Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2015.09.09 № 3/539 ҚАУЛЫСЫНА 4-ҚОСЫМША
Дата: 06.02.2017 16:34:53
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
4-қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.31.08. № 3/420 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.31.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
4) қызмет беруші;
5) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру, онда мыналар қамтылады:
1) жұмысқа орналасуға жолдама;
2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдама;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
5) жастар іс-тәжірибесіне жолдама;
6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.
4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойыншарәсімнің басталуы үшін негіздеме Стандарттың 9 тармағында қарастырылған қызмет берушінің қызмет алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды алу немесе қызмет алушының электрондық сұрауы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
12) көрсетілетін қызметті беруші маманның құжатты қабылдауы;
13) көрсетілетін қызмет беруші маманның, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісімін алуы;
3) сұрау салуды жолдау және мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметінің» шлюзі арқылы алу;
4) қызметті беруші маманның мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
5) көрсетілетін қызметті беруші маман;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) сабақтастығының сипаттамасы:
3) көрсетілетін қызмет алушы қажетті құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін көрсетілетін қызметті беруші маманына береді;
2) көрсетілетін қызметті беруші маманы мемлекеттік ақпараттық жүйесіне «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы сұраныстыжолдайды;
3) көрсетілетін қызметті беруші маман ақпаратты электрондық құжат түрде алады және құжаттың түпнұсқасымен салыстырып, одан әрі түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
4) қызмет алушының жұмыссыз ретінде тіркелгендігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші маманы көрсетілетін қызметті алушыға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама жазып береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдамаға қол қояды;
6) көрсетілетін қызметті беруші маман дайын жолдаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - www.mzsr.gov.kz интернет - ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналасқан.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап - 30 минут;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
4. Портал арқылы өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
11. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦП-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш толтырылады.
Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталда электрондық сауалды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
12. Жұмыс порталының кестесі - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді санамағанда, (қызмет алушыға жұмыс күні аяқталған кезде өтініш берген жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінде өтініштердің қорытындысын қабылдау және беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
13. Өтініш тәртібінің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімінің (іс-қимыл) сабақтастығының сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2 үдеріс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 үдеріс - Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу), нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу;
6) 4 үдеріс - электрондық үкіметтің төлем шлюзінде қызметтердің ақысын төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;
7) 2 шарт - қызмет көрсеткені үшін ақы төлегені туралы фактіні порталда тексеру;
8) 5 үдеріс - қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 6 үдеріс көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3 шарт - порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);
13) 9 үдеріс - «порталда» электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;
14) 4 шарт - автоматтандырылған жүйеде көрсетілетін қызметті алушыны жұмыссыз ретінде енгізу;
15) 10 үдеріс - порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
16) 11 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталда - 1 (бір) жұмыс күні.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) сабақтастығының сипаттамасы, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және немесе Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында толық көрсетілген.
«Адамдарға жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді
нысандарына қатысуға
жолдамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |