Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213



жүктеу 1,47 Mb.
бет9/18
Дата21.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#23130
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер):

Сұрақтар:


  1. Күйік, суық жарақат туралы түсінік.

  2. Күйік, суық жарақат жіктемесі.

  3. Негізгі клиникалық белгілері, диагностикалау және емдеу принциптерін атаңыз?

  4. Ауруханаға дейінгі этапта алғашқы медициналық көмекті көрсету шаралары?

  5. Зәбірленушіні тасымалдауды орындау тәртібі?

  6. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау?

  7. Термикалық зақымдану синдромы мен науқасқа мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктерін атаңыз?

  8. Термикалық зақымдануы мен науқасты емдеу әдістерін атаңыз?

  9. Күйік алған адамдарды күту ерекшеліктері?

  10. Сіреспенің алдын – алу шараларын жүргізу?


Тесттер:

1. Ыстық судан күйік алу сипатталады:

1. көлемі және тереңдігі кіші

2. тереңдігі кіші және көлемі үлкен

3. тереңдігі және көлемі де үлкен

4. тереңдігі үлкен және көлемі кіші

5. тереңдігі кіші және көлемі де кіші

2. Қышқылдан күйік алу кезінде некроздың сипаты:

1. коагуляциялы

2. коликвациялы

3. казеозды

4. некрозды

5. фибринозды

3. Жалынды оттан күйік алу көбінше немен бірлесе жүреді:

1. майлы эмболиямен

2. метгемоглобинемиямен

3. карбоксигемоглобинемиямен

4. гликозуриямен

5. глюкоземиямен

4. Сілтінің теріге тиген кездегі әсерінен дамиды:

1. жасуша ақуызының коагуляциясы

2. жасуша ақуызының импрегнациясы

3. жасушалар гидролизі

4. жасушаның липидті мембранасының шайылуы

5. жасуша сыртындағы ақуыздардың коагуляциясы

5. Күйік көлемін анықтау үшін Постников әдісі қолданылады:

1. күйік контурына стерильді целофанды жабу үшін

2. кесте үшін

3. «алақан» ережесі

4. «тоғыздық» ережесі

5. «ондық» ережесі

6. Күйіктің І дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. дерманың беткейлі қабатында

3. дерманың барлық қабаты

4. тері асты май қабаты

5. бұлшықет

7. Күйіктің ІІ дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. емізік тәрізді қабатына дейін

3. дерманың беткейлі қабатында

4. дерманың барлық қабаты

5. тері асты май қабаты

8. Күйіктің ІІІ «А» дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. дерманың беткейлі қабатында

3. дерманың барлық қабаты

4. тері асты май қабаты

5. бұлшықет

9. Күйіктің ІІІ «Б» дәрежесінің сипаты:

1. эпидермис деңгейінде

2. дерманың беткейлі қабатында

3. дерманың барлық қабаты

4. тері асты май қабаты

5. бұлшықет

10. Терең және беткейлі күйікті дифференциальді диагностика жасау үшін қандай критерий қолданылады:

1. Арьевтікі

2. Вишневскийдікі

3. Джексондікі

4. Франктікі

5. Пироговтікі
Ситуациялық есептер:

ЕСЕП № 1.

Стационардың «күйік» бөлімінде мейірбике қызметінде жұмыс істейсіз, 65 жастағы ер адам келіп түсті, түскен кездегі диагнозы: Іштің төменгі бөлігінің, сан және сирақтың термиялық күйік алуы, ІІ – ІІІ дәрежеде. Күйік ауруы, септикотоксемия. Мейірбикенің анықтағаны: ер адамның жағдайы орта дәрежелі, өз жағдайына алаңдауда, күйік ауруынан айығуын ойлауда және өз жақын адамдарын күтуде. Дене қызуы 38°С, АҚҚ 140/90 мм сп бб, пульсі 90 рет минутына, ТАЖ 20 рет минутына. Күйіп қалған терісі қызарған, айқын байқалатын ісіну, іріңді бөлінумен жабылған, іштің алдыңғы тері беткейінде – тіндердің некрозды аймақтары анықталды. Таңу материалына серозды – іріңді бөліну жағылған.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың бұзылған қажеттіліктерін атаңыз.

2. Науқастың мәселелерін атаңыз.

3. Мейірбикелік араласудың мақсатын және жоспарын құрастырыңыз.

4. Күйіктен түзілген жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.
Есеп № 2.

7 жастағы жеткіншек далада бір сағат шамасында жалаңаш қолымен қармен ойнады, тоңды. Үйге кіріп жылынған соң саусақтарының ауырғанына және ісінгеніне шағымдана бастады. Анасы емханаға қаратуға апарды. Жас өспірім бала қорқып тұр, оң қол саусақтарының ауырып жатқанына және саусақтарының қимыл – қозғалысының шектелгеніне шағымданды. Оң қолдың IV және V саусақтарының тері беткейі қошқыл қызғылт – көк түсті, ашық түсті сұйықтыққа толы күлдір бөртпе анықталды. Зақымдалған саусақтардың ісінуі байқалады, қолына қарай таралып жатқаны анықталды. Сезімталдылығы сақталған. Пульсі 78 рет минутына,

АҚҚ 120/80 мм сп. бб.

ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. «Рыцарь қолғабы» таңу техникасын көрсетіңіз.


ЕСЕП № 3.

«Күйік алу» бөліміне науқас түсті, оның медициналық диагнозы: дененің алдыңғы беткейінің және екі санының термиялық күйігі. Күйік шогы. Мейірбике сұрау жүргізген кезде анықтады: үй жағдайында үш сағат бұрын қайнап тұрған судан күйіп қалған. Науқас тежелген, қойылған сұраққа жауап береді, ауырсыну сезіміне шағымданады. Қараған кезде: тері беткейі бозғылт түсті, дененің алдыңғы беткейі және сандары қызарған, ісінген, көлемі әр түрлі күлдір бөртпелер көп, мөлдір түсті сұйықтыққа толы. Пульсі 104 рет минутына, ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм сп. бб. Тыныс алуы мұрын арқылы, бос дем алады, беткейлі минутына 24 рет. Кіші дәреті сирек, көлемі аз.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.

.

ЕСЕП № 4.

Емханадағы хирург дәрігердің қабылдауына әйел адам қаралды, ол 5 минут бұрын стаканға құйылып тұрған уксус эссенциясын кенет білместен ішіп қойған. Науқас қобалжулы, алғашқы көмек көрсетуді сұрануда, мүгедек болып қалудан қорқатынын айтты. Сұраған кезде мейірбике анықтады: науқас өңеш жолы бойымен асқазанға қарай құсуды шақыртатын ауырсыну сезіміне шағымдануда. Қараған кезде мейірбике анықтады: ауыз қуысының кілегей қабаты беткейлі қызарған, кей бір жерлері ақ бөртпемен қапталған, сілекейдің көптеп бөлінуі мазасындандыруда. Пульсі 96 рет минутына, ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚҚ 130/80 мм. сп. бб. Тыныс алуы мұрын арқылы, бос дем алады, беткейлі минутына 24 рет, дауысы қарлыққан.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. Трахеостомия жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.


ЕСЕП № 5.

Емхананың хирургиялық бөлмесіне 40 жастағы науқас қаралды, қол саусақтарының ауырсынуына және аяқ – қолдардың ұюына шағымданды. Мейірбике анамнезінен анықтады: науқас екі сағаттың көлемінде қолғапсыз суықта тұрып қалған. Қараған кезде анықталды: қол саусақтарының терісі бозғылт түсті, сезімталдылығы бұзылған. Пульсі 80 соққы минутына, АҚҚ 130/80 мм. сп. бб., ТАЖ 18 рет минутына, температурасы 36,90С.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.

3. Саусақтарға «қолғап» таңуды жасап көрсетіңіз.



2 сабақ

1. Тақырыбы. Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар ауқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Іш теспесі» синдромы.
2. Мақсаты. Студенттерге «іш теспесі» туралы, аурудың пайда болу себептерін таныстыру. Клиникалық симптомдарын және диагностикалау әдістерін таныстыру. Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын түсіндіру. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалауды меңгеру.

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;

  • Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромы туралы түсінігін;

  • Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық ауруларын;

  • Ішперде қуысы ауруларының пайда болу себептерін;

  • Негізгі клиникалық симптомдарын;

  • Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін;

  • Емдеудің негізгі принциптерін;

  • Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын;

  • Реабилитация принциптерін;

Студент істей білуі тиіс:

  • Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;

  • Ажыратпалы диагностикалауды жүргізуді;

  • Ауруханаға дейінгі этапта тактика әдісін игеруді;

  • Операция алдындағы дайындық тактикасын игеруді;

  • Операциядан кейін науқас жағдайын бақылауды;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері;

  2. Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық аурулары;

  3. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромы туралы түсінігі;

  4. Ішперде қуысы ауруларының пайда болу себептері;

  5. Негізгі клиникалық симптомдары;

  6. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістері;

  7. Ажыратпалы диагностика (миокард инфаркті, пневмония, спонтанды пневмоторакс, «бүйрек коликасы», капилляротоксикоз);

  8. Емдеудің негізгі принциптері;

  9. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау;

  10. Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары;


5. Білім берудің және оқытудың әдістері ( шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс – стади және т.б.):

  • Фантоммен,муляж,манекенмен жұмыс жасау.

  • Тур әдісі бойынша ауызша сұрау

  • Тақырып бойынша ситуациялық сауалдарды ,тестік сұрақтарды шешу

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер):

Сұрақтар:


  1. Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін айтыңыз;

  2. Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық ауруларын атаңыз;

  3. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромына анықтама беріңіз;

  4. Ішперде қуысы ауруларының пайда болуына алып келетін қандай себептерді білесіз?

  5. Негізгі клиникалық симптомдарды атаңыз;

  6. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін атаңыз;

  7. Ажыратпалы диагностика (миокард инфаркті, пневмония, спонтанды пневмоторакс, «бүйрек коликасы», капилляротоксикоз);

  8. Емдеудің негізгі принциптерін атаңыз;

  9. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бақылау іс - әрекеті қандай болмақ?

  10. Асқынулар, олардың алдын – алу шаралары туралы атаңыз;


Тесттер:

1. Перитониттің жиі кездесетін себебі:

1. жіті энтероколит

2. жіті аппендицит

3. созылмалы энтероколит

4. созылмалы аппендицит

5. жіті гастрит

2. Перитонит кезінде құрсақ қуысына газдың жинақталуына әсер етеді:

1. жатырдан тыс жүктілік

2. аш ішек қабырғасы өтімділігінің бұзылысы

3. қуыс ағза перфорациясы

4. тоқ ішек қабырғасы өтімділігінің бұзылысы

5. паренхиматозды ағзаның зақымдалуы

3. Перитонит үшін алғашқы 24 сағ тән емес белгі:



  1. тілінің құрғауы

  2. Кулленкампф симптомы

  3. құрсақ қуысы бұлшықетінің күштенуі және Щеткин-Блюмберг симптомы

оң мәнді

  1. тахикардия

  2. ішек перистальтикасының болмауы

4. Перитонит симптомының авторы – медициналық ЖОО – И.И. Мечников ауруханасының негізін қалаушы:

А-Ситковский

Б-Пастернацкий

В-Щеткин


Г-Воскресенский

Д-Греков


Е-Ровзинг

5. Ойық жара ауруының жасырын перфорациясы кезіндегі жан – ұялық дәрігердің іс - әрекеті:

А – хирургиялық стационарға шұғыл түрде госпитализация жасау

Б – хирургиялық стационарға жоспарлы түрде госпитализация жасау

В – емханадағы терапевт дәрігердің бақылауында болу

Г – терапевттік стационарға госпитализация жасау

Д - емханадағы терапевт дәрігердің бақылауында болу

6. Перитонит кезінде іштің кебуін нақтылау қажет:

А – аналық без жылауығының (кистаның) жарылуы

Б – жатырдан тыс жүктілік

В – жіті ішек өтімсіздігі

Г – қуыс ағза перфорациясы

Д – паренхиматозды ағзаның зақымдалуы

7. Шектеулі перитониттің түрі:

А – жайылмалы перитонит

Б – диффузды перитонит

В – аппендикулярлы инфильтрат

Г – жергілікті перитонит

Д – сегментарлы

8. Жайылмалы іріңді перитонит кезінде доступ түрі:

А-Волкович-Дьяконова

Б-Федорова

В-Кохера

Г – ортаңғы көлденең тілу

9. Перитониттің ең жиі кездесетін себебі:

А – асқазан обыры

Б – сальпингит

В – аш ішек странгуляциясы

Г - прободная язва

Д – жіті аппендицит

10. Пеританит кезінде құрсақ қуысында газдың жыйылу себебі:

А-тоқ ішектің қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы

Б қуыс мүшелердің тесілуі

В жедел ішек түйілуі

Г паренхималық мүшелердің зақымдануы

Д Жатырдан тыс жүктілік


Ситуациялық есептер:

ЕС Еп №1.

Орта оқу орнының медициналық пунктіне оқушы қаралды, ол ішінің оң жақ бөлігінің ауыруына және көңілінің айнуына шағымданды. Мейірбике сұраған кезде ауырсыну сезімінің 12 сағат бұрын эпигастральді аймақ жақтан басталғанын анықтады, бір рет құсу болған. Қараған кезде: жағдайы орта дәрежелі ауырлықта, тері жабындысы қалыпты түсте, тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Пульсі 104 рет мин., АҚҚ 120/80 мм.сп.бб., температурасы 37,8ºC градус. Іштің оң жақ бөлігі күштенуі және тынысалу кезінде қалып қоятындығы анықталды. Оң жақ мықын аймағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді болып шықты.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс - әрекетінің алгоритмін құраңыз.

3. Аппендэктомия үшін құралдарды жинақтаңыз.



ЕСЕП №2.

Операциядан кейінгі палатада 36 жастағы науқас әйел адам жатыр, диагнозы: жіті флегмонозды аппендицит. Мейірбикеге операция жасаған орын мен ішінің ауырғанына шағымданды. Қараған кезде: температурасы 37,8 С, пульсі 86 рет минутына, толымдылығы қанағаттанарлық, АҚҚ 130/80 мм.сп.бб., ТАЖ 20 рет минутына. Операциядан кейін 3 сағат өтті, науқас кіші дәретке шықпаған.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

2. Мейірбике іс - әрекетінің алгоритмін құраңыз.

3. Жұмсақ катетермен қуық катетеризациясын жасап көрсетіңіз.



ЕСЕП №3.

Аппендэктомиядан соң науқас хирургия бөлімінің палатасында жатыр. Операция 3 күн бұрын жасалған. Операциядан кейінгі ағымы асқынусыз. Бірақ, 3 – күні кешкісін дене қызуы 37,8 С дейін көтерілді, қалтырау, дімкәстік, операциядан кейінгі жара орнында пульсацияланатын ауыру сезімі мазалауда. Қараған кезде операциядан кейінгі тігіс орнының ісінуі, қызаруы, 3 тігіс ажыраған.



ТАПСЫРМА

1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз; басты мәселелері бойынша мейірбикелік күтімнің мақсаты мен жоспарын құраңыз.

2. Науқасқа асқынудың сипатын түсіндіріңіз, оның болуы мүмкін себептері.

3. Жара тігісін алыңыз.



ЕСЕП №4.

Операциядан кейінгі палатада ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясынан кейін науқас жатыр. Алғашқы тәуліктің соңына қарай науқастың жағдайы нашарлай бастады. Іш ауыруының күшеюіне және ықылыққа шағымдануда.

Объективті: жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, тынысы тарылған, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шықпай жатыр.

ТАПСЫРМА

1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз; басты мәселелері бойынша мейірбикелік күтімнің мақсаты мен жоспарын құраңыз.

2. Науқаста пайда болған асқынуды алып келген себептерін және оның сипатын түсіндіріңіз.

3. Газ шығаратын түтікті қою үшін қажетті құралдарды атап шығыңыз, муляжда жасап көрсету.




3 сабақ
1. Тақырыбы. «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Студенттерге «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін танып білуді үйрету. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінік беру. Пайда болу себептері, клиникалық симптомдары және диагностикалау әдістері бойынша білімдерін нықтау. Емдеудің негізгі принциптерін және шұғыл медициналық көмектің іс - әрекетін ұйымдастыруды үйрету. Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім деңгейін нықтау.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;

  • Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінігін;

  • «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромының пайда болу себептерін;

  • Негізгі клиникалық симптомдарын;

  • Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін;

  • Емдеудің негізгі принциптерін;

  • Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын;

Студент істей білуі тиіс:

  • «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;

  • Ажыратпалы диагностикалауды жүргізуді;

  • Шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

  • Операция алдындағы дайындық тактикасын игеруді;

  • Операциядан кейін науқас жағдайын бақылауды;


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. «Ірі қантамырларының бітелуі» синдромы бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері;

  2. Симптомдардың жиынтығын құрайтын «ірі қантамырларының бітелуі» синдромы туралы түсінік;

  3. Ірі қантамырларының бітелуінің себептері (эмболия, тромбоз, облитерация, аневризма);

  4. Негізгі клиникалық симптомдары;

  5. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістері;

  6. Ажыратпалы диагностика;

  7. Емдеудің негізгі принциптері;

  8. Шұғыл медициналық көмектің шаралары;

  9. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау;

  10. Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары;


5. Білім берудің және оқытудың әдістері ( шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс – стади және т.б.):

  • Фантоммен,муляж,манекенмен жұмыс жасау.

  • . Мейірбикенің күтімін қажет ететін науқастарды курациялау.

  • Тур әдісі бойынша ауызша сұрау.

  • Тақырып бойынша ситуациялық сауалдарды ,тестік сұрақтарды шешу.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - Ростов н/Д: 2005. – всего 13 экз.

2. Барыкина Н. В. Сестринское дело в хирургии: практикум. - 4-е изд. - Ростов н/Д: 2007. –Всего 1 экз.

3. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие / С. А. Блинов [и др.]. - Ростов н/Д: 2006. –Всего 2 экз.

4. Стецюк В. Г. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособие. - М., 2009. – Всего 10 экз.

5. Вязьмитина А. В. Практические навыки и умения медсестры хирургического профиля: сборник. - Ростов н/Д : 2002. – Всего 4 экз.



Қосымша:

6. Справочник медицинской сестры по уходу: справ. изд. / под ред. Н. Р. Палеев. - 2-е изд., испр. и доп. - М., 2006. – Всего 1 экз.

7. Садикова Н. Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр. - Минск, 2002. – Всего 1 экз.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер):

Сұрақтар:


  1. Ірі қантамырларының бітелуінің себептерін (эмболия, тромбоз, облитерация, аневризма) атаңыз?

  2. Негізгі клиникалық симптомдарды атаңыз;

  3. Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін атаңыз;

  4. Емдеудің негізгі принциптерін атаңыз;

  5. Жедел медициналық көмек

  6. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бақылау іс - әрекеті қандай болмақ?

  7. Асқынулар, олардың алдын – алу шаралары туралы атаңыз;


Тесттер:

1. Аяқ – қолдың қайтымсыз ишемиясының белгілері:

1. аяқ – қолдың ісінуі

2. тотальді бұлшықет контрактурасы

3. аяқ – қолдың цианозы

4. аяқ – қолдың ауырсынуы

5. бозару, қимыл – қозғалысының шектелуі

2. Илеофеморальді флеботромбоздың асқынуына жатады:

1. жіті миокард инфарктісі

2. инфаркт-пневмония

3. ишемиялық инсульт

4. жіті тромбофлебит

5. облитерациялайтын атеросклероз

3. Төменгі аяқ – қолдың венаның варикозды кеңеюінің асқынуына жатады:

1. жіті тромбофлебит

2. аяқ – қолдың жіті ишемиясы

3. неспецифического аортоартериита

4. облитерирующего атеросклероза

5. облитерирующего тромбангиита

4. Мигрирующий тромбофлебит характерен для:

1. неспецифического аортоартериита

2. облитерирующего атеросклероза

3. облитерирующего тромбангиита

4. острого тромбофлебита

5. специфического аортоартериита

5. Аяқ – қолдың жіті ишемиясы үшін тән симптомдар:

1. аяқ – қолдың ауырсынуы, ісіну, цианоз

2. аяқ – қолдың ауырсынуы, бозару, белсенді қимыл қозғалыстың шектелуі

3. тері қышынуы, цианоз

4. сирақ (жіліншік) гиперемиясы

5. дене қызуының көтерілуі

6. Сан артериясының эмболиясы кезінде емдік тактика:

1. шұғыл операция

2. жоспарлы операция

3. консервативті ем

4. диагностикалық операция

5. паллиативті операция

7. Жгутты қоюдың максимальді ұзақтығы құрайды:

1. 30 минут

2. 60 минут

3. 120 минут

4. 180 минут

5. 45 минут

8. Ауалы эмболия көбінесе қайсы зақымдалудың асқынуы болып келеді:

1. артерия

2. вена


3. артериола

4. капилляр

5. аорта

9. Ауалы эмболия көбінесе зақымдалу кезінде кездеседі:

1. бұғана асты венасы

2. бүйрек венасы

3. мықын венасы

4. аорта


5. шынтақ веналары

10. При облитерующем атеросклерозе в первую чередь поражаются:

А-подвздошные артерии, бифуркация аорты

Б- бедренная артерия

В-большеберцовые артерии

Г-большеберцовые артерии, подколенная артерия

Д-подколенная артерия


жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау