Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет98/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113

36. 
Резервтер 
(жалғасы)
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған резерв
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасына сәйкес Топ радиоактивиі қалдықтарды жоюы 
және ластанған негізгі құралдарды пайдаланудан шығаруы тиіс. 
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бағалау міндеттемелерінің дисконтталмаған сомасы 48,988 миллион теңге 
(2017 ж.: 64,826 миллион теңге) құрады. Табиғатты қорғау іс-шаралары бойынша шығыстардың елеулі бөлігі 2068-2073 жж. 
келеді. 
Міндеттемелердің ұзақмерзімді сипатын ескере отырып, шығындардың іс жүзіндегі құнына қатысты белгісіздік бар. Ре-
зерв келтірілген құн бойынша, келешектегі ақша жылыстауы мұндай міндеттемеге тән тәуекелдерді көрсететін болған-
дықтан,тәуекелсіз мөлшерлеме болып табылатын 2018 ж. 7.45% дисконттау мөлшерлемесін пайдаланумен (2017 ж.: 9.06%) 
және 2018 ж. 5.3% инфляция мөлшерлемесін (2017 ж.: 5.4%) пайдаланумен мойындалды.Қоршаған ортаны қорғауға резерв 
сомасын анықтаған кезде Топ басшылығы 2000-2017 жж. жүргізілген осыған ұқсас сипаттағы пайдаланудан шығару және 
тазарту жұмыстарын жүргізу тәжірибесіне негізделген жорамалдар мен бағалаулады пайдаланды. Есептеу жорамалдары мен 
бағалауларды Топтың инженерлері, сонымен қатар кәсіби консультанттар қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың 
ең жақсы интерпретациясының негізінде ұсынды.
Кен орнын қайта қалпына келтіруге арналған резерв
Топ өзінің әр жер телімінде орналасқан кен орнын қайта қалпына келтіру бойынша шығындарды бағалады. Болжам бойын-
ша, тарату іс-шаралары бойынша шығындардың жалпы дисконтталмаған сомасы 2018 жылы 87,572 миллион теңге (2017 ж.: 
40,939 миллион теңге). Кен орындарын қайта қалпына келтіруге арналған резервтің сомасы шегеретін шығыстар бойынша 
ағымдағы бағаларын (есептіліктік күндегі бағаларын) пайдаланып және міндеттеме өтеу күніне дейін уақыт кезеңіндегі 
инфляцияның болжамды мөлшерлемесін (2019-2038 жж. кезеңі үшін 5.13%) пайдалана отырып айқындалған. Міндеттеменің 
ағымдағы құнын айқындау мақсатында пайдаланған дисконттық мөлшерлеме 2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша жылына 
7.45 % (2017 ж.: жылына 9.06%), бұл тәуекелсіз болып келеді, себебі келешектегі ақшалай қаражаттардың жылыстауы осындай 
міндеттемеге тән тәуекелдерді қамтып көрсетеді. 
Міндеттеменің ұзақмерзімді сипатын есептілікке алғанда, әр кен орнын қайта қалпына келтіру кезеңдегі шығындардың 
нақты құнына байланысты белгісіздік орын алады (Ескертпе 4). Бағалаудағы өзгерістер қайтадан бұрғылаған ұңғымаларды
құм тұндырғыштарды және өзге де алдағы жойылуға тиіс объектерді есептілікке алып полигон объектелірін жою құнын әр 
жыл сайын қайта есептеу салдарынан туындайды. 
Топ жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес кен орындарын қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды 
қаржыландыруға арнайы ұзақмерзімді депозиттік шотқа ақшалай қаражат аударады. 
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша арнайы ұзақмерзімді шоттағы жиналған аударымы 15,667 миллион теңге 
құрады (2017 ж.: 8,903 миллион теңге).
Төменде міндеттемелердің баланстық құнын есептеуге негіз болған негізгі болжаулар берілген:
•  Топтың қазіргі уақытта барлау сатысында тұрған кен орындарында игеру мен өндіруді жалғастыру ықтималдығы жоғары. 
Топ өзінің ұзақмерзімдік стратегиялық жоспарының бір бөлігі ретінде уран кен орындарының санын арттыру туралы 
жоспарларын көпшілікке жария етті. Стратегиялық жоспарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен. Бұл фактілер 
Топтың өндіру мен барлауға арналған барлық келісімшарттары бойынша кен орындарды қалпына келтіру жөніндегі кон-
структивтік міндеттемелердің туындауына әкеліп соғады;
•  ақшалай қаражаттардың жылыстауы болатын болжалды кезеңді есептеу кен орындар қызметінің мерзіміне негізделеді. 
Шығыстардың едәуір бөлігі 2019-2034 жылдары, яғни кен орындарының қызмет көрсету мерзімінің соңы деп күтілуде; 
және 
•  инфляцияның болжамды деңгейі – 2018 ж. жылына 5.30% (2017 ж.: 5.40%). 
232 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


37. 
Кредиторлық берешек
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018 ж.
2017 ж.
Сауда кредиторлық берешек
777
573
Ұзақмерзімдік қаржылық кредиторлық берешек жиыны 
777
573
Өзге кредиторлық берешек 
-
9
Өзге кредиторлық берешек жиыны 
-
9
ҰЗАҚМЕРЗІМДІК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЖИЫНЫ 
777
582
Сауда кредиторлық берешек 
30,525
24,979
Байланысты тараптарға сауда кредиторлық берешек 
19,165
83,712
Қысқамерзімдік қаржылық кредиторлық берешек жиыны
49,690
108,691
Өзге кредиторлық берешек
1,844
3,951
Өзге кредиторлық берешек жиыны 
1,844
3,951
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІК КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЖИЫНЫ
51,534
112,642
Топтың валюта тәуекелі және сауда және өзге де кредиторлық қарыздың өтелімділігіне қатысты ақпараты 42 ескертуде 
ашылып көрсетілген.
38. 
Өзге міндеттемелер 
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018 ж.
2017 ж.
Ұзақмерзімді
Алынған аванстар 
3,260
3,261
Тарихи шығындар бойынша міндеттемелер 
1,442
1,749
Келешек кезеңдердің табыстары 
738
856
Артықшылық берілген акцияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелер 
265
265
Шығарылған қаржылық сақтандыру кепілдер
89
96
Байланысты тараптардан алынған аванстар 
17
1,450
Өзге міндеттемелер
14
34
ӨЗГЕ ҰЗАҚМЕРЗІМДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНЫ
5,825
7,711
Қысқамерзімді
Бірлескен операциялар бойынша міндеттемелер
16,995
-
Қолданылмаған демалыстар мен сыйақылар бойынша есептелген міндеттемелер 
5,416
4,460
Алынған аванстар 
2,253
2,120
Еңбекақы бойынша берешек 
1,990
2,620
Тарихи шығындар бойынша міндеттемелер 
1,423
818
Әлеуметтік салымдар
824
963
Шығарылған қаржылық сақтандыру кепілдер
422
48
Өзге қатысушыларға төлеуге дивидендтер 
244
253
Келешек кезеңдердің табыстары 
142
102
Байланысты тараптардан алынған аванстар 
28
2,654
Өзге міндеттемелер 
582
311
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ӨЗГЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНЫ
30,319
14,349
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 233


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау