Жұмыспен қамту 2020 жол картасы


Аумақтық ұтқырлықты арттыру



жүктеу 246 Kb.
бет3/4
Дата31.12.2019
өлшемі246 Kb.
#25594
1   2   3   4

Аумақтық ұтқырлықты арттыру
75. Бағдарлама шеңберінде аумақтық ұтқырлықты арттыру:

1) жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға;

2) 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға қатысты іске асырылады.

Жұмыс берушілер мен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден өз еркімен қоныс аударатын Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандардың Бағдарламаға қатысу және олардың мемлекеттік қолдауды алу тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.

Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын қоныс аудару және мемлекеттік қолдау ұсыну өңірлік комиссияның шешімі негізінде іске асырылады.

76. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:

1) бір ауданның ішінде;

2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);

3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.

77. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

Олардың негізінде жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.

78. Өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.

79. Бағдарлама шеңберінде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау:

1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;

2) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын адамдарға қызметтік тұрғын үй – еңбекші жастар үшін қызметтік тұрғын үйді немесе жатақханалардан бөлме беруді қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

1) қажеттілігіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту;

2) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

80. Көшуге субсидияны, құрылысты (сатып алуды) қаржыландыру және жұмыс берушінің қатысумен бөлу тетігі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын азаматтарды қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй мен жатақханалар беру және оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында айқындалады.

Жиырма тоғыз жасқа дейінгі еңбекші жастарға (оның ішінде, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жатақханалардан бөлме беріледі.

Мұндай адамдарды әскери қызметке шақыру кезінде олардың жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.

81. Жұмыс берушілердің Бағдарламаға қатысу тетігі:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілерге әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын азаматтар қатарынан қоныс аударуға және жұмысқа орналасуға үміткерлерді таңдау тәртібі мен шарттары туралы консультация береді;

2) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілер Халықты жұмыспен қамту орталықтарына:

мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде қажетті жұмыс күшінің санын көрсете отырып;

Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй салу (сатып алу) мүмкіндігін және Бағдарламаға қатысушыларды (қоса қаржыландыру шартымен) тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мүмкіндігін не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін оларды тұрақты жұмысқа орналастыру туралы жазбаша міндеттемені растай отырып өтінім береді;

3) жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін жер бөледі, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді, мемлекеттік сараптама жүргізеді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына, құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық талаптар қояды;

4) жеке тұрғын үйлерді салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет және жұмыс берушінің барабар түрде салған қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.

Көппәтерлі тұрғын үй салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе келісім бойынша жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылады;

5) облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен жұмыс берушілер мынадай міндеттемелерді көздейтін ниет шартын жасасады:

тұрғын үйді бірлесіп салу және сатып алу тәртібі;

қоныс аударған азаматтардың міндетті түрде жұмысқа орналасуы;

жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері;

тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын құрылыс салу үшін таңдау, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда, тұрғын үйді бөлу оның қатысуымен жүзеге асырылады;

6) салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.

82. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударатын адамдардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тетігі:

1) әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын қатысуға үміткерлер көшуге арналған өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді;

2) жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып, құжаттарды қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;

3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:

өңірлік комиссиялар облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударатын азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;

аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;

4) өңірлік не аудандық/қалалық комиссия ұсынымының негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

Бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері басқа облыстарға қоныс аударатын үміткерлерге қолданылмайды;

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық өңірлерде үміткерлерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын болады;

5) өңірлік комиссияның шешімі негізінде астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыс орталықтарының шегінде тұратындар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеге дейін басталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге рұқсат беріледі;

6) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды;

7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

9. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
83. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.

84. ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) өңірлер бойынша қаржыландыру лимиттерін және қаражатты бөлуді келіседі;

2) Бағдарламаны орындаудың негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен аумақтардың даму бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша есептерін тыңдайды;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

4) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражатты өңірлер арасында бөлуді қарайды және келіседі.

85. Бағдарлама операторы уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында:

1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

2) ВАК-пен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін белгілеу және Бағдарлама бағыттары бойынша қаражат бөлу туралы ұсыныстар дайындайды;

3) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;

4) жалпыұлттық дерекқорды қалыптастыру тәртібін және ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қажет ететін мамандықтар туралы мәліметтерді беру үшін нысандарды әзірлейді;

5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың нысандарын, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерін (хабарламалар) әзірлейді және бекітеді;

6) Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;

7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1066 қаулысымен.

86. Өңірлік комиссиялар:

1) Бағдарламаға қатысушылардың тізімін келіседі;

2) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарын келіседі;

3) Бағдарламаны бағыттары бойынша өңірлер мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін келіседі;

4) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін келіседі;

5) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканың мөлшерін келіседі;

6) тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;

7) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді;

8) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің оқу орталықтарында кәсіптік оқытудың құнын келіседі;

9) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның іске асырылуы туралы есептерін тыңдайды;

10) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды;

11) Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын қоныс аудару және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы шешім қабылдайды.

87. Аудандық (қалалық) комиссиялар:

1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;

2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;

2-1) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бір аудан шегінде қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді.

3) Бағдарламаның іске асырылуын тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар дайындайды.

88. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:

1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобалар мен іс-шаралар жоспарын Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын келіседі;

2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;

3) өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.

89. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:

1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн көрсету, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;

2) Бағдарламаға әлеуеттi қатысушыларды, олардың мәртебесiне, кәсіптері мен әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;

3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, оның орындалуына мониторинг жүргiзу және заңнамаға сәйкес оның талаптарын орындамаған жағдайда санкция қолдану;

4) жергілікті еңбек нарығында кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны айқындау;

5) мемлекеттік (салалық) бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасуға жолдау.

90. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.



10. Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету
91. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1) нақты кәсіптер бөлінісінде еңбек нарығының қажеттіліктерін жедел және орта мерзімді болжау;

2) кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесін дамыту;

3) тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеуді қоса алғанда, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету;

4) Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында Бағдарламаның іске асырылуына кешенді мониторинг жүргізу, оның ішінде нақты уақыт режимінде Жалпыұлттық дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуға өзгерістер енгізу; Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК тиісті дерекқорын пайдалану, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды;

5) «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталын және «Жұмыс» ақпараттық порталын қолдау;

6) Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдар, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады;

7) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында елді мекендердің даму әлеуетін айқындау бойынша зерттеу.

Бағдарлама операторының көрсетілген бағыттарды іске асыруы үшін Бағдарламаны ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым айқындалатын болады.

92. Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.



11. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру
93. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру еңбек белсенділігі мен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.

Осы мақсатта шартты әлеуметтік көмекті енгізу көзделуде. Ол атаулы қолдаудың шартсыз нысанынан «өзара міндеттемелер» (отбасыны жандандырудың әлеуметтік келісімшарт жүйесі) қағидатына өтуді болжамдайды.

Отбасын жандандырудың әлеуметтік келісімшарты еңбек әлеуетін жандандыру және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану, екі тараптың өзара міндеттемелерін, әрекеттерін көрсете отырып, әлеуметтік және кәсіптік бейімдеу бойынша қызметтер көрсету есебінен отбасының өмірлік қиын жағдайлардан шығуының жеке жоспарын қамтитын болады.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.

Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.

12. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
94. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн қамтылатын болады.

Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.



2020 жылға дейін жұмыссыздықтың 5 % деңгейін қамтамасыз ету

үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары

адам


Өңірлер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Ақмола облысы

4172

2613

2560

2569

2695

3046

3523

3860

Ақтөбе облысы

4105

2571

2519

2527

2652

2997

3466

3798

Алматы облысы

9701

6077

5954

5973

6267

7083

8191

8976

Атырау облысы

2767

1733

1698

1704

1788

2020

2337

2560

Батыс Қазақстан облысы

3148

1972

1932

1938

2034

2299

2658

2913

Жамбыл облысы

5557

3481

3410

3422

3590

4057

4692

5141

Қарағанды облысы

7012

4393

4304

4318

4530

5120

5921

6488

Қостанай облысы

5075

3179

3115

3125

3278

3705

4285

4695

Қызылорда облысы

3278

2053

2012

2018

2118

2393

2768

3033

Маңғыстау облысы

2550

1597

1565

1570

1647

1861

2153

2359

Оңтүстік Қазақстан облысы

11709

7336

7187

7210

7565

8550

9888

10834

Павлодар облысы

4136

2591

2539

2547

2672

3020

3493

3827

Солтүстік Қазақстан облысы

3268

2047

2006

2012

2111

2386

2759

3024

Шығыс Қазақстан облысы

7102

4450

4359

4373

4589

5186

5997

6571

Алматы қ.

3942

2470

2420

2427

2547

2878

3329

3648

Астана қ.

7304

4576

4483

4498

4719

5333

6168

6758

Қазақстан Республикасы

84826

53139

52063

52231

54802

61934

71628

78485

жүктеу 246 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау