Жылдарға арналған


Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту



жүктеу 1,21 Mb.
бет11/17
Дата21.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#22632
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

2. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту


Мемлекеттік органның есепті жылға стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бойынша жоспарланған іс-шаралары

Нақты орындау (есепті кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған іс-шаралар)

Қол жеткізбеу себептері

Мемлекеттік органның есепті жылға стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін іске асыру бойынша жоспарланған іс-шаралары

1

2

3

4

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету

1.1-мақсат. Аурулардың профилактикасы, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

1.1.1-міндет. Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру

1.1.2-міндет. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру

1.1.3-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу

1.2-мақсат. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдіру

1.2.1- міндет. Ана мен бала денсаулығын нығайту


Денсаулық сақтау саласындағы қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді. Заң жобалау жұмыстарын 2013-2014 жылдарға арналған жоспарына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақату жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Заң жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламентінің қарауында.

Бұдан басқа, Министрлік 2014 жылы ҚР Үкіметінің 54 қаулысын және 380 бұйрық әзірледі.






Халықтың инфекциялық, паразиттік және кәсіби ауруларының туындауының, таралуының профилактикасы және төмендету

Денсаулық сақту ұйымдарының дайындығын қамтамасыз ету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарды Эбола қызбасына және басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға күдігі бар жағдайларды тіркеу туралы хабардар ету схемасы жаңартылды. Инфекциялық стационарлар байланысқан адамдар үшін дәрілік, дезинфекциялық заттардың қорымен қамтамасыз етілді, обсервациялық және провизорлық госпитальдер дайындалды, медицина қызметкерлері оқытылды. Республиканың инфекциялық стационарларда жеке қорғаныс заттары (респираторлар, қорғаныс көзілдірігі, бір реттік және көп реттік 1 үлгідегі қорғаныс костюмдері), Эбола қызбасына және басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға күдігі бар науқастар мен адамдардан материалдарды жинауға арналған жабдықтар бар.

Бүкіл еліміз бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Эбола қызбасын және басқа да аса қауіпті инфекциялар әкелінген жағдайларға жаттықтыру сабақтары жүргізілді.

«В» және «С» вирустық гепатиттерін ерте айқындау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізілуде, жоспарланған 171009 адамнан 170597 адам зерттеп-қаралды, 3149 адам оң нәтижемен, 64373 баладан 196 бала оң нәтижемен айқындалды, 106224 ересектен 2953 оң нәтижесімен айқындалды.





Денсаулық сақтау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шеңберінде профилактикалау, диагностикалау, емдеу, оңалту әдістерін және құралдарын әзірлеу және жетілдіру

«Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы 17 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылды, оның ішінде 9-ы есепті жылда аяқталды, 5-еуінің жүзеге асырылу мерзімі 2013-2015 жылдар және 3-еуінікі 2014-2016 жылдар.

Ғылыми бағдарламалар шеңберінде диагностикалау және емдеу әдістері жетілдірілді: қалқанша артериясының рентгеноэндоваскулярлық окклюзия әдісі жетілдірілді, ишемиялық инсульттың алдын алуды жақсартатын және емделуге жұмсалатын қаражатты үнемдейтін каротидтық эндартерэктомия және каротидтық стенттеу әдістері әзірленді, халық денсаулығының жағдайына, SCORE шкаласы бойынша жүрек-қантамырының қауіпін, FINDRISK шкаласы бойынша қант диабетінің даму қауіпін, гепатит вирустарын жұқтыру және АІЖ ісіктерінің даму қаупін бағалау көмегімен емдеу-профилактикалық іс-шаралардың тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізілді.

Нанокапсулярлық технологияның қолдана отырып, диабет табаны синдромын емдеудің инновациялық трансдермалды әдісі ревматоидтық артритты ерте анықтау әдістемесі созылмалы рецидивті дерматоздың клиникалық-зертханалық мониторингінң моделі қақпақша бронхоблокациясымен үйлесімділікте силикондық имплантты қолдану арқылы өкпенің селективті коллапсы және т.б. әдістері әзірленді. Экологиялық шарттасқан таралуына және айқындылығына жағымсыз ықпал ететін ауылды жерлердегі қоршаған ортаның ластануының химиялық факторларына сараланған және интегралды баға берілді және жоғары жұқтыру қаупінің аймағын айқындай отырып, аумақты оба бойынша энзоотикалық эпидемиологиялық саралау жүргізілді және практикалық ұсынымдар әзірленді.





Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының кәсіби деңгейін арттыру, олардың кәсіби деңгейлерін практикалық денсаулық сақтаудың қазірігі заманғы талаптарына сәйкес тереңдету

2014 жылы республикалық бюджет қаражатынан денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында 19,0 мыңнан астам мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін, жоғары және орта медициналық білімі бар қазақстандық маман оқытылды.

Халықаралық озық технологияларды игеру үшін шет елде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша 186 қазақстандық маман оқытылды. Бұдан басқа, 8 отандық денсаулық сақтау ұйымының базасына жақын және алыс шетелдерден, оның ішінде Литва, Ресей, Оңтүстік Корея, Голландия, Швеция, Италия, Германия, Нидерланды, Израиль, Финляндия және Чехиядан шетелдік жетекші 40 маман шақырылды, онда қазақстандық 453 маман денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша оқытылды.






Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру, мониторингін жүргізу және бағалау

2014 жылы «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша стандарттары бекітілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүйелі негізде жүргізіледі және тоқсан сайын


Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсынылады.




2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру:

2.1.-мақсат Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2.1.1-міндет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

2.2-мақсат. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу

2.2.1-міндет. Ғылым және кадр ресурстарын дамыту



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру, мониторингін жүргізу және бағалау.

2 бюджеттік бағдарламаның шеңберінде (016 «Республикалық деңгейдегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» және 008 «Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары») материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Министрлікке ведомстволық бағынысты 6 ғимарат қана: «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» РМҚК, «Сот медицинасы орталығы» РМҚК, «Кардиология және радиология ҒЗИ» РМК, «Республикалық қан орталығы» РМҚК, «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» РМК жалпы сомасы 344,7 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.




Аумақтық органдардың ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, Министрліктің материалдық-техникалық базасын нығайту

Министрлікте ақпараттың таралуынан InfoWatch (бұдан әрі - ПО) қорғау жүйесі енгізіледі, ПО орнатқаннан және күйін келтіргеннен кейін әрбір қызмткердің компьютеріне іс-қимылды және ақпараттың таралуының алдын алуды мониторингілеу үшін бағдарлама орнатылды (аталған бағдарлама құпия ақпараттың таралуын бақылауға мүмкіндік береді).

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі 965 қаулысының 1-тармағын орындау үшін, сондай-ақ ҚР ақпараттандыру мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмысты үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 19-5/07-48қбпү хаттамасының (бұдан әрі – Хаттама) 2.8.2-тармағын орындау үшін жергілікті-есептеуші желі ҚР ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келтірілді. Бұдан басқа, Министрліктің орталық аппараты, Комитеттер мен аумақтық бөлімшелер ҚР Бірыңғай электрондық почталық жүйесіне өтті.


«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі кейбір мәселелер туралыә бұйрықтың жобасы, сондай-ақ денсаулық сақтаудың 15 ақпараттық жүйесі бұйрықтарының жобалары әзірленді.




Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Министрлікті ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

2014 жылдың қорытындысы бойынша орталық аппараттың 51 қызметкері стратегиялық жоспарлау мен талдау принциптері бойынша оқудан өтті, оның ішінде 18 қызметкер мемлекеттік қызметке алғаш түскендер және 7 қызметкер басшылық лауазымға тағайындалғандар.





Орталық аппарат және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерін денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау және талдау қағидаттарына оқыту

2014 жылдың қорытындысы бойынша орталық аппараттың 51 қызметкері оқудан өтті, оның ішінде 18 қызметкер мемлекеттік қызметке алғаш түскендер және 7 қызметкер басшылық лауазымға тағайындалғандар.





Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімін және дағдыларын жаңарту және тереңдету

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін 2014 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері бекітілді («Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысы және «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығы.


2014 жылы медициналық қызмет саласындағы 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық форматқа ауыстырылды (сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру, медициналық ұйымдарға, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру, адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн әкелуге, әкетуге, сондай-ақ қан мен оның компоненттерiн әкелуге, әкетуге лицензия беру).




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау