13. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
95. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар, екінші кезең – 2016 – 2020 жылдар.
96. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.
Тірек елді мекендерді кешенді дамыту тетіктері пысықталады, кредиттер бойынша субсидиялау және үміткерлерді кәсіптік бағдарлау тетіктері енгізіледі.
97. Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындалуға қабылданады; еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылады.
14. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
98. Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджетте көзделген:
1) 2015 жылға – 37,7 млрд. теңге қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
15. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
№
|
Iс-шараның атауы
|
Шығыстар
|
Жауапты орындаушылар
|
Аяқталу нысаны
|
Орындау мерзiмi
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
1. Ұйымдастыру iс-шаралары
|
|
1
|
«2015-2017 жылдарға арналған республикалық ю№джетті іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу
|
-
|
Қаржымині, ҰЭМ, ДСӘДМ
|
қаулы жобасы
|
2015 жылғы наурыз
|
|
2
|
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу
|
-
|
ДСӘДМ
|
қаулы жобасы
|
2015 жылғы сәуір
|
|
3
|
«Әлеуметтік келісімшарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 178-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
ДСӘДМ
|
ДСӘДМ бұйрығы
|
2015 жылғы
2-тоқсан
|
|
4
|
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 67-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
ДСӘДМ
|
ДСӘДМ бұйрығы
|
2015 жылғы
2-тоқсан
|
|
5
|
Халықты жұмыспен қамтудың кешенді өңірлік жоспарларын әзірлеу және қабылдау
|
-
|
облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Мәслихат қаулылары
|
2015
жылғы
1-тоқсан
|
6
|
Бағдарламаны жандандыруды ескере отырып «ЖЖК 2020» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
-
|
ДСӘДМ, «ЖҚП АТО» АҚ
|
Дерекқор
|
2015
жылғы
2-тоқсан
|
2. Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру
|
7
|
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын әзірлеу
|
-
|
ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржыминi, АШМ
|
ДСӘДМ бұйрығы
|
2015
жылғы
1-тоқсан
|
3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
|
8
|
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын әзірлеу
|
-
|
ДСӘДМ, ҰЭМ, БҒМ, Қаржыминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
ДСӘДМ бұйрығы
|
2015 жылғы
1-тоқсан
|
4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
|
9
|
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын әзірлеу
|
-
|
ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржыминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
ДСӘДМ бұйрығы
|
2015
жылғы
1-тоқсан
|
5. Ақпараттық жұмыс
|
10
|
Халықтың жұмыспен қамту мемлекеттік саясаты мәселелерінде хабардарлығын арттыру
|
-
|
ДСӘДМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар
|
тұрақты
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰЭМ
|
–
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
|
Қаржымині
|
–
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
БҒМ
|
–
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
|
АШМ
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
ДСӘДМ
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
|
ҰКП
|
–
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
|
«ЖҚП АТО» АҚ»
|
–
|
«Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы
|
Достарыңызбен бөлісу: |