Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет104/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113

Нарықтық тәуекел
Топ нарықтық тәуекелдің әсер етуіне бейім. Нарықтық тәуекел – бұл нарықтық бағаның өзгерісі Топтың пайдасына немесе 
оның қаржылық құралдарының құнына кері әсер ету тәуекелі. Нарықтық тәуекелдер келесілер бойынша ашық ұстанымдар-
мен байланысты: а) шетел валютасы, б) пайыздық активтер және міндеттемелер және в) нарықта жалпы және ерекше өзгері-
стердің тәуекеліне бейім үлестік құралдар. Нарықтық тәуекелді басқару мақсаты - нарықтық тәуекелге бейімділікті бақылау 
және оны рұқсатты шамада ұстап қалу, сонымен бірге инвестицияның табыстылығына қол жеткізу. Басшылық қабылданатын 
тәуекелге қатысты лимиттерді беркітеді және олардың тұрақты негізде сақталуын бақылайды. Алайда нарықта анағұрлым 
елеулі өзгерістер болған жағдайда бұл тәсілді қолдану осы лимиттерден жоғары залалдың алдын ала алмайды. 
Төменде берілген нарықтық тәуекелге сезімталдық бір фактордың өзгеруіне негізделген, қалған айнымалы сипаттама-
лардың барлығы өзгеріссіз қалып отырады. Іс жүзінде бұлай болу екіталай және бірнеше факторлардың өзгерісі– мысалы, 
пайыздық мөлшерлеме мен валюта курсының өзгерісі, арақатынас орнатуы мүмкін.
Валюталық тәуекел
Топ функционалдық валютадан бөлек валютада берілген сату, сатып алу және қарыздарды тарту операцияларын жүзеге 
асыра отырып, валюта тәуекеліне ұшырайды. Қарыздар валютада көрсетілген, олар валютаға сәйкес келеді, онда Топтың 
қолданыстағы бөлімшелерімен ақша қаражатының ағымдары түрлендіріледі. Олай болса, негізінен туынды құралдарды 
пайдаланбай экономикалық хеджерлеу әсеріне қол жеткізеді. Шетел валюталарында берілген басқа ақша активтері мен 
міндеттемелеріне қатысты, Топ төлем валютасын ескере отырып, болашақ шығыстарды жоспарлау арқылы шекті шамада 
тәуекелге бейім нетто-ұстанымды ұстап қалуға тырысады. Топ негізінен АҚШ долларының ауытқушылық тәуекеліне бейім. 
Топтың валюталық тәуекелге бейімділігі келесі үлгіде көрсетілген:
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018 ж.
2017 ж.
АҚШ долларымен берілген
Саудалық дебиторлық берешек
72,988
46,474
Байланысты тараптарға берілген қарыздар*
13,399
20,302
Банктегі ағымдық шоттар
77,526
212,119
Талап етілгенге дейінгі салымдар
1
1,937
Мерзімдік депозиттер
151
7,586
Өзге активтер
156
АКТИВТЕР ЖИЫНЫ
164,221 
288,418 
Банктік және Банктік емес несиелері
(125,514) 
(95,016) 
Шығарылған облигациялар
(73,535) 
Саудалық және өзге кредиторлық берешек
(4,072) 
(14,410) 
Тарихи шығыстар бойынша міндеттемелер 
(2,392) 
(1,125) 
МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНЫ 
(205,513) 
(110,551) 
ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЙІМДІЛІКТІҢ ТАЗА СОМАСЫ
(41,292) 
177,867 
* — Байланысты тараптарға берілген қарыздар теңге деноминацияланған, бірақ теңгеге қатысты АҚШ доллары бағамының өзгерісін индексациялау 
туралы ережеден құралған.
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша теңге курсының 14% әлсіреуі және АҚШ долларына қатысты 10% нығаюы (2017 
ж.: 10%-ға әлсіреуі және 10%-ға нығаюы) төменде көрсетілген сомаларға арналған кезеңге капитал мен пайданың немесе 
шығынның көлемін ұлғайтар/(азайтар) еді.
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018
2017
АҚШ доллары бағамының 14%-ға ұлғаюы (2017 ж.:10%)
(4,625) 
14,230
АҚШ доллары бағамының 10%-ға азаюы (2017 ж.:10%)
3,303
(14,230) 
42. 
Қаржы тәуекелдерін басқару 
(жалғасы)
244 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


