ережесі;

шикізатқа, химикатқа, даяр өнімнің техникалық шарттары мен стандарттары;

нитролигнин өндіру жөніндегі цех жабдықтарының жұмыс принципі.


2-параграф. Нитролигнин алу аппаратшысы, 5-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:

берілген технологиялық режимге сәйкес гидролизді лигнинді нитрлеу және қышқылдандыру технологиялық процесін жүргізу. нитролигнин алу цехының өндірістік учаскелерінің жұмысын үйлестіру, лигнин және қышқылды берілген концентрацияға дейін салуды, гидролиз лигнинді нитрлеу және қышқылдандыру реакциясын, нитролигнинді белгіленген режим бойынша шаю және сүзгілеуді бақылау;

гидролизді лигниннің ылғалдығын және азот қышқылы немесе меланж концентрациясын айқындау;

реактор салған кезде лигниннің ылғалдығына және азот қышқылының мықтылығына қарай компонент санын есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша нитрлеу және қышқылдандыру процесі параметрлерін бақылау және реттеу;

нитролигниннің ерігіштігін сынау.даяр өнімді сорғымен тұндыру декантаторларына айдау;

сынама тарағы арқылы қатты бөлікті сұйықтан ажырату;

ерітіндіні жинағышқа құю;

іріктелген ерітіндінің концентрациясын айқындау, бастапқы концентрацияға дейін жеткізу және лигниннің жаңа реакциясын нитрлеу және қышқылдандыру үшін пайдалану;

декантаторларда нитролингинді бейтарап ортаға дейін барботирлеу арқылы шаю, НУТЧ сүзгілермен шайылған өнімді сүзгілеу және сығу;

жабдықты жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдап алу. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

нитролигнин цехының барлық тараптарының жұмыс кестелерін сақтау;

журналдарға жазба жасау;

химикат, шикізат, бу, су, электр энергияның шығуын есептеуді жүргізу;

анағұрлым төмен білікті аппаратшыны басқару.

25. Білуге тиіс:

нитролигнин алудың технологиялық тәсімі;

кондиционды емес өнім алу себептері мен оларды жою әдістері;

цех аппаратурасы мен коммуникация құрылымы, талдау жүргізу әдістемесі, компоненттерді есептеу ережесі, бірнеше аппараттарда жүргізілетін операцияларды біріктіру әдістері.

4. Фуран қоспаларын алу аппаратшысы


1-параграф. Фуран қоспаларын алу аппаратшысы, 5-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:

фуран қоспасын алу мақсатында катализатор болғанда фурфуролды декарбонирлеу технологиялық процесін жүргізу. шикізатты қабылдау және дайындау;

катализаторды аппаратқа салу;

катализаторды қалпына келтіру, катализаторды инертті газбен үрлеу, және оны аппараттан алу;

берілетін реагенттің ара қатынасын есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесс параметрлерін бақылау және реттеу;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

өнімнің сапасын бақылау үшін сынама алу және талдау жасау;

жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдап алу;

шикізат санын және алынатын өнімді есептеу;

журналда жазба жүргізу.

27. Білуге тиіс:

учаскеге қызмет көрсетудің технологиялық тәсімі, фурфуролды декарбонирлеу процесінің қасиеті, химизмі және параметрлері, қызмет көрсетілетін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жұмыс принципі мен коммуникация тәсімі, катализаторлардың, реагенттер мен реакция өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеті;

технологиялық процессті реттеу ережесі;

сынама алу ережесі және талдау жүргізу әдістемесі.

5. Лигнин және целлолигнинді кептіру және карбонизациялау аппаратшысы


1-параграф. Лигнин және целлолигнинді кептіру және карбонизациялау аппаратшысы, 4-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен лигнин және целлолигнинді газ тәрізді жылытқыштармен карбонизациялау және кептірудің технологиялық процесін жүргізу;

лигнин және целлолигнин түйіршектерін пештерге жіберу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша кептіру және карбонизациялау процесін қадағалау.

29. Білуге тиіс:

кептіру және карбонизациялаудың технологиялық процесі, негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматураның, коммуникациялардың жұмыс істеу принципі, лигнин және целлолигниннің, сондай-ақ отынның, майлайтын және басқа да материалдардың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті;

даяр өнімге қойылатын талаптар;

технологиялық процестің маңызы;

процесті реттеу ережесі.
2-параграф. Лигнин және целлолигнинді кептіру және карбонизациялау аппаратшысы, 5-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:

лигнин және целлолигнинді газ тәрізді жылытқыштармен карбонизациялау және кептірудің технологиялық процесін жүргізу. пеш жұмысын үйлестіру;

технологиялық регламенттің сақталуын, жартылай өнім мен өнімнің сапасын өндірістің барлық қызмет көрсету сатысында бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша бақылау;

технологиялық режим параметрлерінің нормадан ауытқу себептерінің алдын алу және жою;

негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтың ақаулығын анықтау және жою;

жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

төмендеу білікті аппаратшыны басқару.

31. Білуге тиіс:

өнім өндірудің технологиялық тәсімі;

негізгі және қосалқы жабдық, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы;

даяр өнімнің мемлекеттік стандарты, физикалық-химиялық негіздері және қызмет көрсетілетін учаскедегі технологиялық процестің маңызы.

6. Көмірді термиялық жандандыру аппаратшысы
1-параграф. Көмірді термиялық жандандыру аппаратшысы, 3-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым білікті аппаратшының басқаруымен жандандыратын агентпен көмірді жандандырудың технологиялық процесін жүргізу;

пеш жұмысын көзбен және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қадағалау;

зертханалық талдау үшін жандандырылған көмірден сынама алу;

жабдық жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу.

33. Білуге тиіс:

өнім өндірудің технологиялық процесін;

негізгі және қосалқы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі;

жартылай өнімнің, өнімнің, отынның, майлайтын және басқа да қосалқы материалдардың арматурасы, коммуникация тәсімі, физикалық-химиялық қасиеті.
2-параграф. Көмірді термиялық жандандыру аппаратшысы, 4-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық регламентке сәйкес көмірді жандандырудың технологиялық процесін жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша жандандыру кезінде өнімнің технологиялық регламентінің сақталуын, шығу мен сапасын бақылау;

журналдағы жазбаны жүргізу;

зертханалық талдауға жандандырылған көмірдің сынамасын алу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерінің алдын алу және жою;

жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

төмендеу білікті аппаратшыны басқару.

35. Білуге тиіс:

өнім өндірудің технологиялық процесін;

негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымы, даяр өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, технологиялық процесті жандандыру процесінің маңызы, технологиялық режимі және қызмет көрсету ережесі;

сынама алу ережесі мен талдау жүргізу әдістері.

7. Пісіруші
1-параграф. Пісіруші, 2-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен шикізатты гидролиз аппараттарына жіберу алаңдарында тағамдық емес өсімдік шикізаты гидролиздеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

шикізаттың біркелкі жіберілуін және сапасын қадағалау;

транспортердегі шикізаттан сынама алу;

шикізат жіберу жөніндегі тетіктерге қызмет көрсету;

қызмет көрсететін жабдықты тазалау және майлау.

37. Білуге тиіс:

гидролиздеу технологиялық процесінің маңызы, жабдықтың міндеті, салатын транспортердің жұмыс істеу принципі, шикізатты гидролиздеу аппаратына салу тәртібі.

2-параграф. Пісіруші, 3-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен шикізатты гидролиз аппараттарына жіберу алаңдарында тағамдық емес өсімдік шикізаты гидролиздеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

бункер және импрегнаторде жоңқа деңгейін, компрессорлардың, транспортердің, электромоторлардың, желдеткіш жүйелердің жұмысын қадағалау;

әрбір «атыстан» кейін пневмосоққышпен тазарту және шаю;

аспирация жүйесіне, араластырылған күкірт қышқылы шикізатын араластыру торабына қызмет көрсету.

39. Білуге тиіс:

гидролиздеудің технологиялық процесі, қызмет көрсететін жабдық жұмысын принципі;

коммуникациялау тәсімі;

техникалық лигнин және гидролизат физикалық-химиялық қасиеті.
3-параграф. Пісіруші, 4-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен шикізатты гидролиз аппараттарына жіберу алаңдарында тағамдық емес өсімдік шикізаты гидролиздеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

гидролиз аппараттарды жұмысқа дайындау;

гидролиз аппараттарға қоректендіру тұзды қажетіне қарай мөлшерлеп жіберу;

гидролиз аппараттарға жіберілетін су температурасын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша пісіру кезінде бақылау;

араластырғыш, вакуум жүйесін және бұтанақ ұстағыштың жұмысын бақылау;

автоматика құралдарының көмегімен тиегіштердің жұмысын реттеу;

лигнин жіберу трактына бу үрлеу;

суды сүзгіштен араластырғыш сальнигіне жіберу.

41. Білуге тиіс:

гидролиздеу процесінің технологиясы мен режимі;

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен бөлімше коммуникацияларының тәсімі;

бу және су құбыржолдарын пайдалануға беру ережесі;

шикізатты гидролизатты салу тәртібі мен режимі, гидролиздеу кезеңдік процесінде тығыздау әдістері.


4-параграф. Пісіруші, 5-разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен шикізатты гидролиз аппараттарына жіберу алаңдарында тағамдық емес өсімдік шикізаты гидролиздеу технологиялық процесін жүргізу;

бөлімше жабдықтарының жұмыс жағдайын, аппараттардың химиялық қабаттарын тексеру;

гидролизаторларға қышқыл және будың жіберілуін қадағалау;

суды пісіргішке мөлшерлеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштер бойынша процесс параметрлердің қысымын, температура және басқа да параметрлерін қадағалау;

бугаз үрлеу және гидролиз жіберу операцияларын жүргізу. гидролиз бөлетін негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;

сынама алу.

43. Білуге тиіс:

гидролиз процесінің технологиялық тәсімі;

гидролиз аппаратта болып жатқан физикалық-химиялық процестер;

шикізаттың химиялық құрамы, шикізатқа қойылатын талаптар;

гидролиз бөлімшесіндегі шикізат және қосалқы материалдардың тәсімі;

шикізат және гидролизден сынама алу ережесі;

талдау жүргізу әдістемесі, жабдықтар мен коммуникацияларды химиялық қорғау әдістері.

5-параграф. Пісіруші, 6-разряд


44. Жұмыс сипаттамасы:

тағамдық емес өсімдік шикізаты гидролиздеу технологиялық процесін жүргізу;

гидролиздеу бөлімшесі өндірістік учаскелердің жұмысын бақылау және үйлестіру; тиеу, қышқыл, инвенторлық, бейтараптандыру, және сүзгілеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша гидролиз процесі параметрлерін бақылау және реттеу;

пісіру технологиялық процесі режимінің және кестесінің дәл және қатаң орындалуын қадағалау;

бу, су, шикізат, химикаттың шығу есебін жүргізу. су шығымы деректері және салмақ өлшегіш көрсеткіштері бойынша берілген гидролизат мөлшерін ауысым ішінде бірнеше рет айқындау;

булау-решофер торапқа қызмет көрсету;

булағыштар мен инвенторлардағы сұйықтық деңгейін бақылау.

Пісіргеннен кейін гидролиз аппараттарда лигнинді сығу, «атыс» операциясын жүргізу, яғни лигнинді циклонға үрлеу;

гидролиз аппараттың және пассивациялық пленканың (титан аппараттарда), сүзгілейтін және жіберетін құрылғының футерленген ішкі бетін «атыстан» кейін қарау.

45. Білуге тиіс:

кезеңімен және үздіксіз гидролиздеу процесінің теоретикалық негіздері, гидролиз аппараттарда лигнинді пісіру және қалдықтарының пайда болуы кезінде қант бөлу себептері, коммуникацияларды карамелдеу себептері, сондай-ақ оларды жою шаралары;

гидролиз бөлудің өнімдік және жылу балансын есептеу әдістері;

жылуды пайдалану коэффициентін көбейту тәсілдері, гидролиз аппаратты айналдырып қалау және сүзгілеу құрылғыларының жағдайына теріс әсер ететін факторлар;

бірнеше аппараттарда жүргізілетін операцияларды біріктіру әдістері.

8. Қышқылдаушы


1-параграф. Қышқылдаушы, 3-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:

сапасын бақылай отырып, қышқыл станция жинағыштарына сұйық химикаттар қоймасынан күкірт қышқылын қабылдау;

қышқыл сорғыларға қызмет көрсету, қышқылды өлшегіштерге, гидролиз аппарат қоспаларына жіберу жылдамдығын реттеу;

цех қышқыл коммуникациялар жүйесінде гидролизге қышқыл жіберу тәсімін қайта қосу жұмыстарын жүргізу.

47. Білуге тиіс:

қышқыл коммуникациялары тәсімін және гидролиз аппараттарға қышқыл жіберу режимін;

қышқылдың физикалық-химиялық қасиеттері;

қышқыл бөлу жабдықтарының қызметі және жұмыс принципі.


2-параграф. Қышқылдаушы, 4-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:

жабдықтың жұмысын автоматты түрде реттеуде оның сапасын бақылауды жүзеге асыра отырып қышқыл станция жинағыштарына сұйық химикат қоймасынан күкірт қышқылын қабылдау;

автоматты құрылғылардың жұмысын бақылау, беретін механизмдерді тексеру және түзету;

бақылау-өлшеу аспаптардың немесе берілетін гидролизат бойынша экспресс талдаудың көмегімен гидролиз аппараттарға мөлшерлеп қышқылдың жіберілуін қадағалау;

қышқыл сорғы жұмысын реттеу;

жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы технологиялық және механикалық ақаулықтарды анықтау және жою;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процес параметрлерінің журналында қышқыл шығымын есептеуді жүргізу.

49. Білуге тиіс:

гидролиз бөлу технологиялық тәсімі мен режимі;

шикізат, гидролизаттың физикалық-химиялық қасиеті, жабдықтың құрылымы және қышқыл бөлу коммуникацияларының тәсімі;

берілген режим бойынша қышқыл шығымы нормалары;

қышқылдың гидролиз аппараттарға жіберілуін автоматты реттеу тәсімі, пісіру кемшіліктері түрлері, олардың себептері, олардың алдын алу және жою шаралары.

9. Катализатор құюшы
1-параграф. Катализатор құюшы, 3-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті құюшының басшылығымен электр балқыту пештерінде технологиялық процесті жүргізу;

балқытуға арналған алюминий, никель және хромды дайындау;

тиісті мөлшерлемеде графит тиглдарды салу;

металды талап етілетін температурада қыздыру, алынған қорытпаны қалыптарға құю;

электр пештерді, уатқыштар мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету.

51. Білуге тиіс:

қоспа жасаудың және катализатор қорытпасын өндірудің технологиялық режимі;

қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс принципі;

катализаторлардың және оның құрамдас бөліктерінің физикалық-химиялық қасиеттері.


2-параграф. Катализатор құюшы, 3-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:

катализатор қорыту электр пештерінде технологиялық процесті жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесс параметрлерін бақылау және реттеу;

негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

төмендеу білікті құюшыларды басқару.

53. Білуге тиіс:

қоспа жасау және катализатор қоспасын өндірудің технологиялық процесі;

қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы және жұмыс принципі;

оны пайдалану ережесі.

10. Сығымдау-түйіршіктегіш машинисі


1-параграф 1. Сығымдау-түйіршіктегіш машинисі, 3-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша сығымдау-түйіршіктегіштерде лигнин және целлолигниннен түйіршік алудың технологиялық процесін жүргізу;

шикізаттың салынуын, шикізаттың сапасын және алынатын түйіршіктерді жұмыс нұсқаулығына сәйкес бақылау;

зертханалық талдауға арналған шикізат пен түйіршіктерден сынама алу;

негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;

қалыптастыратын матрицаларды кезеңімен ауыстыру, оларды тазалау.

55. Білуге тиіс:

лигнинді (целлолигнин) түйіршіктеудің технологиялық процесі;

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және жұмыс принципі, шикізаттың (лигнин және целлолигнин) физикалық-химиялық қасиеті;

шикізат түйіршіктеу технологиялық процесінің маңызы.

11. Бейтараптандырушы
1-параграф 1. Бейтараптандырушы, 2-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті бейтараптандырушының басшылығымен гидролизатты бейтараптандыру (спирт немесе азық ашытқысы өндірісі) процесінің жекелеген операцияларды жүргізу;

бейтараптандыру процесін жүргізу үшін жабдықтың ақаулығын және реактивтер мен материалдарының болуын тексеру;

гидролизатты бейтаратаптандырғышқа қабылдау;

жабдықтарды гипстеудің алдын алу мақсатында температуралық режимді қолдау;

келесі технологиялық процесс сатысына бейтараптандырылған өнімді жіберу;

бейтараптандырғышты және учаскенің басқа да жабдықтарын тазалау және жуу;

сынама алу.

57. Білуге тиіс:

гидролизатты әк сүтімен, аммиакты сумен немесе екі сатылы әк сүтімен және аммиакты сумен бейтараптандыру режимі;

әк сүтінің, аммиакты судың, күкірт қышқылының, аммоний сульфаты мен жартылай өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттері;

талдау орындау әдістемесі;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс принципі, сынама алу әдістері.
2-параграф. Бейтараптандырушы, 3-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті бейтараптандырушының басшылығымен берілген технологиялық режим бойынша гидролизатты бейтараптандыру процесінің жекелеген операцияларды жүргізу;

өлшегішті және бейтараптандырғышты толтыруға дайындау;

бейтараптандырғыштағы араластырғыш құрылғының ақаулығын тексеру.

Ванилин өндіруде: өлшегішке жіберу үшін пісірілген массаның көлемі бойынша қышқыл мөлшерін айқындау;

өлшегішке күкірт қышқылын айдау, бейтараптандырғышты сілті массасымен толтыру;

бастапқы массаны ирекше арқылы сумен берілген температураға дейін салқындату.

үнемі араластыра отырып берілген режим бойынша бейтараптандырудың негізгі процесін жүргізу;

массаның қышқылдығы мен созылыңқылығын талдау нәтижелері бойынша кезеңімен бақылау;

бейтараптандыру аяқталғаннан кейін массаны қыздыру және осы температурада ұстау;

эмульгирлеуді болдырмау мақсатында жартылай өнімді салқындату. жартылай өнімдерді өңдеудің келесі сатыларына жіберу;

ирекшелермен және қуатты қалақшалы араластырғыштармен жабдықталған бейтараптандырғыштарға қызмет көрсету;

араластырғыш құрылғылар мен ирекшелердің корпусын гипс және массадан кезеңімен тазарту.

Ксилитан өндіруде: инвентирленген қышқыл гидролизатты бейтараптандырғышқа қабылдау;

бейтараптандыруға жіберілетін инвентордағы гидролизат ерітіндісі мен әкті сүт мөлшерін ағарту үшін белсенді көмір мөлшерін есептеу;

бейтараптандырғышқа көмір суспензиясын салу және анағұрлым жоғары білікті бейтараптандырушының басшылығымен ағарту процесін жүргізу;

әкті сүттің бейтараптандырғышқа жіберілуін реттеу және ағартылған ерітіндіні бейтараптандыру процесін жүргізу;

негізгі және қосалқы бөлім жабдықтарына қызмет көрсету.

59. Білуге тиіс:

бейтараптандыру бөлімінің технологиялық тәсімі, бейтараптандыру кезінде болатын физикалық және химиялық процестер;

ағарту және бейтараптандыру кезінде болатын процестердің химизмі;

қышқыл және бейтараптандырылған гидролизаттың, көмір суспензиясының физикалық-химиялық қасиеттері;

негізгі және қосалқы жабдық жұмысының принципі.

3-параграф. Бейтараптандырушы, 4-разряд


60. Жұмыс сипаттамасы:

гидролизатты бейтараптандыру (спирт немесе азық ашытқысы өндірісі) процесін жүргізу;

шикізат және химикаттардың ауыспалы қордың болуын тексеру, жабдықты қадағалау;

талап етілетін химикаттарды және бейтараптандыру уақыты мөлшерін есептеу;

гидролизатты санына және қышқылдығына сәйкес химикаттар жасауды және бейтараптандыруға жіберуді бақылау;

гидролизат ағыны жылдамдығы процесінің температуралық режимін реттеу;

«Газлифт» пневматикалық құрылғыларын қолдана отырып бейтараптандырғышты араластыруға жіберілетін ауаны бақылау;

бейтараптандырғыш сапасын, өндірістік ыдыстардағы сұйықтық деңгейін қатаң бақылау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бейтараптандыру процесі параметрлерін бақылау және реттеу;

редукциялау заттарының ысырап болуының алдын алу және жою шараларын қабылдау;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау;

анағұрлым төмен білікті бейтараптандырушыны басқару.

61. Білуге тиіс:

өндірістің технологиялық тәсімі, бағытталған гипсті кристалдауды бейтараптандыру процесі;

жабдықты гипстеудің температуралық режиміне әсер ету және оның алдын алу тәсілдері, бейтараптандыру бөлімшесінің жабдықтарын мен коммуникацияларын химиялық қорғау әдістері, бөлімшенің негізгі және қосалқы жабдықтарының құрылғысы.

12. Булау құрылғысының операторы


1-параграф 1. Булау құрылғысының операторы, 3-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті булау құрылғысы операторының басшылығымен бардянды концентрат алу мақсатында сульфатты спирт және ашытқыдан кейінгі сілтіні биохимиялық өңдеу қалдықтарын булаудың технологиялық процестердің жекелеген операцияларын жүргізу;

бастапқы жартылай өнімді қабылдау;

әрбір булау сатысына ерітіндінің, бу және судың берілген мөлшерін жіберу;

температураны, қысымды булаудың технологиялық параметрлерін және басқа да бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша қадағалау;

технологиялық процестің келесі сатыларына буланған өнімді жіберу;

буланған аппараттарды қаспақтан кезеңімен тазарту;

сынама алу.

63. Білуге тиіс:

сульфитті сілті биохимиялық өңдеу қалдықтарын булаудың технологиялық процесі;

жартылай өнімнің физикалық-химиялық қасиеті мен қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникациялардың жұмыс істеу принципі;

сынама алу әдістемесі.


2-параграф. Булау құрылғысының операторы, 4-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті булау құрылғысы операторының басшылығымен бардылы концентрат алу мақсатында сульфатты спирт және ашытқыдан кейінгі сілтіні биохимиялық өңдеу қалдықтарын булаудың технологиялық процестердің жекелеген операцияларын жүргізу, ксилозды шәрбат, ксилит және ксилитан ерітіндісін булау;

жабдықтың жарамдылығын, шикізат және материалдардың, будың болуын және оның параметрлерін тексеру;

булау құрылғысы аппараттарында қысым жасау;

екі және үш корпусты батареялардың жұмысын қадағалау;

булау құрылғысы корпустары бойынша талап етілетін қысымы немесе вакуумды ұстап отыру;

бақылау талдауларын жүргізу;

бөлімшенің негізгі және қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету;

буланған аппараттарды қаспақтан кезеңімен тазарту;

азық және бу коммуникацияларындағы бекіткіш аппаратураның герметикалығын тексеру;

ауысым журналында жазба жүргізу.

65. Білуге тиіс:

сульфитті сілті немесе жартылай өнімнің биохимиялық өңдеу қалдықтарын булаудың технологиялық тәсімі;

булаудың физикалық-химиялық қасиеті мен процесстің маңызы;

бақылау талдауын жүргізу әдістемесі, негізгі және қосалқы жабдықтар құрылғысы.
3-параграф. Булау құрылғысының операторы, 5-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:

вакуум станциясында сульфитты сілтіні алдын ала булау және ашытқыдан кейінгі бардыны булаудың технологиялық процестерін жүргізу;

ыдыстарда сілтінің, ашытқыдан кейінгі бражканың, әкті сүттің және концентраттың болуын бақылау;

сепараторлардың биіктігін, сұйықтық деңгейін тексеру;

ауысым аяқталғаннан кейін сілтінің, әкті сүттің шығынын есептеу;

вакуум станциясына күшсіз сілті булау құрылғысын, ал қысым станциясына – ашытқыдан кейінгі бардыны жіберу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша процесс параметрлерін, температураны, қысымды, сұйықтың деңгейін бақылау және реттеу;

спирт цехына вакуум станциясынан жартылай буланған сілтіні және булау құрылғысы қысым станциясынан даяр концентратты қоймаға жіберу;

қаспақты болдырмау мақсатында булау станциясы (қысым және вакуум станциялары) арналарын қайта қосып отыру және жылу алмастырғыштар мен сепараторлардың ластанған беттерін қышқыл конденсатпен шаю;

үш корпусты станцияларға, пластиналық және спиральді жылу алмастырғыштарға, компрессорлық станциялар мен конденсация станциялары сорғыларына, автоматика құралдарына қызмет көрсету;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

төмендеу білікті операторларды басқару.

67. Білуге тиіс:

өндірістің технологиялық процесі және тәсімі;

жұмыс істеп тұрған бетінің түрлі ластану шарттарының әсері, булау құрылғысының конструкциясы, қызметі мен пайдалану ережесі;

жабдықтар мен коммуникациялардың химиялық қорғау әдістері, бекіту арматурасының орналасу тәсімі мен құрылымы;

булау станцияларын арналарын ауыстыру және ластанған қыздыру бетін шаю тәсімдері мен әдістері.

13. Ион ауыстыру операторы


1-параграф. Ион ауыстыру операторы, 3-разряд

68. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оператордың басшылығымен ксилоз, ксилит және ксилитан ерітінділерін ион ауыстыру процесін жүргізу;

анионды және катионды шайырды регенерациялауға арналған химиялық ерітінділерді берілген концентрацияға әзірлеу;

ион алмастыру сүзгі батареяларын циклға дайындау және олардың жұмысын қадағалау;

ион алмастыру шайыр сүзгілерінде артезиан суымен қопсыту операцияларын жүргізу;

ион алмастыру шайырын регенерациялау процесін жүргізу. сұйықтың көлемін өлшеу, ерітінді қышқылдарын айқындау;

сынама алу ережесі мен қарапайым талдау жүргізу әдістемесі;

жабдықтардың жұмысын қадағалау.

69. Білуге тиіс:

ион алмастырудың технологиялық процесі;

химикаттар мен ерітінділерді жасау режимі мен физикалық-химиялық қасиеті;

сынама алу ережесі мен талдау жүргізу әдістемесі;

негізгі жабдықтардың жұмыс істеу принципі.


2-параграф. Ион ауыстыру операторы, 5-разряд
70. Жұмыс сипаттамасы:

ксилоз, ксилит және ксилитан ерітінділерін ион ауыстыру процесін жүргізу;

бөлімше жабдықтары мен коммуникацияларының жарамдылығын және химикаттың болуын тексеру;

талап етілетін концентрацияда (қышқыл, кальцийленген сода және ащы натр) химикат ерітінділерін жасауға арналған компоненттердің қажетті мөлшерін есептеу;

тазалау кезінде ерітінді қышқылдығын айқындау;

ион алмастыру сүзгілерін батареяларының циклға дайындығын тексеру;

шайырды дайындау және ион алмастыру батареяларына салу;

бөлімшеге ксилозды, ксилитті, ксилитанды үш ағынмен бір уақытта немесе түрлі комбинацияларда түсетін тазаланған ерітінділерді жіберу жылдамдығын реттеу;

анионды және катионды шайырды регенерациялау процесінде химикаттарды мөлшерлеу және жіберу жылдамдығын реттеу;

регенирлеуші ерітіндісінен шайырды шаю және келесі циклға дайындау;

негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;

ерітінділердің қышқылдығын және құрғақ заттарды талдауды жүргізу. журналға жазба жүргізу. төмендеу білікті операторларды басқару.

71. Білуге тиіс:

ион алмасу бөлімшесінің технологиялық тәсімі, негізгі және қосалқы бөлімше құрылғысы, гидролизаттардың, ксилит және ксилитан ерітінділерінің физикалық-химиялық қасиеттері;

құрғақ заттардың қышқылдығын және құрамын тексеру әдістемесі.

14. Тұндыру және жылу алмастыру операторы
1-параграф. Тұндыру және жылу алмастыру операторы, 3-разряд
72. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай өнімдерді берілген параметрге сәйкес температураға дейін салқындатудың технологиялық процестерін жүргізу. қайтқан суды жылу алмастыру аппаратурасында қыздыру және жартылай өнімдерді бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика құралдарымен жарақталған тұндырғыштарда ағарту;

жылу алмастырғышқа берілетін су мен жартылай өнімдердің мөлшерін, сондай-ақ су және жартылай өнімдердің көлеміне байланысты жұмысқа қажетті мөлшерін есептеу;

жартылай өнімдердің тұндырғыштарға жіберілуін реттеу, тұндыру ұзақтығын бақылау;

өңделген өнімді одан кейінгі технологиялық сатыларға жіберу;

жылу алмастырғышты тазалауға арналған сілті ерітіндісін әзірлеу, жылу алмастырғыштар мен тұндырғыштарды шаю және тазарту.

73. Білуге тиіс:

жартылай өнімдерді салқындату және тұндырудың технологиялық тәсімдері;

жартылай өнімдер мен химикаттардың физикалық-химиялық қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызметі мен құрылысы;

коммуникациялардың тәсімдері, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысы;

химикаттарды ұстау ережесі;

сілтілік ерітінділерді әзірлеу тәсілі.

15. Реакторшы
1-параграф. Реакторшы, 3-разряд

74. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті реакторшының басшылығымен реакциялық колонналардағы ксилоз ерітінділерді гидрлеу және катализаторларды жандандыру процесінің жекелеген операцияларды орындау;

сілтілік ерітінді ыдыстарын шаю және оларды ксилозбен толтыру;

катализаторды регенерациялау және жандандыруға, сондай-ақ ксилоз ерітіндісін сілтілеуге арналған сілті ерітіндісін әзірлеу және мөлшерлеп жіберу;

катализаторға реактор салу және оны конденсат сілтісінен шаю, катализаторды түсіру;

жүйедегі су шығыны және қысымын бақылау;

ксилоз ерітіндісін және ерітінді қыздырғышын жіберетін сорғы жұмысын қадағалау;

сынама алу;

жабдықтар мен коммуникацияларды тазалау.

75. Білуге тиіс:

ксилоз ерітіндісін гидрирлеудің және катализаторларды жандандырудың технологиялық режимі;

жартылай өнімдердің: ксилоз, ксилит және қолданылатын химикаттардың (сутегі, сілті) физикалық-химиялық қасиеттері, талдау жүргізу үшін сынама алу ережесі.
2-параграф. Реакторшы, 4-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге сәйкес лигниннен коллактивит алу үшін карбонизациялау процесін жүргізу. қызмет көрсетілетін жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының хал-жайын, өлшегіш және тегеурін бактарындағы химикат қорларының, бункерде лигниннің болуын тексеру;

реактор бункерін мөлшерлегіш қоректендіргіш арқылы лигнинмен толтыру;

бункерден лигнин, содан кейін мөлшерлегіш арқылы реакторға лигнин жіберу;

мөлшерленген күкірт қышқылын өлшегіш арқылы реакторға бір уақытта жіберу;

коллактивит алудың негізгі процесін жүргізу және лигниннің ылғалдығына және күкірт ангидриді концентрациясына байланысты оны реттеу;

желдеткіш құрылғылары мен түтін сорғышты уақытында қосу;

скрубберге судың жіберілуін реттеу, реактор араластырғышты және қоректендіру шнегін қосу;

түтін сорғыштарды босату және оны ауысым бойы реттеу;

лигнин және олеумді реакторға жібергеннен кейін – коллактивиттің пайда болу процесі температурасын реттеу;

реакциялық газдарды бейтараптандыру, алынған коллактивитті араластырғышқа салу;

негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету.

өндірістік журналдағы жазбаны жүргізу;

технологиялық процесстің келесі сатыларын жіберу.

77. Білуге тиіс:

коллактивит алудың және қолданылатын химикаттардың технологиялық тәсімі мен режимі;

жабдықтарды және бөлімше коммуникацияларының қызметі мен жұмыс істеу принципі.
3-параграф. Реакторшы, 5-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:

реакциялық колонналардағы ксилоз ерітіндісін гидрирлеу және катализаторды жандандыру процесін жүргізу;

ксилоз ерітіндісі және сілті ерітіндісі қорының болуын тексеру;

ксилоз ерітіндісі, сутегі және сілті мөлшері жүргізуде талап етілетін процесті есептеу;

реактормен бу жіберу, будың жіберілуін реттеу;

гидрирлеу жүйесіне сутегі жіберу;

ксилоз ерітіндісін жүйеге жіберу және ерітінді сілтілеу, қыздыру;

газ сепараторда сұйықтықтың берілген деңгейін ұстап отыру, түсетін ерітіндінің қышқылдығын, құрғақ заттардың редуциялайтын заттардың қалған мөлшерін кезеңімен тексеріп отыру, қыздырғыштар мен реакторлардағы температура мен қысымды қадағалау;

даяр өнімді технологиялық процестің кейінгі сатысына және сутегіні циркуляцияға жіберу;

алынатын өнімнің сапасын бақылау;

батареяларды регенерациялауға тоқтату және катализаторды регенерациялау;

гидрирлеу бөлімшесінің негізгі және қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету.

Төмендеу білікті реакторшыларды басқару.

79. Білуге тиіс:

ксилоз ерітіндісін гидрирлеу және катализаторды жандандыру бөлімшесінің технологиялық тәсімі;

катализатор құрамы; катализатордан сутегінің бөліну процесінің химизмі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымы.

16. Ванилин кептіруші


1-параграф. Ванилин кептіруші, 3-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандартқа сәйкес ванилинді кептіру және ыдысқа салу процесін жүргізу;

орау ыдыстары мен материалдарын дайындау;

діріл елегінің, таразылардың жарамдылығын тексеру;

кептіру шкафын ванилинді қабылдауға және ванилинге арналған ыдысты дайындау;

ылғал кристалл ванилинді қабылдау, оны кептіру бөліміне апару, кептіру шкафы табаларына салу;

ванилинді режим бойынша кептіру және ұстау, кептіру процесінде шкафтың биіктігі бойынша табаларды апару;

кептірілген ванилинді елеу, сынама алу, тауар өнімі партиясын құрастыру, оны белгілі бір ыдысқа салу, ыдысты жабу, жәшіктерге салу;

ванилинді кептіру бөлімшелерінің негізгі және қосалқы жабдықтарына қызмет көрсету;

жабдықтың стерильділігін қадағалау.

81. Білуге тиіс:

кристалл ванилинді кептіру және ораудың технологиялық тәсімі, кептіру және орау бөлімшелерінің жабдықтарының жұмыс режимі;

ылғал және құрғақ ванилиннің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті, өнімнің мемлекеттік стандарттары.


жүктеу 2,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау