Нарықтық тәуекел
Топ нарықтық тәуекелдің әсер етуіне бейім. Нарықтық тәуекел – бұл нарықтық бағаның өзгерісі Топтың пайдасына немесе
оның қаржылық құралдарының құнына кері әсер ету тәуекелі. Нарықтық тәуекелдер келесілер бойынша ашық ұстанымдар-
мен байланысты: а) шетел валютасы, б) пайыздық активтер және міндеттемелер және в) нарықта жалпы және ерекше өзгері-
стердің тәуекеліне бейім үлестік құралдар. Нарықтық тәуекелді басқару мақсаты - нарықтық тәуекелге бейімділікті бақылау
және оны рұқсатты шамада ұстап қалу, сонымен бірге инвестицияның табыстылығына қол жеткізу. Басшылық қабылданатын
тәуекелге қатысты лимиттерді беркітеді және олардың тұрақты негізде сақталуын бақылайды. Алайда нарықта анағұрлым
елеулі өзгерістер болған жағдайда бұл тәсілді қолдану осы лимиттерден жоғары залалдың алдын ала алмайды.
Төменде берілген нарықтық тәуекелге сезімталдық бір фактордың өзгеруіне негізделген, қалған айнымалы сипаттама-
лардың барлығы өзгеріссіз қалып отырады. Іс жүзінде бұлай болу екіталай және бірнеше факторлардың өзгерісі– мысалы,
пайыздық мөлшерлеме мен валюта курсының өзгерісі, арақатынас орнатуы мүмкін.
Валюталық тәуекел
Топ функционалдық валютадан бөлек валютада берілген сату, сатып алу және қарыздарды тарту операцияларын жүзеге
асыра отырып, валюта тәуекеліне ұшырайды. Қарыздар валютада көрсетілген, олар валютаға сәйкес келеді, онда Топтың
қолданыстағы бөлімшелерімен ақша қаражатының ағымдары түрлендіріледі. Олай болса, негізінен туынды құралдарды
пайдаланбай экономикалық хеджерлеу әсеріне қол жеткізеді. Шетел валюталарында берілген басқа ақша активтері мен
міндеттемелеріне қатысты, Топ төлем валютасын ескере отырып, болашақ шығыстарды жоспарлау арқылы шекті шамада
тәуекелге бейім нетто-ұстанымды ұстап қалуға тырысады. Топ негізінен АҚШ долларының ауытқушылық тәуекеліне бейім.
Топтың валюталық тәуекелге бейімділігі келесі үлгіде көрсетілген:
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018 ж.
2017 ж.
АҚШ долларымен берілген
Саудалық дебиторлық берешек
72,988
46,474
Байланысты тараптарға берілген қарыздар*
13,399
20,302
Банктегі ағымдық шоттар
77,526
212,119
Талап етілгенге дейінгі салымдар
1
1,937
Мерзімдік депозиттер
151
7,586
Өзге активтер
156
АКТИВТЕР ЖИЫНЫ
164,221
288,418
Банктік және Банктік емес несиелері
(125,514)
(95,016)
Шығарылған облигациялар
(73,535)
Саудалық және өзге кредиторлық берешек
(4,072)
(14,410)
Тарихи шығыстар бойынша міндеттемелер
(2,392)
(1,125)
МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНЫ
(205,513)
(110,551)
ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЙІМДІЛІКТІҢ ТАЗА СОМАСЫ
(41,292)
177,867
* — Байланысты тараптарға берілген қарыздар теңге деноминацияланған, бірақ теңгеге қатысты АҚШ доллары бағамының өзгерісін индексациялау
туралы ережеден құралған.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша теңге курсының 14% әлсіреуі және АҚШ долларына қатысты 10% нығаюы (2017
ж.: 10%-ға әлсіреуі және 10%-ға нығаюы) төменде көрсетілген сомаларға арналған кезеңге капитал мен пайданың немесе
шығынның көлемін ұлғайтар/(азайтар) еді.
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018
2017
АҚШ доллары бағамының 14%-ға ұлғаюы (2017 ж.:10%)
(4,625)
14,230
АҚШ доллары бағамының 10%-ға азаюы (2017 ж.:10%)
3,303
(14,230)
42.
Қаржы тәуекелдерін басқару
(жалғасы)
244 | Жылдық есеп. 2018
Шоғырландырылған қаржылық есептілік