Теңге бағамының АҚШ долларына қатысты жоғарыда көрсетілгендей өзгерісі 2018 жыл ішіндегі тарихи нарықтық мәліметтер 
негізінде есептелген орташа квадраттық ауытқу көлеміндегі нарықтық тәуекелдің ықтимал өзгеруі болып табылады.
Уранның нарықтық бағасының өзгеру тәуекелі
Топ қызметі халықаралық нарықта АҚШ долларында белгіленетін уран бағасының ауытқуының әсеріне бейім. Топтың жыл 
сайынғы бюджеті уранның келесі жылға арналған болжамдық бағасының негізінде дайындалады.
Уран бағасы ауытқуға тарихи бейім және Топтың бақылауынсыз төменде көрсетілген және олармен шектелмейтін көптеген 
факторлардың әсеріне ұшырайтын болады:
•  атомдық электр станциялары тарапынан отын ретінде пайдаланылатын уранға сұраныс
•  қосымша көздер деңгейінің сарқылуы, яғни қайталап пайдалану және сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырманы жою 
үшін аралас жоғары байытылған құрамдастардың болуы;
•  Халықаралық атом энергиясы агенттігінің нормативтік актілерінің әсері;
•  уран саласына тікелей қатысты өзге факторлар.
Есепті күн жағдайы бойынша қаржылық активтері мен қаржылық міндеттемелеріне қатысты нарықтық бағалардың өзгеруі 
тәуекелінің елеулі ықпалы болған жоқ.
Сыйақы мөлшерлемесін өзгерту тәуекелі 
Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі, негізінен, жұмылдырылған қарыздарға, не олардың әділ құнын (белгіленген сыйақы 
мөлшерлемесімен борыштық міндеттемелер), не болмаса олар бойынша ақша қаражатының болашақ ағымдарын (айны-
малы сыйақы мөлшерлемесі бар борыштық міндеттемелер) өзгерте отырып, әсер етеді. Жаңа несиелер мен қарыздарды 
тартқан жағдайда, басшылық Топ үшін өтеу мерзімі басталғанға дейін күтілетін кезең бойында қай сыйақы мөлшерлемесі 
анағұрлым тиімді болатындығын (белгіленген немесе айнымалы) өзінің кәсіби пайымдауының негізінде анықтайды. 2018 
жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың 37%-ға жуық (2017 ж.: около 21%) қарыз алу құралының белгіленген сыйақы 
мөлшерлемесі бар.
Есептілік күніне Топтың пайыздық қаржылық құралдарының құрылымы сыйақы мөлшерлемесі бойынша келесідей топтасты-
рылады:
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018 ж.
2017 ж.
Белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бар құралдар 
Пайдалануда шектеулі ақша қаражаты 
11,042
4,619
Мерзімдік депозиттер
218
8,472
Байланысты тараптарға берілген қарыздар
23,618
20,302
Талап етілгенге дейінгі салымдар
2,847
5,053
Банк несиелері
-
(25,906) 
Шығарылған облигациялар
(73,535) 
Банктік емес несиелер
(641) 
(353) 
Таза позиция
(36,451) 
12,187
Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі бар құралдар
Банк несиелері
(90,429) 
(95,025) 
Банктік емес несиелер
(35,085) 
-
ТАЗА ПОЗИЦИЯ
(125,514) 
(95,025) 
Белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бар қаржылық құралдардың әділ құнының сезімталдығын талдау
Топ белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бар қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің ешқайсысын өзгерістері 
пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын құралдар үшін қарастырылған тәртіпте есепке 
алмайды. Сондықтан есепті күн бойынша сыйақы мөлшерлемесінің қандай да бір өзгерісі кезең ішіндегі пайда немесе 
шығын көрсеткішіне әсер етпейді. Алайда қаржылық активтер пен қаржылық міндеттемелер пайыздық мөлшерлеменің 
өзгеруі салдарынан әділ құнның өзгеруі тәуекеліне бейім. Пайыздық мөлшерлеменің ықтимал өзгерістері мұндай қаржылық 
активтер пен қаржылық міндеттемелердің әділ құнына елеулі әсер етпейді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 245


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау