1. Таңу бөлмесіне қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар:
1. қабырғалары әктелген болуы керек
2. міндетті түрде раквина болуы керек
3. қабырғалары сырланған болуы керек
4. бөлменің аймағы 10 м2 және одан аз
5. бөлме жақсы жарықталған және желденетін болу керек
2. Таңу бөлмесінің күрделі тазалығының жиілігі:
1. айына 1 рет
2. 2 аптада 1 рет
3. аптасына 1 рет
4. аптасына 2 рет
5. күнделікті
3. Хирургия бөлімшесі палаталарының ауа температурасы:
1. 16 – 18°
2. 18 – 20°
3. 20 – 24°
4. 24 – 28°
5. 28 – 30°
4. Хирургия бөлімшесінің жиһазы жасалған болуы керек:
1. ағаштан
2. металл немесе пластмассадан
3. ДВП
4. ламинат
5. ДСП
5. Жұмыс күнінің басынан таңу бөлмесі медбикесінің істелінетін іс – шаралар кезектілігі:
1. стерильді халатты киіп, қолын өңдейді
2. іріңді жарақаты бар науқастарға таңу жасайды
3. таңу бөлмесінің ылғалды тазалығын жүргізеді
4. стерильді столды жасайды
5. таза жарақатты науқастарға таңу жасайды
6. Таңу бөмесі медбикесінің таңу кезінде киетін дәкелі бетпердесі болуы керек:
1. бір қабатты
2. екі қабатты
3. үш қабатты
4. төрт қабатты
5. бес қабатты
7. Хирургия бөлімшесі палаталарының ылғалдылығы мына шамада болуы керек:
1. 30 – 35%
2. 35 – 40%
3. 40 – 45%
4. 50 – 55%
5. 60 – 65%
8. Ауруханада хирургиялық бөлімше мына қабатта орналаспаған болуы керек:
1. 1 – ші қабатта
2. 2 – ші қабатта
3. 3 – ші қабатта
4. 4 – ші қабатта
5. соңғы қабатта
9. Хирургия бөлімшесіндегі асептиканың негізгі принциптері:
1. бетперде тағу
2. операциядан кейінгі жарақатты ұқыпты өңдеу
3. операциядан кейінгі науқастарға антибиотиктерді қолдану
4. «Таза және іріңді» науқастарға бөлу
5. медицина қызметкерлерінің жоғары білімділігі
10. Адам ағзасындағы АІИ көп шоғырланатын жерлері:
1. тері және жұмсак тіндер, зәр шығару жолдары, ауыз, мұрын, жұткыншақ,
ішек қуыстары
2. буындар және бұлшыкеттер, бас, ми
3. паренхиматозды мүшелер және сүйектер
4. тамырлар, нервтер, сіңірлер, байламалар
5. жүрек, кұрсак және плевра қуыстары
11. Бинтті таңу кезінде қалай орайды
солдан оңға
оңнан солға
ешқандай айырмашылығы жоқ
Таңып байлау кезінде бинттің бос ұзындығы қаншадан аспауы қажет?
3 – 5 см
5 – 10 см
15 – 20 см
20 – 30 см
Самай бөліктің жарақатында қандай таңып байлау ыңғайлы
Гиппократ қалпақшасы
Чепец
Еңсеге крест тәрізді байлалуы таңу
Бинокулярлы байлам
Клеол байламын ... қолданбайды
іштің алдынғы бөлігіне
кеуде торына
мойынға
бет және шат аймағына
Үйде иық жарақатын алғанда алғашқы көмек ретінде ... қолданылады.
Дезо байламы
Т тәріздес таңғыш қою
Орамал тәрізді байлам
Пращ тәрізді байлам
Масақ тәрізді байлам
Мұрын жарақаты кезінде ... байламы қолданылады
Пращ тәрізді байлам
Дезо байламы
Т тәріздес таңғыш қою
Орамал тәрізді байлам
Шат аймағында жарақаты бар науқасқа ... қолданылады.
Пращ тәрізді байлам
Т тәріздес таңғыш қою
Орамал тәрізді байлам
Клеол байламы
Шынтақ аймағында, иық буынында және иықтың жоғарғы бөлігінде жарақаты бар науқасқа ... қолданылады.
Дезо байламы
Масақ тәрізді байлам
Тасбақа тәрізді байлам
8 тәрізді байлам
Табан буынына ... қолданылады.
1) Дезо байламы
2) Масақ тәрізді байлам
3) Тасбақа тәрізді байлам
Кесіп тасталған аяқтың ұшына ..... қояды.
Дезо байламы
Масақ тәрізді байлам
Тасбақа тәрізді байлам
8 тәрізді байлам
сырғанаушы байлам
Лейкопластыр байламның кемшілігі
бетке және мойынға қоюға келмейді
буын аумағына қолданбайды, қарынның алдыңғы қабырғысы
суланғанда тез алынып кетеді, аллергиялық реакцияны шақырады
Таңып байлауды ... бағыттайды
ортадан периферияға
перифериядан ортаға
ешқандай айырмашылығы жоқ
Ситуациялық сауалдар:
Таңу бөлмесінің медбикесі операциядан кейінгі науқастарды келесі кезектілікте таңуға алды: операциядан кейінгі жарақаты іріңдеген науқасты, таза жарақатты науқастың жібін алуға, операциядан кейін екі тәулік өткен таза жарақатты науқасты таңуға алды. Таңу бөлмесі медбикесінің іс - әрекетін бағалаңыз.
Хирургия бөлімшесі палаталарында қысқы уақытта палатадағы температура жылу берудің жақсы болуына байланысты 24° болды. Бұндай температура хирургиялық науқастарға сәйкес келеді ме? Осы жағдайда не істеуге болады?
Таңу бөлмесінің медбикесі таңу бөлмесінде күрделі тазалау жүргізуінің кезектілігі:
беткейлерді 1% - ті гипохлорид ерітіндісімен 30 мин. өңдеді, кейін сабынды – содалы ерітіндімен сүртіп, бөлмені 1 сағатқа жауып, барлығын сумен шайып және кварц жарығын қосады. Медбикенің іс - әрекетін бағалаңыз. Бөлменің күрделі тазалығы қандай кезектілікте жүргізіледі?
Медбике науқастың иық алды жарақатына айналмалы таңып байлауды қойды. 2 сағаттан соң науқас білек және саусақтардың ішкі жағының ұйып ісінуіне шағымдалды. Көрсетілген шағымдардың пайда болуы неге байланысты? Медбикенің қатесі неде? Осы жағдайда медбикенің іс - әрекеті.
Медбике науқастың санындағы жараға қойылған таңғышты шешіп жатыр.Байламның астынғы қабаттары жараға қатты жабысып қалған, таңғышты шешуде науқаста ауырсыну сезімін азайту үшін не қолдануға болады?
Науқаста шынтақ буын аумағындағы жарадан лейкопластірлі байлам іріңді бөлінділерімен суланып тұр. Осы жағдайда медбикенің іс - әрекеті. Осы науқасқа қандай байлам салған қолайлы.
Науқаста алдыңғы қарын қабырғасына қойылған лейкопластір байламға аллергиялық реакция пайда болды. Лейкопластірді әрі қарай қолдануға бола ма? Болмайтын болса, оны немен алмастыруға болады?
Науқастың иек асты кесілген жарақат бар, жарақатқа алғашқы хирургиялық өңдеу жасалып, тігіс салында. Таңу материалын фиксациялау үшін қандай байлам жасау қажет.
Науқасқа тік ішек ракына операция жасалуы. Бұл аумаққа таңу материалын қандай таңумен фиксациялау қажет.
Медбике таңғышты науқастың сан аймағында жараның үстінен байлады. Осыдан кейін жара аймағында ауырсыну сезімі көбейіп кетті. Мейірбике дұрыс іс- әрекет жасағанба? Оны қалай түзетуге болады?
Хирург көкірек безінің іріңді жарасына ота жасады. Бұл науқасқа қандай байлам қоюға болады?
Науқасқа қойылған Дезо байламы жылжып кетті оны қайта байлау тәртібін түсінтіріңіз?
Спорт жарысы кезінде жігіт тізе аймағында жарақат алды. Қарағанда: тізе аймағында ісік, 3,0х7,0 см жара бар.Жәбірленушіге қандай таңғыш қою керек?
2-сабақ
1. Тақырыбы: Жалпы және жергілікті наркоздың асқынулары кезіндегі мейірбикелік көмекті ұйымдастыру.Ингаляциялық емес наркоз. Гипертермия, жасанды гипотония туралы түсінік. Жергілікті анестезия. Жергілікті анестезияның түрлері (қабылдауыштық, өткізгіштік, түбіршектік) енгізу әдісі мен тәсілдері. Көрсеткіштері. Қарсы көрсеткіштері. Қаупі, асқынулары.
2. Мақсаты: Медбике анестезисттердің наркоз уақытында және жергілікті анестезия кезіндегі қателіктері, анестезияның асқынулары, негізгі қателіктерімен студенттерді таныстыру. Алдын алу шараларының әдістері мен асқынуларын емдеуді үйрету. Ингаляциялық емес наркозды өткізу әдісі және дәрілік заттармен студенттерді таныстыру. Ингаляциялық емес наркозды өткізу әдісімен, регионарлы және жергілікті анестезия әдістеріне үйрету.
3. Тапсырма:
- наркоз кезіндегі жиі кездесетін асқынуларды «нақты бір жағдайды талқылау»
әдісі бойынша үйрену
- медбике міндеттерін талқылау – дәл уақытында наркоздың барлық кезеңінде хабарлық және мәселелік ғылым әдісі бойынша және анестезисттердің науқасты наркозға дайындауы.
- студенттерді практикада жиі кездесетін асқынулармен таныстыру және әдебиетті СӨЖ тақырыбы бойынша таңдау
- барбитураттармен, натрий оксибутиратымен, этомидатпен көк тамырға жалпы анестезия беру әдісін меңгеруді
- пропофолмен, кетаминмен көк тамырға жалпы анестезия беру әдісін меңгеруді
- наркоз үшін ингаляциялық және ингаляциялық емес заттарды қолдануға көрсетілімдер мен кері көрсетілімдерді атап өтуді
- көк тамырға пероральді және ректальді жалпы анестезияны өткізу әдісі мен техникасын меңгеруді
- ингаляциялық емес наркозды өткізу барысында қателері мен асқынуларын диагностикалауды
- ӨЖЖ-ді қапшықпен және наркоз аппаратының, респератор көмегімен өткізуді
- қолмен және аппаратпен ӨЖЖ-ді
- Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентанция, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау
- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар мен ситуациялық сауалды өз бетінше құру
4. Орындау түрі:
- реферат
- презентация
- есеп құрастыру
- тесттер
- алгоритмдер құрастыру
- сырқатнама жазу
- рольдік ойындарға сценарий жазу
- пікір жазу және т.б.
5. Орындау критерилері:
1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікір және мәселелері айқындалған болу қажет.
2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.
3) Наркозға қатысқаннан кейін көрнекі құралдармен есеп түзу, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болу қажет.
4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.
5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді құрастыру.
6) СӨЖ тақырыбына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан
1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 2 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.
«қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.
«қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.
8. Әдебиет:
Негізгі:
С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Основы сестринского дела» Учебное пособие.-М; Родник, Москва. 2002-352 стр.
Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998-360стр.
Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000
Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008-412 стр.
Левитэ Е.М. Введение в анемтезиологи-реаниматологию. Учебное пособие/под редакцией И.Г.Бобринской.-М., 2007-256 стр.
Қосымша:
1. Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными.-М.: Медицина, 1989.
2. Мухина С.А., Тарновская И.И. Атлас по манипуляционной технике сестринского ухода.-М.: АНМИ, 1995.
3. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела в 2-х частях.-М.? Исток,1996-98.
4. Профилактика внутрибольничных инфекций. Руководство / Коллектив авторов под ред. Е.П.Ковалевой, Н.А.Семиной.-М.: ТОО,Рарочъ,1993.
5. Роч Д., Болдуин М. Сострадание с компетентностью и смирением, английский хоспис,1994.
Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)
Тесттер:
1. Наркозға дайындық ретінде операция алдында 30 – 40 мин. бұрын жасалатын шара:
1. премедикация +
2. гибернация
3. гипотензия
4. психологиялық дайындық
5. гиповолемия
2. Жұлыннан жансыздандыру кезіндегі науқастың қалпы:
1. бас жағын төменге түсіру немесе екі тізесін ішіне бүгіп жату +
2. денесін жоғары көтеріп отыру
3. бір бүйіріне қарап, аяғын созып жату
4. бүгіліп тізерлеп отыру
5. басты артқа шалқайту
3. Жұлынды жансыздандыру кезіндегі асқыну:
1. артериалдық қысымның төмендеуі +
2. артериалдық қысымның көтерілуі
3. менингизм
4. іріңді менингит
5. аяқтың салдануы
4. Жергілікті жансыздандыруға қолданылмайтын ерітінді:
1. трихлорэтилен +
2. тримекаин
3. лидокаин
4. совкаин
5. новокаин
5. Новокаиндық жансыздандыру кезінде жиі кездесетін асқыну:
1. аллергиялық реакция +
2. артериалдық қысымның төмендеуі
3. артериалдық қысымның көтерілуі
4. ерітіндінің кездейсоқ артерияға енгізілуі
5. ерітіндінің кездейсоқ көктамырға енгізілуі
6. Ресейде ең алғаш рет эфирлік жансыздандыруды қолданған ғалым:
1. Пирогов И.В. +
2. Куприянов
3. Пертов
4. Скуккей А.Н.
5. Кулагин
7. Жергілікті жансыздандыруды зерттеп, енгізуге көп еңбек сіңірген ғалым:
1. Вишневский +
2. Хармер М.
3. Эйхорн
4. Латто И.П.
5. Шанин Ю.Н.
8. Ингаляциялық наркозда ... қолданылады.
1. эфир +
2. новокаин
3. калипсол
4. совкаин
5. сомбревин
9. Жалпы наркоздың түрі:
1. ингаляциялық +
2. перидуральды
3. өткізгіштік
4. эпидуральды
5. жасанды гибернация
11. Ең көп анальгетикалық белсенділікке ... ие
1) альтезин
2) калипсол
3) виадрил
4) сомбревин
5) гексенал
12. ГОМК бұл
1. антигипоксиялық қасиетке ие
2. гиперкалиемияда қолдануға қауіпті
3. улы әсері жоқ
4. наркоздан оянғаннан кейін қоздырмайды
5. қолданғанда жүрек айнуы және құсуы мүмкін
а) 1, 2
б) 1, 3
в) 2, 4
г) 2, 5
д) 4, 5
Атарактикалық заттарға жатады:
1. диазепам (седуксен, реланиум)
2. баралгин
3. радедорм
4. элениум
5. морфин
а) 1, 4
б) 1, 2
в) 2, 3
г) 2, 5
д) 3, 5
13.ГОМК – қа тән теріс эффекттер:
1) нарколзға кіру сатысында дірілдеу және тырысу
2) гиперкалиемия кезінде қауіпті
3) токсикалық әсері жоқ
4) нарколздан шығу сатысында тітіркену
5) жүрек айнуы және құсу
А)дұрысы 1,2
Б) дұрысы 1,3
В) дұрысы 2,4
Г) дұрысы 2,5
Д) дұрысы 4,5
4. Реаниматологияда натрий оксибутиратты қолдануға болады:
14. неврологиялық және нейрохирургиялық науқастарда ми ісігінде антигипоксант ретінде
2. психомотор қозуды кетіру үшін
3. диазепиндерден кейін тырысуға қарсы препарат
4. алмасу процессін азайту үшін
5. наркоздан кейінгі қалтырауды басу
а) 1, 2, 3
б) 1, 3, 4
в) 2, 4, 5
г) 3, 4, 5
д) барлық жауабы дұрыс
15. Атаракты заттарға жатады:
1. диазепам (седуксен, реланиум)
2. баралгин
3. радедорм
4. элениум (хлозепид)
а) 1, 2
б) 2, 3
в) 1, 4
г) 2, 5
д) барлық жауабы дұрыс
16. Седуксеннің қасиеті:
1. микроциркуляцияның жақсаруы
2. жүрек соққысының жоғарылауы
3. жүректің жиырылып босаңсу қабілетінің төмендеуі
4. АҚ-ның төмендеуі
5. коронарлы қан айналымының нашарлауы
а) 1, 2
б) 2, 3
в) 3, 4
г) 4, 5
д) барлық жауабы дұрыс
17. Атарактиктерді премедикацияда ... мақсатпен қолданылады.
1) наркотиктердің және ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейту
2) ортостатикалық гипотензияның алдын алу
3) үрейді басу үшін
4) сілекей бездерінің секрециясын азайту
5) вагальды рефлекстердің алдын - алу
а) дұрысы 1, 2
б) дұрысы 1, 3
в) дұрысы 2, 4, 5
г) дұрысы 4 и 5
д) бәрі дұрыс
18. Лидокаин қолданылады:
1. жергілікті анестезияда
2. антиаритмиялық препарат
3. ганглиоблокирлеуші дәрі
4. барлығы дұрыс
5. 1 және 2 жауабы дұрыс
19. Кетаминді көк тамырға енгізгенде пайда болады?
1. терең соматик анальгезия
2. АҚ – ның шамалы көтерілуі
3. жүректің жиырылып босаңсу қабілетінің төмендеуі
4. пульстің жиілеуі
5. АҚ – ның төмендеуі
а) 1, 2
б) 1, 2, 3
в) 1, 2, 4
г) 2, 3, 4
д) 3, 4, 5
20. Натрий оксибутират ... болып табылады.
1. күшті анальгетик және әлсіз анестетик қасиетке ие
2. әлсіз анальгетик және шамалы анестетик қасиетке ие
3. антигипоксант
4. 2 және 3 жауабы дұрыс
21. Кетамин ... тұдырмайды
а) циркуляциядағы қан көлемін көбейтуді
б) қан қысымының көтерілуін
в) ми қанайналымының бұзылысында қолданылмайды
г) қан қысымының төмендеуін
д) тахикардия
22. Кетамин ... әсерді тұдырмайды
а) гипертензия, тахикардия
б) аналгезии
в) цереброспинальді қысымды көтеруші
г) жақсы релаксация
23. Кетаминнің қасиеті:
1. ваголитикалық нәтиже
2. симпатолитик алықнәтиже
3. симпатомиметикалық нәтиже
4. парасимпатомиметикалық нәтиже
5. аралас нәтиже
24. Фентанил мынадан басқа қасиетке ие:
1. тыныс алу депрессиясы
2. бродикардия
3. скилет бұлшықеттерінің сіріспелілігі
4. анальгезияның ұзақтылығы
5. құсу
25. Гиповолемиямен келген науқастарға анестетик ретінде ... қолданылады
1) барбитурат
2) фторотан
3) кетамин
4) эфир
5) сомбревин
Ситуациялық сауалдар:
20/02.2005ж. операцияға, жергілікті анестезия үшін зауытта дайындалған новокаин ерітіндісі ұсынылған. Флакон ашылмаған, осы ерітіндімен жұмыс істеуге болады ма?
Науқасқа жедел түрде іш қуысына операция жасалынады. Ауруханаға келіп түсер алдында науқас тамақтанған. Операцияға және наркозға дайындау айырмашылығы неде?
0,5% новокаин ерітіндісімен жұлын милық анестезияны өткізу кезінде, операциялық столдың бас бөлігі түсіп кеткенін байқады. Қандай асқыну дамуы мүмкін? Медбике не істеу керек?
М. атты науқас 58 жаста, салмағы 85 кг, диагнозы: жіті аппендицит, шексіз іріңді перитонит. Операцияға дайындық үстінде. Операция алды дайындық шаралары. Анестезия және премедикация түрін таңдаңыз.
Науқас 72 жаста, салмағы 78 кг, бойы 1,70 см. Простата безінің аденомасы мен урология бөлімшесіне жоспарлы операция жасатуға жатты. Қосалқы аурулары: созылмалы гастрит, мойын көкірек омыртқасының остеохондрозы. Операция алды дайындық шаралары. Анестезия және премедикация түрін таңдаңыз.
18 жастағы науқас жоспарлы түрде жасалынатын операция бойынша ауруханаға келіп түсті. Диагнозы: сан – енқалта грыжасы. Новокаин және пенициллинді көтере алмайды, бронхиальді астмамен ауырады. Операция алды дайындық шаралары. Анестезия және премедикация түрін таңдаңыз.
32 жастағы науқас жоспарлы түрде жасалынатын операция бойынша ауруханаға келіп түсті. Салмағы 92 кг, бойы 186 см, диагнозы: аяқ веналарының тамыр варикозы. Қосалқы аурулары: созылмалы гепатит, жергілікті анестетиктерге аллергиясы бар. Операция алды дайындық шаралары. Анестезия және премедикация түрін таңдаңыз.
5. Б. есімді 32 жас науқас жедел аппендицит диагнозымен келді.24 сағ бұрын ауырып қалған . ол кезде эпигастрия аймағында ауырсынуды басу үшін анальгин таблеткасын ішкен, ауырсыну көбее берген,2 рет құсқан, дене қызуы 38,9С көтерілді.Анамнезінен: операция – 12 елі ішектің жарасын тігу.Науқас ішінің ауыруына шағымданады, тілі ақ жабындымен жабылған. Ішінің оң мықын аймағын басқснда ауырсынып тұр.ТЖЖ 100 рет мин. АҚҚ –140/90 мм.с.б.б., ентігу,ТАЖ 26 рет минутына, өкпесінде везикулярлы тыныс.Жалпы қан анализі: Нв –134 г/л, лейкоцит – 10,2х 10 9/л, СОЭ- 26 мм/ч, глюкоза –3,9 ммоль/л. диастаза 8 единицы. Іш қуысын рентгенологиялық зерттеуде патология жоқ.
Осы науқасқа операция алдынғы дайындықты, премедекацияны тағайындаңыз.Анестезиологиялық құрал жабдықты атаңыз.
6. С.есімді науцқас, 48 жаста, диагнозы қант диабеті, диабетикалық ангиопатия, санның инъекциядан кейінгі флегмонасы.
Флегмонаны ашу, дренаждау операциясына дайындалып жатыр. Осы науқасқа операция алдынғы дайындықты, премедекацияны тағайындаңыз.Анестезиологиялық құрал жабдықты атаңыз.
7. Наркозға кіру сатысында апноэ туындадаы.Апноэның себебін және онымен күресу жолдарын атаңыз.
8. Операциядан кейінгі кезеңде науқас бірден бозарды, артериальді гипотония, брадиаритмия, тонометр манжеткасын қойған жерде петехиялар пайда болды, дене қызуы 35,8˚С. Бұл науқасқа диагноз қойыңыз. Емін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |