Антенна фидерлі құрылғы
Антенналарды беруші және қабылдаушы деп бөлуте болады. Бірақ, түрлер арасында ешқандай принципиалды айырмашылығы жоқ.
Антенді құрылғының құрамына антеннаның өзінен басқа тағы да фидерлі сызық та көрінеді. Ол қабылдағыш антенна мен беруші антеннаның арасындағы бөгеуліктерді азайту мақсатында қолданылады. Дұрыс эффект үшін фидерлерге антенналық қасиеттер, яғни қабылдау және беру тән болмауы керек.
Антенналар деп таратушы станцияларда радитолқындарды шығаруға, ал ұабылдаушы станцияларда радиотолқындарды қабылдауға қолданылатын жүйені атаймыз. Басқаша айтқанда антенналар жоғарғы жиілікті ток энергиясын радиотолқындар энергиясына және сондай-ақ, қарама-қарсы процесті жүзеге асыруға қолданылады.
Қысқа толкындарға арналған кейбір антенна түрлерін қарастырайық. Олар кабылдағыш ретінде де, беруші антенна ретінде қолданылады.
Қозғалғыш және орын ауыстырғыш станциялар аз қашықтықтарда жүмыс істеу үшін штырьлі антенналарды қолданады. Ол радиостанцияның өзінде орналаскан бірнеше бөліктерден тұратын біліктен құрастырылған.
Беруші қашықтығын арттыру мақсатында біліктің жоғарғы шетіне жұлдызша немесе метелка бекітіледі. Ол антеннаның сыйымдылығын және ондағы токтың бағытын өзгертеді. Антеннаның жоғарында жұлдызша болмаса, онда өзекшенің жоғарындағы ток түйіні ( 1=0 ) болады. Ал егер жұлдызша болса, онда түйін жұлдызшаның шетіне жылжиды, яғни штырьдің аяғындағы ток пен сәуле шығару нольге тең болады.
Штырьлі антеннаның бір қолайсыздығы оның корпусының темірден жасалуында, яғни ол өте ауыр болып табылады. Көшпелі радиостанцияларда қолданылатын аз қуатты бұл антенна бір түзу бойында тартылған екі сымнан түрады. Төмен орналасқан диполь антенналары сәулелер тартылған ортада ең жақсы шығаруды және ең жақсы қабылдауды, ал сәулелерге перпендикуляр ортада ең жаман шығаруды және қабылдауды жүзеге асырады.
Егер диполь изоляцияланған сымдардан жасалса, онда аз қашықтықтағы алмасуларды жерде орналастырылған сымдар арқылы жүзеге асыруға болады. Беру кашықтығын арттыру үшін «диполь» типті антеннаны вертикальді етіп көтереді. Бүл жағдай үшін дипольді жерден биік қашықтыққа орналастырады және бірнеше вибраторы бар антаннаны қолданады. Вибратор ұзындығы Л-дың сым диаметріне қатынасы арқылы анықталады. Мысалы, JI d=400, онда 1=0.47Л, ал, JI d=1000 болса, онда вибратордың толқын ұзындығы 0,485Л-ға тең болуы керек.
Антенна кез-келген радиоқабылдағыш және радиотаратқыш құрылғының басты, әрі қажетті элементі болып табылады. Радиотаратқыш антенна (таратқыш антенна) жоғарғы жиілікті токты энергия бөліп шығаратын электромагниттік толқындарға ауыстыру үшін арналған. Радиоқабылдағыш антенна (қабылдағыш антенна) қабылданған электромагниттік толқындарды жоғарғы жиілікті энергия тоғына ауыстыру үшін арналған. Процестер сипаттамасы қабылдағыш және таратқыш антеннаның принциптік мүмкіншілігі тек бір ғана антенаны қолдануда емес, сонымен қатар оның негізгі параметрлерін таратуда және қабылдауда да сақталады. Бұл жоғарғы практикалық көрсеткішке ие. Сонымен байланысқа арналығын көптеген қозғалысты радиостанцияларда қабылдағыш және таратқыш тек бір ғана жалпы антеннасы болады.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз
Антенна деген не?
Антеннаның қандай түрлері бар?
Қазақстанда ұандай антенналар қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |