38.
Өзге
міндеттемелер
(жалғасы)
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың аясында Топ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар-
ды жасасқанға дейін мемлекеттің келісімшарттық аумақтарды геологиялық зерттеуге және уран кен орындарын барлауға
жұмсалған жиынтық шығындарын өтеуге жауапты. Жаңа cалық заңнамасының талаптарына сәйкес тарихи шығындар уранды
коммерциялық түрде өндіру күнінен басталатын 10 жылдық кезең аяқталғанға дейін тең тоқсан сайынғы төлеммен өтеуге жа-
тады. Тарихи шығындар бойынша міндеттемелер АҚШ долларымен номиналданған тарихи шығындар үшін 3.3%, және теңгеде
номиналданғандар үшін 7% мөлшерлемесі бойынша дисконтталған болжамды келешек төлемдер сомасында көрсетіледі.
39.
Шартты және келісімшарттық міндеттемелер
Сот қараулары
Топтың әдеттегі қызметінің барысында қуыным талаптары түсулері мүмкін. Басшылық өз бағалауына сүйене отырып, олар
қандай да бір елеулі шығындарға әкелмейді деп санайды.
Салық салу
Қазақстан Республикасындағы салық ережелері өзгеру мен тиянақсыз қолдануға және өзінше пайымдауға шалдыққыш. Атап
айтқанда, жер қойнауын пайдалануға арналған ағымдағы келісімшарттарда 2009 жылдың 1
қаңтарынан бастап салықтық
тұрақтылық жоқ, және де салық міндеттемелері жалпы қалыпта есептелініп, Топтың позициясын қоса, жер қойнауын пай-
даланушылардың салық позицияларын жағымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін есепте. Қазақстандық заңдар мен ережелерді
Топ және қазақстандық уәкілетті органдарының өзіндік пайымдауындағы алшақтық қосымша салықтарды, айыппұлдар мен
өсімпұлдарды есептеуге әкелуі мүмкін.
Қазақстандық заңнама және салық салу тәжірибесі үздіксіз даму жағдайында тұр, сондықтан ол кері күші болуы мүмкін әртүрлі
түсіндірулерге және жиі өзгерістерге ұшырайды. Кейбір жағдайларда салық салынатын базаны
анықтау мақсатында салық
заңнамасы ХҚЕС ережелеріне сілтеме жасайды, бұл ретте қазақстандық салық органдарының ХҚЕС-тің тиісті ережелерін түсінуі
осы қаржылық есептілікті дайындаған кезде басшылық қолданған саясаттардан, ой-пікірлерден және бағалаулардан айрық-
шалануы мүмкін, бұл Топтың қосымша салықтық міндеттемелерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Салық органдары салықтық
жыл аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде ретроспективті тексеру жүргізе алады. Топ басшылығы тиісті заңнаманы түсіндіруге
қолайлы болып саналады және Топтың салықтық позициясы негізделеді деп санайды. Төменде осы ескертпеде салықтық даулар
мен жинақтар туралы толық ақпарат келтірілген. Топ басшылығының пікірі бойынша, Топ осы шоғырландырылған қаржылық
есептіліктегі Қорлардан асып түсетін ағымдағы және ықтимал салықтық талаптарға қатысты елеулі шығындарға ұшырамайды.
(а) Трансфертті баға құру
Трансферттік баға белгілеу туралы заңға сәйкес халықаралық операциялар мемлекеттік бақылауға жатады. Бұл заң қа-
зақстандық компанияларға, егер қажет болса, баға мен дифференциалды растайтын құжаттаманың бар екендігін қоса,
халықаралық мәмілелерде пайдаланылатын бағаларды есептеудің экономикалық негіздемесін және әдісін қамтамасыз етуді
талап етеді. Бұдан басқа, оффшорлық елдерде тіркелген компаниялармен халықаралық операцияларға дифференциалды
қолдану мүмкін емес. Егер мәміле бағасы
нарықтық бағадан ауытқып кетсе, салық органдары салық салу объектілерін түзе-
туге және қосымша салықтар, айыппұлдар мен өсімпұлдар салу құқығына ие. Салық органдары Топтың трансферттік баға-
сының құралу саясатына келіспеуі мүмкін тәуекелдеріне қарамастан, егер салық органдары Топтың трансферттік бағасының
құралу саясатына келіспеген жағдайда, онда ол өзінің позициясын негіздеуге және экспорттық бағалардың қалыптасуын
растайтын қажетті барлық құжаттаманы ұсына алады деп басшылық есептейді. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Топ өз
бетінше табыс салығына нарықтық бағаға дейін қоса есептеу жүргізіп отыр. 2018 жыл ішіндегі қоса есептеу сомасы 191 мил-
лион теңге құрады (2017 ж.: 509 миллион теңге) (Ескертпе 18).
(б) Топ кәсіпорындарының кешенді салық тексерістері
2014 жылы салық органдары 2009-2012 жылдарға Топтың Қауымдастырылған кәсіпорны «KATKO» ЖШС БК-ның кешенді са-
лықтық тексеруін аяқтады. Салықтық органдармен салықтық тексеру қорытындысы бойынша 2017-2018 жылдары «KATKO» ЖШС
234 | Жылдық есеп. 2018
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
БК-мен шағымдалған қосымша есептілікке алынған салықтар, өсімақылар мен айыппұлдарды талап етті. «КАТКО» БК» ЖШС са-
лықтық есептеулердің белгілі бір сомасын төледі. 2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша 1,960 миллион теңге сомасына қосымша
есептеулер тәуекелі бар. Басшылық заңнамадағы және жер қойнауын пайдалану шартындағы күтілетін өзгерістерге байланы-
сты бұл сома төлеуге жатпайды деп есептейді. Тиісінше, бұл қосымша есептеу Топтың қаржылық есептілігінде көрсетілмеген.
Сақтандыру
Қазақстандағы сақтандыру қызметін көрсететін нарық қалыптасу сатысында тұр және басқа елдерде таралған сақтанды-
рудың көптеген түрлері әлі қолжетімді емес. Компанияның
өз өндіріс ғимараттарына, өндірістің тоқтатылуымен болған
шығындарға, немесе апаттың немесе Компания қызметінің нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектілеріне, немесе
қоршаған ортаға келтірілген зиянға байланысты үшінші тараптардың алдында туындаған міндеттемелерге қатысты толық
сақтандыру арқылы қорғауы жоқ.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелер
Есептік кезеңдегі жағдай бойынша басшылық БН-350 реакторын (УПН қондырғысын қоса) және Үлбі металлургиялық зауы-
тының өндірістік кешенін қалпына келтіру және демонтаждауды қаржыландыру бойынша заңгерлік немесе конструктивті
міндеттемелері жоқ (Ескертпе 4).
Кепілдіктер
Гарантии представляют собой безотзывные обязательства Группы по осуществлению платежей в
случае невыполнения другой
стороной своих обязательств. Максимальный кредитный риск по финансовым гарантиям, предоставленным некоторым свя-
занным сторонам, составил по состоянию на 31 декабря 2018 жыла 13,935 миллионов теңге (2017 ж.: 14,732 миллионов теңге).
Соблюдение условий кредитных договоров
Кепілдіктер Топтың басқа тарап өз міндеттерін орындамаған жағдайдағы төлемдерді жүзеге асыру бойынша қайтарылмай-
тын міндеттемелерді білдіреді . Кейбір байланысты тараптарға ұсынылған қаржы кепілдіктері бойынша ең жоғарғы кредит-
тік тәуекел 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 13,935 миллион теңге құрады (2017 ж.: 14,732 миллион теңге).
Несие шарттарының талаптарын сақтау
Топ көбінесе несиелер және қарыздармен байланысты белгілі талаптарды орындауы тиіс (Ескертпе 35).
Осы талаптарды
орындамау Топ үшін қарыз қаражаттар құнының артуын қоса, жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. 2018 жылғы 31 желтоқ-
сандағы және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ жоғарыда көрсетілген міндетті шарттардың барлығын
орындауда.
Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар бойынша міндеттемелер
Топтың 2018 жылға арналған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарының талаптарына сәйкес
30,948 миллион теңге сомада (2017 ж.: 4,927 миллион теңге) барынша аз жұмыс бағдарламаларын орындауға қатысты күрделі
шығындар бойынша міндеттемелері бар.
40.
Бақыламайтын үлес
Төменгі кестеде 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ үшін маңызды болып табылатын бақыламайтын үлесі
бар еншілес кәсіпорындар туралы ақпарат ұсынылып отыр:
Еншілес кәсіпорынның атауы
Тіркеу орны және қыз-
меттің негізгі орны
Бақыла майтын
үлестің пайызы
Бақыла майтын үлеске
тиесілі пайда немесе
шығын
Еншілес кәсіпорындағы
жинақталған бақыла-
майтын үлес
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ
Қазақстан
9.82%
30
6,399
«Аппақ» ЖШС
Қазақстан
35%
1,533
8,031
«Инкай» БК» ЖШС
Қазақстан
65%
7,457
84,133
«Байкен-U» ЖШС
Қазақстан
47.5%
-
33,298
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ |
235