«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 90-құжат; 2015 жылғы 9 сәуiрде № 64 (28542) «Егемен Қазақстан» газетiнде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына:
«Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
«Іске асыру мерзімдері және кезеңдері» деген жолдағы «1-кезең – 2015 жыл 2-кезең – 2016 – 2020 жылдар» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1-кезең – 2015 жыл 2-кезең – 2016 – 2019 жылдар»;
«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:
Он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандар мен қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.
«Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
сегізінші, тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдардың жалпы санынан – 5,5 %-ы;
2) жұмыссыздардың жалпы санынан – 11,0 %-ы;»;
5-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %;
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай – 44,6 %;
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаға қатысушылардың қатарына қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 2020 жылға қарай – 43,5 %;»;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар» деген 5-бөлімде:
7-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру;
3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу.
Тірек ауылдық елді мекендер инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін басым елді мекендер болып табылады.»;
12-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және әлеуметтік- еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) – фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды және Бағдарлама шеңберінде іске асыруға ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.»;
13, 14, 15, 16 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жобаларды қарау барысында денсаулық сақтау және әлеуметтік- еңбек саласындағы мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган жобалардың осы Бағдарламаның 8-тармағында көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге, сәйкестігін тексереді.»;
14. Жобалар осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келмеген кезде денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдарға бас тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.
15. Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдар ұсынған құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып жобаларды қарап іріктейді.
Бұл ретте іске асыру үшін, Бағдарлама қатысушылары үшін көбірек жұмыс орындарын құрған және ұзақ мерзімде жұмыспен қамтуды қамтамасыз еткен инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беріледі.»;
16. Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 30 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша Бағдарламаға қатысушыларына құрылыс кезінде – жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
16-2. Инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған кезде аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі.»;
17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар Бағдарлама операторымен келісу бойынша көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жұмсай алады.
18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Бағдарлама операторына инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу бойынша
1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;
2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;
3) бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі, уақтылы игерілмеудің себептері және төмен тұрған бюджеттен қаржыландыру көлемдері;
4) жіберілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс есептерді ұсынады.»;
19-тармақ алынып тасталсын;
22, 23 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
23. Бағдарлама операторы Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.»;
5-бөлім тақырыбының атауы «Екінші бағыт:кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» мынадай редакцияда жазылсын: «Екінші бағыт:кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру.»;
24, 25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды көздейді.»;
«25. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, қалалық елді мекендерде жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, сондай-ақ Бағдарлама қатысушыларының ауыл шаруашылық өнімдерін даярлау және өткізу пункттері кешенімен бірге ұсақ тауарлар өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру жөніндегі шараларды қаржыландыру мынадай қатынаста жүзеге асырылады: 80 % - ауылдық елді мекендерде, 20% - қалалық елді мекендерде.»;
«26. Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін тірек ауылдық елді мекендер басым елді мекендер болып табылады.»;
30-тармақтың 2), 5), 11), 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
Жеке ісін кеңейтуге микрокредит жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру және Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартында беріледі;
5) микрокредит:
- жеке ісін ұймдастыруға және кеңейтуге 3 млн. теңгеге дейінгі;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударғандар үшін 5 млн. теңгеге дейінгі;
- жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға 6 млн.теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін 6 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер беру 2016 жылы пилоттық режимде қабылданатын болады.
11) микрокредиттерін мерзімінен бұрын өтеген Бағдарламаға қатысушылардың жеке ісін кеңейту үшін микрокредит алуға қайта өтініш беруге 5 млн. теңгеге дейін микрокредит алуға құқығы бар;
«12) соңғы қарыз алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған қаражаты есебінен қайта кредит беруге жол беріледі.»;
32, 33, 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
33. Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе жетіспейтіндерін салуды және жабдықтар сатып алуға арналған Бюджеттік қаражатты жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттарға немесе «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және бизнес-ұсыныстарға сәйкес пайдаланады.»;
«35. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:
1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;
2) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлейді және оны облыстың кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісу бойынша бекітеді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беру ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылатын схемасын ескере отырып, Кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жүзеге асырылады
Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;
3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру үшін уәкілетті өңірлік ұйымдарды айқындайды;
4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйымдар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит беру қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.
Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға микрокредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін;
5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда, микрокредит ұсыну туралы шарт тікелей соңғы қарыз алушымен жасалады.
6) Бағдарлама операторы өз құзыреті шегінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген кредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.
Қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті, микрокредиттерді беру және өтеу, қатарынан 3 айдан астам микрокредиттерді өтеу бойынша қарыздары бар адамдар, негізгі қарыз және сыйақы бойынша қарыздардың сомасы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын өтеген адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген жұмыспен қамту орталығына әр айдың 5-iне дейін ұсынады.
7) Қаржы агентттігі не микроқаржы «микрокредит) ұйымдары немесе микрокредиттік серіктестіктер мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС микрокредиттерді мақсатсыз пайдалануға жол берген және кредиттерді өтеу кестесін бұзған адамдарды қосак алғанда, микрокредит алған Бағдарлама қатысушыларының тізімін ұсынады.»;
36-тармақта:
3), 4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығына жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.
Уәкілетті жұмыспен қамту органдары Бағдарламаға қатысушының тұруына және жол жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді.
Жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтетін немесе бұдан бұрын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдар не микрокредит алар алдындағы үш жылдан аспайтын мерзім ішінде кәсіпкерлік негіздеріне оқудың тиісті курстарынан өткені туралы растайтын құжаттары бар адамдар кәсіпкерлік негіздеріне оқытусыз микрокредит алуға үміткер бола алады;
4) микрокредиттер беру:
Бағдарламаға қатысушы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығының жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді.
Микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді;
5) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен немесе Кәсіпкерлікті қолдау орталығымен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.»;
«Тірек ауылдарды кешенді дамыту» бөлімі алынып тасталсын;
53, 57, 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері ұсынылады:
1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызметтер;
2) біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жіберу;
3) қызмет көрсету саласы үшін кадрларды даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде және «жасыл экономика» саласында қысқа мерзімді тегін курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу
4) практикалық дағдылар алу үшін қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;
5) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
6) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
7) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу;
8) қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау;
9) жұмыс берушілерге мемлекеттік грант беру арқылы біліктілік арттыруға және қайта даярлауға жіберу.»;
«57. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырылады.»;
«59. Оқуға үміткерлерді жұмыс беруші Бағдарламаға қатысушылар қатарынан да, Бағдарламаның тиісті критерийлеріне сәйкес келетін, жеке жұмыспен қамту агенттіктері және бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері арқылы өз бетінше іздеу негізінде тартылатын басқа да үміткерлер қатарынан да іріктейді.
Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушімен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалымен бірлесіп, айқындаған кадрларға қажеттілікке сәйкес кәсіптік оқу түрін және білім беретін ұйымды таңдайды.
Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама операторының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның және Халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурсына орналастырылған ұйымдардың және жұмыс берушілердің оқу орталықтарының қатарынан жүргізіледі.»;
Мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:
«59-1. қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру кезінде жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға мен 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлерге басым құқық беріледі.
Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдаманы, үміткерлерді таңдауда жұмыс берушілердің қатысуын талап етпей-ақ, Халықты жұмыспен орталығы береді.»;
60, 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кәсіптік даярлық деңгейін бағалау жөніндегі біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) берілген жағдайда не «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальді моделі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.
«Жалдамалы қызметкерлерді, оның ішінде 18-ден 24 жасқа дейінгі жастағы жастарды өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
63. Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына жібереді.
Жұмыс беруші тапсырыс берген жұмыс орнынан Бағдарлама қатысушысы немесе Бағдарлама қатысушысын жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оқытуға шығыстарды, оның ішінде материалдық көмекке және стипендияға төленген сомаларды қоса алғанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған шарттарға сәйкес бюджетке қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 64-1 тармақпен толықтырылсын:
«64-1. 2016 жылдан бастап жұмыс берушінің тікелей қатысуымен салалық өнеркәсіпке жататын өндірістің білікті қызметкерлерін біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберу үшін жұмыс берушілерге мемлекеттік грант беру қарастырылады.
Гранттар оқу жоспарының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне қарай оқу процесіне шығыстарды есептей келе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгіленген біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарының құнынан жұмыс берушілердің бір адамға кететін шығынының 80 %-ы мөлшерінде беріледі.»;
Жұмыс берушілерге біліктілік арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік гранттар беру шарттары жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
«Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу» тақырыпшасы мынадай редакцияда жазылсын «Жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу және ішінара субсидиялау тәртібін ұйымдастыру»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Оқуды аяқтағаннан кейінгі үш жыл ішінде бітірушілер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидия мөлшері айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыруға жол беріледі. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмысқа орналасқан күннен бастап 12 ай ішінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орындарында және жастар практикасында уақытша жұмыспен қамтылу шарттары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында айқындалған.
Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт бюджетке жұмыс берушілердің Бағдарлама қатысушыларына субсидиялар төлеуге кеткен мемелкеттің шығыстарын қайтаруы арқылы бұзылуға жатады.
Бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыру бойынша шарттар жасасуға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 65-1 тармақпен толықтырылсын:
«65-1. Қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтқан бөлігін орнына толтыру үшін жүзеге асырылады.
Республикалық деңгейдегі кәсіпорындарда қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау өндірістік салаға жататын, қызметкерлер саны 250 адамнан кем емес, әлемдік конъюнтураға байланысты шығарылатын өнім мөлшерінің, көрсетілетін қызметтің қысқаруына және мына шарттардың біріне сәйкес болуына байланысты кәсіпорындарға жүргізіледі:
моноқалаларда қала құраушы кәсіпорын болып табылады;
өндірілген тауардың (қызмет) жалпы көлемінен экспортқа шығарылатын осы кәсіпорынның тауар (қызмет) үлесі 30% дан кем емес;
ішкі нарыққа шығарылатың өндірілген тауардың (қызмет) облыс көлемінің үлесі 30% немесе республика көлемінің үлесі 10% дан кем емес осы тауардан (қызметтен).
Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік шара қолданылған жағдайда, кәсіпорын өндірісті тоқтатуға жол бермеуге және аталған білікті қызметкерлердің қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға тиіс.
Бұл ретте өңірлік деңгейдегі кәсіпорынды уақытша субсидиялау шарты тиісті жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен белгіленеді.
Білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау тек қана негізгі өндірістерде (цехтарда) жұмыс істейтін біліктілігі жоғары мамандар, қызметкерлер, жұмысшылар (4 разрядты, одан жоғары) үшін жүзеге асырылады.
Білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау 6 ай ішінде, тағы 6 айға созу мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
Уақытша субсидиялаудың айлық мөлшері қысқартылған жұмыс уақытына байланысты, қызметкер табысының екіден үш бөлігін (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып), бірақ тиісті кезеңде республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген 2 ең төменгі жалақыдан артық емес мөлшерді құрайды.
Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін ВАК қарастырады және келіседі.
Бағдарлама операторы қысқартылған жұмыс уақыты үшін ВАК-та мақұлданған білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін бекітеді.
Уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындар тізбесін өңірлік комиссия қарастырады және келіседі.
Жергілікті атқарушы органдар уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізбесін бекітеді.
Білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялауды халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау үшін қәсіпорындардын іріктеу тәртібі және қаржыландыру жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;
66, 67, 69, 70, 71, 72, 73, 74 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды және/немесе жұмысқа орналастыруды өз бетінше не мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді.
67. Халықты жұмыспен қамту орталықтары кадрлар даярлау және жалдамалы қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін қызмет көрсету саласында ұзақтығы екі айдан аспайтын мерзімге оқыту шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.
Оқыту шебер сыныптары практикалық сабақтар қолданыла отырып өткізіледі.
Оқыту шеберлік сыныптарын өткізу үшін практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар, оның ішінде табысты жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандар тартылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қызмет көрсету саласында мамандарды даярлаудың модульдік бағдарламасын әзірлейді.»;
69. Іске асыру тетігі:
1) үміткерлер тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгінеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары:
ұсынылған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және дерекқорда бар бос жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;
3) қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар жұмыс берушілер мәлімдеген мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға жіберіледі;
4) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқуға жіберген кезде білім беру ұйымы мен жұмыс беруші де әлеуметтік келісімшарт тараптары болады.
Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы басшының не қол қоюға құқығы бар жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен куәландырылған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасалғанын растайды.
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарды және оқу шарттарын, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары әр айдың 5 күніне Халықты жұмыспен қамту орталықтарына шығарылған Бағдарлама қатысушылары туралы ақпаратты және оқитын Бағдарлама қатысушыларының сабаққа келуін есепке алу табелін ұсынады.
6) Халықты жұмыспен қамту орталықтары салалық өнеркәсіпке жататын кәсіпорындардың білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының үштен екісін уақытша субсидиялауға өтініштер жинауды және қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға мемлекеттік гранттар беруді жүзеге асырады және Бағдарлама қатысушыларының тиісті тізімдерін қалыптастырады.
70. Бағдарлама шеңберінде аумақтық ұтқырлықты арттыру:
1) жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға;
2) 2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға;
3) жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандарға және қоныс аударушыларға қатысты жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер мен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз еркімен қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандарға және қоныс аударушыларға Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттік қолдау алу тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері тұрғындарының қоныс аударуы және оларға мемлекеттік қолдау көрсету өңірлік комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері тұрғындарының қоныс аударуын және оларға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру үшін облыс шегінде тұрғын үй салу (сатып алу), реконструкциялау көзделеді.
71. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден, және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:
1) бір ауданның ішінде;
2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
Оралмандар мен қоныс аударушылардың көшуі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған өңірлерге қоныс аударған оралмандарға және қоныс аударушыларға әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерге тұру және қоныс аударуға жұмыс берушілердің қатысу қажеттілігі туралы талаптар қолданылмайды.
72. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы әзірлейді және бекітеді.
Олардың негізінде жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.
73. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.
74. Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау:
1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;
2) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын адамдарға тұрғын үй – қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін жатақханалардан бөлме беруді қамтиды.
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
1) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту;
2) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.»;
77-тармақтың бірінші абзацы және 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын қатысуға үміткерлер, сондай-ақ оралмандар және қоныс аударушылар көшуге арналған өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді;
2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттілігін (оралмандарды және қоныс аударушыларды қоспағанда) ескере отырып, Бағдарлама қатысушыларының құжаттарын қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал нұсқаларын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;»;
78, 80, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 93, 94, 95, 97, 99, 100-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«78. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
80. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу үшін:
1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
2) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамасы шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қамтитын жалпыұлттық дерекқорды (бұдан әрі – жалпыұлттық дерекқор) қалыптастыру және дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Жалпыұлттық дерекқор нақты кәсіпорындар мен мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындарын қамтитын болады.
Ағымдағы бос жұмыс орындары, сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын және Өңірлердің жұмыспен қамту картасын, Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары, сондай-ақ босатылатын және жұмыс орнын құру картасын қалыптастыру тәртібін Бағдарлама операторы мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.
Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберіндегі жобаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар Бағдарлама операторына құрылыс кезеңінде және оларды пайдалануға бергеннен кейін құрылатын жұмыс орындарының болжамды санын салалар, жобалар мен мамандықтар/лауазымдар бөлінісінде ұсынады.»;
84, 85, 86, 87, 88, 93, 94, 97, 95, 99, 100-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және Бағдарлама бағыттары бойынша қаражатты бөлінуіне келіседі;
2) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау үшін республикалық деңгейдегі кәсіпорындардың тізімін, сондай-ақ өңірлер бөлісінде қаржыландыру көлемін қарайды және келіседі.
85. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:
1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) ВАК-пен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін белгілеу қаражат бөлу туралы ұсыныстар дайындайды;
3) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
4) жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс орындары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қажет ететін мамандықтар туралы мәліметтерді беру үшін нысандарды әзірлейді;
5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын әзірлейді және бекітеді;
6) Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
7) Өңірлердің жұмыспен қамту картасын, Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын, сондай-ақ босатылатын және жұмыс орнын құру картасын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
86. Өңірлік комиссиялар:
1) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі;
2) Бағдарламаны бағыттары бойынша аудандар мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін келіседі;
3) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін келіседі;
4) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің мөлшерін келіседі;
5) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді;
6) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі;
7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;
8) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды;
9) Қысқартылған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысының екіден үш бөлігін уақытша субсидиялау үшін өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың тізімін, сондай-ақ кәсіпорындар арасындағы қаржыландыруға қаржы бөлінуін қарайды және келіседі.
87. Аудандық (қалалық) комиссиялар:
1) Бағдарламаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бір аудан шегінде қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді;
3) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
88. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобалар мен іс-шаралар жоспарларын, Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;
2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;
3) өңірлік даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.
4) Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарына қоныс аудару және мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды.
89. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультациялық қызметтер көрсету, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында оларға консультация беру, үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
2) Бағдарламаға әлеуеттi қатысушыларды, олардың мәртебесiне, кәсіптері мен әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына қарай санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру және заңнамаға сәйкес оның талаптары орындалмаған жағдайда санкция қолдану;
4) жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны айқындау;
5) мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасуға жіберу.
«93. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2015 жыл, екінші кезең – 2016 – 2019 жылдар.
94. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталатын болады.
Үміткерлерді кәсіптік бағдарлау тетіктері пысықталатын болады.
95. Екінші кезеңде: 2016 – 2019 жылдары – өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып, Бағдарламаның негізгі құрамдас бөліктері әзірленетін, келісілетін болады және орындалуға қабылданады; еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн қамтылатын болады.
Жұмыспен нәтижесiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.»;
«97. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын 1 ақпанға дейін алдағы үш жылға арналған қаржыландыру лимиттерін айқындайды және қаражатты өңірлер бойынша бөлу жөнінде ВАК-қа ұсыныстар енгізеді.
Қаржыландыру лимиттері өңірлер арасында статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша бөлу алдындағы тоқсандағы жағдайға сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына барабар бөлінетін болады.
Жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығының көрсеткіштеріне қарай қаражатты Бағдарламаның бағыттары арасында дербес бөледі.
Бұл ретте, Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жеткізілген лимиттің жалпы сомасының кемінде 70 %-ын ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.
Өңірлерге бөлінген қаржыландыру лимиттерін нақтылау және түзету экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санын есепке алмай жүзеге асырылады.
Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жобаның жалпы құнының кемінде 10 %-ы жергілікті бюджет есебінен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
Көппәтерлі тұрғын үйді, сондай-ақ жеке, екі (үш және одан көп) пәтерлі тұрғын үйлерді салу және сатып алу кезінде жұмыс беруші тұрғын үйдің жалпы сметалық құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.
Қызметтік тұрғын үйлер мен жатақханалар салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес айқындалатын жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құнының мөлшерін негізге ала отырып, республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған құннан асатын шығыстар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.»;
«99. Облыстық бюджеттерге, төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлуді қоса алғанда, Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджетте тиісті кезеңге көзделген қаражатты республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өңірлер бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартқан, сондай-ақ инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға тиісті құжаттаманы ұсынбаған жағдайда, Бағдарлама операторы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті құжаттама қоса берілген қосымша өтінімдерінің негізінде экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны бойынша критерийлерді есепке алмай, ВАК-тың қарауына қаражатты қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Республикалық бюджетті нақтылау кезінде жоғарыда көрсетілген рәсімдер сақталады, бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімін Бағдарлама операторы белгілейді.»;
