Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет105/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113

Құбылмалы сыйақы мөлшерлемесі бар қаржылық құралдардың ақша қаражаты ағынына сезімталдығын талдау
Есептік күні сыйақы мөлшерлемелерінің 50 (15) базистік тармақтарға артуы (азаюы) 2018 ж. (2017 ж.: 70 базистік тармаққа 
артуы және 8 базистік тармаққа азаюы); кезең ішіндегі пайда немесе шығын капиталы мен көлемін төменде көрсетілген со-
маға азайтқан (арттырған) болар еді. Бұл жорамал басшылықтың ағымдағы нарықтық мөлшерлемеге, сондай-ақ экономика-
лық ортаға негізделген пайыздық мөлшерлемелерде ықтимал өзгерістердің негізделгендік бағалауын көрсетеді. Осы талдау 
барлық басқа айнымалылар, атап айтқанда шетел валютасының айырбас курсы өзгеріссіз қалады дегеннен шығады және 
есептіліктік кезеңге өтелмеген міндеттеменің сомасы бүкіл жыл бойында өтелмеген болып қала бергены.
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
2018 ж.
2017 ж.
50 (2018 ж.), 70 (2017 ж.) базистік тармақтарға артуы
(502) 
(528) 
15 (2018 ж.), 8 (2017 ж.) базистік тармақтарға азаюы
151
60
Баланстық құнмен салыстырғандағы әділ құны 
Келесі кестеде көрсетілген құралдарды есептемегенде, Топ қаржылық есептілікте мойындалған қаржылық активтер мен 
қаржылық міндеттемелердің баланстық құны, қысқамерзімдік сипатына байланысты, олардың әділ құнына шамамен тең 
деп есептейді:
Миллион Қазақстан теңгесімен 
берілген 
2018 ж.
2017 ж.
Баланстық құны
Әділ құны
Баланстық құны
Әділ құны
Қаржылық міндеттемелер
Банктік қарыздар
90,429
90,429
120,931
112,028
Банктік емес қарыздар
35,726
35,655
353
198
Шығарылған облигациялар
73,535
73,535
-
-
Тарихи шығындар бойынша міндет-
темелер 
2,865
2,255
2,567
2,019
ЖИЫНЫ
202,555
201,874
123,851
114,245
Қаржылық міндеттемелердің әділ құнын бағалау кезінде басшылық келесідей жорамалдарды пайдаланды: 
(а) пайызсыз қаржылық міндеттемелер және белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар міндеттемелер үшін қаржылық 
міндеттемелер нарықтық мөлшерлемеге барынша жақындатылған тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталды; 
(б) құбылмалы мөлшерлемесі бар қаржылық міндеттемелер үшін қаржылық міндеттемелердің әділ құны баланстық құннан 
онша ерекшеленбейді, өйткені ақшаның уақытша құнының әсері елеусіз.
Капиталды басқару
Топтың үздіксіз қызметін жалғастыруға қабілеттілігін қамтамасыз ету, инвесторлардың, кредиторлар мен нарықтың сенімін 
сақтау, акционерге табыстылықтың тиімді деңгейін қамтамасыз ету, капиталдың капитал құнын барынша төмендетуге 
мүмкіндік беретін оңтайлы құрылымын қолдау, сонымен қатар бизнестің келешкте дамуын қамтамасыз ету мақсатында Топ 
капиталдың тұрақты базасын қолдау саясатын көздейді. Капиталға түгел капитал және Топтың қаржылық жағдай туралы 
шоғырланған есептілікте мойындалған қорлары кіреді. 
Топ келесі көрсеткіштерге мониторинг жүргізеді:
•  қаржылық тұрақтылық, кредитті басқару үшін қабылданатын шаралар, қарыз қаражаттарын іске асыру дәрежесін анықтау; 
•  табыстылық, шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында өтемпаздықты, активтерді және капиталды басқарудың жал-
пы әсерін анықтау.
Капиталды басқару үшін Топта сыртқа ұқсас ішкі сандық мақсатты көрсеткіштер бекітілген.
42. 
Қаржы тәуекелдерін басқару 
(жалғасы)
246 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


Топтың акционері борышты және қаржылық тұрақтылықты басқару саясатын бекітті, оның мақсаты Қаржы тәуекелдерін 
қаржылық емес ұйымдар үшін борышты және қаржылық тұрақтылықты басқарудың бірыңғай қағидаттары мен меха-
низмдерін қабылдау арқылы басқару болып табылады.
Топтың қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін 2015 жылдан бері өзгермеген келесі басты қаржылық коэффициенттер пайда-
ланылады:
•  қаржылық борыштың меншік капиталына 1–ден артық емес қатынасы; 
•  қаржылық борыштың пайдаға қатынасы салық және пайыздар төлеуге, тозу мен амортизацияға дейін 3.5-тен аспайды 
(Борыш/EBITDA).
2018 және 2017 жж. ішінде Топ, ковенанттарды қоса, капитал деңгейіне қойылатын сыртқы талаптардың барлығын сақтады 
(Ескертпе 35).
43. 
Қаржы құралдарының әділ бағасы 
Әділ құнды бағалаудың нәтижелері әділ құн иерархиясының деңгейлері бойынша талданады және бөлінеді: (і) 1- деңгейге 
белсенді нарықтардағы бірдей активтер немесе міндеттемелер үшін белгіленетін бағалар (түзетілмейтін) бойынша бағалау 
жатады, (іі) 2-деңгейге – пайдаланылатын елеулі бастапқы деректердің барлығы активтер немесе міндеттемелер үшін 
тікелей (яғни, мысалы, бағалар) немесе жанама түрде (яғни, мысалы, бағадан туындылар) қадағаланатын болып табылатын 
бағалау әдісінің көмегімен алынған бағалаулар жатады; және (ііі) 3-деңгей бағалаулары қадағаланатын нарықтық деректер-
де негізгі емес болып табылады олар бақыланатын нарық мәліметтерде негізделмеген бағалаулар болып табылады (яғни, 
бақыланбайтын бастапқы мәліметтерге негізделген). Қаржылық құралдарды әділ баға иерархиясындағы қандай да бір 
санатқа жатқызған кезде басшылық пайымдауды пайдаланады. Егер де әділ бағаны бағалауда елеулі түзетуді талап ететін 
бақыланатын мәліметтер пайдаланылса, онда ол 3-деңгейге жатқызылады. Пайдаланылатын мәліметтердің маңыздылығы 
әділ бағаны бағалаудың барлық жиынтығы үшін бағаланады. 
Әділ құн бойынша бағаланбайтын активтер мен міндеттемелер, бірақ олар үшін әділ бағаның ашылуы жасалады. 
Әділ баға бойынша бағаланбайтын барлық активтер мен міндеттемелерді бағалау, бірақ олар үшін әділ бағасын ашу жаса-
латын әділ бағаның 3-деңгейіне жатады
Иерархияның 3-деңгейіндегі әділ бағаны бағалау ақша қаражатының дисконтталған әдісінің көмегімен орындалған бола-
тын. Құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар туынды құралдардың әділ құны, белсенді нарықта белгілемесі жоқ, баланстық 
құнға тең қабылданған болатын. Белсенді нарықта белгілемесі жоқ белгіленген пайыздық мөлшерлемесі бар құралдың әділ 
құны ұқсас кредит тәуекелі мен ұқсас өтеу мерзімін болжамдайтын жаңа құралдар үшін қарыз алу нарығында қолданыстағы 
пайыздық мөлшерлемелерді қолданумен ақша қаражатының дисконтталған ағындары әдісіне негізделеді.
Амортизацияланған баға бойынша көрсетілетін қаржылық активтер 
Құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар құралдардың әділ құны әдетте олардың баланстық құнымен тең. Амортизация-
ланған баға бойынша көрсетілетін активтердің әділ құнын бағалау 3-деңгейге жатады. Белгіленген пайыздық мөлшерле-
месі бар құралдардың бағалау әділ құны ұқсас кредит тәуекелі мен ұқсас өтеу мерзімі қарастырылатын жаңа құралдар үшін 
қарыз алу нарығында қолданыстағы пайыздық мөлшерлемелерді қолданумен ақша қаражатының дисконтталған ағындары 
әдісіне негізделеді. Пайдаланылатын дисконттау мөлшерлемесі контрагенттің кредит тәуекеліне байланысты. 
Амортизацияланған баға бойынша көрсетілетін міндеттемелер 
Өзге міндеттемелердің әділ құны бағалау әдістерін пайдаланумен анықталады. Белгіленген пайыздық мөлшерлемесі және 
белгіленген өтеу мерзімі бар құралдардың есептік әділ құны ұқсас кредит тәуекелі мен ұқсас өтеу мерзімі қарастырылған 
жаңа құралдарға арналған пайыздық мөлшерлемелерді қолданумен күтілетін дисконтталған ақша ағындарына негізде-
леді. Талап ету бойынша өтелетін немесе алдын ала ескертілген жағдайда өтелетін міндеттемелердің («талап ету бойынша 
өтеуге жататын міндеттемелер») әділ құны міндеттемелерді өтеу туралы талап ықтимал мәлімделген бірінші күннен бастап 
дисконтталған талап ету бойынша төленетін сома ретінде есептеледі. Дисконттаудың пайдаланылатын мөлшерлемелері 
өтеу мерзімі мен міндеттеме валютасына байланысты жылдық 3.3%-дан бастап 6.3%-ға дейін өзгереді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 247


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау