Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213



жүктеу 1,47 Mb.
бет13/18
Дата21.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#23130
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Ситуациялық сауалдар:

  1. Науқаста несепағар жолдарының операция жасалынбайтын қатерлі ісігі қойылды, қуыққа тұрақты катетер қойылған, оны іш құрсағының қуық үсті маңайына шығарып, тігіп қойған. Науқасқа қойылған катетерді қалай күту керек, қуыққа төменнен жоғары қарай инфекция түспес үшін.

  2. Науқастың оң жақ жамбас аймағының инъекциядан кейінгі флегмонасын кескеннен кейін келесі тәулікте таңғыш қойылды. Жараның көлемі 7х7х3 см. жара айналасындағы тері қызарған, ісіңкі, жарадан іріңді бөлінулері бар, жара шеттері некрозданған және фибрин жабынымен қапталған. Т 37,7. Жара процессінің фазасын және жергілікті емді көрсетіңіз.

  3. Таза операциядан кейінгі (жарықты кесу) науқаста жара аймағының іріңдеуі дамыды. Жұмыс банкеден алынған кетгутты, егу жасаған кезде микрофлораның өсуі анықталды. Хирургиялық инфекцияның қандай түрі және кетгутпен не істеу қажет?

  4. С атты науқас 60 жаста (бойы 188см, салмағы 70 кг), жайылған іріңді перитонит бойынша лапаротомия жасалған. Температурасының 40°-қа көтерілуіне ерекше көңіл бөледі. Инфузионды – трансфузионды емдеудің көлемін және толық парентеральді тамақтану көлемін есептеу қажет.

  5. Көк тамырға ине егу кезінде ине орнында гематома пайда болды. Бұл асқынуда медбикенің іс - әрекеті?

  6. Медбике науқасқа көк тамырына ерітінді енгізуде. Енгізуден 15 минут өткен соң науқас жаурап – қалтырауға шағымданды. Бұл неге байланысты болуы мүмкін? Осы жағдайдағы медбикенің іс - әрекеті?

  7. Дәрігер науқасқа абактал антибиотигін көк тамырға енгізуін тағайындады. Науқас алдында бұл антибиотикті қабылдамаған. Медбике науқасқа жүйе енгізіп тамызуды бастады. 3 минут өткенденауқаста терісінің жалпы қызаруы, мазасыздануы, тыныс алудың бұзылуы, АҚ-ның кенеттен түсіп кетуі, аритмия пайда болды. Науқасқа не болды? Медбикенің қателігі. Науқасқа жедел жәрдемді қалай көрсету керек?

  8. Дәріні тамшылатып енгізу кезінде жүйедегі сұйықтық тоқтап қалды және жүйе жұмысын тоқтатты. Бұл немен байланысты? Медбикенің іс - әрекеті?

  9. Медбике науқасқа ақуызды дәріні минутына 60 тамшы жылдамдықпен тамшылатты. Біраз уақыт өткенде науқас бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына, ыстықтау сезіміне шағымданды. Медбикенің қателігін атаңыз? Оның кейінгі

іс - әрекеті?

10. Р атты 75 жастағы науқас реанимация бөлімшесіне бүйрек тас ауруына жасалған операциядан кейін келіп түсті. Анамнезінде науқас жүрек ишимия ауруымен, инфаркттан кейінгі кардиосклероз ауруымен ауырады. Операция кезінде науқасқа 2,5 литр көлемінде инфузионды терапия және 400 мл полиглюкин енгізілді. Реанимацияға өкпе ісігімен келіп түсті. Өкпе ісігінің пайда болуының диагностика әдістерін және терапиясын анықтау.



5-сабақ

1. Тақырыбы: Сүйек және буынның іріңді инфекциясы бар науқастарды күту ерекшеліктері. Аурудың алдын алу.
2. Мақсаты: Студенттерді хирургиядағы қазіргі заман емдеу мен диагностикасымен таныстыру.

Сүйек және буынның іріңді инфекциясы бар науқастарды күту ерекшеліктерін және алдын алу шараларын үйретіп таныстыру.


3. Тапсырма:

- жіті және созылмалы хирургиялық инфекцияның жіктелуін

- организмнің инфекцияға жалпы реакциясының пайда болуы

- сүйек және буының іріңді ауруларының клиникалық сипаттамасы: токсико – резорфтивті лихорадка, сепсис,

- сүйек және буының жіті іріңді ауруларының емдеу принципі олардың алдын алу

- тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау

- Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар мен ситуациялық сауалды өз бетінше құру


4. Орындау түрі:

- реферат

- презентация

- есеп құрастыру

- тесттер

- алгоритмдер құрастыру

- сырқатнама жазу

- рольдік ойындарға сценарий жазу

- пікір жазу және т.б.
5. Орындау критерилері:

1) Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікір және мәселелері айқындалған болу қажет.

2) Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болуы керек.

3) Хирургия бөлімшесінде сүйек және буынның іріңді ауруларын көруден кейін талдау және презентация түрінде басқа топтарға таныстыру

4) Әдістемелік нұсқаулардағы тест және ситуациялық есептерді дұрыс шеше білу керек.

5) Өздігінен тест және ситуациялық есептерді құрастыру.

6) СӨЖ тақырыбына рецензия беру. Егерде студент 1-3 пунктан және 4-6 пунктан

1 пункт орындаса, онда өзіндік жұмысы орындалды деп есептеледі.


6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 1 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:

  • «өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.

  • «қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.


8. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Основы сестринского дела» Учебное пособие.-М; Родник, Москва. 2002-352 стр.

  2. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998-360стр.

  3. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000

  4. Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008-412 стр.

  5. Левитэ Е.М. Введение в анемтезиологи-реаниматологию. Учебное пособие/под редакцией И.Г.Бобринской.-М., 2007-256 стр.

Қосымша:

1. Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными.-М.: Медицина, 1989.

2. Мухина С.А., Тарновская И.И. Атлас по манипуляционной технике сестринского ухода.-М.: АНМИ, 1995.

3. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела в 2-х частях.-М.? Исток,1996-98.

4. Профилактика внутрибольничных инфекций. Руководство / Коллектив авторов под ред. Е.П.Ковалевой, Н.А.Семиной.-М.: ТОО,Рарочъ,1993.

5. Роч Д., Болдуин М. Сострадание с компетентностью и смирением, английский хоспис,1994.




  1. Бақылау (тесттер, ситуациялық сауалдар)

Тесттер:

1. Гематогенді остеомелит туындағы эмболитикалық теорияны кім ұсынды:

1. Дерижанов

2. Ленснер

3. Генке

4. Гринев

2. Жедел гематогенді остемиолит жиі кездеседі кімде:

1. үлкендерде

2. кәрілерде

3. ер жынысты балалар мен жас өспірімдерде

4. әйел жынысты балалар мен жас өспірімдерде

5. жыныс пен жасқа байланысты емес

3. Негізгі бөлігі жедел гематогенді остеомелиттегі организм реактивтілігі кімнің жұмыстарымен көрсетілді:

1. Ленснер

2. Дерижанов

3. Генке

4. Гринев

4. Жедел гематогенді остеомелитте негізінде зақымдалады

1. эпифиз

2. метафиз

3. эпифизарлы шеміршек

4. диафиз

5. Біріншілік хирургиялық остеомелиттің дамуы негізінен:

1. флораның төмеңгі вирулентілігі және организмнің реактивтілігінің төмендеуінен

2. флораның жоғары вирулентілігі және организмнің реактивтілігі жоғарылауынан

3. флораның төмеңгі вирулентігі және организмнің реактивтілігінің жоғарылауынан

4. флораның жоғары вирулентілігі және организмнің реактивтілігінің төмендеуінен

6. Спицификалық емес абсцесстің мұздай абсцесстен айырмашылығы неде?

1. жедел іріңді қабынудың белгілерінің болмауы.

2. жедел іріңді қабынудың белгілерінің болуы.

3. ұзақ уақыт болуы

7. Абсцессті операциялық жолмен емдегенде не қажет?

1. абсцессті ашу

2. абсцессті сау ұлпаларға дейін кесу

3. абсцессті ашып дренаждау

4. қуысты жуу

8. Көбінесе сүйек буын туберкулезінің қоздырғышы болып табылады:

1. Mycobacterium avis

2. Mycobacterium bovis

3. Mycobacterium tuberculosis

4. Mycobacterium africanum

9. «Қарлығаш ұясы» пайда болуы:

1. Туберкулезді артриті

2. Туберкулезді спондиметте

3. Туберкулезді синовитте

4. spina ventosa

10. Сүйек – буын туберкулезінде рентгенограммадағы өзгеріс көріністері

1. Алғашқы клиникалық көрініс кезінде

2. Ауру басталғаннан соң 3 – 5 тәулік кезінде

3. Ауру басталғаннан соң 7 – 10 тәулік кезінде

4. Клиникалық көріністің басталуына дейін

11. Остеомиелитпен ауырған науқасты тексеру кезектілігі:

1. пальпация

2. фистулография

3. рентгенография

4. қан және несеп анализі

5. көру


12. Жіті парапроктитпен науқасты тексеру кезектілігі:

1. сыртқы көру

2. пальпация

3. тік ішекті саусақпен көру

4. ректомоноскопия

5. айнамен көру

13. Кейбір ағзалардың қимыл – қызметін қандай тексеру әдісімен тексереді:

1. рентгеноскопия

2. венепункция

3. рентгенография

4. флюрография

5. томография

14. Холеграфия дегеніміз не?

1. көк тамырға рентгенконтраст енгізу нәтижесінде өт жолдарын рентгенологиялық тексеру

2. қуықты тексеру

3. өт қабының қабынуы

4. өт шығару жолдарының дискинезиясы

5. бауырдың қабынуы

15. Ангиография тексереді:

1. қантамырларды

2. бронхтарды

3. өкпені

4. диафрагманы

5. жүректі

16. Науқасты коронографияға дайындау:

1. тексеруден 1 күн алдын бетта – адреноблокатор дәрілер қолданылмайды

2. тексеруден 3 күн алдын карболен тағайындалады

3. 2 – 3 күн бұрын шлаксыз диета тағайындалады

4. дайындықты қажет етпейді

5. тазалау клизмасы жасалады

17. Рентгенологиялық тексеруде қандай препарат қолданылады?

1. билигност

2. баралгин

3. аропин

4. энзопрост

5. магний сульфаты

18. Асқазанды рентгенологиялық тексеруде қандай контрастты дәрі қолданылады?

1. барий сульфаты

2. билигност

3. урографин

4. йодамарин

5. йод – актив

19. Науқасты бронхографияға дайындауда қажет етпейді:

1. тазалау клизмасы

2. құрамында йоды бар препаратқа сынама қою

3. бронхтардың дренажы

4. қақырық көшіруші дәрілерді ішу

5. тексеру алдында тері астына атропин енгізу

20. Флюрография – бұл:

1. көкірек қуысының 7х7 немесе 10х10 см рентген плеенкасында рентген суретін шығару әдісі

2. үлкен плеенкада көкірек қуысының обзорлы рентгенографиясы

3. жүректің коронар қантамырларын контрастты тексеру

4. өкпе қантамырларын контрастты рентгенологиялық тексеру

5. өкпені контрастты тексеру



Ситуациялық сауалдар:

1. Бала 7 жасар кеннетен сол тізесінің ауру сезіміне шағымдалды. Анасы көрші медбикені шақырды. Медбике сұраған кезде білгені: бала 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Қарап тексергенде: баланың жағдайы ауыр, дене қызуы 39,4°С, пульсі 100 минутына, ритимді, тыныс алу жылдамдығы 26 рет минутына, АҚҚ 120/80 с.б.б. Сол жақ аяғы буында бүгілген, бала ауру сезіміне байланысты журе алмайды. Тері кілегей қабаты өзгермеген. Ось бойынша күш салғанда бала ауру сезімнен айқалайды.

1. Пациенттің жағдайын анықта

2. Медбикенің іс - әрекетін

3. Тізенің транспортты иммобилизациясын көрсет.

2. Спортсмен қолтық астының ауруы, дене қызуының көтерілуі, дірілдеу деген шағымдармен көрінді. Науқастың сөзінен 2 тәуліктен бері аурады. Қарап тексергенде: сол жақ қолтықастында қызару, терінің ісігі байқалады. Пальпацияда лимфа түйіндері үлкейген ауырады. Қандай диагноз қойылады. Алғашқы дәрігерге дейінгі қандай медициналық көмек көрсетуді атаңыздар.

3. 40 жастағы әйел шағымдары сол жақ аяғының ауруы, қызуы, ауру сезімге байланысты аяғының басылмауы, дене қызуының көтерілуі, дірілдеу. Қарап тексергенде: сол жақ тізе мен балтырында жайылған қызарып ісінгені. Жанбас веналарын ісінген пальпация кезінде ауырады. Пальпаторлы тізе мен балтыр терісінің тері температурасының көтерілуі байқалады. Болжам диагноз қойыңыз. Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектің қызметін атаңыз және науқастың күтім ережелерін атаңыз.


  1. Науқас ЭКГ кабинетіне 1-ші қабаттан 4-ші қабатқа шығып келді Медбике науқасты бірден тексеруге алды. Медбикенің іс - әрекетін бағалаңыз.

  2. Спирография тексеруінің алдында темекі шегіп алды және азанда зарядка жасады. Осы науқасты тексеруге алуға болады ма?

  3. Спирография өткізу кезінде медбике микрафонды (қолына алды.) Бұл тексеруді анық деп айтуға бола ма? Медбикенің қатесін анықтаңыз.

  4. Б. Логунов атты науқасқа люмбальді пункция тағайындалған. Пункция өткізу кезінде сізге не қажет? Науқасқа қандай қалыпта болу керек?

  5. Қабылдау бөліміне келесі диагнозбен науқас келіп түсті: Пневмоторакс?

  6. Таңу бөлмесінде дәрігер торокоцентез өткізіп жатыр. Процедура өткізу барысында медбикенің көмегі неден тұрады?

  7. В.Дикарев атты науқасқа плевра қуысына диагностикалық пункция тағайындалды. Плевральді пункция өткізу үшін қандай құрал – жабдықтар қажет?

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫ

Пән: «Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі»

Пән коды: HRMI 3213

Мамандығы: 051101 – «Мейірбике ісі»

Курс 3

Кредит №2

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Құрастырған:

Э.З. Баймуханбетова




Шымкент – 2013 ж
Сабаққа арналған әдістемелік өңдеу құрылымы «___»______2013 ж кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді. № «___» хаттама
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев

1. ТАҚЫРЫБЫ: Реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Мейірбикелік диагноз қою (пациенттің потенциалы және басқа да мәселелерін анықтау). Мейірбикелік араласу жоспарын іске асуы. Мейірбикелік араласуды бағалау (шаралар жоспарын коррекциялау және алған қойған мақсатына жету дәрежесінің айқындалуы).

2. МАҚСАТЫ:

- реанимация-дағы мейірбикелік процесті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімін нықтау; мейірбикелік араласуларды бағалау.



- жалпы іріңді инфекция мен ауыратын науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау, осы саладағы науқастардың мәселелерін айқындау және оны шешу бойынша практикалық дағдыларды машықтау;

3. ТАПСЫРМА:

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);

  • Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;

  • Септиске шалдыққан науқастарға күтім жасаған кезде жеке қорғаныс тәртібімен танысу;

4. ОРЫНДАУ ТҮРІ

  • реферат;

  • презентация;

  • есеп;

  • студенттер тарапынан тақырып бойынша ситуациялық есептер мен тесттер құрастыру;

  • СӨЖ – ге қиылыс пікір жазу;

5. ОРЫНДАУ КРИТЕРИЛЕРІ:

  1. Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту қажет.

  2. Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болу керек.

  3. Хирургиялық оның ішінде сепсиске шалдыққан науқастарды қараудан кейін есеп тапсыру, есепте науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, оны іс жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болуы қажет.

  4. Әдістемелік өңдеудегі тесттерді және ситуациялық сауалдарды дұрыс шешу.

  5. Өз бетінше тесттер және ситуациялық сауалдарды сауатты құрау.

  6. Өз қатарласының СӨЖ – на сауатты пікір беру.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: 1 – 3 пунктердің бір пунктті және 4 – 6 пунктердің бір пунктті орындағанда ғана тапсырылды деп саналады.

6. ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ: тақырыптық жоспар бойынша 6 сабаққа дейін тапсыру.

7. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:

  • «өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.

  • «қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.

    1. ӘДЕБИЕТ:

НЕГІЗГІ:

  1. Барыкина Н.В. Сестринское дело в хирургии : учеб.пособие. – 5е изд. – Ростов н/Д: 2005г.

  2. Вязьмитина А.В. Медсестра хирургического профиля: практические навыки.- Ростов н/Д: 2002г.

  3. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии – Самара, 1998г.

  4. Кузнецова А.В., Сестринское дело в хирургии, М., 2000г.

  5. Шевченко А.А., Клинический уход за хирургическим больным, уч. пособие – М., 2008г.

  6. Евсеев М.А., Уход за больным в ирургической практике, уч. пособие – М., 2008г.

  7. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  8. Яромич И.В. Сестринское дело: учеб.пососбие.-6изд., испр.-М., 2007г.

  9. Общая хирургия В.К. Гостищев, изд. «Медицина», Москва, 1993, 1997, 2006гг.

  10. Абдрахманов М.С. Хирургия саласындағы мейірбике ісі, А., 2001ж.

ҚОСЫМША:

  1. Клипина Т.Ю. Справочник медицинской сестры: справ.изд. – М., 2006г.

  2. Мухина С.А., Тарновская И.И, Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998г.

  3. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  4. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  5. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  6. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  7. Садикова Н.Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр.- Минск, 2002г.

  8. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  9. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  10. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  11. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов -на -Дону, 2003г.

  12. Приказ № 476 МЗ РК от 11.10.1999г «Об организации инфекционного контроля за ВБИ»;

  13. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  14. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  15. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  16. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  17. Апсатаров Э.А., Алмагамбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмагамбетов Б.Р., Гусман З.К., Хирургиялык аурулар, Алматы, «Санат»,1997г.

  18. Касенов Т.С., Дурманов К.Д., Жалпы хирургия жэне анестезология, Алматы, 1992г.

  19. Касенов Т.С., Жалпы хирургия, Алматы, 1992г.

    1. жүктеу 1,47 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау