6D012000 – Кәсіптік
оқыту мамандығы
бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға арналған
«Дуальді оқыту жүйесінде колледж студенттерінің бойында еңбек
құндылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері» тақырыбы
бойынша
Нуржанбаева Жанат Оралбайкызының
диссертациясының
АҢДАТПАСЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ
басуының маңызды үдерісінің бірі ұлттық экономикалық жаңғыруы болып
отыр. Экономикалық әлеуеті жоғары, рухани тірегі мықты мемлекеттің
әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі мен ұтқырлығы арта
түсетіні шындық. Осы мақсаттарға жету үшін жұмыс орнында тез арада
біліктілігін қайта өзгертуге және жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізуге
қабілетті мамандар даярлау.
Кәсіптік білім беру жүйесінде, Елбасы
айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден
қою керек.
Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және
ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты
Қазақстан халқына Жолдауында
Төртінші басымдық – адами капитал
сапасын жақсарту бағытын атап өткен болатын. Бүгінгі күні «Баршаға
арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла
бастады.
Әлемнің озық елдерінде Bruges Коммюникеге сәйкес 2020 жылға
дейінгі
техникалық
және
кәсіптік
білім
беруді
(ТжКББ)
модернизациялаудың Копенгаген үдерісі Europass, EQF, ECVET және
EQAVET тетіктері арқылы жүзеге асырыла бастады. Қазақстанның
экономикасының, білім беру жүйесінің әлемдік нарыққа бағдарлануы,
Жалпыға Ортақ еңбек қоғамын құру, болашақ мамандарды кәсіптік даярлау
сапасын арттырумен тығыз байланысты.
Қазіргі кезеңдегі заман талабынан туындаған «жылдам өзгермелі әлем
үшін білім алу – өмір бойы білім алу» үдерісі аясында еңбек нарығына
болашақ мамандардың еркін кіріге алуы мен еңбек құндылығын
қалыптастыру, студенттерді кәсіпорын жағдайына бейімдеп оқыту - кәсіптік
білім беру жүйесінің ғана емес, сонымен қатар дуальді оқыту жүйесінде
кәсіпорынның жұмыс берушілерінің де негізгі мақсаты болып табылады.
Заманауи қоғамда еңбек құндылығының мәртебесінің арта түскендігін
бүгінгі қоғамдағы әрбір азаматының түсіну қажеттілігі -болашақ
мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің тетігі болып табылады. Жұмыс
берушінің болашақ мамандарға қоятын басты талаптары: кәсіптік білім,
еңбек құндылықтарының қалыптасуы, ұтқырлық, заманауи қондырғыларда
жұмыс істеу құзіреттіліктерінің болуы, қажет болған жағдайда қосымша
мамандыққа ауысуы, қажетті кәсіптік біліктілікті арттыруға дайын болу.
Бүгінгі күні дуальды оқыту жүйесінде болашақ жұмысшы мамандарды
даярлауға аса мән берілуде. Дуальды оқыту теория мен практиканың өзарара
әрекеттестік қағидасына негізделеді.
Сондықтан колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын
қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады.
Диссертациялық зерттеу жұмысына қатысты еңбек ұғымы туралы қазақ
халқының даналық ой-пікірлерінде, шежірелері мен мақал-мәтелдерінде,
эпостық жырлар мазмұнында кездеседі. Еңбек құндылығы философиялық
ұғым ретінде Қ.Яссауидің даналық өсиеттерінде, А.Құнанбаевтың «кемел
адам» концепциясының маңызды бөлігі ретінде түсінік қалыптасты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі ұлттық қоғамдық ой-
пікірдің көрнекті өкілдері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев халықтық
педагогикадағы жастарды еңбекке, кәсіпке баулудың өзіндік ерекшеленген
ұстанымдары мен әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан тұжырымдар жасады.
А.Смиттің зерттеулерінде еңбек құндылықтары туралы философиялық,
экономикалық тұжырымдары қарастырылған. Ал еңбек құндылықтарының
философиялық, әлеуметтанулық мәні Ә.Нысанбаев және А.Б.Алтынбековтің
еңбектерінде ашып көрсетілген.
Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, қазіргі дуальді оқытудың түп
негізі ұлттық тәлім-тәрбие бастауларында жатқанын аңғаруға болады,
өйткені баланың жастайынан еңбекке араласуы, кәсіптік дағдылары мен
іскерліктерін меңгеруі күнделікті өмір сүру салтымен біте қайнасты.
Сонымен бірге ұлттық еңбекке тәрбиелеу мұрасында ер баланың, қыз
баланың еңбекке араласуы, кәсіп меңгеруіне де ерекше мән бергендігін Қ. Б.
Жарықбаев жазған.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы шеңберінде кәсіптік білім беруді
модернизациялау және жұмысшы мамандарын еңбек етуге даярлау
мәселесі
Н.А.Шамельханованың,
К.К.Борибеков,
А.К.Кусаинов,
Г.М.Мутанов қарастырған.
Германияның кәсіптік білім беру саласындағы дуальді оқытудың
мазмұны мен оның тәжірибеде жүзеге асырылуы, жұмыс берушілердің
болашақ мамандарға қоятын талаптарын, еңбек нарығындағы сұранысының
ерекшеліктерін F.Avvissati, Г.А.Федотова, С.П.Романов, Д.А.Торопов
диссертациялық зерттеулерінде қарастырған.
Саипов А.Б., Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбекова кәсіптік білім беру
мәселелері мен кәсіби психология, еңбекті ұйымдастыру заңдылықтарын,
Р.А.Жаңабаева еңбек тәрбиесінің негіздерін қарастырған.
Жоғарыдағы ғалымдардың еңбектеріне талдау әлі де болса бұл
мәселенің жеткілікті зерттелмегендігін көрсетті. Яғни, дуальді оқыту
жүйесінде
колледж
студенттерінің
бойында
еңбек
құндылығын