Нұр Астана 2009 №17 30 сәуір



жүктеу 33,46 Kb.
Дата09.02.2018
өлшемі33,46 Kb.
#9122

Нұр Астана 2009 №17 30 сәуір

Еңбек жолын туған жерден бастайды



Ешкімнің қолдап-қолпаштауынсыз және ешқандай мәжбүрлік пен талап-тілексіз-ақ, ауылға бет түзеген Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің агрономия факультетін тәмамдайтын 41-топтың студенттері ауылда жас мамандар тапшы екендігін жақсы түсінеді. Бүгінде ауыл 26584 жас маманға зәру.

Ерлан ӨТЕЛБАЕВ:

-Агроном мамандығы ауыл шаруашылығының маманы болғандықтан, олардың негізгі жұмыс орны - ауылдық, аудандық жерлерде. Болашақта ауылда жұмыс істейтінімді мамандықты таңдаған кезде-ақ жақсы түсіндім.

- Өндірістік тәжірибеден соң мамандығыңа деген көзқарасың өзгерді ме?

- Иә, өзгерді. Мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Егіс алқаптарында болып, өзімді маман ретінде сезіндім. Тәжірибе барысында кейбір қиындықтарды көресің де, оны жеңу үшін көбірек ізденіп, көбірек оқу керек екенін түсіндім.

- Ауылың қай жерде?

- Қостанай облысының Наурызым ауданындағы Қарамеңді деген ауыл.

- Ауылыңда агроном мамандар жеткілікті ме?

- Жеткілікті деп айта алмаймын. Өйткені осы мамандықты бітірген студенттердің көпшілігі ауылдық жерлерге баруға қорқады. Жалақысы аз, жағдай жасалмайды, ауылда тұру қиын деп ойлайды. Алған білімімнің арқасында қазір ауылға барсам мені жұмысқа қабылдайтынына сенімдімін.

- Ауылға қандай жаңа бастамамен бара жатырсың?

- Біз осы оқу орнында жаңа технологияларды, жаңалықтарды оқып үйрендік. Соның ішінде ресурс үнемдегіш технологияның бұрынғы қарапайым технологиядан көп артықшылықтары бар. Ресурс үнемдегіш деп отырғанымыз - аз шығын шығарып, мол, сапалы енім алу жолы. Бұл технологияны мүмкіндігі төмен шаруашылықтар тиімді қолдана білсе, ол қолда бар техниканы пайдалана отырып та сапалы, мол өнім алуға мүмкіндік береді. Бірақ ресурс үнемдегіш технологияны бұрынғы әдістер бойынша оқыған, жастары үлкен агроном мамандар білө қоймайды. Жағдай жасалып, қолдау тапса осы технологияны жүргізуге тырысамын.



Еркеұлан ҚАЛДАНОВ:

- Мамандықты таңдауыма туыстарымның да ықпалы болғанын жасырмаймын. Өйткені, жездемнің шаруа қожалығы бар. Ол кісі, «егер жақсы маман болып келсең, жұмысқа қабылдаймыз», - деп еді. Тәжірибеден де сол жерден өтіп келдім. Өндірістік тәжірибе кезінде мамандығыңды өз деңгейінде жақсы меңгеру үшін ең алдымен ізденіс, құштарлық керек екеніне көз жеткізіп қайттым.

- Бітірген соң туған ауылыңа барасың ғой?..

- Иә, бұйыртса, жұмысты Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Тереңсай деп ата-латын өз ауылымнан бастаймын,

- Ауылда қаладағыдай жағдай жоқ, жалақы аз деп жатады, ол саған кедергі болмай ма?

- Ауылда өскен баламыз ғой. Бәріне де шыдаймыз. Қала балаларының ауыл үшін жаны ауыра қоюы екіталай. Сондықтан сол ауылда туып-өскен - біздер бармасақ, ауылдың жағдайын басқа кім көтереді? Осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Жастардың көбі заңгер, экономист мамандықтарын таңдап жатады. Бірақ олардың бәріне жұмыс та табыла бермейді.



Мейірман АҚМЕРОВ:

- Ауыл шаруашылығын көтеруге жас мамандар қажет. Бүгінде жұмыс істеп жатқан агрономдардың барлығының дерлік жастары келген. Ал ол кісілер оқыған кезде ауыл шаруашылығында қолданылатын әдістер басқаша еді. Ол әдістер ескерді, Қазір жаңа технологиялар келіп, соны әдістер, өзге гербицидтер (зиянкестерге, арамшөптерге қарсы қолданылатын жаңа препараттар М.А) қолданылады. Ал сол жаңа әдістерді біздер оқып үйреніп, Германиядан, Австралиядан, Швециядан әкелінген жаңа техниканың тілін де біздер меңгерудеміз. Сондықтан ауылда біздей мамандар қат.

- Ауылға барған соң жұмысыңды неден бастайсың?

- Жаңа технологияны пайдаланып, өзімді көрсетіп, сапалы өнім алу үшін жұмыс жасаймын.



- Ауыл шаруашылығы саласындағы лауазымды қызметте отырсаң, неге мән берген болар едің?

- Мысалы, мен туған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Теңдік ауылында жаңа техника алу үшін қаражат шамалы. Көктемгі себу кезінде шаруалар дәнді уақытында себе алмайды. Өйткені техникалары ескіргендіктен, өз уақытында үлгермейді. Жанар-жағармай да жетіспей жатады. Сол себепті мен ең алдымен осындай мәселелерге және шаруаларға субсидия бөлуге көбірек назар аударар едім.
жүктеу 33,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау