Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн және оны қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2007 жылғы 31 шiлдедегi N 182-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 25 тамыздағы Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 4888 болып енгiзiлдi.
Ескерту. Атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 202, 203, және 204-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмi, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесi;
2) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
2. Мыналардың күшi жойылды деп есептелсiн.
1) "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2000 жылғы 19 шiлдедегi N 175-б бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2000 жылдың 3 тамызында N 1211 тiркелген);
2) "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2000 жылғы 19 шiлдедегi N 175-б бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 90-б бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2002 жылдың 20 мамырында N 1855 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық кесiмдерi бюллетенiнде жарияланған, 2002 ж., тамыз, N 29);
3) "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн қолдану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2000 жылғы 19 шiлдедегi N 175-б бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2003 жылғы 11 ақпандағы N 27-б бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2003 жылдың 18 ақпанында N 2176 тiркелген).
3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментi (С.С. Әбденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлуiн және заңнамада белгiленген тәртiппен ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Құрмановқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап 10 күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң
мiндетiн атқарушы
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
мiндетiн атқарушы
2007 жылғы 09 тамыз
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау
министрi мiндетiн атқарушының
2007 жылғы 31 шiлдедегi
N 182-Ө бұйрығымен бекiтiлген
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына
және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына
құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен
лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың
тiзбесiн қолдану жөнiндегi нұсқаулық
Ескерту. Нұсқаулықтың атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
1. Жалпы бөлiмi
1. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы (бұдан әрi - қосымша демалыс) және жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жұмысшыларға, мамандарға және қызметшiлерге (бұдан әрi - қызметкерлер) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, еңбекақының жоғары мөлшерiне және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзiмiне (бұдан әрi - Тiзiм) сәйкес берiледi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
2. Қосымша демалыстың және қысқартылған жұмыс уақытының Тiзiммен белгiленетiн ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiне еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нормативтiк құқықтық кесiмге сәйкес жүргiзiлетiн аттестаттаудың нәтижелерi негiзiнде және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының iс жүзiндегi күйiн ескере отырып төмендетiлуi мүмкiн. Қосымша демалыс пен жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбекақының жоғары мөлшерi ұжымдық шарт пен еңбек шартында норматив ретiнде белгiленедi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
3. Жұмыс берушi ұйымның өндiрiстiк объектiлерiне еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргiзбеген жағдайында, қосымша демалыстар, еңбекақының жоғары мөлшерi мен жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы Тiзiмде көзделген толық көлемде берiледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
4. Ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерiн аттестаттаудың сапасын және Тiзiмнiң дұрыс қолданылуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
5. Егер бұл кәсiптер мен лауазымдар Тiзiмнiң тиiстi бөлiмдерi шағын бөлiмдерiнде арнайы көзделмесе, кәсiптерi мен лауазымдары»"Экономиканың барлық салаларының жалпы кәсiптерi" бөлiмiнде көзделген қызметкерлерге қосымша демалыс және жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы олардың қандай өндiрiстер мен цехтарда жұмыс iстейтiнiне қарамастан берiледi.
6. Лауазымдары Тiзiмде көзделген бригадирлерге, олардың көмекшiлерiне қосымша демалыс пен жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы тиiстi кәсiптердiң жұмысшыларына да берiлетiн ұзақтықпен берiледi.
2. Қосымша демалыс
7. Тiзiмге сәйкес қосымша демалыс қызметкерлерге егер олар жұмыс жылы iшiнде еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда осы өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптiң немесе лауазымның қызметкерлерi үшiн белгiленген толық жұмыс күнiмен iс жүзiнде жұмыс атқарған болса берiледi.
8. Егер қызметкер жұмыс жылы iшiнде Тiзiмде көзделген өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда толық емес, бiрақ кемiнде жұмыс күннiң жартысын құрайтын жұмыс күнiн атқарған болса, оған қосымша демалыс жұмыс атқарылған уақытына барабар берiледi.
9. Қызметкерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс атқарған жағдайда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстелген уақыт, қосымша демалыстың Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және лауазымдардың қызметкерлерi үшiн белгiленген ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.
10. Еңбек шарты бұзылған жағдайда оның негiздемесiне қарамастан, қосымша демалысқа құқығын пайдаланбаған не толығымен пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленедi.
11. Еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда үнемi жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, егер жыл сайынғы еңбек демалысы (толығымен немесе жарым-жартылай) мерзiмiнен бұрын берiлсе, қосымша демалыс толығымен немесе қызметкердiң қалауы бойынша бөлiктенiп берiлуi мүмкiн.
12. Кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмге кiрмеген, бiрақ жеке кезеңдерде еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс атқаратын қызметкерлерге қосымша демалыс кәсiптерi мен лауазымдары тiзiмде көзделген қызметкерлерге де қолданылатын негiздемелермен берiледi.
13. Бөлек (құрылыс, жөндеу, iске қосу-баптау) ұйымдардың қызметкерлерiне және ұйымдардың (механикалық, жөндеу, автоматика және т.б.) қосалқы цехтарының қызметкерлерiне, ондағы негiзгi қызметкерлерге, сондай-ақ осы өндiрiстер мен цехтардың жөндеу және қызмет көрсететiн персоналы үшiн Тiзiм бойынша қосымша демалыс белгiленгендей, еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтардағы жұмыс уақыты үшiн Нұсқаулықтың осы бөлiмiнде көзделген тәртiппен бұл демалыс берiлуге тиiс.
14. Негiзгi және қосымша демалыстардың ұзақтығы негiзгi және қосымша демалыстардың күндерiн күнтiзбелiк күндермен жиынтықтау арқылы есептеледi.
3. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
15. Жұмыс уақытының Тiзiмде көрсетiлген қысқартылған ұзақтығы қызметкерлерге тек қана осы өндiрiстiң, цехтың, кәсiптiң немесе лауазымның жұмысы үшiн белгiленген жұмыс күннiң жартысынан артық уақыт зиянды еңбек жағдайларында жұмыс атқарған күндерiне белгiленедi.
16. Бөлек ұйымдардың қызметкерлерiне және ұйымдардың қосалқы цехтарының қызметкерлерiне, осы өндiрiстердiң және цехтардың негiзгi, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын персоналына секiлдi жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленетiн еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтардағы жұмыс күндерi үшiн осы Нұсқаулықтың 15-бабында көзделген тәртiппен жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
4. Еңбекақының жоғары мөлшерi
Ескерту. 4-тараумен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
17. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге еңбекақысның жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасы заңнамасында салалық келiсiмдер немесе ұжымдық шарттарда еңбекақының ең төмен стандарттарына негiзделiп белгiленгеннен төмен болмауға тиiс. Еңбекақының ең төмен стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодекiсiнiң 122-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалады.
18. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауiптi жұмыстарда iстейтiн азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақының жоғары мөлшерi «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2007 жылғы 31 шiлдедегi N 182-Ө
бұйрығымен бекiтiлген
ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҰЗАҚТЫҒЫНА, ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ЖОҒАРЫ МӨЛШЕРIНЕ ЖӘНЕ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АҚЫЛЫ ҚОСЫМША ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ҚҰҚЫҚ БЕРЕТIН ӨНДIРIСТЕРДIҢ, ЦЕХТАРДЫҢ, КӘСIПТЕР МЕН ЛАУАЗЫМДАРДЫҢ ТIЗIМI, АУЫР ЖҰМЫСТАРДЫҢ, ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ (ЕРЕКШЕ ЗИЯНДЫ) ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАУIПТI ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТIЗБЕСI
Ескерту. Атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.04.13 N 132-ө бұйрығымен.
1. ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ
N
р/с
|
Өндiрiстердiң, цехтар мен
лауазымдардың атауы
|
ҚДҰ*
дейiн
|
ҚЖКҰ**
|
*) - Қосымша демалыстың ұзақтығы (күнтiзбелiк күнмен)
**) - Қысқартылған жұмыс күнiнiң ұзақтығы (аптасына)
Металлургия өндiрiсi үшiн қара және түстi металдардың және басқа пайдалы қазбалардың кен орындарынан кен шығару, слюда, плавик шпатын және алмаздарды өндiру, тiзбеленген қазбаларды пайдалану үшiн шахталар, кенiштер, приискiлер мен карьерлер салу, сондай-ақ геологиялық барлаудағы тау-кен жұмыстары
Жерасты жұмыстары
1. Жерасты жұмысын iстейтiн барлық мамандық
жұмысшылары:
1) пайдаланылатын және салынып жатқан
шахталардың (кенiштердiң) және штольнялар-
дың, сондай-ақ геологиялық барлаудағы 24 36
2) проходкалау және ылғал жағдайдағы
шахталардың тiк ұңғырларын тереңдету бойынша 30 36
3) температура +26 С және одан жоғары жерде 24 36
2. Температура +26 С және одан жоғары жерде
үнемi жерасты жұмыстарын атқаратын тау-кен
мастерi және мастер 24
3. Пайдаланудағы және салынып жатқан вахталарда
(кенiштерде) және штольняларда үнемi жерасты 18
жұмыстарын атқаратын, сондай-ақ геологиялық
барлаудағы басшылар, мамандар мен қызметшiлер
Жұмысшылар
4. Бункердiң немесе гезенкенiң торында буттарды
майдалайтын бункершi 30 36
5. Шпур бұрғылаушы 30 36
6. Жерасты бетоншысы 24 36
7. Қопарғыш, мастер-қопарғыш 24 36
8. Забойлардағы кен мен жыныстарды жинайтын
автомобиль жүргiзушiсi 30 36
9. Қосымша көлiк жүргiзушiсi 24 36
10. Газды өлшеушi 24 36
11. Жұмыс iстеп тұрған забойларда жұмыс iстейтiн
газбен дәнекерлеушi 24 36
12. Тазалау забойының тау-кен жұмысшысы 30 36
13. Yгiтушi 30 36
14. Өлшемшi 24 36
15. Қалаушы болып iстейтiн жерасты тау-кен
жұмысшысы:
1) өңделген кеңiстiктiң қалаушысы 30 36
2) тау-кен массасын тиеу, итеру және түсiрушi 30 36
3) тау-кен массасын шығарушы 30 36
4) жұмыс iстеп тұрған забойларда жұмыс iстеушi 30 36
16. Жұмыс iстеп тұрған забойлардағы, маркшейдерлiк
және геологиялық жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы 24 36
17. Тау кенi шығарылып жатқан жерлерде бекiтумен
айналысатын бекiтушi 30 36
18. Люкшi 30 36
19. Бұрғылау қондырғысының машинисi 30 36
20. Вагон аударғыштың машинисi 30 36
21. Тау-кен ұңғылау машиналарының машинисi 30 36
22. Конвейер машинисi 30 36
23. Тиеу машинасының машинисi 30 36
24. Тиеу-жеткiзу машинасының машинисi 30 36
25. Скрепер шығырының машинисi 30 36
26. Бульдозер машинисi (бульдозершi), забойларда
кен мен жынысты жинайтын жерасты өздiгiнен
жүретiн машинаның машинисi және экскаватор
машинисi 30 36
27. Вибрациялық тиеу қондырғысының машинисi 30 36
28. Электровоз машинисi 24 36
29. Қуаттандыру моторшысы 24 36
30. Аударушы 30 36
31. Пайдалы қазбаға геофизикалық сынақ жасау
операторы 24 36
32. Проходкашы 30 36
33. Жұмыс iстеп тұрған забойларда жол төсеушi
және жол жөндеушi жолшы жұмысшы 24 36
34. Осы бөлiмде аталған барлық кешендi
бригадалардың жұмысшылары 30 36
35. Кен түсiрушi 30 36
36. Жөндеушi слесарь 24 36
37. Дозатордан скиптердi тиеумен айналысатын
ұңғышы 30 36
38. Жұмыс iстеп тұрған забойлардағы жылжымалы
составтың тiркеушi-кондукторы 24 36
39. Жерасты тау үнгiрлерiн торкреттеп майлаушы 24 36
40. Жұмыс iстеп тұрған забойлардағы кезекшi
электрослесарь (слесарь) және жабдықтарды
жөндеу жөнiндегi слесарь 24 36
41. Жұмыс iстеп тұрған забойлардағы қолмен
дәнекерлейтiн электрмен дәнекерлеушi 24 36
Басшылар және мамандар
42. Тау-кен мастерi, (тазалау, тау-кен әзiрлеу,
күрделi тау-кен), iшкi шахта көлiгi және
бұрғылау-қопару (бұрғылау, қопару) жұмыстар-
ының учаске бастығы, олардың көмекшiлерi және
орынбасарлары, учаскенiң немесе шахтаның
механигi, энергетигi (учаскенiң құқығымен),
үнемi жерасты жұмыстарын iстейтiн учаскелiк
геолог және маркшейдер 30
Ниобты (лопариттi) кендердi жерасты
тәсiлмен қазып алу
43. Аккумуляторлық электровоздардың батареяларын
зарядтайтын аккумуляторшы 24 36
44. Шпурларды бұрғылаушы 30 36
45. Қопарушы, қопарушы мастер 24 36
46. Газ өлшеушi 24 36
47. Газбен дәнекерлеушi 24 36
48. Тазалау забойының тау-кен жұмысшысы 30 36
49. Тау-кен жұмысшысы:
1) тау кенi алынатын жерлерде былғаныш
заттарды жинайтын 30 36
2) тау кенiн және зумпфтарды тазалайтын,
сондай-ақ желдеткiш қосқыштардың есiктерiн
ашатын 24 36
50. Қопарғыш материалдардың жерасты қоймасының
меңгерушiсi, механик, геолог, маркшейдер,
шахта бастығы және бас инженерi,
бұрғылау-қопару жұмыстарының бастығы 24
51. Маркшейдерлiк және геологиялық жұмыстардағы
тау-кен жұмысшысы, забойлардағы пайдалы
қазбаларды геофизикалық сынау жөнiндегi
оператор 24 36
52. Жерасты қоймада үнемi iстейтiн қоймашы 18 36
53. Тау кендерiн бекiтетiн және жөндейтiн бекiтушi 30 36
54. Бұрғылау қондырғысының машинисi 30 36
55. Тиеу машинасының машинисi 30 36
56. Скреперлiк шығырдың машинисi 30 36
57. Көтергiш машинаның машинисi 24 36
58. Электровоз машинисi 24 36
59. Желдету қондырғысының моторшысы және жерасты
желдетумен айналысатын басқа да жұмысшылар 24 36
60. Жерасты бункерлерде вагондарды аударумен
айналысатын аударушы 24 36
61. Тазалау забойының тау-кен жұмысшысы,
шығарылған тау кенiнiң төбесiн нығыздаушы 30 36
62. Забойларда кендi ойып алып сынақтан өткiзетiн
сынақ алушы 24 36
63. Проходкашы 30 36
64. Жол төсейтiн және жол жөндейтiн жолшы жұмыскер 24 36
65. Қопарғыш материалдарды таратып берушi 24 36
66. Кезекшi электрослесарь (слесарь) және
жабдықтарды жөндеушi слесарь 24 36
67. Ұңғышы 24 36
68. Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөнiндегi
электромонтер 24 36
69. Қолмен дәнекерлейтiн электрмен дәнекерлеушi 24 36
70. Тау-кен мастерi 24 36
71. Учаске бастығы және механигi 24 36
ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ЖӘНЕ САЛЫНЫП ЖАТҚАН
КАРЬЕРЛЕРДЕГI АШЫҚ ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ,
СОНДАЙ-АҚ ТАУ-КЕНДIК ШАХТА БЕТI ЖӘНЕ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ
72. Құрамында алтын бар кендердi байыту
аппаратшысы 18
73. Бункершi 12
74. Бұрғылау қондырғысының машинисi:
1) кварц пен кварциттердi өңдейтiн 18
2) басқа тау-кен жыныстарын өңдейтiн 12
75. Шпурларды бұрғылаушы:
1) кварц пен кварциттердi өңдейтiн 18
2) басқа тау-кен жыныстарын өңдейтiн 12
76. Қопарғыш, қопарғыш мастер 12
77. Карьерден тау-кен массасын тасымалдайтын
автомобильдiң жүргiзушiсi 18
78. Тау-кен массасын тиейтiн тиегiштiң жүргiзушiсi 12
79. Аспалы жолдардың вагонеткаларынан түсiрушi
аспалы жолдың вагонетшiсi 12
80. Үйiндiлерде түсiретiн (құлатқыш) түсiрушi:
1) ниобты (лопариттi) кендердi қазып алатын 18
2) басқа кендер мен пайдалы қазбаларды қазып
алатын 12
81. Гидромониторшы 18
82. Кенiш вагонеткаларын, автосамосвалдарды және
думпкарларды тазалайтын тау-кен жұмысшысы 12
83. Жеткiзушi 18
84. Қопарғыш материалдарды таратып берушi 12
85. Ұнтақтаушы 12
86. Тазалау забойының тау-кен жұмысшысы:
1) кварц пен кварциттердi бұрғылау-қопару
тәсiлiмен өңдейтiн 18
2) басқа кендер мен пайдалы қазбаларды
қазып алатын 12
87. Бұрғылар мен коронкаларды қайрайтын қайрағыш 18
88. Гидроқондырғыда жұмыс iстейтiн тау-кен
жұмысшысы 18
89. 100 м тереңдiктен астам карьерлерде үнемi
жұмыс iстейтiн басшылар мен мамандар 18
90. Тау-кен жабдықтарын үнемi жөндейтiн басшылар
мен мамандар 12
91. Тау-кен жұмысшысы (думпкарларды құлатушы
кондуктор) 12
92. Бұрғылаушы-май құюшы ұста және допотшы-май
құюшы ұста 18
93. Кенiштегi аккумуляторлық лампаларды
зарядтайтын лампашы:
1) ниобты (лопариттi) кендердi қазып алатын 30 36
2) басқа кендер мен пайдалы қазбаларды
қазып алатын 12
94. Люкшi 12
95. Жұмыстың төбе және үйiндi учаскелерiнде
үнемi қазып алатын жұмыстағы мастер, учаске
бастығы 12
96. Карьердегi бульдозер машинисi (бульдозершi) 12
97. Вагон аударғыштың машинисi:
1) ниобты (лопариттi) кендердi қазып алатын 18
2) басқа кендер мен жыныстарды қазып алатын 12
98. Бу драгасына қызмет көрсететiн драга машинисi 18
99. Тау-кен жұмысындағы конвейер машинисi 12
100. Қазып алумен және ашумен айналысатын бу
экскаваторы қазандығының машинисi (от
жағушысы) 18
101. Тар колеяны салушы жолшылардың машинисi 12
102. Кең колеялы жол салушы механизмдердiң машинисi 12
103. Жер сорушы қондырғылардың механикалық
сорып алушы жабдығының машинисi 12
104. Мотовоз машинисi 12
105. Үйiндi жасаушы машинист 12
106. Үйiндi көпiр машинисi 12
107. Үйiндi соқа машинисi 12
108. Тау-кен массасын тиейтiн тиеу-жеткiзу
машинасының машинисi 12
109. Көтергiш машинаның машинисi 12
110. Жол ысырғыштың машинисi 12
111. Арнайы киiмдi жуатын және жөндейтiн жұмысшы
(машинист):
1) ниобты (лопариттi) кендердi қазып алатын
тау-кен кәсiпорындарындағы 24 36
2) қолмен жуатын басқа тау-кен
кәсiпорындарындағы 18
3) механикаландырылған тәсiлмен 12
4) ниобты (лопариттi) кендердi қазып алатын
тау-кен кәсiпорындарындағы арнайы киiмдердi
жөндейтiн 24 36
112. Скрепер шығырының машинисi 12
113. Шпал қағатын машинаның машинисi 12
114. Электровоздың машинисi 12
115. Қазып алуда және ашуда iстейтiн экскаватор
машинисi 18
116. Карьерлер мен үйiндiлерде жол төсейтiн және
жөндейтiн жол монтерi 12
117. Әктеушi және майлаушы машинисi 12
118. Металл алушы жуу приборының моторшысы 12
119. Шығарылған тау кенiнiң обборшысы, тау-кен
жұмысшысы 12
120. Пайдалы қазбаны геофизикалық сынақтан өткiзу
жөнiндегi оператор (забойларда кендi ойып алып,
сынаққа өткiзетiн және сынақтарды әзiрлейтiн) 12
121. Үстiрт жұмыстардағы проходкалаушы:
1) 5 м тереңiрек шурфтардағы 18 36
2) 5 м және одан азырақ тереңдiктегi шурфтар
және барлау канавалары мен траншеялардағы 12
122. Ниобты (лопариттi) кендердi қазып алатын
тау-кен кәсiпорындарындағы дозиметрлiк қызмет
қызметкерлерi 24 36
123. 100 м терең карьерлерде үнемi жұмыс iстейтiн
барлық мамандық жұмысшылары 18
124. Ластанған арнаулы киiмдердi беретiн,
қабылдап алатын және кептiретiн, сондай-ақ
гардероб бөлмесiн жинайтын гардероб жұмысшылары:
1) ниобты (лопариттi) кендердi қазып алатын
шахталарда радиоактивтi заттармен ластанған
арнаулы киiмдердi қабылдап алатын және
гардероб бөлмесiн жинайтын 30 36
2) силикоз ауруына шалдығу қаупi бар
шахталарда 24
3) карьерлерде және басқа шахталарда 12
125. Теңiз деңгейiнен биiктiкте жұмыс iстейтiн
жұмысшылар, мамандар және қызметшiлер:
1) 2000-нан 2300 метрге дейiн 18
2) 2301-ден 3000 метрге дейiн 24 36
3) 3001-ден 4000 метрге дейiн 30 36
4) 4001-ден жоғары 36 36
126. Қопарғыш материалдарды таратып берушi 12
127. Ниобты кендердi қазып алатын тау-кен
кәсiпорындарында респираторлар мен
противогаздарды жөндеушi 30 36
128. Ұңғышы 12
129. Жөндеушi слесарь 12
130. Қолмен сұрыптайтын сұрыптаушы 12
131. Үнемi ашық сынаппен жұмыс iстейтiн сполосчик 18 36
132. Жылжымалы составтың тiркеушi-кондукторы,
поездарды құраушы 12
133. Тракторлы скреперде және трактор қопсытушыда
жұмыс iстейтiн тракторшы 12
134. Гидромедқондырғының цементаторшысы 12
135. Электрберудiң әуе линияларын жөндеушi
электромонтер, электр жабдықтарын жөндеу
жөнiндегi электромонтер және электр
жабдықтарына қызмет көрсететiн электромонтер 12
136. Кезекшi электрослесарь (слесарь) және
жабдықтарды жөндеушi слесарь 12
2. КӨМIР ЖӘНЕ СЛАНЕЦ ӨНЕРКӘСIБIНIҢ КӘСIПОРЫНДАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |