Жұмыспен қамту 2020 жол картасы



жүктеу 472,39 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата01.01.2020
өлшемі472,39 Kb.
#25600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

16 

 

 



Бағдарламаға 

қатысушылар 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымның  жетіспейтін  объектілерін  дамыту  үшін  қажет  болса, 

техникалық  паспортты,  жер  актісін,  жер  учаскесін  бөліп  беруді  және 

техникалық шарттарды ұсынады; 

инфрақұрылымды  дамыту  жөніндегі  уәкілетті  орган  Бағдарламаға 

қатысушылар  іске  асыратын  жобалар,  оның  ішінде  жайылымдық  мал 

шаруашылығын  дамыту  үшін  инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым 

объектілерін  қаржыландыру  немесе  жабдықтар  сатып  алу  мүмкіндігі  (немесе 

мүмкін  еместігі)  және  қажетті  қаржыландыру  көлемі  туралы  қорытынды 

дайындайды  және  қабылданған  шешім  туралы  халықты  жұмыспен  қамту 

орталығын хабардар етеді; 

7)  оң  қорытынды  алған  жобалар  бойынша  Бағдарламаға  қатысушы  мен 

инфрақұрылымды  дамыту  жөнiндегi  уәкiлеттi  органның  арасында  тиiстi  шарт 

жасалады. 

 

 

Тірек ауылдарды кешенді дамыту 



 

37.  Тірек  ауылдарды  кешенді  дамыту  ауылдарды  мемлекеттік  қолдау 

шараларын  шоғырландыру  есебінен  тірек  ауылдық  елді  мекендерде  тұратын 

азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. 

38.  Тірек  ауылдық  елді  мекен  –  бұл  дамыған  әлеуметтік-инженерлік 

инфрақұрылымы  бар,  ауылдық  елді  мекендердің  белгіленген  тобына 

мемлекеттік, білім беру, медициналық, қаржылық-делдалдық, мәдени-демалыс 

және  сервистік  қызметтердің  кең  ауқымын  көрсететін  жайластырылған  елді 

мекен. 

39.  Тірек  ауылдық  елді  мекендерді  айқындау  әдістемесін  өңірлік  даму 



мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 

40.  Әзірленген  әдістемеге  сәйкес  жергілікті  атқарушы  органдар  тірек 

ауылдарды айқындау әдістемесінде айқындалған критерийлерге сәйкес бағалау, 

келісу  және  тиісті  қорытынды  беру  үшін  өңірлік  даму  мәселелері  жөніндегі 

уәкілетті  органға  тиісті  негіздемелерді  қоса  отырып,  тірек  ауылдар  тізбесінің 

жобасын жібереді. 

41.  Жергілікті  атқарушы  органдар  Бағдарламаға  енгізу  үшін  және 

пилоттық тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытудың мастер-жоспарын 

әзірлеу  үшін  өңірлік  даму  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органмен  келісілген 

тірек ауылдық елді мекендердің тізбесінен тірек ауылдарды таңдап алады. 

42.  Тірек  ауылдың  мастер-жоспары  тірек  ауылдық  елді  мекенді 

дамытудың  кешенді  жоспарының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады,  ол 

кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау арқылы экономикалық және еңбек 

ресурстарын  тиімді  пайдалану  есебінен  азаматтарды  нәтижелі  жұмыспен 

қамтуды кеңейтуге бағытталған. 

Тірек ауылдың мастер-жоспары: 




17 

 

 



1)  тірек  ауылдың  ағымдағы  экономикалық  даму  жай-күйін  және  оның 

халқын нәтижелі жұмыспен қамтуға талдауды; 

2)  тірек  ауылдың  экономикалық  қызметтің  нақты  түріне  мамандануын 

ескере отырып, оны дамыту мүмкіндіктері мен шарттарын айқындауды; 

3)  қолданыстағы  мемлекеттік  және  салалық  бағдарламалар  шеңберінде 

көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ жеке инвестицияларды 

қамтитын мастер-жоспарды іске асыру тетіктері мен құралдарын; 

4)  инвестицияларды  тартуды  көздейтін  тірек  ауылды  дамыту  жөніндегі 

шараларды  іске  асырудың  қадамдық  жоспарларын,  шикізат  базасын,  қайта 

өңдеуді  дамытуды,  ілеспе  және  қосалқы  өндірістерді,  инфрақұрылымды 

дамытуды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және табысы аз 

азаматтарды ауылды дамыту жөніндегі жұмыстарға тартуды; 

5)  қолданыстағы  мемлекеттік  және  салалық  бағдарламалар  шеңберінде 

мемлекеттік  қолдау  шараларының  көлемін  және  қаржыландырудың  басқа 

көздерін,  іске  асыру  мерзімдері  мен  жауапты  орындаушыларды  айқындауды 

қамтиды. 

43.  Тірек  ауылдың  мастер-жоспарында  көзделген  іс-шараларды 

қаржыландыру Бағдарламаны, сондай-ақ қолданыстағы басқа мемлекеттік және 

салалық  бағдарламаларды  іске  асыруға  бөлінген  жалпы  лимиттер  шегінде 

жүзеге асырылады. 

Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында (әрбір өңірде 

бір тірек ауылдан)  тірек ауылдарды дамытудың  пилоттық режимде әзірленген 

мастер-жоспарларын 

қаржыландыруға 

арналған 

қаражат 


жеткізілген 

лимиттердің  жалпы  сомасының  10  пайызынан  аспайтын  мөлшерде  қосымша 

жоспарланады. 

Тірек  ауылдарды  дамытуды  қаржыландыру  үшін  тиісті  қаржы  жылына 

арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңмен  бөлінген  қаражатты  өңірлер 

арасында  бөлу  тиісті  республикалық  бюджеттік  бағдарлама  әкімшісінің  тірек 

ауылдарды  дамытудың  бекітілген  мастер-жоспарларының  негізіндегі  өтінімі 

бойынша  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы  Бағдарламаны  іске 

асыру  жөніндегі  ведомствоаралық  комиссия  (бұдан  әрі  –  ВАК)  шешімінің 

негізінде жүзеге асырылады. 

44. Тірек ауылдың мастер-жоспарын іске асыру барысында Бағдарламада 

көзделген құралдар шектеусіз қолданылатын болады. 

45.  Тірек ауылдардағы жобаларды іске  асыруға  қатысатын  Бағдарламаға 

қатысушыларды қосымша ынталандыру: 

1)  5  жылдан  аспайтын  мерзімге  5  млн.  теңгеге  дейінгі  сомада 

микрокредит беру; 

2)  жол  жүруге  және  тұруға  материалдық  көмек  бере  отырып,  бір  айға 

дейінгі мерзімге кәсіпкерлік негіздеріне  тегін оқыту,  бизнес-жоспар даярлауға 

көмек  көрсету,  жобаларды  сүйемелдеу  жөніндегі  сервистік  қызметтер  және 

инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымды 

дамыту, 


Бағдарламаға 

қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдық сатып алу; 




жүктеу 472,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау