Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213


Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары



жүктеу 1,47 Mb.
бет2/18
Дата21.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#23130
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


2.7.3 Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

1 кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Хирургиялық стационардағы аурухана ішілік инфекцияның алдын алу. Десмургия. Таңғыш түрлері. Дененің әртүрлі бөліктеріне жұмсақ таңғышты таңу.

Тәжірибелік дағдыларды муляждарда, манекенде, волонтерлерде машықтану, презентация

6

2

Ингаляциялық емес наркоз. Гипотермия туралы түсінік. Табиғи гипотония. Жергілікті анестезия. Жергілікті анестезияның түрлері. (қабылдауыштық, өткізгіштік, түбіршектік), енгізу әдісі мен тәсілдері. Жалпы және жергілікті наркоздың асқынулары кезіндегі мейірбикелік көмекті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляждарда машықтану, презентация, дискуссия

6

3

Донорлық. Мейірбикенің құжаттарды толтырылуы.Қан кету синдромы бар науқастарды операцияға дайындау принциптері ( су – электролит баллансының, қышқыл–сілтілі тепе–тендіктің бұзылуын, қансыраудың қабынуын коррекциялау). Операциядан кейінгі кезеңнің ерекшелігі.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляждарда машықтану, мейірбикелік сырқатнама қорғау

6

4

Қаналмастырғылар. Химиялық құрамы бойынша жіктеу және олардың тағайындалуы. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі сынамалар. Қаналмастырғыларды құю кезіндегі қабынулар, олардың алдын–алу және емдеу. Тері және тері асты тін қабатының іріңді қабыну ауруларының алдын алу. Науқастардың күтімі.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляждарда машықтану, науқастың төсегі қасында жұмыс жасау, дискуссия

6

5

Сүйек және буынның ірінді инфекциясы бар науқастарды күту ерекшеліктері. Аурудың алдын алу.

Мейірбикелік сырқатнама қорғау, презентация

5

6

Аралық бақылау.

Тесттер, ситуациялық есептерді шешу

1

Барлығы: 30 сағат

2 кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Хирургиядағы емдеу мен диагностиканың қазіргі әдістері. Реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Мейірбикелік диагноз қою (пациенттің потенциалы және басқа да мәселелерін анықтау). Мейірбикелік араласу жоспарын іске асуы. Мейірбикелік араласуды бағалау (шаралар жоспарын коррекциялау және алған қойған мақсатына жету дәрежесінің айқындалуы).

Мейірбикелік сырқатнама жазу, қорғау, презентация, науқас төсегі қасында жұмыс жасау

6

2

Жіті тыныстық және жүрек – қантамырлық жеткіліксіздік синдромы. Емі мен диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Анаэробты инфекциямен ауыратын науқасты күту ерекшелігі. Анаэроб инфекциясының алдын алу.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, науқас төсегі қасында жұмыс жасау

6

3

Нерв жүйесі, жүрек – қантамыр жүйесі, тромбоз және эмболия, тыныс алу ағзалары, асқорыту жүйесі, несептік – жыныстық жүйелердің операциядан кейінгі асқынулары. Науқастың операциядан кейінгі күтімі. Некроз, жара, гангрена, жыланкөз. Диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Мейірбикелік араласу картасын құру,

науқас төсегінің қасында жұмыс жасау



6

4

Жалпы ірінді инфекция. Сепсис. Жіктелуі. Патогенезі. Клиникалық көрінісі. Микробтардың қанға түсуінің түрлері. Емдеу принциптері (жергілікті және жалпы). Хирургиялық сепсисті науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Аяқ – қолдың зақымдануы. Диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, презентация

6

5

Травмалық шок синдромы. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Кеуде зақымдануында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар. (гемоторакс, пневмоторакс). Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік

дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, науқас төсегін қасында жұмыс жасау



5

6

Аралық бақылау.

Тесттер, ситуациялық есептерді шешу

1

Барлығы: 30 сағат

3 кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Іштің зақымдануында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. «Іштеспесі» синдромының саралау диагностикасы. Түйнек синдромы. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляжда машықтану, науқастың төсегінің қасында жұмыс жасау реферат


6

2

Жіті аппендицит. Балаларда, жүкті әйелдерде, егде жастағылардағы жіті аппендицит ағымының ерекшеліктері. Госпитальға дейінгі кезең тактикасы. Операция алдындағы дайындық принциптері. Операциядан кейінгі кезеңді жүргізу. Ұзақ қысылу синдромы. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, науқас төсегі қасында жұмыс жасау


6

3

Электрожарақат. Электр тоғымен жарақаттанудың жіктелуі. Жарақаттанған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсету. Электр тоғымен жарақаттанғандарға күтім жасау ерекшелігі. Балалар мен үлкен науқастар.

Тәжірибелік дағдыларды фантомдарда, муляжда машықтану, реферат

6

4

Паразитті аурулар. Паразиттік аурулардың лабораториялық аспаптық диагностикасы. Хирургиялық практикадағы паразиттік ауруларда мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Кома. Диагностика және емдеу принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда,муляжда машықтану, презентация

6

5

Пластикалық хирургия. Тіндік пластика түрлері, реплантация, имплантация. Сүйек тіндерін, жүйкені, тамырларды, сіңір, бұлшықет және терінің пластикалық түрлерін үйрену әдістері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Операция бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмыс істеу ерекшелігі.

Тәжірибелік дағдыларды фантомда, муляжда машықтану, реферат, презентация

5

6

Аралық бақылау.

Тесттер, ситуациялық есептерді шешу

1

Барлығы: 30 сағат

Жалпы: 90 сағат


2.8. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

  • Дәрістер: шолу – иллюстративті, өзекті.

  • Практикалық сабақтар: мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау; науқас төсегіндегі жұмыстар, муляж, манекен және де басқа күту құралдарымен жұмыс істеу; ауызша сұрау, ситуациялық тапсырмаларды шешу; шағын топтарда жұмыс істеу; жағдайды бейнелеу.

  • Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): қайта тапсыру түрінде практикалық сабақ кезінде манекенмен, муляжбен жұмыс жасау арқылы өткен тақырыптарды тереңдете оқыту, науқас төсегіндегі жұмыс, презентация және реферат дайындау, дискуссия, мейірбикелік араласу картасын құру және науқасты қарау, медициналық құжатнаманы толтыру, жеке және топтық тапсырмаларды орындау шешімін талқылау, туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан консультация алу, аралық бақылау жүргізу.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің қосымша және электронды әдебиеттермен жұмыс жасауы, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау, ситуациялық тапсырмаларды дайындау және шешу.

2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері: әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, ОЖСӨЗ, СӨЖ) бағалау ережелері. Студенттердің білімі мен машықтарын 100-балдық шкала бойынша жүргізіледі. Бұйрық №152, 09.09.2011 ж.
Ағымдық бақылау: ауызша, және жазбаша сұрау, тестілеу, ситуациялық есептер шешу, шағын топта жұмыс жасау кезінде жеке және топтық бағалау .

Аралық бақылау: тестілеу, ситуациялық есеп шешу.

Қорытынды бақылау: тестілеу және оқу – клиникалық симуляциялық орталықта ОҚКЕ тапсыру түрінде өткізіледі.

Емтиханға пәннің бағдарламасын толық игерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер ғана жіберіледі.



Қолданылатын құрал жабдықтар: мультимедиялық проектор, ноудбук, 3d теледидар.

2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000

  2. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 1998. – 360 с.

  3. Шевченко А.А. Клинический уход за хирургической практике: учебное пособие.- М., 2008. – 412 с. Евсеев М., 2008. – 192 с.

  4. Евсеев М.А. Уход за больными в хирургической практике:учебное пособие. – М., 2008. – 192

  5. Левитэ Е.М. Введение в анестезиологию – реаниматологию: учебно пособие/под ред. И.Г. Бобринской. – М., 2007. – 256 с.

  6. Галкин Р.А. Сестринское дело в хирургии.- Самара, 2011. – 511 с.

Қосымша:

1. Апсаттаров Э.А., Алмағанбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмағанбетов Б.Р., Гусман З.К. Хирургиялық аурулар. Алматы. «Санат». 1997, 336 бет.

2. Қасенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хирургия және анестезиология, Алматы, 1992.

3. Қасенов Т.С. Жалпы хирургия., Алматы 1992.

4. Турланов, С.А. Калкабаева Жедел медициналық жәрдем Алматы қ., 2011 ж. 330-бет

5. С.А. Калкабаева Бірінші медициналық көмек. Шымкент, 2008 ж. 230-бет.

6. Дурманов К.Д. Жалпы хирургия және анестезиология, Алматы, 2010.


2.11 Қосымша:

1 Үлгі


2013 – 2017 жылдардың «Реквизитке дейінгі, реквизиттен кейінгі және

бір – бірімен шектес пәндермен білім берудің келісу хаттамасы»


Келісілетін пәндер

Материальдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

1

2

3

Пререквизиттер:

1. Мейірбике ісінің негіздері



Сабақ өту барысында этика деонтология негіздеріне көңіл бөлу, ауыр науқастарды күту және бақылау. Дәрігерге дейінгі жедел жәрдем және реанимация шараларын орындау.

Хаттама №__________

____ ________2013 ж.





2. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі

Ішкі аурулардың симптомдарын, синдромдарын, клиникасын тереңдете оқыту және тәжірибелік дағдыларды меңгеруіне ықпал ету.


Хаттама №__________

____ ________2013 ж.




3. Клиникалық фармакология

Негізгі дәрілік заттардың әсер ету механизмі, фармакодинамикасы және фармакокинетикасы. Патологиялық жағдайларда дәрілік заттарды рецептке жаза білу. Дәрілік заттармен емдеуде олардың кері әсерлері мен асқынулары және олардың алдын-алу.

Хаттама №__________

____ ________2013 ж.





4.Медициналық психология.

Медициналық психология негіздерінің теориясын тереңдете оқыту, науқастармен және олардың туыстарымен қарым – қатынас жасау бойынша практикалық дағдыларды меңгеру.

Хаттама №__________

____ ________2013 ж.




5. Микробиология

Патогенді және патогенді емес микроағзалардың қасиеттерін тереңдетіп, кеңейтіп оқыту.

Хаттама №__________

____ ________2013 ж.




Постреквизиттер:

1. Мейірбике ісіндегі менеджмент пен әкімшілік процесс



Денсаулық серпімділігі мен жағдайын бағалау үшін санитарлық статистика сұрақтары. Тұрғындарға емдеу сауықтыру көмекті ұйымдастыру.

Хаттама №__________

____ ________2013 ж.




2. ЕПҰ-дағы инфекциялы бақылау

Инфекционды және инфекционды емес аурулардың негізгі эпидемиологиялық диагностикасын анықтауды студенттерге үйрете білу.

Хаттама №__________

____ ________2013 ж.





3. Төтенше медицина курсы мен жедел және шұғыл медициналық көмек.

Төтенше медицина және жедел шұғыл медициналық көмек көрсетуде медбикелік процессті жоспарлауды және оны жүзеге асыруда білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

Хаттама №__________

____ ________2013 ж.





Клиникалық фармакология кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д.,профессор Н.Ж. Орманов

Терапия бакалавриат

кафедра меңгерушісі,м.ғ.к.,доцент Э.Қ. Бекмурзаева

Неврология, психиатрия и психология

кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Г.А. Дущанова

Биохимия және микробиология кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к., доцент М.М.Есиркепов

Жұқпалы аурулар кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Г.Н. Абуова

Жедел және шұғыл медициналық көмек экстрималды

медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Н.В. Югай

№1 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., профессор М.А. Бөлешов

Мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.к., доцент А.Ә.Әлдешев

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН



СИЛЛАБУС

Пән: «Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі»

Пән коды: HRMI 3213

Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі негіздері»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 135 с (3 кредит)

Курсы: 3

Оқу семестрі: 6

Шымкент, 2013 ж.


«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінің cиллабусы «Мейірбике ісі» - 051101 мамандығы бойынша оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Силлабус кафедра мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі _____________ м.ғ.к, доцент А.Ә. Әлдешев


Хаттама № ____ «____» ______2013 ж.

1.7 ОҚЫТУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ



Тізімі

Дәрежесі және қызметі

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы

Жетістіктері

1

Алмас

Әлдешұлы Әлдешев



м.ғ.к., доцент,

кафедра менгерушісі



Іріңді ­ септикалық аурулармен ауыратын науқастардағы қиын жағдайлар кезінде қарқынды терапияның мәселелері бойынша медицина ғылымының докторы лауазымына диссертациялық жұмыс жүргізуде.

Бес оқу құралының және әдістемелік нұсқаудың жазушысы (авторы). 1988 ж «СССР Денсаулық Сақтау Жүйесінің Озаты» белгімен, 1998 ж ҚР Денсаулық Сақтау Комитетінің қалаулы мадақтамасымен, сонымен қатар 2011 ж денсаулық сақтау үздігі танылды.

2

Лаззат Оспанқызы

Алданазарова




Кафедра ассистенті



1 – ғылыми мақала жазған.

3

Ибрагимова Ұлпан Бахтияровна


Кафедра ассистенті



2 - ғылыми мақала жазған.

4

Майя Абайқызы

Искакова


Кафедра ассистенті

«Мейірбике ісі негіздері» бойынша қазақ тіліндегі бір оқу құралының жазушысы.

4 - ғылыми мақала жазған.

5

Гульзира

Раймкұлқы

зы

Джураева



Кафедра оқытушысы




2 - ғылыми мақала жазған.

6

Турабек


Өткірұлы Турсунов

Кафедра ассистенті



3 – ғылыми мақала жазған.


1.8 БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Кафедраның мекен – жайы: 1 мамыр көшесі, Травматологиялық бөлімше №1, бас ғимараты, 2 қабат. Электрондық пошта sestrinskoe_delo@mail.ru Телефон: 408222, 23-01.

1.9 ПӘННІҢ САЯСАТЫ

«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнін оқытуда кафедра: жоғары білікті мамандарды дайындауда сапалы білім беру үшін жағдай жасауға, білім беру қызметінің сапасын жоғарылатуда қызметкерлердің барлығын қатыстыруға; студенттерді шығармашылық белсенділікке тартуға; білім алу үшін қажетті жағдайды жасауға, білім беру процессіне инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған.



Ішкі тәртіп ережелері.

Пәнді өту кезінде студент:



  • медициналық халат, қалпақ, хирургиялық форма, маска, алмастыратын аяқ киім және санитарлық кітапша (ОҚМФА медициналық пунктте санитарлық кітапшаны алу жайлы кеңесіңіз) алып келуі керек;

  • оқу бағдарламасына сәйкес барлық тапсырмаларды уақтылы орындау және сабаққа қатысуы қажет;

  • СҒЗЖ қатысу және басылымға материалдар жинауы қажет;

  • конференцияларда баяндамамен белсенді қатысуы қажет;

  • академия иелігіндегі заттарын ұқыптылық пен және абайлықпен қолдануы (оқу құралдары, кітаптар, жиһаз, приборлар) қажет, академия иелігіндегі заттарға зиян келтірген студенттер материалдық жауапкершілікке тартылады;

  • академияда, клиникаларда тәртіпті және таза жүруі қажет;

  • оқытушы аудиторияға кіргенде студенттер орнынан тұрып амандасуы қажет. Оқытушы аудиторияға кіргенде кешіккен студенттер үзіліске дейін аудиторияға кірмейді;

  • белгілі себепке байланысты сабаққа келмеген студент келесі күннен кешіктірмей старостаға немесе деканатқа хабарлауы қажет. Егер студент бірден 2 сабақ қалып қойса,кафедра меңгерушісінің рұқсатынсыз, ал 3 сабақты жіберсе, деканаттың рұқсатынсыз келесі сабаққа жіберілмейді; студент сабаққа 10 минуттан астам уақыт кешіксе сабаққа қатысуына рұқсат берілмейді және педагогикалық журналға «болған жоқ» деп тіркеледі;

  • себепсіз қалған сабақтарын өтегеннен кейін шыққан баллды 0,9 коэффициентіне көбейтіледі.

  • студенттердің білімі мен машықтарын 100-балдық шкала бойынша жүргізіледі. Бұйрық №152, 09.09.2011 ж.;

  • студенттердің қатысуы мен бағалануы СӨЖ-дің міндетті түрде барлық тақырыптары бойынша жүргізіледі;

  • СӨЖ-дің орындалу формалары: индивидуальді, жұптасқан, топтық.

жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау