Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет106/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113

44. 
Қаржылық құралдарды бағалау категориялары  
бойынша ұсыну
ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржылық құралдар» сәйкес Топ өзінің қаржылық активтерін келесідей санаттарға жіктейді/бөледі: (a) пайда 
немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер; (б) өзге жиынтық кіріс арқылы бағаланатын 
қаржылық активтер және (в) амортизацияланған құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер. Категория «пайда немесе 
шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер» санатының екі ішкі санаты бар: (i) пайда немесе 
шығын арқылы әділ құны бойынша міндетті түрде бағаланатын активтер және (ii) осы санатқа бастапқы мойындау кезінде 
немесе кейін жатқызылған активтер. Топтың пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын туынды 
қаржылық активтен басқа қаржылық активтерінің барлығы 2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша амортизацияланған құн бой-
ынша санатқа енгізіледі (Ескертпе 9). 
2017 жылғы 31 желтоқсан бойынша ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржылық құралдар: мойындау және бағала» сәйкес Топ өзінің қаржылық 
активтерін келесі санаттар бойынша жіктеді/бөлді: (а) қарыздар және дебиторлық берешек, б) сатуға арналған қолдағы 
қаржылық активтер, в) өтеуге дейін ұстап тұратын қаржылық активтер, г) өзгерісі пайда мен шығынның құрамында көрініс 
табатын әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер. «Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағалана-
тын қаржылық активтер» санатының келесі екі ішкі санаты болды: i) бастапқы мойындау сәтінен бастап осы категорияға 
жатқызылытан активтер және (іі) саудаға арналған ретінде жіктелетін активтер. 2017 жылғы 31 желтоқсан бойынша Топтың 
сатуға арналған қолдағы қаржылық активтер ретінде жіктелетін белгілі бір инвестицияларынан басқа қаржылық актив-
терінің барлығы қарыздар және дебиторлық берешек санатына жатқызылды (Ескертпе 5). 
2018 және 2017 жж. 31 желтоқсан бойынша Топтың барлық қаржылық амортизацияланған құн бойынша көрсетілді.
45. 
Бизнесті сатып алу
1-ескертуде көрсетілгендей, 2018 жылы Топтың құрылымында, бизнес сатып алумен қоса, елеулі өзгерістер орын алды, олар-
дың нәтижесінде 313,517 миллион теңге сомасындағы бизнес сатып алудан пайда мойындалды (2017: 0 теңге):
Төменде бизнесті сатып алудан алынған таза пайда көрсетілген:
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
«Инкай» БК» ЖШС
Қауымдастырылған кәсіпорынға инвестициялардың сатып алу күніне әділ құны 
77,850
Азайту: Инвестициялардың сатып алу күніне баланстық құны 
(40,389) 
Бағамдық айырма резервін аудару
21,174
Сатып алумен байланысты теріс гудвил
37,283
Өтем құны
11
Бизнесті сатып алудан алынған таза пайда жиыны – «Инкай» БК» ЖШС
95,929
«Ақбастау» БК» АҚ и «Қаратау» ЖШС
бірлескен кәсіпорындарға инвестициялардың сатып алу күніне әділ құны
250,107
Азайту: инвестициялардың сатып алу күніне баланстық құны 
(32,524) 
Бизнесті сатып алудан алынған таза пайда жиыны – «Ақбастау» БК» АҚ және 
«Қаратау» ЖШС
217,583
Өзге 
5
БИЗНЕСТІ САТЫП АЛУДАН АЛЫНҒАН ТАЗА ПАЙДА ЖИЫНЫ
313,517
248 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


«Инкай» БК» ЖШС
2017 жылғы желтоқсанда Топ және Cameco «Инкай» БК» ЖШС-ын қайта құрылымдау бойынша мәмілені аяқтады. Келісім 
шарттары бойынша Топ өзінің «Инкай» БК» ЖШС-дағы қатысу үлесін 40% -дан 60%-ға дейін ұлғайтты және 2018 жылғы 1 
қаңтардан бастап кәсіпорынға бақылау алды (Ескертпе 25).
Топ бақылауды қатысушылардың жалпы жиналысында және серіктестіктің байқау кеңесінде инвестициялар объектісінің 
елеулі қызметін басқаруға қатысты шешімдер қабылдау кезінде көпшілік дауысты қамтамасыз ету есебінен алды. Сатылып 
алынған еншілес кәсіпорын Топтың табиғи уран өндірісі нарығына қатысуын ұлғайтады және, күтілетіндей, өндіру және 
өткізу көлемдерінің ұлғаюы есебінен операциялардың пайда әкелуін жоғарылатады.
Төменде табысталған өтеудің және оның құрамдастарының жалпы сомасының әділ құны иемденулер күніне көрсетілген:
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
Ақша қаражатының төленген сомасы
11
Бұрын болған қатынастар бойынша міндеттемелер
(21,271) 
Берілген сыйақы жиыны
(21,260) 
Қауымдастырылған кәсіпорында сатып алғанға дейін болған инвестицияның әділ құны
77,850
БЕРІЛГЕН СЫЙАҚЫ ЖИЫНЫ ЖӘНЕ САТЫП АЛҒАН ҰЙЫМДАҒЫ БҰРЫН ТИЕСІЛІ 
ҮЛЕСТІҢ ӘДІЛ ҚҰНЫ ЖИЫНЫ 
56,590
Топ табыстаған өтем жарғылық капиталдағы үлес құнының баланстық құнына негізделген. Топ жер қойнауын пайдалану 
шартының мерзімін ұзартуға (2045 жылға дейін) құзыретті органмен шартқа қосымшаларға қол қоюға және рұқсат етілген 
жылдық өндіру көлемін ұлғайтуға ықпал етті (жылына 4,000 тонна уранға дейін).
Табысталған өтем сомасы мен сатып алған сәйкестендірілетін активтердің әділ құны және ұйымды сатып алу кезінде қабыл-
данған міндеттемелер мен шартты міндеттемелер арасындағы айырмашылықтар, бұдан әрі кестеде көрсетілгендей, сәй-
кестендірілетін активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің таза әділ құнының ұйымның кезең ішіндегі 
кейінге қалдырылған салықты шегергендегі пайдалар мен шығындардың құрамында дереу мойындалатын иемденулерінің 
құнынан асу сомасын («сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің таза әділ құны-
ның бизнесті біріктірулер кезіндегі иемденулер құнынан асу сомасын») мойындауға (теріс гудвил) әкеледі. 
Басшылық бұл сатып алуда пайданы мойындауды немесе капитал құрамында мойындауды талап ететін акционер ретінде 
мемлекетпен мәміле элементі бар-жоқтығын бағалады. Келісімнің екі тарап үшін де пайдалы болғандығын және Cameco 
алу кезінде «Инкай» БК» ЖШС-на қосымша өндіруге 20% құқығын беретін келісімнің бұрыннан бар екендігін назарға ала 
отырып, басшылық пайда капитал құрамында емес, пайда немесе шығын құрамында мойындалуы тиіс деген қорытындыға 
келді. Қосымша өндіруге құқықтарды мемлекет бизнес жүргізудің әдеттегі шегінен тыс тікелей енгізген жоқ, тек үкіметтің 
мұндай құқықтарды беруге қатысты тиісінше рәсімдері жүргізілгенен кейін ғана «Инкай» БК» ЖШС-на берілді. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 249


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау