Жұмыспен қамту 2020 жол картасы



жүктеу 472,39 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата01.01.2020
өлшемі472,39 Kb.
#25600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

18 

 

 



3) тірек ауылдарда Бағдарлама қаражатынан тыс жобаларды іске асырып 

жатқан  адамдарға  берілген  екінші  деңгейдегі  банктердің  кредиттері  бойынша 

сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

4)  тірек  ауылдарда  тұратын  және  Бағдарламаға  қатысушы  болған 

адамдарға  өздері  таңдаған  Бағдарлама  бағыттарына  сәйкес  мемлекеттік 

қолдаудың барлық шаралары ұсынылады. 

46. Тірек ауылдарда іске асырылатын жобалар үшін кредиттер бойынша 

сыйақы  мөлшерлемесін  субсидиялау  жөніндегі  функцияларды  іске  асыруды 

қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы жүзеге 

асырады. 

47.  Тірек  ауылдарда  тұратын  адамдардың  екінші  деңгейдегі  банктер 

кредиттері  бойынша  сыйақы  мөлшерлемесін  субсидиялауды  қаржыландыру 

тетігі,  тәртібі,  шарттары  мен  көздері  «Бизнестің    жол  картасы  2020»  бизнесті 

қолдаудың  және  дамытудың  бірыңғай  бағдарламасында  көзделген  шарттарға 

сәйкес жүзеге асырылады. 

48. Мастер-жоспарды әзірлеу тәртібі: 

1) ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық 

бөлімшелерінің  қатысуымен  ауыл  округтерінің  әкімдері  тірек  ауылдардың 

мастер-жоспарын әзірлейді; 

2)  тірек  ауылдың  мастер-жоспары  жергілікті  қоғамдастық  жиынына 

талқылауға  шығарылады  және  жеке  және  заңды  тұлғалар  ынтымақты 

жауапкершілік қағидаттарында іске асырады; 

3) жергілікті қоғамдастық жиынында мақұлданған тірек ауылдың мастер-

жоспары  аудандық  комиссияның  қарауына  шығарылады  және  оң  қорытынды 

алынғаннан кейін өңірлік комиссияның қарауына жіберіледі; 

4)  өңірлік  комиссияның  оң  қорытындысын  алған  тірек  ауылдың  мастер-

жоспары бағалау, тиісті орталық уәкілетті органдармен бірлесіп қаржыландыру 

жөнінде  қорытынды  беру  және  ВАК-тың  қарауына  енгізу  үшін  Бағдарлама 

операторына жіберіледі; 

5)  ВАК  мақұлдаған  мастер-жоспарды  аудан  (қала)  мәслихаты  бекітеді 

және жергілікті атқарушы органдар іске асырады. 

49.  Бағдарлама  операторы  өңірлік  даму  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті 

органмен бірлесіп, тірек ауылдардың мастер-жоспарларының іске асырылуына 

мониторинг жүргізеді  әрі бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалу 

барысы туралы ақпаратты ВАК-қа ұсынады. 

50. Тірек ауылды дамыту жөнінде ұсынылатын шаралар Ақмола, Шығыс 

Қазақстан  және  Қызылорда  облыстарында  (әрбір  өңірде  бір  тірек  ауылдан) 

пилоттық режимде сынақтан өткізілетін болады. 

 

 

 



 

 



19 

 

 



Үшінші бағыт: 

жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару 

арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу 

 

51.  Үшінші  бағыт  жұмыс  берушінің  қажеттілігі  шеңберінде  еңбек 



әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының 

кәсіптік  және  аумақтық  ұтқырлығын  арттыру  жолымен  халықты  жұмыспен 

тұрақты және нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. 

52. Үшінші бағыттың мынадай құрауыштары бар: 

1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; 

2) аумақтық ұтқырлықты арттыру. 

 

 

Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу 



 

53. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік 

қолдаудың мынадай түрлері ұсынылады: 

1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа 

орналасу  мәселелері  бойынша  консультация,  психологиялық  бейімдеу 

жөніндегі қызметтер; 

2)  біліктілікті  арттырудың,  кәсіптік  даярлаудың  және  қайта  даярлаудың 

тегін  курстарына  (бұдан  әрі  –  кәсіптік  оқыту),  оның  ішінде  практикалық 

дағдылар  алу  үшін  қысқа  мерзімді  курстарға  (бұдан  әрі  –  оқыту  шеберлік 

сыныптары) жіберу; 

3) практикалық дағдылар алу үшін қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, 

кәсіптік оқуға материалдық көмек беру; 

4)  лайықты  бос  жұмыс  орындарын  іздеу  және  жұмысқа,  оның  ішінде 

әлеуметтік  жұмыс  орындарына  және  жастар  практикасына  орналасуға 

жәрдемдесу; 

5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың 

жалақысын ішінара субсидиялау; 

6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу. 

Үміткерлерді кәсіптік бағдарлау. 

54. Кәсіптік бағдарлау кәсіпті саналы түрде таңдау үшін 50 жастан асқан 

адамдарды  қоса  алғанда,  үміткерлердің  бейімділіктерін,  қабілеттерін 

айқындауға  бағытталған.  Кәсіптерді  таңдау  Жалпыұлттық  дерекқордағы 

мәліметтерді ескере отырып жүзеге асырылады. 

55.  Кәсіптік  бағдарлауды  халықтың  өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған, 

жұмыссыз  және  табысы  аз  топтары,  орта  білім  беру  ұйымдарының  9,              

11-сыныптарының  оқушылары  арасында  білім  беру  саласындағы  уәкілетті 

органмен  келісу  бойынша  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  орталық 

уәкілетті орган әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады. 




20 

 

 



56. Кәсіптік бағдарлауды жүргізуді жұмыспен қамту орталықтары, оның 

ішінде  мемлекеттік  сатып  алу  және/немесе  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс 

туралы  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  тартылатын  жеке  жұмыспен  қамту 

агенттіктері және (немесе) үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады. 

57. Кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтер «Жұмыспен 

қамту  2020  жол  картасы»  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйесіне 

орналастырылады. 

58.  Кәсіптік  оқыту  кәсіптік  даярлауды,  кәсіптік  қайта  даярлауды  және 

біліктілікті арттыруды қамтиды. 

59.  Оқуға  үміткерлерді  жұмыс  беруші  Бағдарламаға  қатысушылар 

қатарынан  да,  Бағдарламаның  тиісті  критерийлеріне  сәйкес  келетін,  жеке 

жұмыспен  қамту  агенттіктері  және  бос  жұмыс  орындарының  жәрмеңкелері 

арқылы өз бетінше іздеу  негізінде  тартылатын басқа  да  үміткерлер  қатарынан 

да іріктейді. 

Бағдарламаға  қатысушы  жұмыс  берушімен  келісу  бойынша  кәсіптік  оқу 

түрін және білім беретін ұйымды өз бетінше таңдайды. 

Оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын таңдау, тізбесі Бағдарлама 

операторының,  сондай-ақ  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органның, 

жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органның  және  халықты 

жұмыспен  қамту  орталықтарының  интернет-ресурсына  орналастырылған 

ұйымдардың  және  жұмыс  берушілердің  оқу  орталықтарының  қатарынан 

жүргізіледі. 

60.  Бағдарламаға  қатысушыларды  кәсіптік  оқыту  кәсіптік  даярлық 

деңгейін бағалау жөніндегі біліктілік емтиханынан өткен адамдарға белгіленген 

үлгідегі куәлік (сертификат) берілген жағдайда не «Республикалық техникалық 

және  кәсіптік  білім  беруді  дамыту  және  біліктілік  беру  ғылыми-әдістемелік 

орталығы»  акционерлік  қоғамында  куәлік  (сертификат)  алуға  жәрдемдесу 

кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. 

Кәсіптік  оқыту  кадрларды  даярлаудың  дуальді  моделі  қағидаттарында 

жүргізілуге тиіс. 

Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік 

қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттыру  Бағдарламаға  қатысушының  жұмыс 

орнының  сақталуы  шартымен  жұмыс  берушілердің  өтінімі  бойынша  жүзеге 

асырылады. 

61.  Бағдарламаға  қатысушыларды  кәсіптік  оқытуды  мемлекеттік  білім 

беру тапсырысы шеңберінде Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және 

ол оқу курсының мазмұнына қарай ұзақтығы: 

1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан аспайды; 

2) қайта даярлау кезінде – алты айдан аспайды; 

3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспайды. 

62.  Жергілікті  атқарушы  органдар  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 

ұйымдарында  кәсіптік  оқыту  құнын  жыл  сайын  білім  беру  процесіндегі 




жүктеу 472,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау