23
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты
жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада)
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарды және оқу шарттарын,
оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім
беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін
жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.
Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім
беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың
ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары
туралы ақпаратты көрсетеді;
5) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға
қатысушылар, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан –
халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту
орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті органы бақылайды.
Аумақтық ұтқырлықты арттыру
70. Бағдарлама шеңберінде аумақтық ұтқырлықты арттыру:
1) жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік-
экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан
Республикасының азаматтарына және оралмандарға;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының Калачи
және Красногорский елді мекендерінде тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтарына және оралмандарға қатысты жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер мен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді
мекендерден өз еркімен қоныс аударатын Қазақстан Республикасының
азаматтары мен оралмандардың Бағдарламаға қатысу және олардың
мемлекеттік қолдау алу тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық
уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және
оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері
тұрғындарының қоныс аударуы және оларға мемлекеттік қолдау көрсету
өңірлік комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендері
тұрғындарының қоныс аударуын және оларға мемлекеттік қолдау көрсетуді
ұйымдастыру үшін облыс шегінде тұрғын үй салу (сатып алу),
реконструкциялау көзделеді.
71. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары
елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:
24
1)
бір ауданның ішінде;
2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан)
басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
72. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары
елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі
орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Олардың негізінде жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері
жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік-экономикалық даму
әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны
Бағдарлама операторына жібереді.
73. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоныс аударатын
Бағдарламаға
қатысушылар
үшін
сейсмологиялық
аймақтар
мен
сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік
жобаларын әзірлейді.
74. Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік
қолдау:
1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;
2) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс
аударатын адамдарға тұрғын үй – қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар
үшін жатақханалардан бөлме беруді қамтиды.
Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс
аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға мынадай
мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
1) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін
арттыру курстарында оқыту;
2) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.
75. Көшуге субсидияны, тұрғын үй салуды (сатып алуды) қаржыландыру
және жұмыс берушінің қатысумен бөлу тетігі, сондай-ақ әлеуметтік-
экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын
азаматтарды қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен жатақханалар беру
және оны пайдалану тәртібі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық
уәкілетті орган бекітетін Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және
оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.
Жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар
үйлерінің
тәрбиеленушілері,
жетім
балалар
және
ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған
балалар) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында,
республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан
жатақханалардан бөлме беріледі.
Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы
мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.