100. Лимит бойынша ұсынылған қаражатты мақсатты пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бағдарлама операторы мен жергілікті атқарушы органдар арасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде мынадай негізгі параметрлер бойынша меморандумдар жасалады:
1) жұмыссыздық деңгейі;
2) жұмысқа орналастырылғандардың, соның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесін ұлғайту;
4) мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған тұлғалардың үлесін көбейту;
5) жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қамтуды кеңейту;
6) әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны;
7) кәсіптік оқытудан өткендер қатарындағы жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын
«
р/с
№
|
Атауы
|
Өл
шем бірлігі
|
Орын
дау мерзімі
|
Аяқ
талу нысаны
|
Жауап
ты орын
даушы
лар
|
Оның ішінде жылдар бойынша
|
Қар
жы
лан
дыру көз
дері
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
Бар
лы
ғы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
|
Мақсаты. Халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, әл-ауқатының артуына жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту
|
|
Нысаналы индикатор
|
1
|
Жұмыссыздық деңгейі
|
%
|
2015-2019
|
статистикалық есеп, тоқсан сайын
|
ДСӘДМ, ҰЭМ,
ЖАО
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
5,0
|
|
талап етіл
мейді
|
2
|
Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі
|
%
|
2015-2019
|
статистикалық есеп, тоқсан сайын
|
ДСӘДМ, ҰЭМ,
ЖАО
|
5,7
|
5,5
|
5,5
|
5,5
|
5,5
|
|
талап етіл
мейді
|
3
|
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас)
|
%
|
2015-2019
|
статистикалық есеп, тоқсан сайын
|
ДСӘДМ, ҰЭМ,
ЖАО
|
4,7
|
4,6
|
4,6
|
4,6
|
4,6
|
|
талап етіл
мейді
|
|
1-міндет. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту
|
|
Нәтижелер көрсеткіші
|
1)
|
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаның қатысушылардың қатарына қосылған азаматтардың үлесі
|
%
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
79,0
|
92,0
|
92,0
|
92,0
|
92,0
|
|
талап етіл
мейді
|
2)
|
Бағдарламаға қатысуға өтініш ілдіргендер қатарындағы Бағдарламаның қатысушылардың қатарына қосылған әйелдердің үлесі
|
%
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
44,6
|
44,6
|
44,6
|
44,6
|
44,6
|
|
талап етіл
мейді
|
3)
|
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаның қатысушылардың қатарына қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі
|
%
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
43,5
|
43,5
|
43,5
|
43,5
|
43,5
|
|
талап етіл
мейді
|
4)
|
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі
|
%
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
62,5
|
64,5
|
65,5
|
66,5
|
66,5
|
|
талап етіл
мейді
|
|
Іс-шаралар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1)
|
Инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
|
млрд.теңге
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ЖАО, ДСӘДМ
|
13,8
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
РБ
|
2)
|
Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру
|
млрд.теңге
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ДСӘДМ, ҰЭМ, АШМ, Қаржымині,
ЖАО
|
10,2
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
РБ
|
3)
|
Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныстандыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
|
млрд.теңге
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ДСӘДМ, ҰЭМ, БҒМ, Қаржымині,
ЖАО
|
9,0
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
РБ
|
4)
|
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы халыққа насихаттау және хабардар ету
|
млн. теңге
|
2015-2019
|
есеп, ай сайын, айдың 10-күніне
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
273,9
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
РБ
|
|
2-міндет. Кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін дамыту
|
|
Нәтижелер көрсеткіші
|
1)
|
Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарындағы жұмысқа орналасқандардың үлесі
|
%
|
2015-2019
|
ДСӘДМ-ге ақпарат
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
69,5
|
70,0
|
70,5
|
71,0
|
71,0
|
|
талап етіл
мейді
|
|
Іс-шаралар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1)
|
Ағымдағы бос жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқорын қалыптастыру
|
-
|
2015-2019
|
дерекқор
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
талап етіл
мейді
|
2)
|
Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқудан өтетін адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету
|
млрд.теңге
|
2015-2019
|
ДСӘДМ-ге ақпарат
|
ДСӘДМ, БҒМ, ЖАО
|
3,7
|
|
|
|
|
|
РБ
|
|
3-міндет. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру
|
|
Нәтижелер көрсеткіші
|
1)
|
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы
|
%
|
2015-2019
|
ДСӘДМ-ге ақпарат
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
30, 0
|
30,0
|
30,0
|
30,0
|
30,0
|
|
талап етіл
мейді
|
|
Іс-шаралар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1)
|
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге бағытталған заңнаманы және бағдарламалық құжаттарды жетілдіру
|
-
|
2015-2019
|
ДСӘДМ-ге ақпарат
|
ДСӘДМ, ЖАО
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
талап етіл
мейді
|
».
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде
қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |