25
76. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі:
1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге
әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын
азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға қатысуға
үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді;
2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер халықты
жұмыспен қамту орталықтарына:
мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын
көрсете отырып;
Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкіндігін
және Бағдарламаға қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мүмкіндігін не Бағдарлама шеңберінде
кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін оларды тұрақты жұмыс орындарына
орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып өтінім береді;
3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы
үшін жер бөледі, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік
сараптама жүргізеді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аумақтарды егжей-
тегжейлі жоспарлау жоспарына және құрылыс салу жоспарына сәйкес
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге
және қосылуға техникалық талаптар қояды;
4) жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге
байланыстыру жергілікті бюджет және жұмыс берушінің барабар түрде салған
қаражаты есебінен немесе келісу бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге
асырылады.
Көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде жобаны жергілікті жерге
байланыстыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе келісу бойынша
жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады;
5) облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс беруші
мынадай міндеттемелерді көздейтін ниет шартын жасасады:
тұрғын үйді бірлесіп салу және сатып алу тәртібі;
қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру;
жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері;
жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда, құрылыс
салатын жерді, салынатын тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау, сондай-ақ
тұрғын үйді бөлу оның қатысуымен жүзеге асырылады;
6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен
жұмыс беруші арасында осы тұрғын үй құрылысына салынған қаражатқа
барабар бөлінеді.
77. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден
қоныс аударатын адамдардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:
1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын
қатысуға үміткерлер көшуге арналған өтінішпен халықты жұмыспен қамту
орталығына жүгінеді және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық
26
уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және
оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында көзделген
құжаттарды қоса береді;
2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере
отырып, құжаттарды қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан
қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал нұсқаларын келіседі және
көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық)
комиссияға жолдайды;
3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:
өңірлік комиссиялар облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға қоныс
аударатын азаматтарға қатысты, сондай-ақ басқа облысқа қоныс аударатын
азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан
бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға
қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту)
туралы ұсынымдар дайындайды;
4) өңірлік не аудандық/қалалық комиссия ұсынымының негізінде
халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім
қабылдайды.
Бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен
елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға қоныс аударатын
үміткерлерге қолданылмайды;
5) өңірлік комиссияның шешімі негізінде республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде тұратын адамдар
қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды құрылысы 2013 жылғы 1 шілдеге
дейін басталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге рұқсат беріледі;
6) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен халықты
жұмыспен қамту орталығы (келген жерінің) арасында әлеуметтік
келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша
әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-
шараларды қамтиды;
7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен
қамту орталығы бақылайды.
Бағдарламаға қатысушылар
78. Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі
жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының
азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада
27
белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып
табылады.
79. Бағдарламаға қатысу үшін басым құқық:
1) оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жалпы білім беру
мектептерінің 9, 11-сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын
бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі
жастарға;
2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің
тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға;
3) еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы
айғақтары жоқ мүгедектерге;
4) ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге;
5) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;
6) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке
шыққан зейнеткерлерге;
7) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауіпті жұмыстарда бұрын істеген және мемлекеттік жәрдемақыларды
алушы болып табылатын адамдарға;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған
адамдарға;
9) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі
емдеуден босатылған адамдарға;
10) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке
тұлға қызметін тоқтатқанға байланысты немесе қызметкерлер санының немесе
штатының қысқартылуы бойынша жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.
Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу кезінде дәйексіз
деректер ұсынған адамдар Бағдарламаға қатысушылар құрамынан шығарылады
және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекеттік
шығыстар сомаларын бюджетке ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот
тәртібімен өтейді.
Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілген және кәсіптік оқыту,
микрокредит беру және қоныс аудару бойынша мемлекеттік қолдауды алатын
адамдармен тараптардың құқықтары мен міндеттері айқындалатын әлеуметтік
келісімшарттар жасалады.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу
жөніндегі шаралар
80. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты мониторингтеу үшін:
1) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
Достарыңызбен бөлісу: |